Материалдар / Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған сыныптан тыс іс -шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған сыныптан тыс іс -шара

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс шараларды өткізгенде керек болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2020
567
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: Абай-дана,Абай-дара қазақта!
Мақсаты: Оқушыларға биыл Абай атамыздың 175 жыл екенін естеріне сала отырып , өмірі мен шығармашылығына байланысты әдеби-кеш ұйымдастыру.
Көрнекілігі: Сахнаны безендіруге арналған қажетті құралдар, көрініске қажетті
жабдықтар, ақын- жазушылардың пікрлері жазылған қабырға газеттер т.б
Әдісі: Сценарий бойынша өткізу.
Барысы: І. Кіріспе бөлім: Мұғалім сөзі:

Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артына өлмейтін сөз қалдырған Абай атамыз туралы сөз қозғаймыз.
Абай – дара, Абай – дана қазақта,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа.
Бар жазғаны даналық боп саналған
Жалғыздардың жалғызы ол қазақта.


1-жүргізуші:

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,-
деп ақынның өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де, ел мұңдарын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай атамыз туралы әдеби-танымдық кешімізді жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмыз.




2-жүргізуші:
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне? –
деп айтқан екен .

1-жүргізуші: Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық. Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» мақаласында «Абайдан асқан бұрынғы соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ»,- деп аса жоғары баға қояды.
2-жүргізуші: Қазақтың бас ақыны- Абайға арналған «Абай-дана, Абай -дара қазақта!» атты әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Өлең сүйер,өнер сүйер, көпшілік қауым! Өлмейтін артына сөз қалдырған кемеңгер Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып отырған әдеби кешіміз -Абай рухына арналмақ.

Бір сәт Абайдың балалық шағына көз жүгіртейік.

Көрініс. Музыка.» Көңіл толқыны»күйі. Слайд жүріп жатады.

Пролог. Бала Абай,қатысушылар шығады.(орта кезінде)
1-жүргізуші: Ұлы Абай 1845жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданына қарасты Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген
2-жүргізуші: Абайдың арғы атасы- Ырғызбай да, атасы- Өскенбай да өз кезінің атақты адамдары,Тобықты руының билеушілері болған.
1-жүргізуші:Жас шағында Абай тәрбиені жұмсақ мінезді, мейірімді шешесі Ұлжан мен кәрі әжесі
Зереден алады. Ол жас кезінен өлең-жыр, әңгімеге әуес болып, әжесі мен анасы айтқан ертегі-аңыздарды құмартып тыңдап өседі.
1-жүргізуші: Абай өзінің алғыр, дарындылығының арқасында,кітапты көп оқып өз бетінше көп ізденеді. Соның нәтижесінде шығыстың классик ақындары Низами,Сағди, Хафиз, Науаи,Физули шығармаларын қызыға оқиды. Басқа да әдеби мұралармен, қисса, дастан, ертегілермен осы кезде танысады.
2-ж.Зерек Абай медресе бағдарламасындағы діни біліммен ғана шектеліп қалмай, араб,парсы,түрік тілдерін игеру нәтижесінде шығыс классиктерінің шығармаларын оқып үйренеді.
1-ж Әке үміті мен тәрбиесі босқа кетпей,ел билеу ісіне ерте іліккен Абай 12 жыл болыс, 6 жыл би болып қызмет атқарады.Ал, Абайдың поэзиясына көркемдік әлеміне үңілген сайын, адам жаны тебіреніп,сезім көкжиегі кеңейіп,бар болмысы сөзбен айтып жеткізе алмайтындай ләззат алады.
2-ж. Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән қасиеттерді бойына дарыта алмаған ,адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды білеміз.Осыған орай, Абайдың алғашқы өлеңдерінің бірі «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне кезек берсек.
Ғылым таппай мақтанба. Ашкен Раухат: 10 -сынып оқушысы
1-жүргізуші: Абайдың келесі бір топ өлеңдер шоғыры табиғат лирикасына арналады. Олар: «Жазғытұры», «Қыс», «Күз». Абайдың жыл мезгілдеріне арналған осы өлеңдерінен қазақ өмірінің тіршілігі суреттеледі.
2-жүргізуші: Табиғат аясында сол табиғаттың ауа-райына үндесе тіршілік ететін халықтың ұлттық ерекшелігі бейнеленген.Тағы да бір топ өлеңдеріне кезек берсек.( 8 а табиғат лирикасы )
1-жүргізуші:Академик Зәки Ахметов Абай ақындығының теңдесі жоқ екендігін, сонымен бірге аса дарынды сазгер болғанын, көптеген әдемі, әсерлі әндер шығарғандығын айтқан.
2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең , менше сүй ,-деп Абай атамыз айтқандай 9-сынып оқушысы .......Бибінұр...орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әніне кезек берсек.
1-жүргізуші:Абай шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала- оның поэмалары.Олар : «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі». Абай өзінің поэмаларында да,өлеңдеріндегі секілді әлеуметтік –адамгершілік идеяларын көтерді.
2-жүргізуші:Абай өмірінің соңында жазылған туындысы «қарасөздер » деп аталады.Қара сөздер-көркем әңгіме емес,алайда оларды даналық сөздер,мақала,ғылымдық,философиялық шолулар деп қарастыруға болады.Абайдың жалпы қарасөздерінің саны-45.

Абайдың қарасөздеріне кезек берейік.
Қарасөздерін 11 сынып оқушылары айтады.
1-жүргізуші: Абай атамызды күллі әлем таниды. Оның достары да аз емес. Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы.
2 жүргізуші: Абай өзінің халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді,»,-деп Елбасымыз айтқандай Абай мұрасын жалғастырушы кейінгі ұрпақ не дейді? Абай атасының рухына бағыштаған жас жеткіншектерге кезек берсек.
Абай өлеңдері. 9-10 сынып оқушылары оқиды.
1-жүргізуші: Әннің де естісі бар,есері бар
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
2-жүргізуші: Жаманға «жар» деген-ақ ,ән көрінер,
Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер
Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп
Жабырқаған көңілің көтерілер,-деп бізде осы жерде ән салып жіберсек қайтеді, ә?!
1жүргізуші: - Атсақ,айтайық. Абайдың әні «Көзімнің қарасы»

2-жүргізуші: Барша қазақ баласы Абайды тануға,білуге,Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген,өскен,еркін халық ретінде көруді арман еткен. Сол Абай аңсаған арманына жетіп отырмыз.
1-жүргізуші: Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абайдың өлеңдерін бойтұмарындай сақтап жүруі тиіс.Артына өлмейтін мұра қалдырған ұлы Абай данышпанымыздың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды кешіміз аяқталды.Көңіл қойып,тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет.























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!