Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай Құнанбаев "Мен бір жұмбақ адаммын мұны да ойла"

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі,келешек ұрпаққа арнаған өсиеттері туралы мәлімет беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Күні:

Сабақтың тақырыбы: Мен бір жұмбақ адаммын, мұны да ойла.

Білімділік Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі,келешек ұрпаққа арнаған өсиеттері туралы мәлімет беру, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау.

Дамытушылық Ой қорыта білуге,аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыру, таным көкжиегін кеңейту.

Тәрбиелік Абай шығармаларынан ғибрат алуға, адамдық асыл қасиеттерге ұмтылуға, ізгілікке, өнерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

СТО технологиясының элементтері, баяндау, шолу, мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайд, бейнефильм, сызбалар, үлестірмелі қағаздар

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка, тарих.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ: Мен бір жұмбақ адаммын, мұны да ойла.


Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, мұны да ойла.

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алстым, кінә қойма.

  • Абай өміріне шолу

  • Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі

  • Келешек ұрпаққа арнаған өсиеттері

  • «Абай» драма деректі фильмнен үзінді

.Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. 
Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.

Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.

Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді. Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.

Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Мұны оның мына өлеңінен көруге болады:

...Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.

Жасы отыздан асқан Абай орыс тіліндегі кітаптарды мықтап оқуға бұрылады. негіз болды. Халықтың санасындағы патриархалы – рулық сарқыншақтар еңбекшілердің таптық сана – сезімінің қалыптасуын кешеулетеді. Таптық күрестің дамуына тежеу болып, феодалдардың оны өз мүдделерін қорғау үшін пайдалануларына көмектесті. Қазақ қоғамының экономикалық - әлеуметтік қатынастарындағы бұл..

Қорытынды. Кестені толтыру.

Білемін. Үйрендім. Білгім келеді”

Үйге тапсырма. Абай Құнанбаев.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2023
223
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12