Материалдар / Абай Құнанбайұлының қара сөздері...
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Құнанбайұлының қара сөздері...

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай атамыздың қара сөздеріндегі тәрбиелік мән
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2023
168
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ

Әл –Фараби атындағы мамандандырылған №21 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі - Еcекенова Гуламза Достиковна

...Абай ойына келген нəрселерін еркін айту үшін,

өзі арнайы жанр ойлап тапқан. Ол — сөз жанры.

Ақынның қара сөздері — нағыз еркін ойдың жанры.

Мұнда ешқандай бір дəстүрге, тəсілге бағынушылық жоқ.

Ой еркін айтылған, мазмұн өзіне лайықты форма тапқан.

Ғ.Есім.

Мені толғандырған өркениетті қоғамда да Абай шығармаларының өміршеңдігі. Иә, иә, қанша ғасыр өтсе де өзектілігін жоймайтын өміршеңдігін айтам. Заманында талай заңғар шықса да, Абай әлемі жыр көгінде темірқазық іспетті қалың қазаққа бағыт беріп тұрғандай. Осы орайда Абай ақын шығармаларының өлмейтіні неден деген орын сұрақ туады! Бұл сауалдың жауабын мен ақынның өлеңдерінен де, әндерінен де емес, ғибратты ғақлияларынан іздедім. Өмірінің соңғы жылдары Хакім Абай шығармашылығының нүктесін қойған «Қара сөздер» жиынтығы, шын мәнісінде, ақыл тоқтатқан абыздың ақиқат ойлары. Қара сөздерінде Абай көтерген әлеуметтік-публицистикалық, философиялық, діни, ғылыми, тарихи тақырыптардың мазмұн тереңдігі, ағартушылық, педагогикалық пікірлері оның адамзат ғұламасы атануына арқау болды. Ғұламада барлығы 45 сөз және бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады. «Абайдың қара сөздерінің» соңғы нұсқасы Мүрсейіттің 1905, 1907 және 1910 жылдардағы қолжазбалары бойынша жаряланып келеді. Әдетте, адам сөйлегенде өлеңді емес, қара сөздерді қолданады. Қара сөз ойды еркін білдірудің нақты формасы, сондықтан оқырманына түсінікті тілде тоғышарлықты әшкерелеп, жақсылықты, жаңашылдықты насихаттап жазылған Абай сөздерінің маңыздылығы қай қоғамда да жойылмақ емес.

Ғұмырының соңында қолына қалам алып, қара сөздерін жазып бастайды:

«Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керекгі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де ақыры осыған бел байладым....» - дейді. Осыдан кейін-ақ ақын қолына қалам алып, тал бесіктен жер бесікке дейінгі пенде біткеннің басындағы талай мәселені өз пайым парасатымен таразылап, оқырманына ой тастайды.

Қазақ қоғамы үшін қазір де өзекті дерттерді деректермен тізген хакім қара сөздерінде халық бойындағы қамсыздықты, жалқаулықты тамырымен жойып, бұқараны ізгілікке үндейді. Абай қара сөздерінің әмбебаптылығы мен энциклопедиялығы, тақырыбының сан алуандығы, оқырманына ой саларлық тереңдігі, философиялық, діни ағартушылық маңыздылығы қай заманда да өзінің өзектілігін жоймай отыр.

Адами қасиеттер, адамның болмысы, руханияттық тұрғыда ілгерілеген сайын Абай шығармашылығына арқау болған – жалған құндылықтар, жалған намыс, өсек сөз, бөспелік, өтірікшілік, мақтаншақтық, аярлық, күншілдік, надандық секілді толып жатқан жаман қасиеттерден толық арылу қажеттілігі тұр. Жекеден жалпыға ережесі негізінде ұлы Абай жеке адамның қасиеттерінен бастап, тұтас қазақ деген ұлттың, Қазақстан деген мемлекеттің ізгілік келбетін таразылап, кей сәттерде одан да үлкен кеңістікте барлық адамзат баласының адамгершілігін таразыға салады. Таразылай отырып, талқылап, оқырманына ой салады.

Абай өз қара сөздерінде тоғышарлықты, көрсеқызарлықты, сауатсыздықты, надандықты, мақтаншақтықты, рухани жұтаңдықты, әділетсіздікті тілгі тиек ете отырып, оларды ауыздықтау қажеттігін ескертіп, өзі адамзат баласының бойындағы қасиеттерді жетілдіруге күш салады .

Хакім бірде өрекпіп сөйлесе, бірде сабырлы қалпын жоғалтпай отырады, бірде шырқау биікке көтерілсе, енді бірде шыңырау төменнен шымшып сөз айтады. «...Қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен» деп есепсіздікті ескерсе, енді бірде ақылды мен ақылсызды, дос пен дұшпанды бір-біріне қарама-қарсы қойып, ойын нақтылай түседі. Дана Абайдың ұлылығы сол – жеке адамға қатысты өте нәзік, шетін қасиеттерді талдай отырып, ұлттық мінезден де осы қасиеттердің көрініс алатындығын аңғартады. Кезінде М.Әуезов қара сөздер туралы сол заман үшін өте құнды пікір білдірген еді: «Жалпы алғанда, Абайдың осы қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны боп қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді». Пайымды пікір.

Абай ойы ауқымды тақырыптарды қозғай келіп, құны мен құқығы арзандаған қоғамда адам ешқашан бақытты бола алмайды дегенге саяды.

Абайдың қара сөздерін зерттеушілердің кейбірі оларды тақырыбына орай топтастырған, бұл топтастыруды дұрыс дей алмаймын. Себебі, Абай қара сөздерінің негізгі тақырыбы – адам болмысы.

Тек бір этностың, не бір халықтың еншісіне қатысты мәселелерді айтып қана қоймай, адамзат тарихында талай ғұламаларды толғандырған мәселелерге талдау жасалған Абай қара сөздерінің дүниетанымдық мазмұны өте биік. Сондықтан Абайдың қара сөздері тек ұлттық қана емес, бүкіләлемдік өркениетте өз орны бар келелі мәдени мұра десек қателеспейміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!