Материалдар / Абай шығармаларын оқыту

Абай шығармаларын оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке қадам басқан бүгігі таңда адамгершілігі мол, саналы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде Абай шығармаларын пайдаланудың мәні зор.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2019
254
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Н.Г.Чернышевский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағұлова Бибінұр Бекенқызы

Ұялы телефоны: 87753943335

Үй телефоны: 52-05-36


Абай шығармаларын оқыту

Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке қадам басқан бүгігі таңда адамгершілігі мол, саналы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде Абай шығармаларын пайдаланудың мәні зор.

Мектеп оқушыларды ұжымдық ортада адамгершілікке, имандылыққа, достыққа, әділеттілікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелейміз. Тұлғалық қасиеттерін жетілдіріп отырамыз. Ұжымдық орта – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.Ұстаздың адамзат ұрпағына деген зор ықпалы мен әсерін өмірде еш нәрсемен салыстыруға болмайтындай. Мектепте оқушының жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы, өнер сабақтастығы бар.Сондықтан бала тәрбиесіне ұстаз зор мән беріп, оқушының намысын сақтауға, сеніп айтқан сырын шашпауға, сынып мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелейді.

Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те осы ұжымдық қарым-қатынаста қалыптасып, шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.Ұстаздың да ата-ананың да баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.Тәрбие басы әдептілік деп білген үлкендер әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. Атақты «Абай жолы» роман-эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «… Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу - біздің қоғамның басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші – ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен. Олай болса алдымыздағы шәкіртіміз тәрбие алар біздің де бойымызда ұлттық рухани тағлым мол болуы қажет.

«Ғылым таппай мақтанба...» өлеңінде Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, кеңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды. Абайдың бұл өлеңінен ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын көреміз.  Қазақ жастарын білім-ғылым үйренуге шақыру - «Интернатта оқып жүр» өлеңінде де ең өзекті идея болып көтерілген. Мұнда ақын еңбексіз, ықылас-ынтасыз, мехнатсыз нағыз ғылым-білім қолға түспейді дей келіп, одан ары бірден негізгі ой желісін үздіксіз өрбітіп, оқудағы мақсат не, алған білімді не қажетке жұмсау керек, не істеу, қандай қызмет атқарған жөн болады деген мәселелер төңірегінде сөз қозғайды. Бұл тұста ерекше бір көңіл бөлерлік жай - Абай ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірімен сабақтастыра айтады, бүл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды. Ғалым болудың басты шарты - не нәрсені болсын ақыл таразысына алып өлшеу, ақыл сенген нәрсеге ғана сену және көзің анық жеткен шындықты тура айтудан тайынбау екендігін нақтылап, мейлінше дәлелді етіп, шегелеп айтады.

«Абай надандыққа, қандай да болсын теріс, кертартпалыққа қарсы тура алатын оқыған, біліммен қаруланған адамды құрметтеу керек деп санайды. Ең алдымен білімді, ғалым адам мақтан тұтуға лайықты. Ақылды, парасатты адамның идеал бейнесін ұсына отырып, Абай оған жақсылықты жамандықтан ажырата білмейтін, ағыммен ілесіп жүре беруге бейімделген надан, қараңғы адамды қарсы қойдыда өзінің сатиралық өлеңдерінде оны сынайды. Топас, кертартпа адамның осы жағымсыз типі ақынның шығармашылық жолына өте тән және ағарту ісін, өнер-білімді жақтаушы Абайдың алдыңғы қатарлы көзқарасын білдіреді.

«Адам-адамнан ақыл, білім, мінез деген нәрсемен озбақ, ал қалғанымен оздым деу бос әурешілік»-деген Абай, олай болса ойы ұшқыр, ақылды, білімді, рухани толысқан ұрпақ тәрбиелеуде Абай шығармаларын қалай пайдаланудың түрлі жолдары бар.

1. Екі жақты жазба күнделігі арқылы баланың ойын дамытуға, кейде сыныптағы келеңсіздікке байланысты алып қолдануға болады. Мысалы: «Қызмет қылып мал таппай, Ғылым оқып ой таппай» өлең жолдарына түсінік бер. «Қызмет қыл» дегеннің өзін қалай түсінеді бұл жерде әркім өз денгейлерінде жауап береді, бірі-қоғамға, бірі-ата-анаға, бірі-өзіне, тағы жалғасып шыға береді. Сондай-ақ «Ғылым оқып ой таппай» деген жолды да оқушылар түрлі деңгейде түсіндіреді. Оқушыға еркіндік беру арқылы оның тіл көркемдігін, ой ұшқырлығын шыңдаймыз, оқушының өзінің бойындағы қабілетін танимыз. Кез-келген ортада оқушының өзін еркін сезінуіне мүмкіндік береміз.

2. 5 жолды өлең Онда бірінші зат есім, екінші2 сын есім, үшінші 3 етістік, төртінші-сөйлем, бесінші синоним болуы керек. Бұл арқылы біз қазақ тілінен де білімін бақылаймыз, сондай-ақ сөздік қорын толықтырамыз. кім-Абай, қандай 2 білімді, зерек, не істейді? Оқыды жазды, қалдырды; сөйлем Абай қазақтың ұлы Ақыны; синоним Ақын

3. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өзіне ұнаған үзіндіні алады, түсіндіреді, тілдік ерекшелігіне талдау жасайды. Бұл шығарманы өткеде оқушылар ерекше қызығушылық танытады, олар өлеңге ерекше мән береді, Мысалы: Жылқы малының түрі және жасы оқушыға іздендіруге тапсырма беріледі. Жарыс түрі, тұлпар, бәйге аттардыңатауы бұны да көркем шығармадан немесе сыныптан тыс іздендіру-шығармашылық тапсырма етіп беруге болады.

4. Семантикалық карта Абай шығармаларынан терілген жүрекке қатысты тіркестер, осы тіркестерді 1.жүрекке сипаты, 2.жүрек әрекеті, 3.жүрек иірімдері, 4.жүрек анықтамасы бағандарына бөліп белгілейді де өздерінің жүректері және парталасының жүрегі осының қайсысына жатқызады неге деген сұрақтар төңірегінде ойланады.

5. Абай өлеңдеріндегі даналық сөздер, афоризімдерді тапқызамыз, мәнін аштыртамыз, мәнін анықтатамыз, қандай үлгі алдық осы төңіректе ой қозғатамыз.

6. Шығарма кестесі «Болыс болдым мінеи», «Мәз болады болысың» болыстар бейнесіне мәтін бойынша сипаттама береді. Мұнда жақсылық пен жамандық таразыға тартылады.

7. Абай өлеңінің құрылысы, әдебиет теориясы бойынша талдау жасайды, аңғарымпаздыққа үйренеді

8. Кері мақалды, нақыл сөзді түзе Мысалы. Мал жұтамайды, өнер жұтайды деген берілген оны оқушы Мал жұтайды, өнер жұтамайды деп жөндеуі керек.

9. Мақал-мәтелдің немесе нақыл сөздің соңын тап Шәкіртсіз ғалым-... көп нүкте берілген, ол жерге оқушы тұл сөзін жазу керек. Осындай тапсырма арқылы оқушының есте сақтау қабілеттері шыңдалады.

10. Абай туралы даналардың пікірін жинатып, оның мәнін аштырса бала өз бойындағы кемшілікті көре білуі де және басқаның бойындағы жақсы қасиеттерді бағалап, өзіне үлгі де алады. Жақсылыққа ұмтылады, қадірлей біледі.

11. Абай жайлы ақындардың жырларын жинақтатуға болады.

12. Абай тағлымынан, өмірінен білім сайысын ұйымдастырған оқушының интеллектуалды өсуіне мүмкіндік береді. Мысалы: 1.Сұрақ: Абай мұражайы қашан, қай жерде ашылды? Жауабы: Семей қаласы, Комиссар көшесі- 132- үйде Абайдың қырқын бергіп содан кейін осы үйді, 1940 жылы 16 қазанда осы үйді мұражай қылып ашты. 2.Сұрақ: Абайдың әндері мен күйлері туралы не білесің? Жауабы: Үш күйі бар: Торжорға, Май түні, Абай желдірмесі. 16 әні бар. 3.Сұрақ: Абай атындағы сыйлық қашан тағайындалды? Жауабы: 1965 жылы 15 наурызда тағайындалды.

1966 жылы Х Есенжанов. «Ақ жайық», С Мұқанов «Өмір мектептері», Есенберлин «Айқас», Ғ Мүсірепов «Кездеспей кеткен бір бейне.»  

Баланың ұжымдық ортадағы өзін-өзі ұстауы, ой ұшқырлығы, сөйлеу мәдениеті, білімінің қалаптасуына «Абайтану» курсының өзіндік пайдасы бар. Біздің бағаланбас қымбат байлығымыз ол – бала, олай болса оқушыларға ұлттық құндылықтар негізінде, Абай шығармаларын пайдаланып білім мен тәрбие берейік. Өйткені, Абай тек қазақтың ғана Абайы емес, ол адамзаттың Абайы.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Алматы, 1961

2. «Абай» журналы. №4, 1992, №2. 1993 жыл

3. WWW.google.kz


2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ