Абай Құнанбаев эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай Құнанбаев эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай атамыздың асыл сөздерін, маржандай жырларын болашақ ұрпаққа саф алтындай күйде жеткізу-біздің міндетіміз. Еліміздің тұңғыш президенті айтқандай: «Менің бабаларым ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс».
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұлы даланың ұлы ойшылы -Абай

Адамзаттың дара, ірі, ұлы, кемеңгер, ойшыл ақыны, өлеңнің құдіретті иесі, ақыл-ой, ақындықтың киесі, түгел сөздің түбі бір жүйесі, қарасөз шебері, суреткер, аудармашы, ағартушы, сыншыл реалист, сазгер, күйші, жазба әдебиетінің негізін салған , қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. «Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ», - деп қазақ зиялысы, бес арыстың бірі Ахмет Байтұрсынов өз заманында аса жоғары баға беріп кеткен еді. Ия, расында Абайдың рухани мол, асыл мұрасын жан-жақты талдап, ұрпақтан-ұрпаққа мирас ретінде ұласа береріне өзіндік үлесімізді қосу бізге парыз және үлкен міндет деп білемін.

Өз заманында соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен, мыңмен жалғыз алысқан наданның көзін қойып, көңілін ашқан, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылған, болашаққа тәрбиелік, білімділік мол қазынасын қалдырған данышпан, ойшыл Абай атамыздың шығармаларын бойымызға сіңіріп, сусындап келеміз.Есті, зерек, салмақты Абай жасынан-ақ ақындық шеберлігі туған жерінің сұлу табиғат көрінісін жырымен сипаттауынан бастау алды. Поэзиялық шығармаларында қарапайым қара халықтың қамын ойлауы, би-болыстарды қатты сынға алуы саяси-лирикалық өлеңдерінен көрініс табады. Халық көзін ашу, ояту, би – болыстарды жаман қасиеттен сақтануға шақырады.Абайдың қарасөздерінде жалпы адамзат баласын рухани, бай баға жетпес құндылықтарға, имандылыққа, адамгершілікке, саналыққа адамзаттыққа, еңбекқорлыққа, ғылым, білімге, өнерге, ұқыптылыққа, ғибрат алуға, көкейге тоқуға, ой кеселдерінен қашық болуға үндейді.Қанатты, нақыл сөздерінің астарында көп мән-мағына жатыр. Тамыры тереңге тартқан афоризмдері тәрбиеге толы, адал, маңдай термен еңбек етуге, мал табуға тәрбиелейді.Білім-ғылым үйренуге талап қылу, қолөнер үйрену, ислам дінінің шарттары мен талаптарын орындауға үн қатты.

«Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып жаңғырып, жаңа өріс алып тұр» деп, өз естелігінде жазған әдебиет зерттеушісі, академик Абайды әлемге танытқан М.Әуезов өз пікірін қалдырған еді.Ия, расында Абай мұрасы арқылы Қазақстанды әлем тануда. Шығармалары әлем тілдеріне аударылуда. Өз ұлтымыздың жарық жұлдызы, тарихи тұлғамыздың әр шығармасын терең оқып, көкейге тоқып, мақтанышпен әлемге таныта отырып, қазақ елінің көркем тілін, ислам дінін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін таныта аламыз. Біздің ұлттық мақтанышымыз Абай атамыз ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мәңгі жасарып, жасай бермек.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, Абай біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деп баға берген. Қаншама жылдар өтсе де Абай шығармалары ескірмейді, керісінше ол жұлдыздай жарқырай түседі. Оның тамаша тағылымдары үлкенге де, кішіге де үлкен сабақ. Абай шығармалары – адамға керекті ақылдың, кеңістіктің қайнар көзі.

«Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз» деп М.Дулатов айтқандай, ұрпақ аузында Абай сөзі... Абай Құнанбайұлы өзінің өмірін білімге арнаған дана да, дара ақын. Ол өзінің тәрбиелік мәні бар өлең, жырларын елінің болашағына, келешек ұрпақ үшін деп жазған. Абай атамыз әр шығармасында жақсылықты, тура жолды меңзеп, ұнамсыз тұстарын әшкерелеуге тырысқан.

Ұлы ақынның «Жігіттер, ойын –арзан, күлкі-қымбат» өлеңі бүгінгі өркениетті заманда өз мәнін жоғалтпағаны мені қуантады.Адамдар арасында адал достық, әділеттілік, мейірбандық, татулық мәселесі- қай заманда болсын құнын жоғалтпайтын ұғымдар.Ғасыр өзгерсе де, адамның пиғылы, пендешілігі көп өзгеріске түсе бермейтініне таң қаламын. «Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас» деп ақын сынаған бір күндік қызықты ойлаған бойжеткендер мен бозбалалар уақыт өткен сайын көбейіп барады. Жылтыраққа ұмтылған «көбелектердің» кеселінен қаншама бала жетім, тастанды атанды. Қаншама нәресте қоқысқа лақтырылғанын да көріп жүрміз. Бұдан асқан азғындық бар ма жер бетінде! Осы қатыгездіктің алдын алу үшін «баланы жастан» деген халқымның сөзіне сүйеніп, Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылын ана сүтімен бірге дарытуымыз қажет. Қанша жыл өтсе де, тіпті ғасыр өтсе де біз қазақ халқының бас ақынын бір сәт естен шығаруымызға болмайды және де ұмытпайды деп сенемін. Қазіргі таңда Абай атамыздың 175 жылдығына байланысты көптеген іс-шаралар жүзеге асуда. Соның бір мысалы ретінде президентіміз Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевты алып қарастыруға болады. Ел басымыз кішкентай ғана тәтті аруымыздан Абай атамыздың өлеңін жатқа оқып жолдаған эстафетасын қабыл алып, жастарға өнеге боларлықтай етіп Абай Құнанбайұлының өлеңін жатқа айтқан. Бұл дегеніміз үлкеніміздің де, кішіміздің де жүректерімізден қазатың ұлы ақыны еш өшпеген.

Абай атамыздың асыл сөздерін, маржандай жырларын болашақ ұрпаққа саф алтындай күйде жеткізу-біздің міндетіміз. Еліміздің тұңғыш президенті айтқандай: «Менің бабаларым ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс». Олай болса, бүгінгі күнде Абайы бар елдің қай халықпен де терезесі тең, мерейі үстем. Сондықтан да Абай жыры, Абай ұрпағы мәңгі жасайды дегенге сенімдіміз. Өз шығармамды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтасам деймін: « Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болу керек».

Академик Ғ.Мүсірепов «Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған», -депті. Сөзімнің соңында замандастарыма осы үш қасиетті тілеймін!












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.10.2021
1776
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі