Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Абай шығармаларына иллюстрация
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы,
Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер
шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогі,
бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Құнанова Қалампыр Қуанышқалиқызы
Сабақтың тақырыбы: Абайдың шығармаларына иллюстрация
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды әдеби шығарма желісіне ілестіре отырып сурет салуға үйрету. Абай шығармасының мәні мен мағынасын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды жеке шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру, өз жұмысын қорғай білуге үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды шығарма арқылы табиғатты сүюге үйрету, әдемілікке, әсемдікке баулу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабаққа қолданылатын әдістер: әңгіме, түсіндіру, демонстрация, иллюстрация, бақылау, практикалық, сұрақ-жауап, тренинг, галерея, көрнекілікпен жұмыс, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: жемістер суреті, видеопроектор, иллюстрация арқылы салынған суреттер галереясы, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, слайд-шоу, аудио кітап, оқушылардың есімдері жазылған жұлдызшалар т.б
Пәнаралық байланыс: Музыка, әдебиет, тарих
Қажетті құрал-жабдықтар: тақта, проектор, қарындаш, сурет дәптері, акварель бояуы, түрлі-түсті қарындаштар, өшіргіш, музыка тыңдалатын аспап, компьютер.
Сабақтың барысы:
Жоспар
І. Ұйымдастыру бөлімі
-
Сабақтың эпиграфын айту
-
«Жәрмеңке» ойыны
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіруге дайындық
-
«Миға шабуыл» /тақтадан сурет көрсетіліп, әңгіме оқылады. /
-
Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау / «Алпамыс» ертегісі тыңдалып, үзіндісі желісіне иллюстрация салады/
-
«Иллюстрация» терминіне сипаттама беру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
-
Абай өлеңдеріне талдау /оқушылар өздері жатқа білетін өлеңдерінен үзінді келтіріп, иллюстрациясының суретін салу, оқушыларға түсіндіру/
-
«Желсіз түнде жарық ай» /әнін тыңдату, талдау/
-
Әннің шығу тарихына тоқталу
ІV. Машықтық кезең
«Желсіз түнде жарық ай» әніне иллюстрация жасау.
V. Сабақты қорытындылау
«Галерея» әдісін пайдаланып оқушы жұмысын ортаға жинау, талдау.
Үйге тапсырма: «Эпостық жырларға иллюстрация жасап келу»
VІ. Бағалау
Ертегі кейіпкерінің көрсеткен стрелкалары арқылы бағалау.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сыныпта жоқ оқушыны журналға түсіру, сабаққа эпиграф ретінде барлығын орындарынан тұрғызып, өлең жолдарын айтқызу.
«Қарындашты қолға алайық,
Әдемілеп сурет салайық.
Әбілхан Қастеев атамыздай,
Суретші болып шығайық!»
«Жәрмеңке» ойыны
-
Балалар, біздің бүгінге дейін жинаған жемістерімізден ауылда жеміс-жидектер жәрмеңкесі болмақшы. Өте арзан бағаға сатылады екен, егер 1 сұраққа жауап берсең, бір жеміс аласың. Егер жеміске жасырылған тапсырманы орындасаң онда бірден сол жемісті жәшігімен аласың. Сұрақтарға жауап беріп, жеміс-жидектер сатып алайық, жауаптарыңыз арқылы жиылған қаражатпен «Сурет шеберханасына» баратын боламыз. Ол жерде сіздерді көп қызық күтіп тұр. Сондықтан
Сұрақтар:
-
Суға тез еритін бояулар? ( акварель, гуащь) /Телпек/
-
Негізгі түстер қандай? ( көк, қызыл, сары) /Жайлау/
-
Фон дегеніміз не? ( Бетіне бір нәрсенің суреті салынған негізгі түс, астар.) /Су/
-
Пейзаж деген не? ( Қоршаған ортаны бейнелеу, табиғат көрінісін бейнелі түрде көрсету) /Аспан/
-
Қазақстаннан шыққан тұңғыш әйел суретші кім? ( Айша Ғалымбаева) /Сары түс/
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіруге дайындық
-
«Миға шабуыл» /тақтадан сурет көрсетіліп, әңгіме оқылады. /
- Мінекей, балалар «Сурет шеберханасына» да келіп жеттік. Әрі қарай үш қатар болып жұмыстанамыз. Енді барлығымыз тақтаға қарайық, суретке байланысты әңгіме оқылады. М.Әуезовтың балаларға арналған «Менің тайым» әңгімесі жазбадан беріліп, әңгіме желісіне салынған сурет көрсетіледі.
-
Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау / «Алпамыс» ертегісі тыңдалып, үзіндісі желісіне ауызша иллюстрация жасалады/
- Оқушыларға аудио кітапты компьютерге қосу арқылы шағын үзінді келтіріп, елестетіп сурет салғызу. Үш қатар үш түрлі иллюстрация айтулары керек.
-
«Иллюстрация» терминіне сипаттама беру.
Сонымен балалар, иллюстрация дегеніміз –көрнекі түрде бейнелеу. Кітап, газет, журналдардан мәтіннің жанына салынған суретші туындысын немесе фотосуреттер көреміз. Міне, бұл – иллюстрация деп аталады. Иллюстрацияның міндеті – мәтіннің не туралы екенін түсінуге, оның мазмұнын ашуға көмектесу, оны көрнекі түрде беру.
Жұмысқа кірісер алдында бұл әдеби кейіпкер өзіңе несімен ұнайтынын ойла. Ол көрікті, бәлкім ержүрек батыр шығар. Мүмкін ол күшті немесе көңілді, тапқыр болар. Осы сұрақтарға жауап беру үшін туындының мазмұнын әбден түсініп, кейіпкердің басынан кешкендерін елестету керек.
Салатын суретіңнің сюжетін анықтап ал. Бірақ алдымен суреттің жалпы композициясының нобайын жаса. Кейіпкер табиғат аясында ма, үлкен сарай ішінде ма, әлде үңгірде ме? Алдымен әрекет орнын, қай уақытты, қандай ауа-райын салатыныңды белгілеп ал. Бұл келешек иллюстрация сюжетін беруде өте маңызды болуы мүмкін.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
-
Абай өлеңдеріне талдау /оқушылар өздері жатқа білетін өлеңдерінен үзінді келтіріп, иллюстрациясының суретін салу, оқушыларға түсіндіру/
Абайдың табиғатқа, жыл мезгіліне, лирикалық әндері туралы оқушылардың ой-өрісін білу, бірқатар өлеңдерін оқушыларға орындату, иллюстрациясын салып көрсету.
-
«Желсіз түнде жарық ай» /әнін тыңдату, талдау/
- Бұл өлеңде Абай нені айқын, өрнек тілмен бейнелеген? Әрине, құпия мен жұмбақ сырға толы тамаша табиғат! Абайдың осы өлеңінің көрінісін көз алдарыңызға елестетіңіз.
Желсіз, тынық, жылы түн. Айнала жым-жырт. Аспанда толықсып толған ай, сәулесін айнала шашып, бүкіл далаға нұрын төгіп тұр. Су бетіндегі айдын сәулесі өзен бетін көгілдір сары алтын түске бөлеп, діріл қағады. Ағаштың қалың жапырағы да өздерімен-өздері жаймен ғана сыбырласып, манаураған түннің тыныштығына құлақ салғандай. Жер дүние құлпырып, жасыл шөпке, қырмызы гүлге бөленіп ерекше сұлулық танытқандай.
-
Әннің шығу тарихына тоқталу
Өлеңнің шығу тарихынан қысқаша мағлұмат беру үшін дайындалып келіңіз деген болатынмын.
Оқушы: - «Желсіз түнде жарық ай» Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақтан, 5 шумақтан тұрады. Бұл өлең – ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поезиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі.
Өлеңде ерекше көркемділік пен сипатталған табиғат суреті мен сезім ақын Абайдың кіршіксіз көңілімен қоса адамдық бейнесін, рухани биігін де айқын танытады.
Өлең құрылысына келер болсақ, өлең 7,8 буынды жүйеде қалыптасқан, 1,2,3,5 – шумақтары шалыс ұйқаспен өрнектелген.
Ал өлеңнің шығу тарихына келер болсақ, алғаш рет 1909 ж.Санк-Петербургте жарық көрген. «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі.
Кей басылымдарда өлеңнің жазылу кезеңі 1898 жыл деп көрсетілген, кейінгі дәлелдемелерде ол бұл өлең мәтініне ән қосылған кезі екені баяндалады.
Оқушы: - Негізінен ән нотаға композитор Латиф Хамиди қолымен 1935 жылы түсіріледі. Ырғақ екпіні байсалды, бір қалыпты созылыңқы қоңыр үнмен орындалады. Өлең ағылшын, араб, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.
ІV. Машықтық кезең
«Желсіз түнде жарық ай» әніне иллюстрация жасау.
- Біздер өлеңнің мәтінімен, оның шығу тарихымен таныса келіп, енді осы көріністі қағаз бетіне салып көрсек. Ақынның өлеңдерін оқып отырып, сөзбен жазған шығармаларын бейнелеу өнерінің туындыларына айналдыру кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Сондықтан бізге суреттің негізгі тақырыбын ашу керек. Абай өлеңінде табиғат көрінісі суреттелген. Оны шебер суретші, ойы жүйрік, рухани дүниесі бай, нәзік сезім иесі ғана көрерменге бейнелеу арқылы жеткізе алады. Демек, бұл бейнелеу өнері тілінде – табиғатты бейнелеу дегенді білдіреді.
Табиғат көрінісін мағыналы да әдемі етіп шығару үшін, акварель (су бояқ), гуащ, немесе майлы бояулармен салған дұрыс.
V. Сабақты қорытындылау
«Галерея» әдісін пайдаланып оқушы жұмысын ортаға жинау, талдау.
Үйге тапсырма: «Эпостық жырларға иллюстрация жасап келу»
VІ. Бағалау
Ертегі кейіпкерінің көрсеткен стрелкалары арқылы бағалау. Тақтаға ертегі кейіпкерінің суреті, ортаға күн, айналасына сынып оқушыларының есімі жазылған жұлдызшалар ілінеді. Сосын кейіпкердің түрлі бағадағы стрелкасы қай оқушыны көрсетсе сол оқушыны мадақтап, бағалау.
- Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!