Материалдар / «Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2024
236
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ









Кудайбергенова Гулим Куанышевна

Сілмабек Рахила Кудайбергеновна Орынбасар Құндызай Орынбасарқызы



Тақырыбы: «Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС






5В011400– мамандығы бойынша – «Бастауыш»





Алматы 2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ





Қызметте қолдау үшін (қажет кезінде)



«Қорғауға жіберілді»

Бастауыш кафедрасының меңгерушісі

___________

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС



Тақырыбы: Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу




Орындаған Кудайбергенова Г.К Сілмабек Р.К Орынбасар Қ.О

Ғылыми жетекшісі

п.ғ.к., профессор м. а Метербаева К.М





Алматы 2022

МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ.............

1.Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік, оның мақсаты, міндеттері......


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. Бастауыш оқыту процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы...........................

2.1. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін беруде Абай шығармаларының рөлі.............

2.2. Әдебиеттік оқу сабағында Абай шығармаларын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың әдіс-тәсілдері............

2.3. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, ақыл, өнеге-өсиеттерді тыңдай білуге,бағалауға тәрбиелеу...................



ҚОРЫТЫНДЫ...................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................











К І Р І С П Е

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Халқымыздың бүгінгі оянған тарихи санасы өткеніміздің шынайы көрінісін қажет етеді.Қанша ғасыр өтсе де, өзінің құнды ойларымен, асыл сөздерімен қалың жұртының жүрегінде жатталған Ұлы Абай есімін бүгінгі жас ұрпақ та зердесіне тоқып, оның ғибратқа толы шығармаларынан тәлім-тәрбие мен рухани нәр алып өсіп келе жатыр. Бастауыш сынып оқулықтарына енгізілген ақын шығармаларын жүйелеп,оқушыларды Абай үлгісінде тәрбиелеу –ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа , биік адамгершілікке бастайтын жол болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндеттерiБастауыш сынып оқушыларына ұлы ақын Абайдың шығармаларын оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің маңызын анықтау. Әдебиеттік оқу оқулығына енгізілген ақын шығармаларын жүйелеу.

Зерттеу міндеттері: 1.Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің теориясын негіздеу, әдебиеттерге талдау жасау.

2.Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудегі қазақ халық ертегілерінің рөлі мен оны оқытудағы әдіс тәсілдерге әдістемелік ұсыныстар беру, тиімділігін тәжірибеде анықтау.

3.1,2,3,4 сыныптың әдебиеттік оқу оқулығына талдау жасау.

Зерттеу болжамы: Зерттеу гипотезасы ретінде бастауыш сынып оқулығына енгізілген ақын шығармаларына салыстырмалы талдау жүргізу арқылы , оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ерекшеліктері анықталады. Біз бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелей аламыз, егер - Оқулуқтағы көз сүріндірер кемшіліктерді жойсақ; - Әдебиеттік оқу оқулығындағы кейбір ертегілердің тәрбиелік мәні басым нұсқасы берілсе;

Эксперимент әдістемесі:
Ұлы ақын Абай шығармаларының бастамасын «Әдебиеттік оқу» пәні арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің маңызын анықтау. Адамзат үшін ұрпақ тәрбиесі басты мәселе екенін білу. Қасыл Қатықбаева атындағы № 168 мектеп-гимназиясының 4«А» сынып оқушыларына эксперименттік жұмыс.


Зерттеу жұмысының нысаны. 1985 жылы қайта құру кезеңіндегі Қазақстан банктерінің құрылымы мен тәуелсіздік жылдарындағы дамуын саралау және оның қазіргі жағдайы мен әлемдік тәжірибеде алатын орны мен қызметін тарихи тұрғыдан баға беру болып табылады.

Зерттеу пәні. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары.


Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
«Әдебиеттік оқу» пәні оқулығына енгізілген ақын шығармаларына талдау жасау;
- Абай шығармаларының келешек жас ұрпақтың қоғамдық өмірде алатын орны мен өзектілігіне талдау жасау.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, әрқайсысы екі бөлімнен тұратын екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Жас ұрпақты адамгершілікпен еңбекте, достыққа, бауырмашылдыққа баулитын шығармалар жазған қазақ халқының дара ақыны. Абай Құнанбаевтың орны ерекше. Абай туындыларын мектепке оқушыларына оқыта отырып тәрбие беру-шеберлікті қажет етеді. Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор. Абайға дейінгі ақындарға қарағанда, Абай шығармаларының шығысқа тән өзіндік ерекшелігі барлығымызға байқалады. Абай әрбір шығармасы арқылы балаларға адамгершілік тәрбие беруді ойластырады. Әрбір өлеңінде адалдыққа, әділдікке, ізеттілікке, еңбек сүйгіштікке, достыққа, бауырмашылдыққа, жақсы мінезге баулу, тәрбиелеу ісі қамтылған. Абай тәрбие мәселесіне де ерекше көңіл бөлген. Абай өз халқының төл перзенті, сол ортада өсіп өніп, өзі өскен ортасының тәлім-тәрбиесін алып, кейін сол ортаға қызмет етіп, оның жаманы мен жақсысын әбден біліп ой елегінен өткізе отырып әбден кемелденген, кезінде, енді өзінің педагогикалық ой толғаныстарын, келер ұрпаққа білдіріп, беріп отырған кеңесі болатын. Адам тәрбиесі туралы осынау ойлар желісі: Тоныкөк пен Култегін жазбаларынан бастап, Әл-Фараби, Ғаббас Жауһари еңбектерінде тереңдей түссе, Абай осы ғұламалардың педагогикалық ойларын барынша айқындап, мәнін аша түсуді мақсат етеді. Абай тәрбие мәселесіне көңіл бөле отырып, адамның өсіп жетілуіндегі айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді” – деп ақыл естің тәрбиенің желісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді.


1.Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік, оның мақсаты, міндеттері

Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.
Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді.
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) .
Қазақ халқы - мөдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық. Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар: Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, М.Сералин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Көбеев, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, тағы басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады.
Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді. Мысалы, ХҮП-ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді Сарыұлы:
Жауға шаптым  ту байлап,      
Шепті бұздым айқайлап
Дұшпаннан көрген қорлықтан   
Жанды жүрек, қан қайнап.,           
Ел-жұртты қорғайлап
Өлімге жүрміз бас байлап,-деп елінің бас бостандығы үшін жаумен жан аямай, кескілесе күресуге шақырады.
XIX ғасырда өмір сүрген Д.Бабатайұлы жігерсіз адамнан ерлік іс шықпайтындығын, ерік-жігердің, қажыр-қайраттың елі үшін күрестегі маңызын былай деп суреттеді.
Ер қолынан іс келмес,                 Жігерім болса жетем де,
Сцццардайын тцшлмей.              Еліме барып цл болам.
Буынып белін бекінбей,              Жігерсіз  болсам  жетесіз,
Зердесі жігер қайнамай...             Қойын жайып құл болам...
Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, отан сүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі. Махамбет, Ақтамберді, Шал, т.б. ақын-жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін, жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл-аймаң, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына ұлтжандылық пен гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз.
Профессор М.Ғабдуллин өзінің "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" еңбегінде "Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді" дейді.
Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы-жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздық басты парызы.
Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер педагог Б.Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының арқауы етті. Ол ұлттың дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне тоқталады.
Ал жауынгер жазушы, фольклорист ғалым, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин өзінің "Менің майдандас достарым" еңбегінде сұрапыл соғыстың бір толастаған кезінде тар окопта Ер Сайын, Ер Қосай, Қобыланды жырларын өзінің майдандас достарына әңгімелеп беру арқылы қазақ жастарын ерлікке қалай рухтандырғанын баяндайды. "Ерлік тәрбиеден туа-ды" деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой-пікірлерін қалыптастырып, ұлт мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі - қоғам қайраткері, белгілі жазушы, аудармашы, ағартушы-демократ С.Көбеевтің өмірі мен педагогикалық мұрасын саралап қарастырсақ, оның жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, оларды ұлтжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байқаймыз.
Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет, С.Көбеевтің пікірінше, ұлтжандылық болып табылады. " Тұган елін сүю сезімі туа бітпкен сезім болып табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Елжандылықты қоғам мен жекелеген адамдар бойына сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ ұлжандылық сезімге тәрбиелеуге тиіс" - дейді ол.

Адамгершілік тәрбиесінің қүрамды бөлігі - ұлтжандылық, ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттың) қасиеттер.
Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады.
"Патриот" деген сөз, гректің раігів - отан деген сөзі, ең біріншііІ рет 1789-1793 жылдары Француз төңкерісі кезінде қолда-м ылды. Монархияғақарсы күресіп революцияны қорғаушылар-дІ.ІІ Іатриоттар деп атады. В.И. Даль сөздігінде: Патриот -отанын с үіоіпі, оның ңуатын арттырушы, отаншыл - деп жазылса, басқа сөздікте "патриот-отанын сүюші, өз халқына берілген, ол үшін жанын ңиып, отан қорғау үшін ерлік көрсететін адам" - делінген. Философия сөздігіндегі "патриотизм - Отанды сүю, оған берілгендік, оның өткені мен болашағы үшін мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға ұмтылу". Педагогикадағыанықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлтаралық экономикалық және рухани байланыстардан көрінеді. Адам басқа ұлт өкілдерін құрметтейді, оның тіліне, ұлттық әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне тіл тигізбейді.
Патриотизм ұғымына енетіндер:
- адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі, Отанының мүддесін қорғау, азаматтың көрсетуі және Отанға адалдықты сақтау;
- елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану;
- оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау;
- өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін құрметтеу, Отан игілігі үшін еңбек ету.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мазмұнына енетіндер:
- әр түрлі елдердің және ұлттардың халқын құрметтеу;
- басқа халықтардың тілін, әдет-ғұрыптарын және салт-дәс-түрлерін сыйлау;
- басқа халықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі жетіс-тіктерге оң баға беру;
- олармен жақсы қарым-қатынаста болу.
Патриотизм мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін істелетін тәрбие жұмыстары.
Бұл аса аяулы сезімдерді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен, төрт саласына тоқталсаң.
-  Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы.
•  Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.
•  Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы.
•  Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі.
Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез ерекшеліктерінің орны ерекше.

"Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу. Адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық негізі. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу - басты мақсат. Оқу - тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеу жолдары. Балалар жүр көшеде."

"Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу. Адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық негізі. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу - басты мақсат. Оқу - тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеу жолдары. Балалар жүр көшеде."


Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – мақсатты және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және тәртібіне қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.


Адамгершілік тәрбиесі жеке адамды қалыптастыруда ерекше орын алады. Ол отбасына, Отанға, халықтар достығына адал, кіршіксіз көзқарасы, қарым-қатынаста болуды талап етеді.


Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымды, принциптерді, мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Сонымен қатар, ол адамның ішкі жан-дүниесінің әсемділігінен бастап, оның сыртқы келбеті, ой әсемдігі мәселелерін қамтиды. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны: тәртіптілік пен ұйымшылдық, достық пен жолдастық, шыншылдық пен әділдік, еңбек пен өз мінез-құлқына сын көзбен қарай білу сияқты қасиеттерді қамтиды.


Мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс. Оқушы қаншалықты білімді болғанымен, оның адамгершілік қасиеті жетіспей жатса, оның жолдастары арасында болмағаны былай тұрсын, жақсы азамат та бола алмайды. Олай болса, мектеп қабырғасында оқушыларға берілетін адамгершілік дағдыны бірер жылдың ішінде оқушылардың бойына сіңіре қоюға болмайды. Ол – ұзақ жылдың жемісі.

Оқушылар бойында жалпы адамзаттық қалыптармен гуманистік, моральдық (қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік, адалдық және т.б.) тәрізді жасампаз қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қарым-қатынас мәдениеті мен зерделік-танымдық қасиеттерін дамытуға ерекше мән беруіміз керек. Жалпы адамзатқа тән ізгілік қасиеттер өз әке-шешесін, ауылын, отанын, сүюден, ұлттық өнер мен мәдениетке, ана тіліне деген сүйіспеншілігінен туындайды. Осыларды ескере келіп, тәрбие ісінде оқушыларды өзін қоршаған әлеуметтік ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуден бастап, әлемдік өркениетті мәдениетті меңгеруге, бағалауға тәрбиелеу оқу-тәрбие ісінің басты міндеті болып саналады.


Оқу мен тәрбие тығыз байланысты. Жас ұрпақ тәрбиесі сабақ барысында және сыныптан тыс уақытта жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларын сабақ барысында тәрбиелеу - өзіндік ерекшеліктері бар, күрделі үрдіс.


Бастауыш сынып оқушысының рухани-адамгершілік даму деңгейінің жетілуі немесе өзгеріссіз қалуы ұстаздың ізденімпаздығына және тәрбие теориясы мен әдістемесін орынды пайдалана білуіне байланысты. Көптеген жағдайда, әсіресе бастауыш мектепте оқушы ұстаздың адамгершілікке баулуға құрылқан тәрбие міндетіне дұрыс жауап бергенімен, оның рухани-адамгершілік даму деңгейі өзгеріске ұшырамайды. Өйткені оқу материалы оның адамгершілік сапасының жетілуіне тиісті түрткі тудыра алмайды. Оқу үрдісінде оқушы өз бойында бұрынна қалыптасқан адамгершілік сипатын ғана көрсете алады.


Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласындағы түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындады:


- Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізілуіне баса назар аударды;


Адамгершілік тәрбиесі жеке адамды қалыптастыруда ерекше орын алады. Ол отбасына, Отанға, халықтар достығына адал, кіршіксіз көзқарасы, қарым-қатынаста болуды талап етеді.


Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымды, принциптерді, мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Сонымен қатар, ол адамның ішкі жан-дүниесінің әсемділігінен бастап, оның сыртқы келбеті, ой әсемдігі мәселелерін қамтиды. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны: тәртіптілік пен ұйымшылдық, достық пен жолдастық, шыншылдық пен әділдік, еңбек пен өз мінез-құлқына сын көзбен қарай білу сияқты қасиеттерді қамтиды.


Мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс. Оқушы қаншалықты білімді болғанымен, оның адамгершілік қасиеті жетіспей жатса, оның жолдастары арасында болмағаны былай тұрсын, жақсы азамат та бола алмайды. Олай болса, мектеп қабырғасында оқушыларға берілетін адамгершілік дағдыны бірер жылдың ішінде оқушылардың бойына сіңіре қоюға болмайды. Ол – ұзақ жылдың жемісі.


Оқушылар бойында жалпы адамзаттық қалыптармен гуманистік, моральдық (қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік, адалдық және т.б.) тәрізді жасампаз қасиетт

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!