Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Абайдың ақын шәкірті- Шәкәрім (мақала)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Абайдың ақын шәкірті- Шәкәрім
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Шәкәрім Құдайбердіұлы өз заманының алғыр азаматы болды. Ол қоршаған әлеуметтік, рухани-мәдени өмірге белсене араласып кетіп, өз кезеңіндегі қоғамға толықтай сіңісіп, айналасындағы адамдарға, болашақ оқырмандарға гуманистік, демократтық идеялар уағыздап қана қоймай, тарихи құнды еңбектер жазып қалдырды. Шәкәрім Құдайбердіұлының тұлға ретінде қалыптасуына тоқталар болсам,1858 жылы 24 шілдеде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Ақын, ойшыл, композитор, аудармашы[1;16].Ата-анасынан ерте айрылған Шәкәрім немере ағасы — қазақтың ұлы ақыны Абайдың қолында тәрбиеленді. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді жасынан сырқат болып, 37 жасында дүние салған. Ол кісі әділетті, жұртына қамқор, ел дауынан сырт жүретін өте кісілікті жан болған. Балалық шағында өткерген істері мен машықтарын ақын өзінің «Өмірбаян» өлеңінің 3-тен 13-ке дейінгі шумағына өзек еткенның әр жолын зер сала іздестірсек, қаршадай Шәкәрім жаралысынан екі мінезді аңдаймыз: бірі-даралық, өзгелерге ұқсамау. «Ерекшелік ойымда... Өзгеше болмақ сүйгенім, Осыған басты игенім» дейді ақын. Бірі - әрнәрсенің сырын-себебін білмекке деген керемет құиарлық[2; 108].Шәкәрім жасынан «Мың бір түн» әңгімелерін оқып, ертек айтып, араб, парсы бәйіттерін де төгілдіре жатқа соғады екен. «Олармен бірге қазақтың «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қобланды», «Қыз Жібек» сияқты қиссаларын оқып жаттап алған. ескі жыраулардың жыр-өлеңдерін бертінге дейін жатқа айтқанын сан естігем», - дейтін әке биографы Ахат.
Бір анығы жиырма жасына дейін Шәкәрім биліккке, ел жұмысына араласпаған. Себебі, түрлі ел шаруасын, старшын ішіндегі жұмыс пен сөзді үлкен ағасы Әмір меңгеріп жүреді екен.
Шәкәрімге атасы Құнанбай қажының ықпалы мен берген тәлімі мол болды. Қажы Шәкәрімнің 27 жасында қайтыс болған[3]. Сондықтан ақынның оның әлеуметтік істеріне қанық боп, тәлім-тәрбиесін көріп өскендігі күмәнсіз.
Елден туыстан да іргесін аулақ салған Құнанбай мырзаның өзіне жақын тартып, жылы шырай көрсеткен кісісінің бірі – Шәкәрім болған. Қалай да шешесі Төлебикеден соң адалдық жағынан тәрбие берген ұстазы ретінде Шәкәрім тәтесі Құнанабайды атаған. «Тәтемнің ауылы біздің ауылдан шалғай болатын, - деп есіне алатын ақын. – Жылына бес-алты рет барғанымның өзінде көп әңгіме айтып, ақыл беретін. Елге адал еңбек сіңірсең, адал болсаң, абыройлы боласың... Көпке жақпай, адал болмай, атақ алмайсың дейтін». Ақынның өз шығармаларындағы өмірбаяндық деректерге сүйенсек, оның бал дәурен балалық шағы жеті жаста әкесінен жетім қалғанына қарамастан, ,беделді де, дәулетті қажы атасы Құнанбайдың саясында сүйкімді немересі болып, уайым қайғысыз, емін-еркін, тоқшылық баршылықта өтіпті. Ақын ағасы Абайдың ықпалымен 16— 17 жасында Шәкәрім өлең жаза бастады[4; 19]. Шәкәрімнің бозбала жастық шағы іздену, үйрену, оқу бағытында Құнанбай қажы ауылында қалыптасқан өнерлі ортада өтті, яғни ұлы Абай ұйтқы болған өнер - білім мектебінің шәкірті болып өсті; сөз өнеріне, қол өнеріне, музыка өнеріне төселіп тәлім-тәрбие алды, үлгі-өнеге көрді. Шәкәрім осы тұста жазу жұмысымен біржолата айналысып кете алмады. Жиырма жасқа толар-толмаста Шәкәрім ел басқару жұмыстарына араласып кетті. Жастықтың қару қайратын ел ішіндегі қарым-қатынастарды қалыпты күйге түсірмекке жұмсамақ болды. Сайлауға қатысып, шарға түсіп болыс болып та сайланды. Ел ішінде береке-бірлік бұзып, әрекет шығаратын дау дамайлар мен арыз-жалаларды керіп-білу, оған үлкен өмір мектебі болды. Қазақ қауымының тірлігін тереғдей білді. Сонымен бірге ол отаршыл патша өкіметінің түгелдей қазақ халқын аздырып, тозды-руға негізделіп жасалған ел билеу жүйесі мен жергілікті патша әкімдерінің сұрқия саясатының түпкілікті мақсат мүддесін түсінді.
Шәкәрім Қүдайбердіүлының шығармашылық жазу жұмысына біржола ден қойып кірісуі кырық жасынан, яғни 1898 жылға тұспа-тұс келеді[4; 22]. Туған халқының бітімі мол бай ауыз әдебиетінен сусындаған Шәкәрім ендігі жерде шығыс пен батыс әдебиетіне жетік көз жіберіп, әйгілі шығыс жұлдыздары Қожа Хафиз, Физу-ли, Науаи мұраларымен танысса, батыста Байрон, Пушұкин, Толстой сынды керкем ой алыптарының шығармаларынан нәр алды. Олардың қырдағы білікті насихатшысы болды. Бұрынғы езі емін-еркін меңгерген түркі тілдеріне қоса араб, парсы, орыс тілдерін онан әрі тереңдей үйреніп, жоғарыдағы әйгілі жазушылардан тамаша аудармалар жасады.
Ғылым-білім жолына біржола бет бүрған Шәкәрім Қүдайбердіүлы, дамылсыз ізденісте болып, жер көріп, еларалады. Ол 1903 жылы қазақ даласындағы сол кездегі бірден бір ғылыми-зерттеу орны болған Императорлық географиялық орыс қоғамының батыс сібір бөлімінің Семей бөлімшесіне мүше болып қабылданды[5]. Ақын қырықтан кейінгі бүкіл саналы өмірін әдебиет, тарих, жаратылыс тану, жағырафия, психология, музыка өнері сияқты пәндерді тереңдете жүйелі оқып-зерттей отырып, ұстаз ұлы Абай дүние танымына құлаш ұрады. Ұстаз ой-арманын әрі қарай жалғастырады. Шәкәрім өмірінің толысқан кезі бүкіл Ресей мен Қазақ даласындагы болып өткен не бір ірі оқиғалар мен зор өзгерістерге тұстас болды. Ресейдегі 1905 жылғы, 1907 жылғы революциялар мен Столыпин реакциясының көп жалғы ауырпалығы, 1914 жылғы 1 дүние жүзілік соғыс, 1916 жылғы қазақ даласындағы дүрбелен оқиғалар, 1917 жылгы Ақпан, Қазан төңкерістері, соны-мен бірге ақын өскен Шыңгыстау, Семей өңіріндегі Қолчак ылаңы, аласапыран алмағайып заманда туған халқының тағдыр-талайына арашашы болған интеллигенциясының алаш қозғалысы, қазақ даласындағы ақ пен қызыл соғыстары, қазақ даласында Кеңес өкіметінің орнау, оның саясатындағы адам төзгісіз бұрмалаулар мен асыра сілтеулер; 1920—1921 жылғы ашаршылықтар, аша тұяқ қалдырмауға бекінген 1928 жылғы конфискация науқаны осылардың барлығы да ақын көзқарасына, бол-мысына өз ізін қалдырды, әуреледі, азаптады[6]. Алайда, туған халқына қызмет етуді мақсат еткен ол, бұл оқиғалардан сырт қалған жоқ. Оның өмірге, қоғамдық мәні бар өзгерістерге көзқарасы да бірқалыпты қалып қоймай, өзгерістерге ұшырады, тіпті жасы ұлғайған қарт қаламгердің түңіліп, жалғыздық көрген тұстары да болды. Шәкәрімнің өмірдегі және өнердегі жолы, шынында да М.Мағауин айтқандай, “ұзақ та ұлағатты, келісті әрі күрделі”. Адамгершілік асыл қасиеттерді өміріне арқау етіп, оны ақындық құдірет-дарыны және биік азаматтық ісімен халқына үйретуге ұмтылған ғұлама ойшылдың жан дүниесіндегі қуаныш-күйініш сезімдерінің сырын бірден дөп басып, ашып айту қиын. Шәкәрім өмірінің соңғы кезіндегі өз көңіл күйін “Қорқыт сарынымен” жазған өлеңі арқылы бейнелеген. Байқаған жанға онда көп сыр жатқаны анық.
Түйіндей келе, Шәкәрімнің нәр алған, үлгі - өнеге көрген қайнары – қырдағы қазақ мәдениеті, кәдуілгі дәстүрлі көшпелі қазақ ортасы тұжырсақ та болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
-
Ізтілеуова С. Д. Шәкәрімтану. Арнаулы курс. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік унивситеті. – Семей, 2007.
-
Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1973.
-
Мұқаметқанов Қ. Шәкәрімнің шежіресі. // Қазақ әдебиеті. 1989. 14 шілде. 10-11 бет.
-
Омаров А. Шәкәрімнің өмірбаяны. Алматы, 2007
-
Сәтбаева Ш.Қ. Шәкәрім Құдайбердиев. – Алматы: Қазақ ССР «Білім» қоғамы, 1990
-
Шәкәрім. Үш анық. – Алматы: Қазақстан және Ғақлия ғылыми-әдеби орталығы, 1991
Шәкәрім Құдайбердіұлы поэма жанырында да жемісті еңбек еткен қаламгер!
Жалпы Шәкәрім шығармалары өзі ақталғанна кейін ғана жарық көре бастады. Кеңңес Одағының ыдырауымен қатарласа Шәкәрімді зерттеу ісі қайта жанданды. Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында Шәкәрім мұрасының қазақ әдебиеті мен поэзиясындағы орнын анықтауда белгілі Абайтанушы Қайым Мұхаметқанов зор еңбек сіңірді. Оның «Қазақ әдебиеті» мен «Семей таңы» газеттеріне жарияланған еңбектерін шәкәрімтанудың жаңа кезеңінің басталуы деп бағалауға болады.
Өлеңмен жастайынан әуестенген Шәкәрім өмір бойы өз шығармашылығында Абай салған жолды ұстанумен өтті. Сондықтан да Абайдың шын мәніндегі шәкірті, рухани мұрагері болып саналады. Шәкәрім өз бетімен заманына сай жеткілікті білім алды. Шығыс және Батыс әдебиетін зейін қойып оқып, араб, парсы, түрік және орыс тілдерін еркін меңгерді. Алғашқы шығармаларында жастарды Абайдан үйренуге шақырады ("Жастық шақ туралы", "Кәрілік", "Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық"), адам ниетінің түзулігін, адалдықты жырға қосты ("Өмір", "Сәнқойлар", "Құмарлық", "Қалжыңбас"), оқу-білімге шақырып, адал сезім, таза сүйіспеншілікті жырлады. ("Жастарға", "Анық асық әулие", "Шын сырым")[1]. Шәкәрім өзі өскен ортадағы ру таласы, күншілдік, тақ таласы сияқты жағымсыз кұбылыстарға сын көзімен карады. Бұл мәселелерді "Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-Кебек", "Айсұлу-Нартайлақ" поэмаларында, "Әділ-Мария" романында ашып көрсете білді. 1905-1906 жылдары Шәкәрім қажылыққа барады. Жолжөнекей ақын Парижде аялдама жасайды. Стамбұлда да тоқтаған деген жорамал бар. Осы қалалардың кітапханаларынан алған материалдары бойынша "Түрік", қырғыз, қазақ және хандар шежіресі" және "Мұсылмандық шарты" еңбектерін жазды. "Ләйлә-Мәжнүн" (1907) поэмасында Шәкәрім көпшілікке белгілі шығыстық сюжетті негіз етіп алып, махаббат пен кұштарлықты жырға қосты. 1917 жылғы Қазан төңкерісін үлкен үмітпен қарсы алып, оған өзінің өлеңдерін арнады[2;122]. Шәкәрімнің халық арасында беделі жоғары болғанына қармастан, "Кеңес өкіметінің жауы" деген жалған айыппен түрмеге жабылды. Көп ұзамай абақтыдан босап шыққанымен, 1931 жылы сатқындардың қолынан қаза табады. Шәкәрім Құдайбердіұлы "Үш анық" аталатын философиялық "Мұсылмандық шарты" деген трактаттар авторы, көптеген орыс және Шығыс әдебиетінің озық үлгілі аудармалары Шәкәрім қаламынан туған. А.С.Пушкиннің "Дубровский" және "Боран" повестерін өлеңге түсіріп, Л.Н.Толстойдың Физули мен Хафиздің туындыларын қазақша тәржімеледі. Абай мектебінің шәкірті ретінде Шәкәрім де бұл үрдісті өзінше жаңғыртты. Ол орыстың ұлы ақыны Пушкин шығармашылығынан «Дубровский» повесі мен «Боран» романын таңдады[3; 102]. Оларды қайта жырлады. Поэзия тілімен қайта өрнектеді. Қаламының қарымы білінер, қазақ сөз өнерінің төл туындыларына айналған поэмаларын тудырды.
Оның әдеби мұрасы сан алуан: философия, этнография, әдет-ғұрып және дін тақырыбы. Шәкәрім ғұлама ғалым әрі композитор ретінде де танылды. Қазақ әдебиетінің бірегей классигі, ұлы Абайдың мұраттас мұрагер шәкірті, аса ірі ақын, ойшыл философ, тарихшы ғалым . Шәкәрімнің әкесі Құдайберді мен ұлы ақынымыз Абай ағалы-інілі туысқан адамдар. Шәкәрім Құдайбердіұлы — шығармалары арқылы, өз өмір жолы мен шығармашылық қызметі туралы мол деректер қалдырған қаламгер. Ақынның көптеген өлеңдері, "Мұтылғанның өмірі" поэмасы, "Түрік: қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі", "Үш анық" кітаптарындағы кездесетін өмірбаяндық деректер шоғыры мен танымдар қайнары ақын өмірі мен шығармашылығын зерттеушілерге біраз көмегін тигізетіні анық[4].
Шежіре айту, шежіре жүргізу – қазақ халқында ежелден келе жатқан дәстүр. шежіре – халықтың жадында сақталып, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа желісі үзілмей келе жатқан рухани мұрасы, баға жетпес асыл қазынасы болып саналады. Қазақ даласында, әсіресе, жазу-сызудың онша дамымаған кезінде ауыздан-ауызға тарайтын шежіре халық жадында сақталған тарихтың бір көрінісі болды. Бұл жайтты М.Мырзахметұлы былайша пайымдайды: «Өзінің өмір кешкен тарихи жолын танып білуге деген құштарлық — қазақ елінің есте жоқ ескі заманнан бермен қарай ес біліп етек жапқан баласына дейін жеті атасын білдіру дәстүрде тұрақты құбылыеқа айналуы жай нәрсе болмаса керек-ті. Жеті атадан арғы ата тегін қуалап үлкен тайпалық одақтарға дейінгі аралықтағы нешеме түрлі тарихи сапырылыстарда орын алған әңгіме-аңыздарды әр ауыл ақсақалдары, яғни тарихтың тірі архивтері, өз әлінше танытып, таратып отыру салты бізде мықтап орныққан тағлымды дәстүріміз.» [5.3]. Осы дәстүрді қағаз бетіне түсіріп, еңбек ретінде ұрпаққа қалдырған Шәкәріма атмаыз. Ақынның талассыз ізденістері мен қажырлы еңбектері нәтижесінде: "Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі" (Орынбор, 1911 жыл), "Мұсылмандық шарттары" (Орын-бор, 1911 жыл), "Үш анық" (Алматы "Қазақстан" 1991 жыл), "Иманым"— өлеңмен жазылған философиялық трактат сияқты ғылыми еңбектер, "Еңілік-Кебек", "Қалқаман-Мамыр", "Нартайлақ пен Айсүлу", "Ләйлі-Мәжнүн", "Дубровский" сынды эпикалық поэмалар, көптеген лирикалық өлеңдер, жиырма шақты әндер дүниеге келіп, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің алтын қорына қосылды, халқымыздың рухани қазынаына айналды[5; 10].
Ғалымның 1905—1906 жылдар аралығындағы Меккеге барған қажы сапары туралы ақын шығармаларывда аз-ды-көпті айтылғанына карамастан ол арнайы зерттеуге тұратын кәделі нәрсе. Шәкәрім өзінің қажы сапары туралы: "... Мен пақыр 1905 жылдан 1906 жылға қарай қажыға барғанда тақияны кердім"— деп жазды, Семей облысының сол кездегі уақытша генерал-губернаторы генерал-майор Гал-киннын 1906 жылы 8 наурыздагы дала генерал-губернаторына жазған № 637 қатынас қағазында: "Предсгавляя при сем четыре заграничных паспорта за 88 6411, 64, 6443 и 64 4 отобранные от возвратившихся ог паломничества киргиз Бугулинской волости Семипалатинского уезда, Курманкожи Кубеиова, Кутана Джулджасарова из Чингизской волости, того же уезда Шакарима Худайбердина и Куранчи Чокина, донопшу, что» означенные паломники, по прибытии в пределы своего уезда, были сквидетельствованы в состоянии здоровья и оказались здоровыми",— деп жазған екен. Бүған қарағанда Шәкәрімнің қажы сапарының бары келіс жолы жөнінде толық ақпарат беретін архивтік құжаттар табылып калар деген сенім бар. Ал жоғарғы архив құжатын қарап, Шәкәрім Құдайбердіүлының Меккеге барарда алған шетелдік паспорты 6443 нөмірлі екенін білуге болады. Шәкәрімнің Мекке бару сапарының басты мақсаты әдеттегі қыр қазағының құдай үйіне тәу етіп, кажы ата» ту емсесті. Өзінің дін төркіндерін зерделеу ниетінен туған ғылыми сапар деп үғыну керек. Оған оның қажы болып келгеннен кейінгі жазған еңбектері далел бола алады[6; 218].
ХХ ғасырдың алғашқы жылдары Шәкәрім шығармашылық қызметінің өрлеу жылдары болды. Ақын 1911 жылы Орынбордан екі кітабын, "Түрік, қырғыз қазақ һәм хандар шежіресі", (Мұсылмандық шарттарын бастырып шығарса, 1912 жылы Семейде "Ярдем" басласынан, "Қазақ айнасы", "Қалкаман Мамыр", "Жолсыз жаза» ("Еңлік-Кебек"), үш бірдей кітабын бастырып шығарды[7].
1931 жылы қазанда аяулы ақын жазықсыз жалаға ұшырап, жолсыз жазаға тартылып ГПУ қызметкерлері тарапынан оққа ұшып қаза болды. Ұлы талант, ғұлама ғалым көмүсіз, кебінсіз айдалада ұзақ жылдар бойы іздеусіз жатты.
Ақын опат болғаннан кейін, тоталитарлық кеңес өкіметі ұзақ жылдар бойында буржуазиялық ұлтшыл "Алаш" партиясының қызметінде болды, коллективтендіру науқанында бай кулактармен ниеттес болып, кеңес құрылысына қастандық жасады деп заңсыз, дәлелсіз қаралап келді, тек 1988 жылы ақталып Шәкәрім Құдайбердіұлы халқымен қайта табысты. Сонымен, қорыта келе, айтпағым – тарихи шындық дәстүрі Шәкәрім шығармашылығына тән құбылыс. Шәкәрім ақынның шеберлікпенен қолдана білген нәзира дәстүрі – түркілік әдебиеттің үлгі-өнегесі. Сан ғасырлар сабақтастығымен жеткен бұл өнегеден Шәкәрім үйреніп қана қоймай, оны дамыта түсуге, жаңа мазмұнмен байытуға да өз үлесін қосты. Нәтижесінде қазақ әдебиеті мен тарихына өлшеусіз бағаға ие тың туындылар пайда болды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
-
Мағауин М. Ғаділетті жүрегі бір қозғалған (Ш Құдайбердиевтің туғанына 130 жыл) // Білім мен еңбек. – 1988. №7.
-
Сыдықов Е. Б. Шәкәрім және Алашорда.- Новосибирск, 2008.
-
Қайта оралған қаламгерлер: Библиографиялық көрсеткiш.- Алматы, 1994.
-
Елеукенов Ш. Қайтып оралған қазына. Шәкәрім ақынның өмірі мен творчествосы жайында» // Социалистік Қазақстан. – 1988. 14 сәуір.
-
Мырзахметұлы М. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі туралы // Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. – Алматы: Сана, 1991.
-
Бердібай Р. Елеулі рухани олжа. // Шәкәрімтану мәселелері. Сериялық ғылыми жинақ. (Құрастырған Т.Шаңбай) – Семей-Новосибирск: «Талер-Пресс», 2006.
-
Әбдiғазиев Б. Асыл арна: (Абай дәстүрi және Шәкәрiм).- Алматы: Қазақ университетi, 1992.
әкәрім бағындырған руханият шыңы
м дырған руханият шыңы –
Шәкәрім бағындырған руханият шыңы
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмір сүрген XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезеңі қазақ халқы үшін аса бір күрделі кезең еді. Бірнеше реформалар арқылы қазақ даласында Ресейдің отарлық үстемдігін орнатқаннан кейін, мындаған орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандырып, ел тұрмысында жаңа экономикалық қатынастар орныға бастады. Ол қазақ қоғамның рухани болмысына, мәдени өміріне де ықпалын тигізбей қалған жоқ. Шәкәрім шығармаларында шытырман қайшылықтарға толы қоғам өмірінің барлық қатпарларын, халқымыз бойындағы жағымсыз қылықтардың табиғатын ашып, талдау жасайды.
XIX ғасырдың соңы – XX ғасыр басында Ресейде либералдық қозғалыс кең тарай бастады және ол неғұрлым радикалданды. Оған себеп дүниежүзілік техникалық және демократикалық прогресс нәтижесінде революциялық қозғалыстың дамуы, жасырын саяси партиялардың құрылыуы мен оның халық арасында жүргізген белсенді қызмет еді. Осыған байланысты мемлекеттік қатаң тәртіп те жұмсара әлсірей бастады[1].
XX – ғасыр басында жаңа ғана ірге көтеріп, бірақ көп ұзамай – ақ ұлы державалық иделолгияның қанды шееліне іліккен ұлттық тарихи ойдың кем – кетігі туралы айту сол кезеңдегі қазақ қоғамындағы саяси әлеуметтік жағдайына байланысты бір жақты баға беруге болмайтыны белгілі. Қазақ ұлт – азаттық қозғалысы мемлекеттік құрылыстың сол заманға лайық жаңа түрі өзіне мақсат етіп, тек 1917 жылы ақпан төнкерісінен кейін қойды. Ұлттық интелегенция бастаған қазақ азаттық қозғалысының басты мақсаты, отарлық тәуелділіктегі қазақ қоғамының мемлекеттік саяси дербестігін қалпына келтіру арқылы ұлттық өркениетке, елдің өркендеуіне жол ашу еді. Ал 1905 – 1907 жылдары революциялық толқулардан кейін берілген аздаған демократиялық бостандықтар мен бірінші дүниежүз ілік соғыс кезінде қалыптасқан дағдарыстар, қазақ зиялы қауымын Ресей үкметіне деген «басыбайлық – ләпбайлық» көзқарасын өзгертіп, өз халқын тәуелсіздікке жеткізудің жаңа жолын іздеуге әкелді[2]. Олар жалпыұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. Алаштық ұлттық идеяның қалыптасуына түрткі болған Ресей патшалығының орталық жер саясаты, яғни,қазақты өз жерінде басқынға ұшыратқан жаппай қоныстандыру шаралары мен «бұрытаналардың» рухани дүниесін орыстандыруға тырысқан «қамқорлықтары» арқылы қысым жасай бастауы деуге негіз бар.
Алаштық ұлттық идея халықты мәдени, экономикалық және саяси азаттыққа үндеді. Алаш қозғалысы саяси өмірді жаңа заманға лайықты денгейде жанғыртты, халықты дербестікке жету жолында бекіндірді, күреске дайындады. Зорлық – зомбылық етек алған кезіндегі ел жайын сүреттеу, жақсылыққа, әділеттікке үндеу, білім – ғылым арқылы адамдардың намысына – сеніміне , іс - әрекетіне әсер ету, сөйтіп, қазақ ортасын жақсартуды да мақсұт еткен Шәкәрім, ақыл – ой гуманистік рухпен болысқан, тарих ағымының шексіз екндігіне қаныққан туған халқын сол тарихи көштен лайықты орын алуға шақырған[3; 105].
Бір мың тоғыз жүз бес – бір мің тоғыз жүз алтыншы жылдары білімін молайту мақсатында Меккеге барып қайтты . Бұл сапары діни мақсатпен немесе қажы атану үшін емес, өзінің білімін толықтыру діни ұғымдар төркіндерін зерделеу ниетінен шыққан еді. Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиевтің естелігінде «.... Стамбулда он үш күн болып, бері келе жатқанда қанша тарихты ақтарып, керек кітаптарды почтамен үйге жіберіп отырдым....Шығыс, Батыс ғылымдарымен сөйлесіп, олардың ой пікірінен Шығыс пен Батыстың ертедегі ғылымдарының шығармаларыммен танысып, оларды жаздырып алдым...»,- дейді[4]. Тарих - өмір танудың, қоғам танудың және адам танудың ұлы мектебі дейтұғын болсақ, ақынның тарих төріне орын алатын шежіре намасы «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» тарихымызды танытатыни тарихи мұра, құнды еңбек.
Шежіренің басылып шығуы, құндылығы туралы әйгілі мемлекет қайраткері, ғалым Әлихан Бокейханов былай дейді: «Мүнан бұрын қазақ шежіресі қазақ тілінде кітап болып басылған жоқ . Шаһкәрімнің бұл кітабы – қазақ шежіресінің тұңғышы. Қазақ шежіресін білмек болған аға – іні, іздегенінді осы кітаптан табасын. Енді мұнан былай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі, Шаһкәрім кітабын әбден білмей қадам баспа. Кітап жиған жері жоқ, көшпелі далада жүріп Шаһкәрім шежіресіндей кітап жазбақ оңай емес» Бұл Шәкәрім еңбегіне берілген әділ баға, толымды тұжырым, құнды пікір. Шежірені оқи отырып, Шәкәрімнің қажырлы ізденісін ,көп оқығаның аңғарасыз.
Шәкәрім шежіресінде қамтылған мәселелер аумағы, мазмұндылығы өте кең және бай деп көрсетуге әбден тұрарлық. Оған кітап тараулары куә - Қазақтың қайдан шыққаны, қазақтың үш жүзге бөлінгендігі, Үлы жүз жайы туралы, Кіші жүз, Орта жүз, Арғын, Әмір-Темір ұрпақтары, Шыңғыс хан т.б.
Еңбекті ғылыми монографияға жатқызудың еш қисынсыздығы жоқ. Автордың өзіндік сұрыптаулары, пікірлері кітаптың қай жерінде болмасын, индивидуалдық сипатын дәлелдеп береді, өзінше қызық.
Кейбір деректердің мазмұнын келтіре отырып, Шәкәрім «ертегі сықылды қисынсыз сөз» деп келіспей немесе «өз ойынша төменгі сөзге қисындырамын» деп ой-пікір жарыстырады. Айтқаны дәлелді болу үшін оқыған кітаптарына сілтемелер жасайды. Сөйтіп, ол қазақ тарих ғылымында осы күнге дейін дұрыс, терең, ғылыми шешім таппай келе жатқан қазақтың қайдан шыққаны, үш жүзге бөліну себептері, олардың атақты адамадары, таңбалары, т.б. ерекшеліктері сияқты мәселелерді зерттеу, шешу қажеттілігіне көңіл бөледі, ой тастайды[5; 105].
Шәкәрім «Қазақтың қалмақтан жеңіліп, Ақтабан шұбырынды көргені», «Әбілмансұр Абылай ханның келгені» сияқты тарауларда да нақтылы дерекетр, аңыздар, өлеңдер келтіріледі. Сол сияқты қалмақпен соғысқан кезде қазақ елі 1723 жылы үлкен сәтсіздікке ұшырап, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама атаулыны көргені, оның мазмұны мен жайы, сыры туралы сөз қозғайды. Бұдан бұрын кем де кем тарихшы осы мәселеге назарын аударғанын, оған сол кездегі геополитиканың шиеленіскенін ескере отырсақ, жазушының бұл әрекетінің ерекше екеніне, тіпті ерлікпен тең екеніне көңіл бөлуіміз қажет.
Ақтабан шұбырынды жайын әңгімелеген кезде автор халық өлеңінің мәтінін келтіреді, яғни дәлелеге ұстайды. Бұл неліктен? Бұл жерде біз Шәкәрімнің халық аузынан шыққан деректерді анағұрлым тарихи бағаға санағанын көз жеткізіп отырмыз. Шәкәрімнің пайымдауынша, аталмыш оқиғалар дәл осы сипатта өткен сыңайлы, яғни, реалистік көріністі оқиға дәл осы өлеңдерден тауып жатыр дегені.
«Шежіреде» қазақтардың қалмақпен қақтығыстары және Абылай ханның өз қарсыласы қалмақ қолбасшысы Ғалдан Серенмен соғысы туралы тарихи деректер жиналып берілген, аңыздар да едәуір орын алып отырған. Осы жазу мәнерімен Шәкәрім Құдайбердіұлы деркетікке бой ұрғанын көреміз.
Еңбектегі енді бір құнды жазбалар Тобықты руына, Ырғызбай ұрпақтарына қатысты. Шәкәрімнің «Ұлық атамыз Құнанбай қажы марқұмының жайынан аз сөз жазамын» - деп бірсыпыра дерекетер мен бағалар келтіруінің үлкен тарихи маңыздылығы бар.
«Шежіре» кіріспесінде Шәкәрім былай деп жазады: «Қазақтың түпкі атасының жайын білмек болып, көп уақыттан бері сол туралы есіткен-білгенімді жазып алып және әр түрлі жұрттың шежіресі кітаптарын оқыдым. Оқыған кітаптарымның мұсылманшысы «Табри-тарих ғұмуми», «Тарих ғұсмани», «Тарих антшар аласлам», Нежип Ғасырбектің түркі тарихы, Әбу Алғазы Баһадүр ханның язған шежіресі, түрік және һәм түрлі кітаптардан алынған сөздер. орысша кітаптардан оқығаным: Радловтың ұйғыр туралы, Аристовтың түркі нәсілі туралы, дүниедегі һәм түрлі жұрттың шежірелерінен орысшаға көшіріліген сөздері. Оның ішіндегі түріктің ең ескі заманындағы шежірелері – «Құтадғу білік», «Кошу чидам» деген кітаптардың сөзі және қытайдың «Иуан-Шауу-ми-ши» деген жазушының сөзі және араб-парсы, рум, еуропа жазушыларының сөзі» [8].
Яғни осы келтірілген мағлұматтан біз Шәкәрімнің ғылыми еңбектермен жұмыс жазғанын, оларды мұқият зерттегенін аңғарамыз. Өз еңбегін жазбас бұрын осынша зерттеу жасағанын жөн санағын көреміз. Бұдан шығатын тұжырым, жазылған фактілерде шындық мазмұнының молдығы.
Шәкәрім белгілі тарихшы Әбілғазының (1603-1663) «Шежіре и түрік» атты еңбегін мұқият оқыған. Бұл еңбек 1725 жылы француз тіліне, 1770 жылы орыс тіліне және басқа тілдерге аударылған екен. 1826 жылы қазанда басылып шаққан түрік тіліндегі нұсқасын Шәкәрім пайдаланған[6].
Аталған еңбегін В. Радлов орыс тілінде оқып шығып, «Шәкәрім Орта Азия мен Сібірдегі түріктілдес халықтарының тарихи шежіресін сұрыптауға кіріскен. Ондағы көптеген деректерге қанық болған» - деген екен.
Шежіреде - Шыңғыс ханға дейінгі және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Таяу Шығыс елдерінде болған ірілі-уақты оқиғаларды, мемлекет басқарушы хан-сұлтандар, олардың жүргізген саясаттары туралы баяндайтын тарихи-әдеби жазба ескерткіші.
Шәкәрім шежіресінің идеялық-композициялық желісіндегі «Қазақтың түп атасы» — тарихи дастан түрінде жазылған шығарма. Тарихи дастанның құрылысын іштей мынандай тақырыпшалар бойынша саралауға болады: біріншісі — түркі, оғыз тайпалары бірлестігі кезеңі; екіншісі — түркі-моңғол тайпалары бірлестігі кезеңі; үшіншісі — Алтын Орда — Кыпшақ дәуіріндегі тарих; төртіншісі — Сақа, Осман түріктерінің тарихы; бесіншісі — Қазақ хандығы кезеңінің окиғалары; алтыншысы — XVIII ғ. Абылай хан басқарған кезең, қазақ-қалмақ соғыстары[7].
Шәкәрімнің бұл тарихи дастан-шежіресінен халық тарихындағы көрнекті тұлғалар (ақын-жыраулар, батырлар, хандар) деректілік сипатпен дараланады.
Сонымен, Шәкәрім Құдайбердіұлы бір ғана еңбекті жазу барысында терең ізденістер жасап, өзінің ғылыми көзқарастарын тәжірибелік жолмен қазлыптастырған тарихшы десек артық болмас.
Шәкәрім еңбектері ғылыми талаптарға сай, ғылыми негізде жүйеленумен ерекшеленеді. Бұған қарап, Шәкәрім өмір сүрген кезеңдегі ұлы адамдардан оқ бойы алда екендігін аңғарамыз. Шәкәрім еңбектерінің тағы бір ерекшелігі – Абай шығармаларымен үндестігінде.Қазақ әдебиетінде ең алғаш қазақ жұртының өміріне арнап жазған дастанның басы осы Шәкәрімнен басталады. Шәкәрім дастандары тарихылығымен де екрекшелінеді. Алайда, бұған қарсы пікір бар. «Жалпы, Абай шәкірттерінің ескі қазақ тұрмысынан жазылға поэмаларының ешқайсысда тарихи шығарма емес. Жанрлық тұрғыдан алғанда,бірі – лиро- эпикалық жырға бейім,енді бірі - әлеуметтік дастан , ал кейбірі - махаббат драмасы болып табылады» [9; 198].
Шындығында, Шәкәрім дастандарының лиро - эпикалық табиғаты сүретті де әсерлі, бірақ туындыға тақырып болған ел өмірі мен салт- дәстүрі екендігін шығармасақ керек. Абай мектебінің шәкірті Шәкәрім тек ел тарихын шертер шығарма, халыққа үлгі шашар өнегені ғана жазса керек . «Мен жазбаймын өленді ермек үшін, жоқты- барды ертекті термек үшін»-деп Абайдың өзі үлгі етпейме?! «Абайдың ақындық күшінің зорлығы : өз заманында жұртты өзіне қаратып алып,кейінгілерді де сол ізбен әкеле жатыр.Жанрлық жағына еңбек берсек, « Қалқамын-Мамыр» әлеумет тұрмыс –тынысын қамтыған лиро-эпикалық туынды. Шығарма лейтмотивіне 1723 жылғы «ақтабан шұбырынды-алқа көл сұлама» алдындағы қос ғашық трагедиясы алынған.
Өткен іс-ойға күңгірт,көзге танық,
Көрмесе де білгенге бәрі қанық.
Мың жеті жүз жиырма екінші жыл,
Қазақтың Сыр бойында жүргені анық
Осылай бастаған дастан әрі қарай кульминациямен өрбіп кейіпкерлер тұлғасы сомдалып, оқиға шындығы басталады.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың алғашқы ширегінде қазақтың қоғамдық, әлеуметтік,рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік,демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздаған Абайдың реалист дәстүрін жалғастырып, артына мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев ақын, жазушы, аудармашы, филослоф, шежіреші.
Өз бетімен ғылыми – білім биігіне жоғары көтерілген әмбебап ғұлама еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамудың ішкі заңдылықтарына қарай әлеуметтік, экономикалық қайшылық, қақтығыстар, күрес тартыстар шиелінесте, қазақ даласында қалыптасқан қоғамдық ой-сана тынымсыз ізденіске түскен, Шоқан, Абай, Ыбырай салған ағартушылық арна –дәстүрін әрімен қарай жалғастырды.Ұзақ жылды үзілістен кейін 1959 жылы «Қазақ әдебиетінде» және 1978 жылы Ленинградта орыс тілінде шыққан «Қазақ ақындары» атты жинақта Шәкәрімнің бір топ өлеңдері жарық көрді[10].
Шәкәрімнің рухани ізденістерінде ежелгі сақ – түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алды. Тәңірі Күн, Нұр, Табиғат – ол үшін қасиетті, киеллі ұғымдар. Басты мәселе - өр ілімі, мораль. Осы категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: «Әрине, жаның өлген соң тазартып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып бір жола жоғалады – ау деп өлсе керек. Және ұждан, совесть жаның тілегі екеніне нанаған кісі қиянат қылғанына қатты киіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса нанбай, ұждан, құр ғана көрініс үшін адамды лайық деген кісіге жақсылық қиянат пен айырмасы жоқ болса керек. Ізін бідлірмеудің ойласын болса болғаны, себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай ұждан, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жаның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанаса, оның жүрегін еш нәрсе қайрата алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірде де азығы – ұждан деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жардамы үш анық дегенім осы»Ел тағдыры қатты толғандырып Шәкәрім тарих тағылымына, әлеуметтік қақтығыстарына, әділеттік пен әділетсіздік, озбырлық пен адамгершілікке үңіледі де, одан өз заманының адамдарына қызмет етер, қажетіне жарар қасиеттер табады. Шәкәрім көлемді жырларында өзі жырлап отырған кезеңінің шынайы шындығын көрсетуге тырысады.
Ол өзінің идеясын ақындық нысанасын алып шығу барысында тарихи дәлдікті, нақты деректерді көркемдіғк деталь ретінде пайдаланып, шынай оқиғалар жүйесінен ауытқымай оны тарихи жыр дәрежесіне жеткізген. Сол кездегі қоғамдық – саяси жағдай, заманың шындығын шерте отырып, тарихи тақырыптың бүгінгілік мәнің, актуальдық маңызын басты назарға ұқсатқан.
Патша өкметі құлаған тұста « Бостаңдық туы жарқырап», «Бостаңдық таңы артты» сынды өлендері бұған дәлел бола алады. Шәкәрім қаламының туындысы «Қалқаман – Мамыр» поэмасының заңды жалғасы – «Еңлік – Кебек» дастаны. Қазақ даласындағы қақтығыстардың қоғамға , әсіресе, жастарға зияны туралы Шәкәрім баяндай отырып, сол қоғамдық кеселді болдырмау жылын іздеген, тарих тағылымы арқылы озбырлықтың қайталоамауын, ел есіне салуды ойлады. Бұл, дастанды « Қалқаман – Мамырмен» салыстыра салмақтайтын болсақ, екуінде де ғашықтық -махаббат, ерлік баста орын алған. Ал, «Еңлік – Кебек» поэмасының өзіңдік ерекшелігі – Нысан абыз образы. Бақсыға жүгінуді – болашақты көздеген ел орманың әр наным – сенімде, тағдырға иланудың бір көрінісі деп бағалауымыз керек[9].
Сондай – ақ поэмада:
Келгені Тобықтының осы маңға,
Мың жеті жүз сексенге тақалғанда,
Елді бастап әкелен Мамай батыр
Орда, Көкен, Ащысу, Доғалаңға,- деп уақыт шамасының дәл көрсетілуіне қарағанда, Шәкәрімнің тарихты, шежірені жетік білді деген тұжырымдамасының бұрмалауына еш күбә келтірмейді.
Бінеше реформалар арқылы қазақ даласында Ресейдің отарлық үстемдігін орнатқаннан кейін мындаған орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстаңдырып, ел тұрмысында жаңа экономикалық қатынастар орныға бастауы қазақ қоғамвнвң рухани болшмысына мәдени өміріне де ықпалын тигізбей қойған жоқ. Шәкәрім шығармаларында шытырман қайшылықтарға толы қоғам өмірінің барлық қатпарларын, халқымыздың бойындағы жағымсыз қылықтардың табиғатын ашуға ұмтылып талдау жасайды, тұжырымдайды. Шәкәрімнің бай әдеби мұрасында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамд ық көріністері ақыл - ой ізденістері, талғамды тырымдары із қалдырды. Шәкәрім Құдайберді ұлы өз заманындағы, тіптіүкіл Түркістан өлкесіндегі білімдар, ойшыл азаматтардың бірі. Абай ағасының тікелей қамқорлығында болып, тағылымды тәрбиесін алу оның талантты ақын, парасатты ой иесі ретінде қалыптасуына игі әсер етті[9].
Араб, парсы, түрік тілдерін жақсы білді, орыс тіліне жетік болды. Ақын шығармаларындағы мейір мен золық, әділет пен зұлымдық, ғылым мен мораль, адам мен заман туралы толғаныстары екі ғасыр шегіндегі қазақ қоғамдық ойының марқайған қалпын, бүкіл Түркістан өңіріндегі алдыңғы қатарлы, биік өресен айғақтаса керек. Бұл кезде қазақ әдебиеті дін шырмауы, ескілік көлеңкесі, ел ішіндегі кертартпа құбылыстар сияқты аса мәңді, бірақ кезеңдіктақырыптарды игеруін игеріп, бүкіл адамзаттық мәселелерге, әлемдік тақырыптарға біржола ден қойған еді. Сондықтан да Шәкәрімнің адамзаттық лирикасы тек қазақ қана емес, қазіргі шығыс халықтарының поэзиясындағы, туыстас, тағдырлас жұрттардың барлығының рухани дамуы тарихындағы өзгеше құбылыс деп бағалануы ләзім.
Шәкәрім ревалюциядан бұрын сыншыл реалист ақын ретінде қалыптасты, ой өрісі идеялық мақсат - мұраттары жағынан демократтық – халықтық, гуманнистік - ағартушылық бағыты өмірінің соңына дейін ұстанды. Шәкәрім творчестволық қызметтің бірнеше саласында - поэзияда, прозада, аудармада, трактат жазуда, журналистикада үлкен мұра қалдырды[13; 63].
Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірбаянындағы ұтымды ерекшіліктердің бірі – ол ұлы Абай Құнанбаевтің ең жақын адамдарының қатарыда екендігі, тікелей тәрбие, әсер, ықпал алуы. Революциядан бұрын Шәкәрім Құдайбердиев қазақ зиялыларымен, орыс интеллигенциясымен жақын таныс, пікірлес болған, олармен бірге қоғамық маңызы бар істерге араласқан.
XX ғасырдың он жылдығында ағартушылық – демократтық ізденістер нәтижелерінің бірі – қазақ журнал, газеттері шыға бастауын қуана қарсы алғандардың бірі – Шәкәрім. Абай мұрасының қадір – қасиетін терең түсіне бастаған халық Шәкәрімге үлкен үмітпен қарағаның сол кездегі зиялыларының бірі, кейін Семейде және Жетісуда Совет өкметін орнатуға белсене қатысқан журналист, тарихшы Сабыржан Ғаббасов « Тарих қазақ жайынан» деп аталған еңбегінде басқа мәселлермен қатар Абай мен Шәкәрім туралы жылы пікір айтты. Шәкәрім Құдайбердиев мұрасын жинауға, баспаға дайындауға, ғылыми зертеуге белгілі ғылым Ы. Дүйсенбаев едәуір үлес қосты[11; 29]. Шәкәрім Құдайбердиев туралы ол әдеби энциклопедияға мақала жазды. Шәкәрімнің қол жазбаларының, бұрын жария етілмеген бірсапыра өлеңдері мен прозалық шығармаларының табылуына оның баласы, мұғалім Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиев көп еңбек етті. Оның әкесі туралы жазған естелегін тауып, жариялау керек.
Көптеген кедергілерге қарамастан Шәкәрім Құдайбердиев өлеңдерінің топтамасын орыс тілінде жариялап, өмірбаянын жазып,белгілі жазушы, ғалым Мұхтар Мағуин үлкен адамгершілік, батылдық жасады.Ақын мұрасын халық қазынасына айналдырудың қажеттігі туралы белгілі жазушылар Нұрғалиев Р «арайда» жариялаған мақаларында жазды[12].
Сонымен, Абайдың ізін басушы, ұлы ,ғұламалардың бірі, Абай мектебінен сусындаған, ақыл - ойы гуманистік рухпен толысқан, өмір, тарих ағымының шексіз екеніне қаныққан, Шәкәрімді көрдік.Бір ғасырды Абаймен бірге аяқтап , екінші ғасырда кеңестік ғалымдар мен, ақындармен бірге бастаған Шәкәрімнің өмірі халқымыздың тарихымен біте қайнасып жатыр. Барлық өткен жолын, көрген қызығы мен бейнетін авторбиографиялық жырға айналдырған Шәкәрім ақынның ерекше жазылған өлеңдері – поэзиямыздағы жаңа бір жанр болып табылады.Шәкәрім Құдайбердіұлы көлемді шығармалар арқылы қазақтың өткен тарихына қалам тербейді. Есімдері тек қана құрметпен аталуға тиіс қазақтың ерлерін жырға қосады.Ал, қисса – дастандарында қызықты оқиғалар арқылы оқырмандарын ертегі әлемге жетелеп, оқиға ішіне еңгізе отырып, адамгершілік имандықты құлақтарына құяды. Өткен тарихты жырға қосып, ұлтын сүюге шақырып, дін мен білім жолдарын, сондай – ақ, адамгершілік қасиеттерді уағыздау – ақынның басты мақсаты.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
-
Базарбаев М. Новая встреча с поэтом // Казахстанская правда. – 1988 27 июля.
-
Елеукенов Ш. Қайтып оралған қазына. Шәкәрім ақынның өмірі мен творчествосы жайында» // Социалистік Қазақстан. – 1988. 14 сәуір.
-
Жолдасбекұлы М. ж.б. Елтұтқа: Ел тарихының әйгiлi тұлғалары. Астана, 2001.
-
Ізтілеуова С. Д. Рухани өрлеу жолында // Шәкәрім әлемі. – 2006, №1.
-
Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1973
-
Әбдiғазиев Б. Асыл арна: (Абай дәстүрi және Шәкәрiм).- Алматы: Қазақ университетi, 1992.
-
Әбдіғазиев Б. Шәкәрім ақын // Түркі дүниесі. – 1995, №106
-
Артықбаев Ж. Шәкәрімнің шежіресіне қайта оралсақ. // Қазақ тарихы. 2003. №2.
-
Дербісәлин Ә. Шәкәрімнің поэмалары. // Шәкәрімтану мәселелері. Сериялық ғылыми жинақ. (Құрастырған Т.Шаңбай), 2006.
-
Келімбетов Н. Шәкәрім және қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрі. // Абай. 2005. №4.
-
Ізтілеуова С. Д. Шәкәрімтану. Арнаулы курс. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік унивситеті. – Семей, 2007.
-
Нұрғалиев Р. Шәкәрім Құдайбердиев Ақын, тарихшы, философ, композитор // Арай. – 1989. №6.
-
Қайта оралған қаламгерлер: Библиографиялық көрсеткiш.- Алматы, 1994.
ХХғасырдың І-жартысындағы қазақ жеріндегі қоғамдық-саяси жағдай
ХХ ғасыр басындағы ұлт–азаттық қозғалыстың басты ерекшеліктерінің бірі — оның жетекші күші ретінде алға жаңа саяси элитаның, яғни зиялыларының шығуы еді. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ең өзекті ұлт өміріне қатысты мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ облыстарында асқынған жер мәселесін шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты казак әскері, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығының өрши түсуі соның айғағы болатын. Жаңа өмірге келген Алашорда өкіметінің ең алғашқы жасаған әрекеттері де қайткен күнде ұлттық бірлікке жетуге бағытталды. Съез өз жұмысын аяқтаған бетте Алашорда өкіметі Сырдария қазақтарының съезін шақыру туралы тиісті адрестерге жеделхаттар жолдады. Қазан революциясы мен патшалы Ресей империясы аумағында басталған ішкі қантөгісті қырғын, Азамат соғысы, Қазақ даласына орасан зор ауыртпалықтар ала келді. 1916—1921 жылдар арасында аштықтан қырылған және оққа ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал атамекенінен біржола көшіп кеткендердің саны 200 мың адамға жетті. Бұл сол кезеңдегі қазақ халқының шамамен бестен бірі еді. Ал 1921—1922 жылдардағы ашаршылық қазақ қоғамын біржолата тұралатып кетті[1; 102]. Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздардың санын күрт өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы үлес салмағын көбейтіп жіберді. Кеңес үкіметі орыстық өктемдіктің жаңа, қазақ халқы үшін бұрынғыдан да қатыгез сипат алған жүйесі ретінде қалыптасты. Бұл жағдайларды көзімен көріп, басынан кешірген озық ойлы қазақ зиялылары жаппай экономикалық және рухани тоқырау жағдайында, болып жатқан өзгерістерді талдап түсінуге, өз мүмкіндіктерінше халқы үшін тиімді бағытқа бұруға тырысты. Олар орталықтан ерекше құзырмен келіп, өктем сөйлейтін көптеген партия мен үкімет өкілдерінің жергілікті жағдайды түсінбейтінін, тіпті түсінгісі келмейтінін көрді. Бұл жағдай, әсіресе, Қазақстанда жаңа қоғам құрудың әдістері арнайы және принципті түрде сөз болған Қазақ партия ұйымының ІІІ конференциясында айқын байқалды. Ол 1923 ж. 17—22 наурыз аралығында Орынбор қаласында өтті. РК(б)П ОК-нің өкілі Е. Ярославский мен РК(б)П Қазақ бюросының мүшесі А.Вайнштейн өздерінің баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде ұлттық мүддеден бас тартуды, кедейлердің таптық санасын көтеруді негізгі мәселе етіп қойды[2; 103]. Негізгі мақсат “кедейдің әлі оянбаған таптық инстинктін шайқау, көтеру”, тіптен “…ең дұрысы кедейді байға тік қарсы қою, сол арқылы кедейлерге кіріптарлықтан құтылу дегеніміз осы екенін сездіру” деп баса көрсетті. Біз осы мәселеге байланысты коммунистердің марксизм-ленинизмнің таптық күрес туралы теориясын бетке ұстай отырып, қазақтарды бір-біріне қарсы қоюға, жауластыру, жаңа қырғынға ұшыратуға ұмтылысын байқаймыз. Бұл әрекет сондай-ақ “таптық күрес” теориясының зиянды жағының айқын дәлелдерінің бірі. Не тәуелсіз ел болмай, не сенген Кеңес үкіметі мен оның өкілдері жақсылық жасаудың орнына жағдайын қиындатқан қазақ халқы терең экономикалық әрі рухани күйзеліске бет бұрған еді. Оны көріп, біліп отырған С.Сәдуақасов, Ы.Мұстанбаев, Темірәлиев, Х.Нұрмұхамедов сияқты жергілікті кеңес және партия қайраткерлері елді тағы да байлар мен кедейлерге бөле отырып, қырғынға ұшыратуға үзілді-кесілді қарсы шықты[3; 19]. Олар елдегі жағдайды қантөгісті күрес тәсілімен емес, бейбіт экономикалық және саяси әдістермен реттеуді ұсынды. Дәлірек айтатын болсақ, С.Сәдуақасов: “Қазіргі уақытта қырғыз (қазақ — авт.) кедейлері біреудің қанауынан емес, жұмыссыздықтан азап шегуде. …Қазіргі кезеңде ел сілкіністерге емес, бейбіт еңбекке мұқтаж. Елді жаңа экспроприациялар емес, еңбек пен ғылым құтқармақ. Экспроприация идеясы билікке қарсы көтеріліс немесе соған жақын нәрсе. Бізге патша үкіметі тұсында мұндай қоздыру туғызу қызық болғанымен, біздің жағдайымызда қазақ даласында ондай жасанды қоздырулар туғызудың қызығы шамалы. Мемлекеттік адамдар мемлекет мүддесі тұрғысынан ойлауы керек” деді. Бұл кезеңде байлармен күресті революциялық төтенше шаралар арқылы емес, бейбіт жолдар арқылы жүргізуге толық жағдай бар еді. Өйткені, біріншіден, билік Кеңес үкіметінің қолында тұрды. Екіншіден, қазақ ауылында кедей және орта шаруалар басым көпшілік болатын. Бірақ жергілікті жағдайды терең түсінбеген Ярославский мен Вайнштейн С.Смағұловтың дұрыс дәлелдемелеріне қазақ қоғамын социалистік негізде қайта құруға көрсетілген қарсылық, байларды жақтаушылық ретінде баға беруге тырысты. Ал аймақтық ерекшеліктерді ескеруді талап еткен ұлттық қайраткерлерге революциялық өзгерістерге даяр емес, білімсіз, тар өрісті “ұлтшылдар” есебінде қарады. Соны жақсы түсінген С.Меңдешев, Ә.Асылбеков, С.Сейфуллин, С.Сәдуақасов, Ы.Мұстанбаев, Н.Нұрмақов сияқты бір топ қайраткерлер, барлығы 14 адам Е.Ярославскийдің атына наразылық білдірген хат жолдады[3; 87]. Онда біріншіден, байларға қарсы, екіншіден, орыстық шовинизм мен жергілікті ұлтшылдыққа қарсы күрес жүргізу, үшіншіден, қазақ ауылында таптық күресті күшейту қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, орыс басшылардың қазақ коммунистеріне сенімсіздікпен қарайтыны көрсетілді. Бірақ бұл қайраткерлердің қазақтарды тапқа бөлу арқылы қырқыстыру, ұлт ретінде төменшіктету бағытына қарсы күресі кеңестік орталық үкіметтің саясатына қайшы еді. Кеңестік отаршылдық саясаттың бұл бағытын шағын топ болып жеңу іс жүзінде мүмкін емес болатын. Сондықтан да осы кезден бастап ұлттық интеллигенция мен кейбір партия қайраткерлері өздерінің ұлтшыл емес, интернационалист екенін дәлелдеп отыруға мәжбүр болды. Бұл іс жүзінде орталық пен ол жіберген өкілдер алдында қазақ басшылары мен интеллигенттерінің сағының сынып, төменшіктеп отыруына әкелді. Осылайша тоталитарлық жүйенің қазақ жеріндегі саяси өктемдігі мен озбырлығы қалыптаса бастады. “Кіші Қазан” науқаны. “Кіші Қазан” ұғымын ойдан шығара отырып, іске асырған Голощекин. Ол — саяси-теориялық білімі аса төмен, ең бастысы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерінен хабары жоқ адам-тын. 1925 жылы басшы болып келгеннен бастап, оның тар өрісті солақай саясатының арқасында Қазақстан халықтары бұрын-соңды болмаған көптеген ауыртпалықтарды бастан кешірді. Соның алғашқыларының бірі — “Кіші Қазан” науқаны болды[2; 188]. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп байбалам салды. Голощекин мен оның төңірегіндегілер жергілікті әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшелігін түсінбегендіктен, қазақтарда әлі де рулық құрылыс өктемдік етуде, байлар жойылмаған, тіпті капиталистік қатынастар өмір сүруде деп көрсете отырып, оларды жою қажет деп жариялады. Голощекин түсінбеген, немесе түсінгісі келмеген мәселесі мынау еді. Қазақтардың негізгі байлығы мал болып есептелетін. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі талабы жайылымдықтарға ие болу еді. Малы жоқтарға жайылым да қажет емес, керісінше, малы барларға ғана жайылым керек болды. Сондықтан да байлар рулық меншік деп есептелетін жайылымдар мен шабындықтардың иесі болатын. Малдан айырылса оларға да жер көп қажет болмай қалатын. Мұны түсінуге өресі жетпеген Голощекин мен оның жандайшаптары қазақ байларына қарсы күресті малды бөліп беруден емес, жерді қайта бөлуден бастады. Бұл қате науқан 1926 ж. 20 мамырда қабылданған “Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заңы негізінде басталды. Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылдың маусым және шілде айларында басталды. 1927 жылы өткен VІ Бүкілқазақтық партия конференциясындағы баяндамасында Голощекин бұл науқан барысында 319.516 қожалықтың 2387.384 десятина жері бөліске салынғанын айтты. Дәл осы конференцияда былай деді: “Біз маңызын әлі өзіміз де ұға қоймаған орасан зор науқанды өткердік — бұл жайылымдық және егістік жерлерді қайта бөлу. Жайылымдық жерлерді қайта бөлу дегеніміз не? Бұл дегенің Кіші Қазан болып табылады. Бұл 2-ші пленумда Сәдуақасов қарсы айқай көтерген нәрсе, бұл Кіші Қазанның дәл өзі. Біз шын мәнінде, іс жүзінде жерге мүдделілік негізінде кедейді байдың жерін тартып алуға зорлай және көмектесе келе, кедейді баймен қақтығыстырдық. Бұл ауылдағы тап күресінің нағыз өзі”. Байқап отырғанымыздай Голощекин 1926—1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын “Кіші Қазан” деп атады. Бұл тек 1926—1927 жылдарда жүргізілген, бірақ сәтсіз аяқталған, жартыкеш науқан ғана болып шықты. Ол науқан қазақ ауылына елеулі әлеуметтік өзгерістер әкелген жоқ. Голощекиннің “Кіші Қазаны” — шабындық және егістік жерлерді қайта бөлуі сәтсіз аяқталды. Оны біз мына ресми мәліметтен де айқын көреміз: “Қайта бөлуді өткізу бірқатар қиыншылықтарға кездесті: жерлерді есепке алу жүргізілмеді — олар көзбен, доңғалақтардың айналымымен, адамдардың және аттардың адымдарымен, арқанмен және т.с.с өлшенді; байлар оған қарсыласып, әр түрлі өсек-аяңдар таратты, уәкілдерді және жасырылған жайылымдарды көрсеткен кедейлерді соққыға жығып тастаудың бірқатар жағдайлары болды; Қосшы одағы жалпы алғанда қайта бөлуге қатысуда жеткілікті белсенділік көрсете қоймады, қайта бөлу төңірегіне кедейлер бұқарасын жеткілікті топтастыра алмады. Болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер қажетті белсенділік таныта алмады, қайта бөлу ауылдық кеңес аппаратында таптық бағыттың бұрмалануы орын алғанын анықтады. Кейбір ауылдық кеңестер төрағалары осыған байланысты орындарынан алынды”[2; 198].
“Кіші Қазан” науқанын дұрыс жүргізе алмаған Голощекин қолындағы билікті пайдаланып, халықты қырғынға ұшырататын жаңа, тікелей күшпен тәркілеу бағытын ұстай бастады. Бұл “Кіші Қазаннан” да қатерлі бағыт еді. Қазақ ауылына алапат аштық апаты жақындап келе жатты. БОАК-тың 1928 жылғы 29 наурыздағы қаулысында қазақтардың белгіленген мөлшерден артық жерлерін кесіп алу көрсетілді. Осылайша Кеңес үкіметінің қазақ жерін отарлауы басталды. Бұдан кейін қабылданған шешімдер мен қаулылар патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатының қайта тіріліп, кеңестік заманда жаңа бағытта жүргенін байқатады. Ол негізінен, интернационализм — барлық ұлттар мен халықтар теңдігі идеясын бетке ұстай отырып іске асырылды. Іс жүзінде ол орыстардың ғана мүддесін қорғап, қолдаған жалған интернационализм саясаты еді[4; 45]. 1927 ж. қарашада өткен VІ жалпықазақстандық партия конференциясы байлардан мал мен мүлкінің бір бөлігін алуға мүмкіндік беру қажет деп есептеді. Кешікпей, желтоқсан айында, тәркілеу туралы заң дайындау үшін арнайы комиссия құрылды. Ал келесі 1928 ж. 27 тамызда “Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы” және 13 қыркүйекте “Тәркілеуге қарсылық көрсеткені үшін қылмыстық жауапқа тарту және ірі, жартылай ірі феодалдарды көшіру туралы” деп аталған екі қаулы қабылданды. 700 ірі шаруашылықтың мал-мүлкін тәркілеу белгіленді. Малмен қоса, бау-бақша, ауылшаруашылық құралдары — соқа-сайман, арба, шана, тіптен күрке, жертөлелер де тәркілеуге жатқызылды. 145 мың мал тәркіленіп, 619 отбасы көшірілді. Байлардың мал-мүлкін тәркілеу олардың туыстарының қолымен жүргізілді. Осылайша қазақтарды бір-біріне айдап салу, өзара қырқыстыру әрекеті тереңдей түсті. Сөйтіп, дүние-мүлкін талан-таражға салу, өндіріс құралы мен негізгі тіршілік көзінен айыру қолға алынды. Дәстүрлі шаруашылық құрылымының күйреуі барысында басты күнкөріс құралы — малдан айырылған қазақтар әлеуметтік-экономикалық күйзеліске, жаппай қайыршылыққа бет бұрды[2; 49]. Голощекин жалпы Одақ көлемінде және Қазақстанда қалыптасқан өзіне қолайлы жағдайларды ұтымды пайдалана отырып, өз қарсыластарымен күрес барысында түрлі әдістерге барды. Солардың бірі ескі (салыстырмалы түрде — М.Қ.) революцияға дейінгі, анығырақ айтқанда, алаштық интеллигенцияға қоғамдық саяси күрестің түрлі құйтырқыларынан хабарсыз жас ұлттық интеллигенцияның келесі буынын қарсы қою болатын. Бұл әдісті 20-шы жылдардың басында жоғары билікке енді ғана араласа бастаған қазақ интеллигенттері өзара билік үшін күресте қолдана бастаған. Егер деректердің көрсетуіне сенсек, осы мезгілде толып жатқан түрлі топтар (меңдешевшілдер, сейфуллиншілдер, сәдуақасовшылдар т.б.) біріне-бірі алашордалықтармен байланыста болды сияқты айып таққан. Олардың арасында кезінде билікке қарсы әрекеттер жасаған алаштық интеллигенцияны ғайбаттап, жаңа өкіметтің Қазақстандағы өкілдеріне жағынып, қызмет бөлісуді көздегендер де бар еді. Басқаша айтқанда, ескі патшалық тәртіп тұсындағы болыстық үшін талас, енді жаңа жағдайда өзге сипат алды, рулық бөлудің орнын таптық бөлу басты. Тек ұлттық тұтастық негізде ғана шешілуі мүмкін жалпыұлттық міндеттер тағы да кейін шегерілді. Аға буын интеллигенцияның ескі империялық тәртіпке қарсы күресі өзіне тиесілі бағасын алу емес, тіптен оның бұл күресте жиған тәжірибесі де керексіз боп табылды. Билікте жүрген интеллигенцияның өзара бақастықта саяси күрестен аласталған алаштық интеллигенциямен байланысты көлденең тартуы, түптеп келгенде, оның өзіне бәле болып жабысқанын сезбей қалды, ал қоғамдық-саяси күресте оның тәжірибелі қарсыластары қазақ зиялыларының бұл кемшілігін үлкен шеберлікпен пайдалана білді. РКП(б) Қазақ обкомының жауапты хатшылары Коростелев пен Нанейшвили түрлі топтар арасында тепе-теңдікті сақтау саясатын ұстанды. Дегенмен әр түрлі айлақорлықпен қазақ интеллигенциясын түрлі топтарға бөліп тастап, оларды өзара қырқыстырып қоюда ерекше “табысқа жеткен”, әрине, Голощекин еді. Ол қазақ интеллигенттерін ескі, яғни алаштық және жаңа, яғни кеңестік интеллигенция деп бөліп, соңғысын оңшыл және солшыл деп тағы да жіктеді[3; 165]. Халықтың тарихи жолынан хабарсыздық түрлі надандықтарға жол ашатыны мәлім. Мұндай кемшілік мемлекеттік қызметте бірнеше есе үлкейіп, қоғамдық дамуға аса зор кеселін тигізетіндігі де белгілі. Осы ойдың шындығын Голощекин қызметінен анық байқауға болады. Қазақ халқының тарихынан, ғасыр басындағы отарлық езгідегі ауыр халінен, рухани талап-тілегінен мақұрым Голощекин, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов бастаған қазақ интеллигенциясының тарихи орнын тура, байсалды түсініп, баға беруге өресі жетпеді, тар, қарабайыр таптық, партиялық түсінік деңгейінде қалды[3; 166]. Голощекин мен оның серіктері бұл құбылыстың да түп-тамырына тереңдеп бара қойған жоқ, олай ету көп күшті, төзімділікті, уақытты қажет ететіндігі белгілі. Сондықтан да олар “ең төте және жеңіл” жолды таңдап алды, ал ұлттық еркіндік пен теңдік мәселесін тағы да қойған ұлттық интеллигенцияның келесі, жаңа буынын “Алашордашылар” деп жариялады. Голощекин мен оның еркін іске асырушылар қазақ ұлтшылдарын жазалауда орталықтағы әріптестерінен кем түскен жоқ, тіптен шет аймақтарға тән белсенділікпен асып түсіп жатты. Мәселен, құрамында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов бар 20 адам алдымен ату жазасына кесіліп, соңынан бұл үкім 10 жылдық концлагерьге ауыстырылды. М.Жұмабаев, Е.Омаров және басқа 7 адам 10 жылдық, ал қалған 15 адам 5 және 3 жылдық мерзімге концлагерьге қамалды. Кесілгендердің біразы лагерьдегі ауыр жағдайға байланысты аман-есен орала алған жоқ. Голощекин алаштық интеллигенция ғана емес, өзі сенімсіз деп тапқан аппаратта жүрген қайраткерлермен күресін Қазақстаннан біржола кеткенге дейін тоқтатқан жоқ. Мәселен, осы мезгілде қызметтен босатылып астанадан аласталғандардың арасында Н.Нұрмақов, Ж.Сұлтанбеков және басқа көптеген қайраткерлер бар еді. Бұлардың біразы өмірін қайғылы аяқтады. Бұл айтылғандар сталиндік биліктің Голощекин қолымен қазақ интеллигенциясына жасаған қиянатының үзік көрінісі ғана. Тек интеллигенция ғана емес, бүкіл ел басына түскен зұлматтың шын мәніндегі ауқымы анағұрлым кең әрі терең еді.
1930—50-жылдары кеңестік қоғамда орнаған саяси режім кезінде мемлекеттің адамға абсолюттік билігі орын алды. Қазақстанда да барлық елдегі сияқты, мемлекеттік билік бір партияның қолына жинақталды. Тоталитарлық режімнің өзіне тән сатысы — экономикаға мемлекеттік-партиялық билік белең алды. Меншіктің мемлекеттік формасы коммунистік партияға республиканың экономикалық дамуын мемлекет мүддесіне сай бұра тартуға мүмкіндік әперді. Өнеркәсіпті құру және ауыл шаруашылығындағы колхоз-совхоз жүйесі халық шаруашылығы жоспарының есебі бойынша жүргізілді. Бұл жоспардың жасалу принципі кеңестік мемлекет мүддесін ұлттық республикалар мүддесінен жоғары қоюды көздеді. Сөйтіп, Қазақстанда экономикалық таңдау еркіндігі шектелді. Ұлттық республикалардың даму жолын БК(б)П анықтап отырды[4; 156]. Тоталитарлық мемлекеттік жүйеге тән рухани сала құндылықтарын қалыптастыру үшін Кеңес өкіметі алғашқы күндерінен бастап мәдени революция міндеттерін шешумен айналысты. Тұрғындар сана-сезімін коммунистік партия белгілеген идеологиямен сәйкестендіру әрекеті үздіксіз жүргізілді. Шын мәнінде, кеңестік Қазақстандағы білім беру жүйесі, ғылыми мекемелер мен мәдениет мекемелері мемлекет пен партия тарапынан қатаң бақылауда болды. Тоталитарлық жүйе ел халқының қоғамдық, экономикалық және саяси өмірін уысында ұстады. Қазақстанда қоғамдық құрылыстың тоталитарлық моделін бекіте түсу тәсілі 1930 жылдары барлық елдегі сияқты, халыққа қарсы қуғын-сүргін жүргізу саясаты болды. ГУЛАГ (лагерьлер бас басқармасы) сол кездегі мемлекеттік жүйенің ажырағысыз бөлігі болып табылатын. Қазақстан КСРО-ның құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттік биліктің күш көрсетушілік құрылымын барлық жағынан басынан кешірді. Еңбекпен түзеу лагері жүйесі Кеңес өкіметіне қас әлеуметтік және саяси топтар қарсылығын басуға арналған. Тоталитаризмнің нығаюы жағдайында лагерьлік жүйе билік басындағылардың мүддесіне бағынып, оның саяси және экономикалық талаптарына қызмет ете бастады[3; 197]. Қазақстандағы лагерьлер жүйесі. 1930 ж. 25 сәуірде лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, бір жылдан кейін ГУЛАГ ОГПУ деп атала бастады. Қазақстанда 30-жылдардың басынан лагерьлер жүйесі құрылды.
1930 ж. мамыр айында КСРО ХКК “Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру (ҚазЕТЛАГ) туралы” қаулы қабылдады. 1931 ж. 19 желтоқсанда шешім шығарылып, “Гигант” совхозы ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылды, қысқаша “Қарлаг ОГПУ” аталған бұл мекеменің “Долинское” селосында басқармасы орналасып, ГУЛАГ-қа тікелей бағындырылды. Қарлагтың солтүстіктен оңтүстікке дейінгі аумағы — 300 км, шығыстан батысқа — 200 км[3; 159]. Қарлагқа қоныстанушылар 1930 жылдары бұрынғы партия өкілдері, кулактар мен байлар, сондай-ақ, айыпты боп табылған жұмысшылар мен шаруалар болды. Қарлаг өмір сүрген уақытта онда 1 млн. тұтқын тіркелген: тұтқындар құрамы үнемі өзгеріп отырды: жаңадан лек-легімен адамдар әкелініп, этаппен өзге лагерьлерге жөнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде мұнда 75 мыңдай адамға дейін ұсталды. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халықшаруашылық міндеттерімен — Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарының құрылысымен тығыз байланысты болды. Алайда тұтқындардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылды. Лагерь тұрғындарының ауыл шаруашылығында 98,5%-ы, ал өнеркәсіпте — 41,5%-ы істеді. Қарлаг әкімшілік жағынан 1931 ж. 14 бөлімше, 64 участокке бөлінсе, 1941 ж. — 22 бөлімше, 159 участок болды, ал 1953 ж. — 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері белгіленді. 30-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде Отанға опасыздық жасағандардың отбасы мүшелерін қоғамнан аластауға арналған лагерь (ЧСИР) құрылды. Қазақстанда Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің лагері (АЛЖИР) жұмыс істеп тұрды[3; 162].
І — 1928—1931 жж.: қуғын-сүргінге негізінен ұлттық интеллигенция өкілдері, бұрынғы “Алаш” партиясының мүшелері, зорлықпен жүргізілген ұжымдастыруға қарсы болғандар ұшырады.
ІІ — 1937—1938 жж.: “Алаш” партиясының бұрынғы мүшелері болған ұлттық интеллигенация өкілдері, БК(б)П бағытынан ауытқыған кеңестік партия қызметкерлері қамалды және атылды. ІІІ — 1948—1950 жж.: партияның идеологиялық бағытымен көзқарастары үйлеспеген ғылыми және көркемөнер интеллигенциясының өкілдері қуғындалды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
-
Шайхимова И.Б. К вопросу об истории национальной интеллигенции. В кн.: О пршлом для будущего Алматы. 1990.
-
Чиющалинова К. Пікірсайыс технологиясын мектепте қолдану. // Қазақстан тарихы (әдістемелік журнал), 2005, № 2.
-
Шажаева Ә. Танымдық ойындар арқылы дата оқыту. // Қазақстан тарихы (әдістемелік журнал), 2005, № 6.
-
История Казахстана с древнейших времен до наших дней. Т-3. Алматы, 1996-2000.
Шәкәрімнің қоғамдық саяси қызметі
Алаш көсемі Ә.Бөкейхановтың “Кәкітай” атты мақаласы бар. Онда Әлекең 1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думаға депутат етіп сайлауға Семей облысы қазақтары атынан бес адамның бірі ретінде Шәкәрімнің кандидатурасын ұсынғанын, алайда ол өз жолын Темірғалиға беріп, басқаларға үлгі болғанын айтады. (Сол жолы Сейтен өңірінің болысы, бастауыш білімі бар, діни сауатты Темірғали Нұрекенов ІІ Думаға депутат болып сайланады). Және де Ә.Бөкейханов аталмыш мақаласында: “…1908 жылы Семейде абақты борышымды күтіп жүргенде Шәкәрім, Кәкітай, Тұрағұл әдейі қалаға келіп, тағы біраз күн көңіл көтеріп, шат болған едік. Мен абақтыда жатқанымда олар тағы келіп амандасқан. Бұған өзге қазақ жарамады-ау…” – дейді. Жалпы Шәкәрім Құдайбердіұлы патшалық Ресейдегі бірінші орыс революциясынан басталатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысына білек сыбана белсене араласып кетпесе де, оның Ә.Бөкейханов қызметімен тығыз байланысты қоғамдық-саяси оқиғалардың бел ортасында жүргені байқалады[10].
Осы орайда Ә.Бөкейхановтың ІІ Мемлекеттік Думаға депутаттыққа Шәкәрім Құдайбердіұлы кандидатурасын ұсынуына байланысты мынадай екі мәселеге баса назар аудару қажет секілді. Біріншіден, зертеуші ғалымдар М.Асылбеков пен Э.Сейітов өз еңбектерінде 1906 жылы І Мемлекеттік Думаға сайлау қарсаңында Ә.Бөкейхановтың басшылығымен Семейде қазақ зиялылары арасында құрылған кадет партиясы бастауыш ұйымының жиналысы болып өткені, оған 160-тан астам адам қатысқаны, жиын барысында “Кадет” және “Халық бостандығы” партияларының алдағы сайлауға байланысты уақытша өзара біріккені, қысқасы І Мемлекеттік Думаға Ә.Бөкейхановтың өзі Семей облысынан осы қазақ кадет партиясы атынан ұсынылып, сайланғаны туралы деректерді келтіреді[9].
Ресей кадет партиясы, жалпы сол кезеңде батыстың демократиялық бағытын ұстанған прогресшіл көзқарастағы күшті саяси ұйым болғанын, ал Алаш ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Ә.Бөкейхановтың аталмыш партияға жайдан-жай мүшелікке еніп, қазақ зиялылары арасында кадет партиясы бөлімшесін құра салмағанын естен шығармауымыз керек. Мысалы, Ә.Бөкейханов “Виктор Петрович Обнинский” атты мақаласында кадет партиясының атақты шешені, білгіші В.П.Обнинскийдің жастай қайтыс болғанын айта келіп, “орыстағы барша бұратана жұрттардың саяси адамдарын біріктірген “автономист” партиясының ұйытқысы еді” деп өкініш білдіруі тегін емес. 1917 жылы Ә.Бөкейханов құрған “Алаш” партиясының саяси бағдарламасы сол кездегі Қазақстан қалаларында ресми тіркеліп, үгіт-насихат жүргізген “Кадет”, “Халық бостандығы”, “Социал-демократтар” секілді партиялардың жоспар-жосығы негізінде әзірленіп жасалғаны қазір ашық айтылуда. Мәселен, ақпан төңкерісі жылдары Семейде “Кадет” партиясының “Дело”, ал “Халық бостандығы” партиясының “Халық сөзі” газеттері шығып тұрды. Айтпақшы, “Халық сөзі” басылымның редакторы – ұлты татар, мұсылмандар училишесінің меңгерушісі, қалалық Думаның мүшесі, ең бастысы Шәкәрім қажы секілді кезінде Л.Толстоймен хат жазысып, пікір алмасушы Рахметолла Меңғалиұлы Елкебаев болды[30]. Ұлт санасы оянып, әлеуметтік-саяси белсенділігі күшейген осы тұста әрбір көзі ашық, оқыған азаматтардың қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға бейжай қарамай, белсене араласып, қатысуы заңды құбылыс еді. Демек, бұл арада 1907 жылы Ә.Бөкейхановтың “жұртқа көрсетуімен” Ш.Құдайбердіұлы ІІ Мемлекеттік Думаға депутаттыққа кандидат болып, аталмыш партияның атынан ұсынылмады емес пе екен? Олай болса, Әлекеңнің басшылығымен Семейде құрылған қазақ кадет партиясына ғұлама ақынның да бір қатысы болуы әбден мүмкін ғой...
Екіншіден, барша қазақ арасында үлкен білім мен беделге ие Ш.Құдайбердіұлының депутаттықтан бас тартып, өз жолын Темірғали Нұрекеновке бере салуының сыры неде? Ғұлама ақын “Мұтылғанның өмірі” атты ғұмырбаяндық дастанында: “Жиырма мен қырық арасы, Бос өткенін қарашы”, – деп бір кездегі билік қуып, болыс, би болған, сөйтіп білім-ғылымсыз бос өткен жастық өміріне өкініш білдіретіні белгілі.
Осы өлеңдегі: “Сыр айтайын мен сізге, Әр түрлі жай бар басымда…” – деуіне қарағанда, баяғыда-ақ “партия атаулыдан түңіліп, саясаттан бойын аулақ ұстауға тырысқан” Шәкәрімнің бірыңғай әдеби шығармашылық қызметке бет бұрған кезі осы емес пе екен? Шынында оның өзі: “Елімнен кеттім елсізге, Елуден асқан жасымда”, – деп айтатынындай, бұл кез 1906-1907 жылдарға, яғни І және ІІ Мемлекеттік Думаларға депутаттарды сайлауға тұспа-тұс келеді екен. Ал енді: “Шәкәрімнің бірыңғай әдеби шығармашылық қызметке бет бұрған кезі осы емес пе екен?” – деуімізге ақынның гуманистік, қоғамдық-ағартушылық саладағы істері, мәселен, оның Батыс пен Шығыстың білім-ғылымын іздеп қажылық сапарға баруы, атақты орыс ақын-жазушылары А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой шығармаларын аударуға ден қоюы, Семейдегі орыс географиялық қоғамының толық мүшесі атануы, “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетінің жанашыры әрі белсенді авторы ретінде қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси маңызы зор мәселелерге үнемі үн қосып отыруы, сондай-ақ Семейдің “Жәрдем” баспасынан бірқатар құнды әдеби еңбектерінің жарық көруі тәрізді оқиғалар нақты дәлел болады[7]. Әсіресе, ғұлама ақынның осы кезеңдегі, яғни 1905-1917 жылдар аралығындағы көңіл күй ауаны, оның “Шошыма, ойым, шошыма”, “Кейбіреу безді дейді елден мені”, “Жиырма үй менің көршім Қарабатыр”, “Жолама қулар маңайға”, “Кейбіреу безді дейді қатынынан”, “Партия қуған өңкей қырт” деп басталатын өлеңдерінен айқын аңғарылады[6].
Шәкәрім Құдайбердіұлы үлкен әдеби шығармашылық дарын-қабілетіне қоса, сол кездің өзінде-ақ гуманистік көзқарасы, белсенді азаматтық ұстанымымен елге кеңінен танымал болған әйгілі тұлға. Егер де данышпан Абай халқына: “Әкесінің баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы – бауырың”, – деп өсиет етіп кетсе, ал ғұлама Шәкәрім: “Адам баласын алалап бөлуші болма. Адамзаттың бәрі – жақын, туыс”, – дейді. Ол осы гуманистік, қоғамдық-ағартушылық бағытты өмірінің соңына дейін ұстанып өтті. Мысалы, оны Шәкәрімнің алғаш “Айқап” журналы, “Қазақ” газеті ашылып, шыға бастағанда тек оларға құттықтау өлең арнап, шығармаларын жариялап қана қоймай, Алаш көсемдері Әлихан, Ахмет, Міржақыптар құрған “Азамат” серіктігін Кәкітай және Тұрағұл Құнанбаевтар, Қаражан Үкібаев, Мағат және Хасен Ақаевтармен бірге қызу қолдап, мүшелік жарна төлеп тұруы, “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті арасындағы айтыс-тартысқа ақсақалдық тоқтау айтатыны тәрізді осындай үлкенді-кішілі қоғамдық-ағартушылық істерінен анық көруге болады. Алаш көсемі Ә.Бөкейхановтан бастап, М.Дулатов, С.Торайғыров, белгілі журналист-тарихшы С.Ғаббасов және тағы басқалар өз мақалаларында Шәкәрім туралы көптеген жылы пікірлер білдірді[6]. Мысалы, Ә.Бөкейханов “Қазақ” газетінде Шәкәрімнің “Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі”, “Қалқаман-Мамыр” еңбектері туралы білдірген құнды пікірлерінен басқа “Мұсылман сиезі” мақаласында: “Абай, Шәкәрім, Міржақып, Мағжандай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған 5 миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады”, – деп жазса, М.Дулатов “Айқап туралы” мақаласында: “Егер “Қазаққа” жұрттың ықыласы “Айқаптан” гөрі артығырақ болса, біз мұны Шәкәрім қарт айтқандай, жаңа шыққан нәрсеге жұрт таңсықтығынан жабылып, “Айқапқа” соның үшін салқын қарады деп ойлаймыз”, – дейді. Сол сияқты осы “Қазақта” Жүсіпбек Аймауытов “Желкек” деген бүркеншек есіммен жариялаған “Шәкәрім ақсақалға” мақаласында: “Шәкәрім ақсақал “шежіресіне” жеңіл-желпі жұмысша қарамай, терең ойлап, көп оқып, сан салыстырып барып жазғаны көрініп тұр. Бұл турада ақсақалды қазақтың “Карамзині” десек, артық мақтаған болмаспыз”, – десе, жетісулық атақты бай, меценат Есенғұл Маманов, “Қазақ” газетіндегі “Ашық хат азаматтарға” мақаласында былтырғы жылы қазақтың ақын-жазушылары үшін роман-бәйге жариялағанына тоқтала келіп, осыған орай жинақталған әдеби шығармаларға ұлт зиялылары ішінен Әлихан, Ахмет, Міржақып және тағы басқалармен бірге Шәкәрім Құдайбердіұлының да белсене атсалысып, өз төрелігін айтуын сұрап өтініш етеді. Жалпы, 1905 жылғы бірінші орыс революциясынан бастап 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейінгі ұлт санасының оянып, әлеуметтік-саяси белсенділік күшейген осы кезеңде Шәкәрім Құдайбердіұлының “Әділ-Мария”, “Қазақ айнасы”, “Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі”, “Білімдіден бес түрлі сөздің шешімін сұраймын”, “Би һәм билік туралы” тәрізді бірқатар әйгілі тарихи-танымдық және публицистикалық еңбектерінің жарық көруі, шын мәнісінде, оның қазақ қоғамында орын алған оқиғаларға бейжай қарап қалмағанын аңғартады[5].
Шәкәрім Құдайбердіұлының гуманистік, қоғамдық-ағартушылық бағыттағы қызметі дегенімізде, жалпы оның ел өміріндегі әлеуметтік-саяси істерге сонау ерте бастан, жас жігіттік шағынан араласқанын атап айтқан жөн. Мысалы, оның болыстыққа тағайындалып, ел басқаруының өзі – ол патшалық Ресейдің далалық өлкедегі жүргізген саяси іс-шараларына, сол кездегі қазақ ауылдарының өміріндегі үлкенді-кішілі істерге үнемі араласып отырды деген сөз. 1878 жылы Семей облысына қарасты Шыңғыстау өңірінде болыс сайлау науқаны өте шиеленісті жағдайда өтеді. Шыңғыстау болысындағы жеті старшын елдің әрқайсысы өз атқамінерлерін болыстыққа ұсынып, қысқасы, екі партияға бөлініп, бір-біріне дауыс бермей отырып алады. Ұлы Абайдың ақыл-кеңесі және Семейден келген жоғары лауазымды бір шенеуніктің араласуымен, сол жолы жасы енді ғана жиырмаға іліккен жігіт Шәкәрім алғаш рет үш жылға Шыңғыстауға болыс болып тағайындалады. Ол өзінің осы ел басқару саласындағы қоғамдық қызметін 1878-1880 жылдар аралығында атқарады[3; 145]. Шәкәрім осыдан кейін билікке араласты ма, жоқ па дегенге келсек, Ахат Шәкәрімұлының естелігі бойынша оның тағы да бірер жыл Шыңғыстауда, алты айдай көршілес сыбан елінде болыс болғандығы айтылады.
Демек, Шәкәрім Құдайбердіұлының гуманистік, қоғамдық-ағартушылық бағыттағы қызмет арналарын екі кезеңге бөліп қарастыруымыз керек секілді. Мысалы, оның алғашқысы 1878-1917 жылдар аралығындағы, ал соңғысы 1917-1925 жылдардағы Алашорда үкіметі мен кеңес өкіметі тұсындағы өмір кезеңдерімен тікелей байланысты болып келеді[2; 123].
Сонымен Шәкәрім Құдайбердіұлының 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі гуманистік, қоғамдық-ағартушылық бағыттағы өмір кезеңдері қандай оқиғалармен есте қалады? Белгілі абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедханов кезінде бұл мәселенің астарына, әсіресе, ғұлама ақынның Алашордаға қатысты қызметіне байланысты кейбір жайларға біршама үңіліп, оған Шәкәрімнің “Мұтылғанның өмірі” дастанында айтылған оқиғалармен түсінік беруге ұмтылған еді. Әрине, Алаш зиялылары әлі де толық ақтала қоймаған Кеңес өкіметі кезінде ағынан жарылып бәрін айта қою мүмкін болмады. Сол себепті, Шәкәрімнің Алашорда үкіметіне қатысы туралы кейбір жайлар көлеңкеде қалып келді. Іс жүзінде ғұлама ақын әу бастан-ақ Алаш қайраткерлерінің “жеке өз алдына егеменді ел болсақ, тәуелсіз мемлекет құрсақ” деген түпкі мақсатына қосылмай, бас тартып, ат-тонын ала қашқан жоқ. Ә.Бөкейхановтың 1913 жылғы “Қазақ” газетіндегі “Алаш” не сөз?” деген мақаласына алғаш үн қосып, жауап қатқандардың бірі осы Шәкәрім Құдайбердіұлы болды. Мұның өзі ақынның тұңғыш саяси қазақ партиясының “Алаш” деп аталуына белгілі бір дәрежеде қатысы болды дегенді аңдатады. Сол сияқты Ә.Бөкейхановтың 1914 жылы жарық көрген “Би hәм билік” (“Қазақ”, 1914, №48-50) аталатын шығармаларына жауап ретінде Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің “Би hәм билік туралы” (“Қазақ”, 1914, №65) мақаласын жазды, онда қазақ елінің әкімшілік және сот құрылысындағы бұрынғы әдет-ғұрып, салт-сана, билер билігі әңгіме болады. Тегінде Шәкәрімнің билікке байланысты мұндай маңызды мәселелерді көтеруі, кейін де оны Алашорда үкіметі кезіндегі қазақ соты қызметіне тартуға басты себеп болған сыңайлы. Сондай-ақ Шәкәрім халыққа “теңдік, бостандық” әкелген 1917 жылғы ақпан төңкерісі кезінде де “қазақ оқығандарының жетегіне” еріп, “Бостандық туы жарқырап”, “Бостандық таңы атты” өлеңдерін арнап, қоғамдағы болып жатқан ұлы дүбір оқиғалардан шет қалмағанын көреміз. Мысалы, С.Торайғыров “Айтыс” поэмасында Шәкәрім ақсақал туралы:
Семейдің съезінде байқадық қой,
Екенін қарт кемеңгер әм терең ой.
Оқығандар болмаса жай қазақтан,
Онан басқа кім шықты көрсетіп бой, — деп өз ризашылығын білдіреді. Ол – 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі кезеңде ұлт зиялыларының “Алаш” партиясын және қазақ автономиясын құрсақ деген идеясымен облыстарда (соның ішінде Семейде) қазақ съездері жаппай өткізіліп жатқан кез еді. Көрнекті ғалым К.Нұрпейісовтің еңбегінде айтылғандай, осы жылы 27 сәуір - 7 маусым аралығында Семейге қарасты бес уезден (Өскемен, Семей, Павлодар, Қарқаралы, Зайсан) 200-дей, ал көршілес Ресейдің Бийск уезінен 2 өкілдің қатысуымен өткен облыстық съезде Алаш қайраткерлері Р.Мәрсеков, Ж.Ақбаев, Х.Ғаббасовтармен бірге Шәкәрім Құдайбердіұлы да ұлт болашағы туралы пікір білдіріп, сөз сөйлейді. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында өткен бірінші жалпы қазақ съезі іс жүзінде “Алаш” партиясы мен ұлттық автономияны құруға негіз қалап берді. Көп ұзамай осы жылы қазан айында Семейде Ә.Бөкейхановтың басшылығымен “Алаш” партиясының облыстық комитеті құрылып, оның төрағасы болып Халел Ғаббасов сайланды[11; 155].
Шәкәрім Құдайбердіұлының Алашордаға қатысына байланысты тағы бір дерек, оның 1917 жылы желтоқсанның 5-13-і аралығында Орынборда өткен екінші жалпы қазақ съезіне шақырылуы болды (“Қазақ”, 1917, №250). Шын мәнісінде ұлт зиялылары бұл съезде Алашорда үкіметін құруға қол жеткізді. Оған Семей облысынан Халел Ғаббасов, Әлімхан Ермеков, Тұрағұл Абайұлы, Жұмекен Оразалин, Ахмет Шығыров, Қабыш Бердалин, Ахметолла Барлыбаев қатысты. Міне, осы съезге қатысуға, Алаш көсемі Ә.Бөкейхановтың қол қоюымен арнайы жеделхаттар жолданып, облыс-облыстан шақырылған баршаға белгілі беделді 28 адамның ішінде Шәкәрім Құдайбердіұлының да есімі аталады[1; 97]. Ал енді ғұлама ақын оған қатысты ма, жоқ па, ол жағы белгісіздеу. Кейбір деректер “Шәкәрім бұл съезге қатыспағанын” меңзейді. Қалай десек те аталмыш бір ғана фактінің өзінен-ақ оның әрдайым Алаш тілегінде болғанын көреміз.
Дегенмен, осыған қатысты мына бір жайды айта кеткен орынды ма деп есептеймін. 1917 жылдың қараша-желтоқсан айлары Семей қаласында түрлі саяси оқиғаларға толы болды. Соның бірі – Семейде земстволық басқару жүйесін енгізуге байланысты алғашқыда уездік, одан соң облыстық земство жиындары депутаттарын сайлаудың өткізілуі еді. Дәл осы кезеңде Алаш көсемдері Ә.Бөкейханов пен М.Дулатов “Қазақ” газетіндегі земство туралы жазған мақалаларында ақпан төңкерісінен кейінгі елдегі зор саяси өзгерістерге баға бере келіп, қазақ зиялыларын жергілікті жерлерде земстволық билікті қолға алу үшін сайлауға қызу қатысуға үндеді, сондай-ақ Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау мәселесін көтерді. 1917 жылдың қараша-желтоқсан айларында өткен осы земстволық сайлау науқандарына қазақ қауымының қатысу белсенділігі өте жоғары болды[1; 101]. Сол кезеңде Семейде шығып тұрған “Дело” газетінде С.Возмитель деген біреу “О выборах гласных в Семипалатинское уездное земство” атты мақаласында аталмыш сайлау қорытындысына тоқталып, Семей уездік земстволық жиынына депутаттыққа 7 округ бойынша 38 қазақ және 2 орыс сайланғанын, орыс шаруалары мүддесіне қатысты мәселелерді шешуде бұл екеуінің дауысы аздық ететініне реніш білдірген болады, бірақ қазақтардың бұл сайлауда үлкен ұйымшылдық танытқанын айтады. Сонымен бірге бұл басылымда (“Дело”, 1917, №145) Семей уездік Земствоны енгізу жөніндегі комитеттің (төрағасы С.Брюханов, хатшысы А.Колобов) өткізілген сайлау қорытындысы, яғни онда Семей уездік земство жиынына депутаттыққа Семей қаласынан Р.Мәрсеков, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, М.Малдыбаев, И.Тарабаев, Н.Құлжанова, Заречная слободкасынан (Алаш қаласы) А.Қозыбағаров, Ж.Үкібаев, А.Аңдамасов, Қ.Мұздыбаев, Шыңғыс болысынан Ш.Құдайбердиев, Мұқыр болысынан К.Жанатаев, Қызылмола болысынан И.Қазанғапов тәрізді тағы басқа қазақ зиялылары сайланғаны туралы ресми мәліметі берілген. Міне, көріп отырсыздар, Шәкәрім Құдайбердіұлы Алашорда өмірге келген Орынбордағы екінші жалпы қазақ съезіне арнайы шақырылғанымен, оның оған барып қатыса алмауына осындай бір оқиғалар себеп болғанға ұқсайды[4; 208].
Қысқасы, 1917 жылдың аласапыран уақытында Семейде құрылған қазақ комитеттері және жоғарыдағы уездік, облыстық земстволар басқармалары мен депутаттары Алашорда үкіметінің жергілікті жердегі сенімді көмекшісі әрі тірегі бола білді. Ал өзімен замандас Көкпай Жанатайұлы, Иманбазар Қазанғапов сынды арқалы ақындармен бірге Семей елі өміріндегі осындай оқиғалардың бел ортасында ғұлама ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының да жүруі сөзсіз еді. Мәселен, оған Шәкәрім ақсақалдың Алаш милициясының бастығы Қазы Нұрмұхамедұлы әскери жаттығу жүргізіп жатқан кезде қапыда большевиктер атқан оқтан қаза болуына байланысты бүкіл елді жылатып сөйлеген сөзі дәлел болады. Әсіресе, мына бір дерекке ерекше тоқтала кеткен жөн бе деймін. 1918 жылдың сәуір айында өткен Семей облыстық земствосының бірінші төтенше жиналысында ең басты мәселенің бірі болып әкімшілік басқару мен сот жүйесін құру ісі қаралады, сөйтіп облыстық қазақ сотының төрағасы болып Мұқыш Боштаев, төраға орынбасары Иманбек Тарабаев және мүшелері Шәкәрім Құдайбердіұлы, Смахан Бөкейханов, ал кандидаттыққа А.Аңдамасов пен Теміржанов сайланады[5].
Әрине, бұл арада айтайық дегеніміз, Шәкәрім Құдайбердіұлының аз уақыт болса да Алашорда үкіметінің төбе биі қызметін атқаруы туралы болып отыр. Ол “Мұтылғанның өмірі” атты дастанында өзінің “сырттай сот болып сайлануының, ақ пен қызыл соғысының халыққа тигізген зардабы мен Алашорда басшыларынан әділдік таппай соттықты тастап кетуінің” сырын жан-жақты ашып береді. Өкінішке қарай, осыны кешегі Кеңес өкіметі кезінде “Шәкәрімнің Алашордаға қатысы жоқ, болмаған” деп айту үшін еріксіз тілге тиек еттік. Алайда оның Семейдегі Белгібай деген байдың қызын алып қашқан жас мұғалім жігіт Ғабдолла Қоскеевтің тағдырына араша түсіп, әділ шешім шығаруы Алашордаға белгілі бір дәрежеде қатысы болғанын айғақтайтын факт екені даусыз. Ахат Шәкәрімұлы осы оқиғаны әкесі туралы естелігінде: 1918 жылы мен орыс оқытушысынан орысша оқиын деп Семейге бардым. Кеңес өкіметі қазаққа соттықты берген соң, мұндағы Алаш азаматтары облыстық соттың бастығы етіп сырттай әкейді сайлаған. Біз қаланың Жоламан жақтағы шетінде, Үдері дегеннің үйінде жаттық. Семейдегі Белгібай деген байдың қызы бір мұғаліммен қашып кетті дегенді есіттік... Ертеңінде Жаңасемей базарының жоғары жағында, Қаражан байдың мектепке жалдаған үйі болатын. Сот сонда болатын болды. Алаш бастығы Әлихан Бөкейханов Омбыға кетіп, орнына уақытша Мұхаметжан Тынышбаев тұрған. Сот болатын залға жұрт лық толды. Мен есік босағасында тұрдым. Сыймағандар есіктен сығалап тұрды. Алдыңғы қатарда қыз, Белгібайдың туғандары отырды. Басы орамалмен таңулы, беті, маңдайы көкала болған мұғалім тұрды. Оның артында мылтық ұстаған солдат тұр. Соттар келгенде, отырған жұрт түрегелді. Әкейдің екі жағында – Мұқыш Боштаев пен Смахан Бөкейханов отырды. Мұқыш Белгібай атынан жазылған арызды оқыды... Соттар оңаша бөлмесіне кіріп кетті. Аздан соң соттар шықты. Жұрт түрегелді. Мұқыш соттың билігін оқыды. Бас жағында: “Біздің сот – ар соты, ардан, адамгершіліктен аспай, әділін айтамыз....” – деген сияқты сөздерді оқып келіп: “Қыздың басына бостандық берілсін! Өзі сүйген адамына барсын!” – деп тоқтады. Залдағылар ду қол шапалақтап жіберді... Ыспан қажы орнынан атып тұрып, әкейге қарап, қатқыл дауыспен: “Ей, Шәкәрім! Алашорданы астыңмен басып отырғаныңды көрермін! Алаш азаматтары, қауым не бізбен болар, не сенімен болар! Босаға бұзып, жесірімді тартып алып отырған бұзақыны ақтап жіберген арам билікті қайдан көрдің?! Бұл билігіңді алмаймын! Жеріне жеткенше қуармын!” – деді... Кешке әкей қатты күйзеліп келді. Аңқау, ақкөңіл Үдері қажы: “Қарағым, ауырып келдің бе? Өңің қашып кетіпті?!” – дегенде, әкей: “Мен босқа әуре болып жүр екем! Басшылардың елді ел қылатын түрі жоқ! Баяғы күндестік! Баяғы мансапқұмарлық! Өзімшілдік! Баяғы рушылдық, партиядан арылар түрі жоқ! Елді қорғау, адалды жақтау жоқ! Сорлы елге, сор жауыны сорғалағаннан басқа түк жоқ! Бұлардан үміт-қайыр жоқтығына көзім жетті! Ел оқығандары ғой, елді адал жолға бастайды бұлар деп сеніппін! Қаталасыппын!” – деді... Осы түнде әкей: “Партия қуған өңкей қырт”, “Тыныштық жоқ, тыным жоқ” деп басталатын өлеңдерін қолма-қол ашу үстінде жазды. Ертеңінде Быков деген доқтырды шақыртып алып, іш аурумын деп қағаз алды да, атын жеккізіп, Жаңасемейдегі Абдрахман байдың үйіндегі Алаштың кеңсесіне келіп кірді. Мен, Дүйсембі екеуміз қақпа алдында, арбада отырдық. Әлден уақытта әкей шығып: “Ертең елге қайтатын болдық. Бүгін керек-жарақ аламыз”, – деді. Сөйтіп, әкей ауылға қайтып кетті”, – деп суреттейді[5].
Шәкәрім Алашорда соты қызметінен өз еркімен бас тартты десек те, ол осы сот жұмысынан мүлде қол үзіп кетпеген сыңайлы. Олай дейтініміз, Семей жаңа тарихи құжаттама орталығынан табылған мына бір деректе (қор-37, тізбе-01, іс-7) 1919 жылдың 29 шілдесінде Семей уездік земствосы басқармасына Шыңғыс болысының басқарушысы Құнанбаевтың (есімі көрсетілмеген – Е.С.) қол қоюымен 1920 жылға Шыңғыс болысы бойынша халық соты қызметін атқаруға құқысы бар адамдардың тізімі берілген. Соның ішінде Абай балалары Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайіл және немересі Срайыл, Құнанбай шөбересі Біләлдармен бірге Шәкәрімнің де есімі “Худайбердин Шакарим, 60 лет, грамотный, №2 аул” деп аталып көрсетіледі. Шәкәрім қажының осы бір аласапыран жылдардағы өмір кезеңдері туралы көрнекті әдебиетші ғалым, жазушы Мұхтар Мағауин: “1917-1925 жылдар аралығында Шәкәрім аз уақыт дүниауи өмірге қайта оралғандай болады, ел ішіндегі игі өзгерістерді құттықтайды, газет-журналдар бетінде замана ағымына үн қосқан өлеңдер бастырады. Алайда қарт ақын көп ұзамай қайтадан ел тіршілігінен аулақтайды”, – дейді.
Өмір талабы бойынша Ш. Құдайбердіұлы рухани мәдениеттің әр салаларына қатысын білдіріп, жан-жақты ілімнің көзін ашты. Ол тарих, философия, поэзия мен аударма, эстетика салаларында мол мұра қалдырып кетті. Шәкәрімнің шығармашылығы идеялық-тақырыптық мазмұнының ауқымдылығымен, әсерлігімен, көркемдігімен ерекшеленеді. Осындай телегей теңіз ақын мұрасының қойнауында талай тарихтың ізі жатыр. Шәкәрімді жан-жақты зерттеу мен тарихи қырланы ашу, шығармадағы тарихи жәйттердің шынайылығы мен дәлдігін, сондай-ақ, Шәкәрім шешіресінің сыры мен құнын зерттеу бүгінгі күннің талабы.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
-
Ізтілеуова С. Д. «Мұтылғанның өмірі» туралы // Әдебиет және өнер мәселелері. 7-ші шығарылымы. – Алматы, 2005.
-
Қожакеев Т. Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері. – Алматы, 1993.
-
Қайта оралған қаламгерлер: Библиографиялық көрсеткiш.- Алматы, 1994.
-
Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлерi.- Алматы: Атамұра,1995.
-
Мағауин М. Ғаділетті жүрегі бір қозғалған (Ш Құдайбердиевтің туғанына 130 жыл) // Білім мен еңбек. – 1988. №7.
-
Мағауин М. Абайдың ақын інісі // Жұлдыз. – 1988 №8.
-
Мұхаметханов Қ. Шәкәрім (өмірі мен творчествосы жайында) // Қазақ әдебиеті, 1988. 15 сәуір.
-
Нұрғалиев Р. Шәкәрім Құдайбердиев Ақын, тарихшы, философ, композитор // Арай. – 1989. №6.
-
Сәтбаева Ш.Қ. Шәкәрім Құдайбердиев. – Алматы: Қазақ ССР «Білім» қоғамы, 1990.
-
Сыдықов Е. Мәдени-тарихи мұра – ұлттық игілігіміз // Абай, 2003. №4.
-
Шажаева Ә. Танымдық ойындар арқылы дата оқыту. // Қазақстан тарихы (әдістемелік журнал), 2005, № 6.
ХІХ ғасырдың соңындағы Жоғарғы Ертіс өңірінің
әлеуметтік дамуындағы ерекшеліктер
ХІХ ғасырда Ресей империясы белсенді отарлау саясатын жүргізу нәтижесіндетерриториясы біршама кеңейтілді, ал орталықтың славян тұрғындары казак шаруаларын отарлау нәтижесінде өздерінің этнографиялық шекараларынан тысқары шықты. Ресейдің құрамына әр аймақтағы халықтарды қосу үрдісі әр түрлі жүргізілді. Ал Қазақстандағы территорияларды басып алу әскери күшпен жүзеге асырылып отырды. ХІХ ғасырдың аяғында Ресей империясының құрамына әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейі әр түрлі халықтар енді. Бұл халықтар өмір сүру, дін, мәдени дәстүр, қоғамдық-экономикалық даму деңгейімен ерекшеленді. Бүкіл кеңістіктің этномәдени сегментациясы патша үкіметіне батыс және шығыс территориясында бірдей жүргізілетін ұлттық саясатты құруға мүмкіндік бермеді. Орыс тілді халықтың санын өсіруге тырысқан патша үкіметі ұлттық аймақтарда біртіндеп жергілікті тұрғындарды Ресей орталығына тарту бойынша жалпы іс-әрекеттер жасап, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында орыстандыру курсын ұлттық саясатқа енгізудің шыңы байқалды.
Елде этникалық қарым-қатынас байланысынорнату үшін патша үкіметіне жалпы саяси курс аса зор ықпал етті. Халықтың жартысынан көп бөлігінің Ресей мемлекетінің құрамына күштеп енгізілуі және оларға қатысты үкімет күштеп орыстандыру саясатын жүргізуі жағдайды одан әрі қиындатты. Екінші жағдай, патша үкіметі халықтарды біріктіру мақсат етпеді және тәжірибеде «бөліп алда, билей бер» доктринасын жүзеге асыруға тырысты. Ресей империясы үшін өзіне қажет территориясын, әсіресе Қазақстанды қолда ұстап қалу қажет болды. Бұл дәстүрлі саяси және әлеуметтік құрылымға қатысты ауыр жағдайға әкелді.
Қазақ даласы үшін Ресей үкіметі құрған әкімшілік басқару жүйесі екі деңгейден тұрды. Ұлттық әкімшілік басқару жүйесі қазақ даласын империя құрамына енгізудегі көмек көрсететін негізгі канал болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласына орыс халқының енуі Ресей империясын басты саяси мақсаттары негізінде жүргізілді. 1860 жылдан бастап біртұтас Ресейді құруға бағытталған жаңа ұлттық курс енгізілді. Осы уақыттан бастап аймақтағы этнодемографиялық үрдістерге белсенді араласатын Ресей империясының ұлттық саясаты қалыптасты. Бұл негізінен жаңа жерлерге орыс халқын енгізумен байланысты болды.
Ресей мемлекетінің Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандырудағы мақсаты - ұлттық бірлігін күшейту еді.
ХІХ ғасырдың басынан бастап қазақ халқының арасында идеологиялық жұмыстар жүргізілді. Олар әр түрлі деңгейде: әкімшілік аппаратпен, миссионерлікпен, білім бөлімдерімен, жеке қоғамдық қызметкерлермен жүргізілді. Олардың ішінде ағартушылық ұйым маңызды орын алды. Жатжерлік халықтың балаларын толық орыстандыру мақсатында мектептер ашылды. Бұл ағартушылық саясаттың стартегиялық мақсаты ХІХ ғасырдың басында пайда болып, сонау 1917 жылға дейін өзгермеді.
Патша үкіметі білім беру үрдісінде орыс тілін кеңінен қолдану мәселесіне ерекше назар аударды. Ұлттық саясаттағы екінші мәселе, ұлттық мектептерде жалпы білім беруде тілді тандау болды. Орыстандыру саясаты бойынша білім беруді жургізетін жалғыз тіл - орыс тілі болу қажет еді. Алайда өзіндік жеке дәстүрлері бар көп ұлттық халықтар арасында бұл идеяны жүзеге асыру қиын болды. Сондықтан мемлекеттің ұлттық тілдерді білім беру үрдісіне енгізу мәселесі ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында өзгеріп отырды. Ол көбінесе елдегі жалпы саяси жағдайға байланысты болды.
Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатына орыс прославие шіркеуі белсене қатысты. Егер патша үкіметі өз билігін қарудың күшімен орнатып жатса, ал шіркеу жергілікті халықтың сана сезімін өзгерту арқылы отарлауға тырысты. Мемлекетті әкімшілікпен бірге орыстандыруда шіркеу белсенді рөл атқарды. Ол қазақтардың ұлттық діні мен мәдениетін жоюға және прославиені енгізуге бағытталды. Орыс емес халықтар арасында миссионерлік жұмыстарды жүргізе отырып шіркеу барлық тәсілдермен қазақ халқына әсер етуге тырысты.
Ұлттық ағартушылықта орыстандыру курсы мектеп бағдарламаларындағы ұлттық компоненттерге күш көрсету арқылы жүргізілді. Сондықтан орыстандыру, орыс сауаттылығы мектептер арқылы өткізілуге тиіс болды. Қазақ халқының тарихын зерттеуші, этнограф, ірі ағартушы қазақ мектептері үшін бір қатар оқулықтар авторы, халықтық училищелерінің инспекторы А.Е.Алекторов былай деген: «Қырғыз даласындағы мектептер өзінің жалпы білім беру міндеттерінен басқа, саяси рол де атқарады: ол қырғыз халқы мен байырғы орыс халқын байланыстырып, қырғыздарға мемлекеттік тілді қырғыздарға сіндіреді; ол орыс халқының дәстүрлерімен және көзқарастарымен таныстырады.... Міне осыдан-ақ үкіметке даладағы қырғыздарға кеңінен білім беруді дамыту не үшін керк екенін көріп отырмыз...»[1;245-246].
Егер 60-жылдарға дейін Қазақстан территориясында мұсылмандық мектептер көп болса, ал кейіннен орыс-қазақ мектептері көбейе бастады. Орыс мектептерін ұйымдастыру осы аймақты басқару үшін әкімшілік аппаратқа кадрлар дайындау үшін де қажет болды.
Осылайша, ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі –Семейде он мың орыс халқы тұрды және ХІХ ғасырдың 80 жылдарында алғашқы орыс-қазақ мектептері ашылды. Семей облысының әскери губернаторы 1872 жылғы өзінің есебінде «оқу бөлімі бойынша жағдайдың жақсаруына халық мән бермейді.... облыста ешқандай оқу қоғамдары, мұражайлар және т.б. жоқ» деп жазған. Орыс-қазақ мектептері мемлекет есебінен жұмыс істеді. Алғашқы кезде оларда қазақ байларының балалары ғана оқыды. Кейін қазақ шаруаларының балалары түсе бастады. Ал интернаттар мен ауыл шаруашылық мектептерде кедейлердің балалары мен жетімдер оқыды»[2;107].
1881 жылы 27 қаңтарда мемлекеттік кеңеспен бекітілген «Ақмола мен Семей облыстарында училище ашу туралы қаулы» негізінде орыс халқы үшін бастауыш приходтық училищелер және қазақ балалары үшін пансионаттар ашуға рұқсат берілді. 1883 жылы Семей, Павлодар, Қарқаралы уездерінің орталығында ерлер мен қыздар, Өскемен мен Зайсанда ерлер пансиондары ашылды. 1886 жылы Семей облысындағы бес ерлер мен үш қыздар пансиондарында 152 ер бала 37 қыз бала оқыды[3].
Шіркеу қазақтардың рухани әлеміне әсер етуге және олардың орыс халқы мен христиандыққа қарсы көзқарастарын өзгертуге, сөйтіп православиелік миссионерлікке жол ашуға тырысты. Шіркеу миссионерлік жұмыстар үшін арнайы кадрлар дайындады. Миссионерлердің жергілікті тілдерді білуі олар ашқан ұлттық мектептерде тәжірибеде қолданылды.
Патша үкіметінің орыстандыру саясатының қорытындысын бір қалыпты бағалауға болмайды. Барлық этностар патша үкіметінен мектептерде ана тілдерінің сақталуын талап етті.
Самодержавиенің ұлттық саясаты барлық этностарға қатысты оларды біртіндеп ассиммилляциялау мен аккультурациялауды мақсат етті. Сондықтан ХІХ ғасырдың ортасында Ресейдің көптеген халықтары өздерінің тұрмыстық ерекшелігінен айырыла бастады.
Патша үкіметінің реформаларында қазақ жерлерін басқару бойынша шоқынған қазақтарға кейбір артықшылықтар берілді. «Қырғыздардың құқықтары туралы» төртінші бөлімде 1868 жылғы Орал, Семей, Торғай және Ақмола облыстарын басқару туралы қаулыда былай көрсетілген: «247 христиан дінін қабылдаған қырғыздар өздерінің қоғамдарында қала алады, немесе қырғыздарға берілген құқықтарды сақтай отырып, даладағы орыс халықтарына көше алады.
Христиандықты қабылдаған қырғыздар ешбір қоғамның рұқсатынсыз өз еріктерімен қала және ауыл қауымдарына ене алады»[4;88].
Шаруалар мен мещандардың Семей облысындағы Пермь, Уфим, Пенза губернияларына өз беттерімен енуі 1893 жылы Карпово қонысының қалыптасуына әкелді. Бес жыл бойында бұл қоныстың тұрғындары үкімет қаржысына өмір сүрді; оларға үй салу үшін қаржы берілді, әрбір отбасы қыс уақытында жәрдем алып отырды.
Орыс шаруаларының өтінішімен шіркеу және приходтық мектептің құрылысы бойынша жұмыстар бастау қажет болды. Жұмыстардың бағасы 3830 рубль болды. Генерал-губернатор екі құрылысты салу үшін қаржы бөлді. Дала өлкесінің генерал-губернаторы Сібір темір жолын салу үшін қордан қаражат беру мәселесін қарастырды. Шіркеу 1898 жылы 26 сәуірде салына бастап, 15 қарашада аяқталды. Құрылыстың жылдам қарқынмен жүргізілуі православие мен оның өкілдерінің көмегі тұрақты болғанын дәлелдейді. Олар үшін үкімет қаржы аямады.
Сібір темір жолының салынуы православиенің жан-жақты таралуына өзінше бір мүмкіндік берді. 1898 жылы құрылыс ауданында император ІІІ Александр атындағы қордың қаржысынан 110 шіркеу тұрғызды, олардың 19-ы Ақмола облысының поселектерінде салынды. Шіркеу қызметкерлерінің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 1896 жылы 11 шілдеде шіркеу вагоны жұмысын бастады[5;218].
Православиелік храмдар салу арқылы патша үкіметі мен шіркеулер нақты мақсаттар қойды: қазақтарды шіркеуге тарту, ескі діни-сенімдерін жою, жергілікті халықтардың діни наным-сенімдеріне бақылау орнату. Шоқынған қазақтар православие өкілдері сияқты барлық құпияны сақтауға тиіс болды.
Көшпелі қазақ халқының арасында христиандықты тарату олардың көшпелі өмір салтына байланысты аса қиын болып келді.
Шоқынған қазақтар христиан дінін қабылдаумен қатар православие шіркеуіне қарасты орыс халқының кейбір дәстүрлерін қабылдады. Қоғамда отбасындағы келіспеушіліктер, өтірік айту, ішімдік ішу кең тарады. Бұрын мұндай жағдайлар қазақ даласында болмаған. П.П.Семенов Тянь-Шанскийдің айту бойынша: «қырғыздардың отбасында жанжал болмады, балалар да сирек жазаланған»[5;219]. Бірақ мұндай жағдайлар орыс православие шіркеуінің жоспары мен міндеттеріне кірмеген.
Патша үкіметі орыс шаруалары мен казак әскерлерін енгізу арқылы Ресей империясының территориясын кеңейтуге тырысты. Бұл өте ұзақ және қиын үрдіс болды. Мұнда орыс шаруалары ерекше орын алды. Олар жатжерлік жерлерді орыс жерлеріне айналдыруға тиіс болды. Казактар мен шаруалар патша үкіметінің тыңшылары болды.
Ресей мемлекетін бекіту үшін жаңа жерлерде орыс халқының сыни тобын құру қажет болды. Олар демографиялық тұрақтылықтың негізі болар еді.
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында қоныс аударушы орыс шаруалары Далалық аймақтың барлық жерлеріне қоныстана бастады. Бұл жерлерге орыс шаруалары шіркеулер, орыс ауылдарын салды.
Отарлаушы территорияның «орыстануының» басты көрсеткіші орыс топонимиясы болды. Орыс шаруалары қоныстанған аймақтарға орыс атаулары беріліп, қазақша атаулар мүлде жоғала бастады. Кейбір кезде қазақша атауларды орысшалап алу да кездесті. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Батыс – Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорд жаңа қоныстарға Ресей империясының император отбасынан және белгілі дворяндардан шыққан адамдардың есімін беру туралы қаулы шығарды: Алексеевка, Михайловка, Николаевка, Александровка[6]. Сонымен қатар тарихи оқиғаларға байланысты қоныстарға ат қою тәжірибесі кеңінен таралды.
ХІХ ғасырдың 60 жылдары басты міндет саяси тұрақтылық ретінде «үлкен орыс ұлтын» құру идеясы болды. Ресей үкіметі азиялық жерлерге қатысты «отар» терминін пайдаланудан бас тартты. Еуропалық державалардан Ресей империясының ерекшелігін көрсетті.
Ғылыми әлем мен үкімет орындарында беделді географ П.П.Семенов Тянь-Шанский бұл жерде тек Ресей территориясының кеңеюіне ғана көрсетпейді, сонымен қатар орыстардың отарлау саясаты нәтижесінде Европа мен Азия арасындағы этнографиялық шекаралардың ары қарай шығысқа жылжуын көрсетеді. Осындай көзқарастар газет, журналдарда ғана емес, сонымен қатар ресми құжаттарда да көрініс тапты.
Далалық аймақ ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Ресей империясы белсене пайдалануда тырысқан территориялық резервке айналды. Бұл уақытқа дейін қазақ жерлерінің Ресейге қосылуы қазақ билеушілерінің ұсынысымен жүргізілді. Орыс халқының көптеп келуі көшпелі қазақ халқының дәстүрлі жүйесін бұзды. ХІХ ғасырдың 60 жылдары жағдай өзгерді. 1865 жылдан бастап Дала комиссиясы «қазақ жерлерін Ресей империясының құрамына толық қосып алу әкімшіліктің жалғыз мақсаты» деген қорытынды жасады. ХІХ ғасырдың 70 жылдары генерал-губернатор Н.Г.Казнаков далалық аймақты «орыстандырудың» жалғыз әдісі «отарлау жолымен қырғыз халқын орыстандыру» деген қорытындыға келді.
Орыстардың отырықшы шаруашылығын енгізу арқылы көшпелі қазақ халқымен байланыстарын нығайтты. Қоныстандыру саласындағы мамандар «бірігіп қоғамдық жұмыстар атқару арқылы қырғыздарды орыстармен жақындатуға және олардың ішінде еуропалық өркениетті таратуға көмектеседі» деп түсіндірді.
ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында қоныстандыру қозғалысының басталуы нәтижесінде қазақ даласы негізгі отар ауданына айналды.Шығысқа қоныстану үрдісі орыстардың географиялық қоныстануын ғана кеңейтті, сонымен бірге ұлт ретінде араласуын тездетті.
XVIII ғасыр қазақ жерінің оңтүстік-шығыс саудада, саяси барлау жұмыстары, қазақтардың сауатын ашуда Ресей әкімшілігі Сібір мен Еділ татарларын пайдаланды. XVIII ғасырдың ІІ жартысында Солтүстік және Шығыс Қазақстанда татарлар пайда бола бастады. XVIII ғасырдың 60-90 жылдарынан бастап Семей аймағына татарлар қоныстана бастады. ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары татар отбасылары Көкпекті ауылы мен Зайсан қаласына тұрақты өмір сүруге қоныстана бастады[7].
Сауданың дамуына жағдайдың жақсаруы қазақ жерінде татарлардың көбеюіне әкелді. Татарларды аудармашы және жазғыштар ретінде пайдаланды. Олар қазақтардың Ресейге қосылу кезінде маңызды орын алды. Қазақтардың тілі мен дәстүрін білуі, ұзақ тарихи байланыстары, діни сенімдерінің бір болуы және тілдерінің ұқсастығы татарларға қазақтарды империя құрамына қосуда негізгі мәдени байланыстырушы болуға мүмкіндік берді. Ұзақ уақыт татар садагерлері, молда мен мұғалімі Ресей өкіметі мен қазақ ақсүйектерін байланыстырушы болды. Патша үкіметі мен қазақ ақсүйектерінің арасындағы дипломатиялық байланыстар татар тілінде жүргізілді. Сонымен бірге молдалар Ресей үкіметі үшін ақпарат көзі болған еді. Бұл идея 1781 жылы 21 сәуірде ІІ Екатеринаның қаулысы негізінде жүзеге асырылды[8]. Ол бойынша қазақтардың ішінде Қазан губерниясынан шыққан молдаларды барлаушы ретінде жіберу керек еді. Осы арқылы қазақтардың бүкіл тұрмысын өз бақылауында ұстауға тырысты.
Қазақ жерін отарлаудың бастапқы кезеңінде Ресей империясы Дала аймағының саяси әкімшілігін және фискальды құрлысын күшейту міндетін қойды. Алайда татар саудагерлері, молдалары өз мақсаттарын көздеп, қазақтарға теріс ықпал етуі мүмкін деген қорқыныш пайда болды. 1825 жылы Омбы облысының басшысы С.Б.Броневский «қырғыздардың ішіндегі татар молдалар мен мұғалімдерді біртіндеп орыстармен ауыстыру керек» деген құпия қаулы қабылдау қажет екенін айтты. Алайда бұл ешқандай нәтиже бермеді. Себебі қазақ тілін білген казактардың өзі татарлардың орнын бас алмады, өйткені араб графикасын пайдаланып жаза алмады.
ХІХ ғасырдың І жартысында патша өкіметі татарлар қазақтарға ықпал етуі мүмкін деген қорқыныш аса қатты болмады. Татар тілін білетін адам ауыл старшыны сияқты беделді қызметтерге сайлана алатынын қазақтар түсінді. ХІХ ғасыр ортасынан бастап жағдай өзгере бастайды, қазақтардың орыс тілін үйренуі маңызды мемлекеттік міндет ретінде қалыптасады. Жергілікті тілдерді кирили әліппесіне ауыстыруға тырысу қазақ даласында байқалды.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап патша үкіметі үшін татарлар саяси қарсыластарға айналды. Шығыс халқының бірігу қаупі Ресей империясы үшін қорқынышты болды. Патша үкіметі Орта Азия мен Қазақстанда антитатарлық саясат жүргізу идеясын қолға алды.
Азиялық далалық аймақтарда Ресей саясатының өзгеруі туралы мәселе 1860 жылының басында бірнеше себептерге байланысты болды. Біріншіден, мемлекеттік шекараларды оңтүстік пен шығысты жылжыту және қазақ даласын «ішкі аймаққа» айналдыру. Екіншіден, реформалардың бұл өзгерістерді империяның шығыс халқына таратуға тырысуы. Үшіншіден, жаңа ұлттық көзқарастардың пайда болуы.
Қазақтардың ескі сенімдерін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды, өйткені оларды кейін христиан дінімен алмастыруға болатын еді.
Бұл мәселеде Дала комиссиясы Ш.Уалихановтың пікіріне сүйенді. Өзінің «Даладағы мұсылмандар туралы» жұмысында Шоқан Уәлиханов діни фанатизм орыстар мен қазақтардың қарым-қатынасына кері әсер тигізді деп жазды.
Комиссия Далалық аймақтағы молдаларды тек қазақтар ішінен таңдауға және діни қызметке емтихан тапсырды тоқтатуды ұсынды. Қазақтарды исламдандыру деңгейін төмендету, бұл халықты «мұсылмандық шығыстан» бөлу стратегиялық бағыттардың біріне айнала бастады. 1880 жылы дала генерал-губернаторы Г.А.Колпаковский қазақ даласындағы жағдайды былай бағалады:.... «халықтың бұрынғы өмірі өзгерді, ал жаңалары құрылмады, сондықтан халық дінде рухани сүйеніш іздейді және татар, бұхар көпестері таратқан діни сенімдерге сенеді»
1860-1870 жылдары қазақ халқына мұсылмандық ықпалды шектеу саясатында өзгеріс болды. Далалық аймақты антиисламдық жағдай қалыптасты. Ресей империясы татарлардың экономикалық және мәдени экспансиясына ұшыраған халықтарды қорғаушы ретінде көріне бастады.
Татар молдарына қатысты жаңа саясатқа өту заңды түрде 1868 жылы «Уақытша ережелерді» көрініс тапты. 217 параграфқа сай татар халқының діни ықпалы азайтылды, молдалар тек қырғыздар ішінен сайлану керек болды. 216 параграф бойынша әрбір болыста бір молда болу керек. 229 параграф бойынша мешіттерді салуға генерал-губернатордың рұқсаты болуға тиіс. 230-параграф бойынша жергілікті тұрғындардың сауатын ашуға және мешіттер маңында мектеп салуға уезд бастығының рұқсатын алу қажет.
1868 жылғы «Уақытша ереже» мұсылман қызметкерлерінің мемлекеттік билігіне бағынышты екенін толық көрсетті. Заң жобасының ерекшелігі татар мұсылмандарды қазақ мұсылмандардан бөлуі ұйымдастыру, мешіттердің санын бақылауда ұстау[5;231].
Татар халқының қазақтарға ықпалы жөнінде екі түрлі көзқарас қалыптасты. Бірі антитатарлық саясатты қолдаса, басқалары оған қарсы шықты. Татарлар саудамен айналысуды және қазақ жерінің қоғамдық саяси өміріне араласуды жалғастырды. Негізінен бұл қайырымдылық қызмет атқарушылар болды. Семейде көптеген татарлар көпестер мен кәсіпкерлер болды. Мұрағат құжаттарына қарағанда, Семейдегі қос мұнаралы мешіт семейлік көпестер Сүлейменов, Абдышев, Рафиков және Хамитов қаржысына облыстық діни қызметкердің тапсырысы бойынша салынған. Көпес Мусиннің қаржысына бір мұнаралы мешіт және алғашқы диірмен салынды. Семейдегі татар көпесі Б.Рафиков сабын қайнататын зауыт ашты.
Бұл кезеңде қазақтарға қатысты тіл саясаты да жүргізілді. Патша әкімшілігінің стратегиясын анықтаған ықпалды теоретик орыс шығыстанушылары В.В.Вельяминов-Зернов, В.В. Григорьев, В.В. Радлов, Н.И.Ильинский болды.
Үкімет орындарында қазақтарға татарлардың ықпалына қарсы күресушілер және кирилл әліппесі негізінде қазақ тілі мен жазуын сақтауды жақтаушылар халық ағартушылығының министрі Д.А.Толстой, Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановскийй және Түркістан генерал-губернаторы К.П.Кауфман. Крыжановский қазақтарға татарлардың кері ықпалын көрсетіп, орыс тілін тарату қажеттігі туралы мәселені қойды. 1867 жылы 31 қаңтарда ішкі істер министрі П.А.Валуевқа жазған хатында ол татарлар мен башқұрттарды қазақ даласында жазғыштардың қызметіне сайлауға тыйым салу керек және мұсылман мектептерінде орыс тілін енгізу қажеттігін айтты.
1876 жылы Д.А.Толстой Орынборға барып келген соң императорға қазақ даласында татар мұсылман ықпалымен күрес бағдарламасын ұсынды. Империяның шығысындағы мұсылман халқын ол үш топқа бөлінді. Бірінші орында татарлар, екінші орында башкирлер, үшінші орында қазақтар тұрды. Дала аймағындағы аудармашылардың көпшілігі татарлар болды, татар тілі қырғыз халқы мен патша үкіметі арасындағы жалғыз байланыс құралы болды. Бұл маңызды әкімшілік қателік болатын. Министр «қырғыздардың татарлануына қарсы күрес жургізу қажет екенін атап көрсетті.
Оның пікірі бойынша қазақтарда жазу мен альфавиттің болмауы жағдайды жеңілдетеді.
Бұл мәселені шешу үшін Толстой Қазаннан арнайы Ильминскийді шақырды және оған татар ғалымымен бірге қырғызша мақала жазуды тапсырды.
Бұдан кейін қазақтар ішінен адамдарды шақырып, осы мақаланы оқу шешімін қабылдады, егер барлығы түсінікті болса, онда қазақ тілін орыс алфавитпен түсіндіруге болады. Тәжірибе жүзеге асырылып, кириллица толық ресми түрде енгізілді. Аймақта жағдайды жақсарту тәсілі татар тілін, қазақ тілімен, араб алфавитін кирилицамен, татар жазғыштарын қазақ немесе орыстармен алмастыру болды.
ХІХ ғасырдың аяғынан бастап ауылдар мен болыстарды қазақ-орыс мектептері ашыла бастады. Білім үрдісінен татар тілі мен араб әліппесі ығыстыра бастады. Ауыл мектептерінде оқу үш жыл болды, қазақ тілін білетін орыс және қазақ мұғалімдері қазақ тілінде оқытты. Алайда мектептің басты міндеті орыс тілін оқу, ұраны «мектепте тек орысша сөйлеу».
ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының көзқарасы бойынша орыстандыру қаупі жоғары болды. А.Бөкейханов мұндай саясаттың тиімсіздігін көрсетті: «Исламға қарсы шығу үшін әкімшілік қырғыз даласынан барлық татарларды қудалады. Әкімшілік қырғыз мектептерінде мұғалім орыс тілі міндетті түрде білу керек деген талап қойды. Мектеп ашу және мешіт салу үшін көбнесе берілмейтін рұқсат қажет болды. Нәтижесінде мектептер, мешіттер рұқсатсыз салынды».
Сөйтіп, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Ресей империясының ұлттық саясаты қалыптасты. Ең алдымен, бұл жаңа жерлерде орыс православиелік шіркеу белгілерінің пайда болуымен байланысты болды. Мұрағат құжаттарын талдау және зерттеу барысында патша әкімшілігінің татарлардың қазақ халқына ықпалын жоюға тырысуы ешбір нәтижеге әкелмегенін көруге болады. Осыдан қазақ халқының әлеуметтік жағдайы қалыптасып, демографиялық өзгерістермен ерекшеленіп, үлкен бір үрдісті бейнеленгенін байқаймыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Тәжібаев Т.Т. «ХІХ ғасырдың аяғындағы Қазақстан мектептері және ағартушылық». Алматы, 1962 ж., 507 б.
2. Семей облысы бойынша 1873 жылдық Батыс Сібірдің есебі. // ООТМ 3-қ., 1-тізбе, 11285-іс, 107-б.
3. 1896 жылға Семей облысы бойынша шолу. 1897ж., 274 б.
4. Қазақстан тарихы. ХҮІІІ-ХХ ғасырдың басы құжаттар жинағы. Алматы. Қазақ университеті, 2001ж., 302 б.
5. Мусабалина Г.Т. Восточный Казахстан: История. Политика. Культура. ХІХ век. Семей: Тенгри, 2010, - 433 с.
6. Мырзахметов М. «Қазақ қалай орыстандырылды». Алматы. 1993 ж., 130 б.
7. Қазақстан тарихы: халықтар мен мәдениет. Алматы, 2001 ж., 680 б.
8. Ислам в Российской империи (законодательные акты, описания, статистика). Москва, 2011 г., 445 б.
Патшалық Ресейдің Қазақстан даласында жүргізген демографиялық саясаты
ХІХ ғасырда Ресей империясы белсенді отарлау саясатын жүргізу нәтижесінде территориясы біршама кеңейтілді, ал орталықтың славян тұрғындары казак шаруаларын отарлау нәтижесінде өздерінің этнографиялық шекараларынан тысқары шықты. Ресейдің құрамына әр аймақтағы халықтарды қосу үрдісі әр түрлі жүргізілді. Ал Қазақстандағы территорияларды басып алу әскери күшпен жүзеге асырылып отырды. ХІХ ғасырдың аяғында Ресей империясының құрамына әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейі әр түрлі халықтар енді. Бұл халықтар өмір сүру, дін, мәдени дәстүр, қоғамдық-экономикалық даму деңгейімен ерекшеленді. Бүкіл кеңістіктің этномәдени сегментациясы патша үкіметіне батыс және шығыс территориясында бірдей жүргізілетін ұлттық саясатты құруға мүмкіндік бермеді. Орыс тілді халықтың санын өсіруге тырысқан патша үкіметі ұлттық аймақтарда біртіндеп жергілікті тұрғындарды Ресей орталығына тарту бойынша жалпы іс-әрекеттер жасап, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында орыстандыру курсын ұлттық саясатқа енгізудің шыңы байқалды.
Елде этникалық қарым-қатынас байланысын орнату үшін патша үкіметіне жалпы саяси курс аса зор ықпал етті. Халықтың жартысынан көп бөлігінің Ресей мемлекетінің құрамына күштеп енгізілуі және оларға қатысты үкімет күштеп орыстандыру саясатын жүргізуі жағдайды одан әрі қиындатқан еді. Екінші жағдай, патша үкіметінің мақсат - халықтарды біріктіру емес, «бөліп ал да, билей бер» доктринасын жүзеге асыруға тырысты. Ресей империясы үшін өзіне қажет территориясын, әсіресе Қазақстанды қолда ұстап қалу қажет болды. Бұл дәстүрлі саяси және әлеуметтік құрылымға ауыр тиді. Ресей үкіметінің Қазақ даласы үшін құрған әкімшілік басқару жүйесі екі деңгейден тұрды. Ұлттық әкімшілік басқару жүйесі қазақ даласын империя құрамына енгізудегі көмек көрсететін негізгі канал болды [1].
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласына орыс халқының енуі Ресей империясын басты саяси мақсаттарының негізінде жүргізілді. 1860 жылдан бастап біртұтас Ресейді құруға бағытталған жаңа ұлттық курс енгізілді. Осы уақыттан бастап аймақтағы этнодемографиялық үрдістерге белсенді араласатын Ресей империясының ұлттық саясаты қалыптасты. Бұл негізінен жаңа жерлерге орыс халқын енгізумен байланысты болды. Әрине, Ресей мемлекетінің Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандырудағы мақсаты - ұлттық бірлігін күшейту.
ХІХ ғасырдың басынан бастап қазақ халқының арасында идеологиялық жұмыстар жүргізілді. Олар әр түрлі деңгейде: әкімшілік аппаратпен, миссионерлікпен, білім бөлімдерімен, жеке қоғамдық қызметкерлер де арқылы. Олардың ішінде ағартушылық ұйым маңызды орын алды. Жатжерлік халықтың балаларын толық орыстандыру мақсатында мектептер ашылды. Бұл ағартушылық саясаттың стартегиялық мақсаты ХІХ ғасырдың басында пайда болып, сонау 1917 жылға дейін өзгермеді.
Патша үкіметі білім беру үрдісінде орыс тілін кеңінен қолдану мәселесіне ерекше назар аударды. Ұлттық саясаттағы екінші мәселе, ұлттық мектептерде жалпы білім беруде тілді таңдау болды. Орыстандыру саясаты бойынша білім беруді жургізетін жалғыз тіл - орыс тілі болу қажет еді. Алайда өзіндік жеке дәстүрлері бар көп ұлттық халықтар арасында бұл идеяны жүзеге асыру қиын болды. Сондықтан мемлекеттің ұлттық тілдерді білім беру үрдісіне енгізу мәселесі ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында өзгеріп отырды. Ол көбінесе елдегі жалпы саяси жағдайға байланысты болды.
Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатына орыс прославие шіркеуі белсене қатысты. Егер патша үкіметі өз билігін қарудың күшімен орнатып жатса, ал шіркеу жергілікті халықтың сана сезімін өзгерту арқылы отарлауға тырысты. Мемлекетті әкімшілікпен бірге орыстандыруда шіркеу белсенді рөл атқарды. Ол қазақтардың ұлттық діні мен мәдениетін жоюға және прославиені енгізуге бағытталды. Орыс емес халықтар арасында миссионерлік жұмыстарды жүргізе отырып шіркеу барлық тәсілдермен қазақ халқына әсер етуге тырысты.
Ұлттық ағартушылықта орыстандыру курсы мектеп бағдарламаларындағы ұлттық компоненттерге күш көрсету арқылы жүргізілді. Сондықтан орыстандыру, орыс сауаттылығы мектептер арқылы өткізілуге тиіс болды. Қазақ халқының тарихын зерттеуші, этнограф, ірі ағартушы қазақ мектептері үшін бір қатар оқулықтар авторы, халықтық училищелерінің инспекторы А.Е.Алекторов былай деген: «Қырғыз даласындағы мектептер өзінің жалпы білім беру міндеттерінен басқа, саяси рол де атқарады: ол қырғыз халқы мен байырғы орыс халқын байланыстырып, қырғыздарға мемлекеттік тілді қырғыздарға сіндіреді; ол орыс халқының дәстүрлерімен және көзқарастарымен таныстырады.... Міне осыдан-ақ үкіметке даладағы қырғыздарға кеңінен білім беруді дамыту не үшін керк екенін көріп отырмыз...» [2, 245б.].
Егер 60-жылдарға дейін Қазақстан территориясында мұсылмандық мектептер көп болса, ал кейіннен орыс-қазақ мектептері көбейе бастады. Орыс мектептерін ұйымдастыру осы аймақты басқару үшін әкімшілік аппаратқа кадрлар дайындау үшін де қажет болды.
Осылайша, ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі –Семейде он мың орыс халқы тұрды және ХІХ ғасырдың 80 жылдарында алғашқы орыс-қазақ мектептері ашылды. Семей облысының әскери губернаторы 1872 жылғы өзінің есебінде «оқу бөлімі бойынша жағдайдың жақсаруына халық мән бермейді.... облыста ешқандай оқу қоғамдары, мұражайлар және т.б. жоқ» деп жазған. Орыс-қазақ мектептері мемлекет есебінен жұмыс істеді. Алғашқы кезде оларда қазақ байларының балалары ғана оқыды. Кейін қазақ шаруаларының балалары түсе бастады. Ал интернаттар мен ауыл шаруашылық мектептерде кедейлердің балалары мен жетімдер оқыды» [3,107б.].
1881 жылы 27 қаңтарда мемлекеттік кеңеспен бекітілген «Ақмола мен Семей облыстарында училище ашу туралы қаулы» негізінде орыс халқы үшін бастауыш приходтық училищелер және қазақ балалары үшін пансионаттар ашуға рұқсат берілді. 1883 жылы Семей, Павлодар, Қарқаралы уездерінің орталығында ерлер мен қыздар, Өскемен мен Зайсанда ерлер пансиондары ашылды. 1886 жылы Семей облысындағы бес ерлер мен үш қыздар пансиондарында 152 ер бала 37 қыз бала оқыды [4].
Шіркеу қазақтардың рухани әлеміне әсер етуге және олардың орыс халқы мен христиандыққа қарсы көзқарастарын өзгертуге, сөйтіп православиелік миссионерлікке жол ашуға тырысты. Шіркеу миссионерлік жұмыстар үшін арнайы кадрлар дайындады. Миссионерлердің жергілікті тілдерді білуі олар ашқан ұлттық мектептерде тәжірибеде қолданылды. Патша үкіметінің орыстандыру саясатының қорытындысын бір қалыпты бағалауға болмайды. Барлық этностар патша үкіметінен мектептерде ана тілдерінің сақталуын талап етті.
Самодержавиенің ұлттық саясаты барлық этностарға қатысты оларды біртіндеп ассиммилляциялау мен аккультурациялауды мақсат етті. Сондықтан ХІХ ғасырдың ортасында Ресейдің көптеген халықтары өздерінің тұрмыстық ерекшелігінен айырыла бастады.
Патша үкіметінің реформаларында қазақ жерлерін басқару бойынша шоқынған қазақтарға кейбір артықшылықтар берілді. «Қырғыздардың құқықтары туралы» төртінші бөлімде 1868 жылғы Орал, Семей, Торғай және Ақмола облыстарын басқару туралы қаулыда былай көрсетілген: «247 христиан дінін қабылдаған қырғыздар өздерінің қоғамдарында қала алады, немесе қырғыздарға берілген құқықтарды сақтай отырып, даладағы орыс халықтарына көше алады. Христиандықты қабылдаған қырғыздар ешбір қоғамның рұқсатынсыз өз еріктерімен қала және ауыл қауымдарына ене алады» [5,88б.].
Шаруалар мен мещандардың Семей облысындағы Пермь, Уфим, Пенза губернияларына өз беттерімен енуі 1893 жылы Карпово қонысының қалыптасуына әкелді. Бес жыл бойында бұл қоныстың тұрғындары үкімет қаржысына өмір сүрді; оларға үй салу үшін қаржы берілді, әрбір отбасы қыс уақытында жәрдем алып отырды.
Орыс шаруаларының өтінішімен шіркеу және приходтық мектептің құрылысы бойынша жұмыстар бастау қажет болды. Жұмыстардың бағасы 3830 рубль болды. Генерал-губернатор екі құрылысты салу үшін қаржы бөлді. Дала өлкесінің генерал-губернаторы Сібір темір жолын салу үшін қордан қаражат беру мәселесін қарастырды. Шіркеу 1898 жылы 26 сәуірде салына бастап, 15 қарашада аяқталды. Құрылыстың жылдам қарқынмен жүргізілуі православие мен оның өкілдерінің көмегі тұрақты болғанын дәлелдейді. Олар үшін үкімет қаржы аямады.
Сібір темір жолының салынуы православиенің жан-жақты таралуына өзінше бір мүмкіндік берді. 1898 жылы құрылыс ауданында император ІІІ Александр атындағы қордың қаржысынан 110 шіркеу тұрғызды, олардың 19-ы Ақмола облысының поселектерінде салынды. Шіркеу қызметкерлерінің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 1896 жылы 11 шілдеде шіркеу вагоны жұмысын бастады [26, 218б.].
Православиелік храмдар салу арқылы патша үкіметі мен шіркеулер нақты мақсаттар қойды: қазақтарды шіркеуге тарту, ескі діни-сенімдерін жою, жергілікті халықтардың діни наным-сенімдеріне бақылау орнату. Шоқынған қазақтар православие өкілдері сияқты барлық құпияны сақтауға тиіс болды.
Көшпелі қазақ халқының арасында христиандықты тарату олардың көшпелі өмір салтына байланысты аса қиын болып келді.
Шоқынған қазақтар христиан дінін қабылдаумен қатар православие шіркеуіне қарасты орыс халқының кейбір дәстүрлерін қабылдады. Қоғамда отбасындағы келіспеушіліктер, өтірік айту, ішімдік ішу кең тарады. Бұрын мұндай жағдайлар қазақ даласында болмаған. П.П.Семенов Тянь-Шанскийдің айту бойынша: «қырғыздардың отбасында жанжал болмады, балалар да сирек жазаланған» [6, 219б.]. Бірақ мұндай жағдайлар орыс православие шіркеуінің жоспары мен міндеттеріне кірмеген.
Патша үкіметі орыс шаруалары мен казак әскерлерін енгізу арқылы Ресей империясының территориясын кеңейтуге тырысты. Бұл өте ұзақ және қиын үрдіс болды. Мұнда орыс шаруалары ерекше орын алды. Олар жатжерлік жерлерді орыс жерлеріне айналдыруға тиіс болды. Казактар мен шаруалар патша үкіметінің тыңшылары болды.
Ресей мемлекетін бекіту үшін жаңа жерлерде орыс халқының сыни тобын құру қажет болды. Олар демографиялық тұрақтылықтың негізі болар еді.
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында қоныс аударушы орыс шаруалары Далалық аймақтың барлық жерлеріне қоныстана бастады. Бұл жерлерге орыс шаруалары шіркеулер, орыс ауылдарын салды.
Отарлаушы территорияның «орыстануының» басты көрсеткіші орыс топонимиясы болды. Орыс шаруалары қоныстанған аймақтарға орыс атаулары беріліп, қазақша атаулар мүлде жоғала бастады. Кейбір кезде қазақша атауларды орысшалап алу да кездесті. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Батыс – Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорд жаңа қоныстарға Ресей империясының император отбасынан және белгілі дворяндардан шыққан адамдардың есімін беру туралы қаулы шығарды: Алексеевка, Михайловка, Николаевка, Александровка [7]. Сонымен қатар тарихи оқиғаларға байланысты қоныстарға ат қою тәжірибесі кеңінен таралды.
ХІХ ғасырдың 60 жылдары басты міндет саяси тұрақтылық ретінде «үлкен орыс ұлтын» құру идеясы болды. Ресей үкіметі азиялық жерлерге қатысты «отар» терминін пайдаланудан бас тартты. Еуропалық державалардан Ресей империясының ерекшелігін көрсетті.
Ғылыми әлем мен үкімет орындарында беделді географ П.П.Семенов Тянь-Шанский бұл жерде тек Ресей территориясының кеңеюіне ғана көрсетпейді, сонымен қатар орыстардың отарлау саясаты нәтижесінде Европа мен Азия арасындағы этнографиялық шекаралардың ары қарай шығысқа жылжуын көрсетеді. Осындай көзқарастар газет, журналдарда ғана емес, сонымен қатар ресми құжаттарда да көрініс тапты.
Далалық аймақ ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Ресей империясы белсене пайдалануда тырысқан территориялық резервке айналды. Бұл уақытқа дейін қазақ жерлерінің Ресейге қосылуы қазақ билеушілерінің ұсынысымен жүргізілді. Орыс халқының көптеп келуі көшпелі қазақ халқының дәстүрлі жүйесін бұзды. ХІХ ғасырдың 60 жылдары жағдай өзгерді. 1865 жылдан бастап Дала комиссиясы «қазақ жерлерін Ресей империясының құрамына толық қосып алу әкімшіліктің жалғыз мақсаты» деген қорытынды жасады. ХІХ ғасырдың 70 жылдары генерал-губернатор Н.Г.Казнаков далалық аймақты «орыстандырудың» жалғыз әдісі «отарлау жолымен қырғыз халқын орыстандыру» деген қорытындыға келді.
Орыстардың отырықшы шаруашылығын енгізу арқылы көшпелі қазақ халқымен байланыстарын нығайтты. Қоныстандыру саласындағы мамандар «бірігіп қоғамдық жұмыстар атқару арқылы қырғыздарды орыстармен жақындатуға және олардың ішінде еуропалық өркениетті таратуға көмектеседі» деп түсіндірді.
ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында қоныстандыру қозғалысының басталуы нәтижесінде қазақ даласы негізгі отар ауданына айналды. Шығысқа қоныстану үрдісі орыстардың географиялық қоныстануын ғана кеңейтті, сонымен бірге ұлт ретінде араласуын тездетті.
XVIII ғасыр қазақ жерінің оңтүстік-шығыс саудада, саяси барлау жұмыстары, қазақтардың сауатын ашуда Ресей әкімшілігі Сібір мен Еділ татарларын пайдаланды. XVIII ғасырдың ІІ жартысында Солтүстік және Шығыс Қазақстанда татарлар пайда бола бастады. XVIII ғасырдың 60-90 жылдарынан бастап Семей аймағына татарлар қоныстана бастады. ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары татар отбасылары Көкпекті ауылы мен Зайсан қаласына тұрақты өмір сүруге қоныстана бастады [8].
Сауданың дамуына жағдайдың жақсаруы қазақ жерінде татарлардың көбеюіне әкелді. Татарларды аудармашы және жазғыштар ретінде пайдаланды. Олар қазақтардың Ресейге қосылу кезінде маңызды орын алды. Қазақтардың тілі мен дәстүрін білуі, ұзақ тарихи байланыстары, діни сенімдерінің бір болуы және тілдерінің ұқсастығы татарларға қазақтарды империя құрамына қосуда негізгі мәдени байланыстырушы болуға мүмкіндік берді. Ұзақ уақыт татар садагерлері, молда мен мұғалімі Ресей өкіметі мен қазақ ақсүйектерін байланыстырушы болды. Патша үкіметі мен қазақ ақсүйектерінің арасындағы дипломатиялық байланыстар татар тілінде жүргізілді. Сонымен бірге молдалар Ресей үкіметі үшін ақпарат көзі болған еді. Бұл идея 1781 жылы 21 сәуірде ІІ Екатеринаның қаулысы негізінде жүзеге асырылды [9]. Ол бойынша қазақтардың ішінде Қазан губерниясынан шыққан молдаларды барлаушы ретінде жіберу керек еді. Осы арқылы қазақтардың бүкіл тұрмысын өз бақылауында ұстауға тырысты.
Қазақ жерін отарлаудың бастапқы кезеңінде Ресей империясы Дала аймағының саяси әкімшілігін және фискальды құрлысын күшейту міндетін қойды. Алайда татар саудагерлері, молдалары өз мақсаттарын көздеп, қазақтарға теріс ықпал етуі мүмкін деген қорқыныш пайда болды. 1825 жылы Омбы облысының басшысы С.Б.Броневский «қырғыздардың ішіндегі татар молдалар мен мұғалімдерді біртіндеп орыстармен ауыстыру керек» деген құпия қаулы қабылдау қажет екенін айтты. Алайда бұл ешқандай нәтиже бермеді. Себебі қазақ тілін білген казактардың өзі татарлардың орнын бас алмады, өйткені араб графикасын пайдаланып жаза алмады.
ХІХ ғасырдың І жартысында патша өкіметі татарлар қазақтарға ықпал етуі мүмкін деген қорқыныш аса қатты болмады. Татар тілін білетін адам ауыл старшыны сияқты беделді қызметтерге сайлана алатынын қазақтар түсінді. ХІХ ғасыр ортасынан бастап жағдай өзгере бастайды, қазақтардың орыс тілін үйренуі маңызды мемлекеттік міндет ретінде қалыптасады. Жергілікті тілдерді кирили әліппесіне ауыстыруға тырысу қазақ даласында байқалды.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап патша үкіметі үшін татарлар саяси қарсыластарға айналды. Шығыс халқының бірігу қаупі Ресей империясы үшін қорқынышты болды. Патша үкіметі Орта Азия мен Қазақстанда антитатарлық саясат жүргізу идеясын қолға алды.
Азиялық далалық аймақтарда Ресей саясатының өзгеруі туралы мәселе 1860 жылының басында бірнеше себептерге байланысты болды. Біріншіден, мемлекеттік шекараларды оңтүстік пен шығысты жылжыту және қазақ даласын «ішкі аймаққа» айналдыру. Екіншіден, реформалардың бұл өзгерістерді империяның шығыс халқына таратуға тырысуы. Үшіншіден, жаңа ұлттық көзқарастардың пайда болуы.
Қазақтардың ескі сенімдерін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды, өйткені оларды кейін христиан дінімен алмастыруға болатын еді.
Бұл мәселеде Дала комиссиясы Ш.Уалихановтың пікіріне сүйенді. Өзінің «Даладағы мұсылмандар туралы» жұмысында Шоқан Уәлиханов діни фанатизм орыстар мен қазақтардың қарым-қатынасына кері әсер тигізді деп жазды.
Комиссия Далалық аймақтағы молдаларды тек қазақтар ішінен таңдауға және діни қызметке емтихан тапсырды тоқтатуды ұсынды. Қазақтарды исламдандыру деңгейін төмендету, бұл халықты «мұсылмандық шығыстан» бөлу стратегиялық бағыттардың біріне айнала бастады. 1880 жылы дала генерал-губернаторы Г.А.Колпаковский қазақ даласындағы жағдайды былай бағалады:.... «халықтың бұрынғы өмірі өзгерді, ал жаңалары құрылмады, сондықтан халық дінде рухани сүйеніш іздейді және татар, бұхар көпестері таратқан діни сенімдерге сенеді»
1860-1870 жылдары қазақ халқына мұсылмандық ықпалды шектеу саясатында өзгеріс болды. Далалық аймақты антиисламдық жағдай қалыптасты. Ресей империясы татарлардың экономикалық және мәдени экспансиясына ұшыраған халықтарды қорғаушы ретінде көріне бастады.
1868 жылғы «Уақытша ереже» мұсылман қызметкерлерінің мемлекеттік билігіне бағынышты екенін толық көрсетті. Заң жобасының ерекшелігі татар мұсылмандарды қазақ мұсылмандардан бөлуі ұйымдастыру, мешіттердің санын бақылауда ұстау [6,231б.].
Бұл кезеңде қазақтарға қатысты тіл саясаты да жүргізілді. Патша әкімшілігінің стратегиясын анықтаған ықпалды теоретик орыс шығыстанушылары В.В.Вельяминов-Зернов, В.В. Григорьев, В.В. Радлов, Н.И.Ильинский болды.
1876 жылы Д.А.Толстой Орынборға барып келген соң императорға қазақ даласында татар мұсылман ықпалымен күрес бағдарламасын ұсынды. Империяның шығысындағы мұсылман халқын ол үш топқа бөлінді. Бірінші орында татарлар, екінші орында башкирлер, үшінші орында қазақтар тұрды. Дала аймағындағы аудармашылардың көпшілігі татарлар болды, татар тілі қырғыз халқы мен патша үкіметі арасындағы жалғыз байланыс құралы болды. Бұл маңызды әкімшілік қателік болатын. Министр «қырғыздардың татарлануына қарсы күрес жургізу қажет екенін атап көрсетті. Оның пікірі бойынша қазақтарда жазу мен альфавиттің болмауы жағдайды жеңілдетеді.
Бұл мәселені шешу үшін Толстой Қазаннан арнайы Ильминскийді шақырды және оған татар ғалымымен бірге қырғызша мақала жазуды тапсырды. Бұдан кейін қазақтар ішінен адамдарды шақырып, осы мақаланы оқу шешімін қабылдады, егер барлығы түсінікті болса, онда қазақ тілін орыс алфавитпен түсіндіруге болады. Тәжірибе жүзеге асырылып, кириллица толық ресми түрде енгізілді. Аймақта жағдайды жақсарту тәсілі татар тілін, қазақ тілімен, араб алфавитін кирилицамен, татар жазғыштарын қазақ немесе орыстармен алмастыру болды.
ХІХ ғасырдың аяғынан бастап ауылдар мен болыстарды қазақ-орыс мектептері ашыла бастады. Білім үрдісінен татар тілі мен араб әліппесі ығыстыра бастады. Ауыл мектептерінде оқу үш жыл болды, қазақ тілін білетін орыс және қазақ мұғалімдері қазақ тілінде оқытты. Алайда мектептің басты міндеті орыс тілін оқу, ұраны «мектепте тек орысша сөйлеу».
Сөйтіп, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Ресей империясының ұлттық саясаты қалыптасты. Ең алдымен, бұл жаңа жерлерде орыс православиелік шіркеу белгілерінің пайда болуымен байланысты болды. Мұрағат құжаттарын талдау және зерттеу барысында патша әкімшілігінің татарлардың қазақ халқына ықпалын жоюға тырысуы ешбір нәтижеге әкелмегенін көруге болады. Осыдан қазақ халқының әлеуметтік жағдайы қалыптасып, демографиялық өзгерістермен ерекшеленіп, үлкен бір үрдісті бейнеленгенін байқаймыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 5 томдық. 3 т. Алматы: «Атамұра», 2010, 768 б.
-
Тәжібаев Т.Т. «ХІХ ғасырдың аяғындағы Қазақстан мектептері және ағартушылық». Алматы, 1962 ж., 507 б.
-
Семей облысы бойынша 1873 жылдық Батыс Сібірдің есебі. ООТМ 3-қ., 1-тізбе, 11285-іс, 107-б.
-
1896 жылға Семей облысы бойынша шолу. Семей, 1897ж., 274 б.
-
Қазақстан тарихы. ХҮІІІ-ХХ ғасырдың басы құжаттар жинағы. Алматы. Қазақ университеті, 2001ж., 302 б.
-
Мусабалина Г.Т. Восточный Казахстан: История. Политика. Культура. ХІХ век. Семей: Тенгри, 2010, - 433 с.
-
Мырзахметов М. «Қазақ қалай орыстандырылды». Алматы. 1993 ж., 130 б.
-
Қазақстан тарихы: халықтар мен мәдениет. Алматы, 2001 ж., 680 б.
-
Ислам в Российской империи (законодательные акты, описания, статистика). Москва, 2011 г., 445 б.
Сталиндік билік тұсындағы Жоғарғы Ертіс өңірінің этнодемографиялық жағдайы
Жоғарғы Ертіс өңірі әртүрлі ұлыстардың және халықтардың топтасқан орталығы болып табылады, сондықтан осы өңірдің даму тарихында әрбір халықтың орны мен ролінің маңызы жоғары.
Шығыс Қазақстан халқының көп ұлттық құрамының құрылуы XVIII ғ. Ертіс және Колывано-Воскресенскийлердің пайда болып, Ертісте бекініс пен қамалдар салынған кезде басталды. Бекіністерде қоныстанған қазақтар этникалық біртекті болған жоқ, олардың арасында орыстар, украиндықтар, татарлар, поляктар, қалмақтар және басқа да ұлыстар болды. Бірінші орыс шаруа ауылдары сол кезде құрылған, ал XIX ғасырдың аяғы – XX басында украиндық, белорустық, эстондық. Кенді Алтай аумағында қазақтармен бірге басқа да халықтар мекендей бастады [2, 28б.].
Шығыс Қазақстан аумағында (қазақтардан кейін) ең көп этникалық топ орыстар болды. Қазақстан аумағында орыс, кеңірек (шығыс славяндық) ел әртүрлі жолдармен және тек бойынша әртүрлі топтармен құрылды және ХVI ғ. Қазақстан аумағында яичный (орал) казактардың бірінші қоныстары пайда болды. ХIХ ғ. ортасына дейін өңірдің орыс ел арасында казактар, әскерлер, қалалардың шағын тұрғындары (мещандар, төрелер, кәсіпшілер, саудагерлер және т.б.) басым болды.
Шығыс Қазақстан орыс елдерінің көбеюі 1760 жж. Польшаға діни қудалаулардан қашқан, және Ресейге ықтиярсыз қайтарылған (оларды «поляктар» деп атай бастаған) ескі діни орыстардың есебімен болды. «Поляктар» Өскемен қ. жақынырақ, бірнеше солтүстік Бұқтармаға түсетін, Ертістік оң жақ тармақтарының, Уба к. және Үлбі к. ағымы бойынша, Бұқтарма ескі дәстүршілерімен бірге орналасты. Бұқтармалықтар мен «поляктар» жалпы шығу және ұзақ бірге тұру күйінде мәдени-тұрмыстық қатынаста жақындасты.
Бұқтарма ескі дәстүршілер мекені – Қазақстан аумағында бірінші орыс шаруа қоныстардың бірі. Олар рекруттан экономиялық және діни езгіден баспана іздейтін, поволжский және орталық орыс губерниядан қашқын диқандармен ХVIII ғ. Шығыс-Қазақстан облысында құрылды. Осы мекендер Бұқтарма к. жолы қиын таулы алқаптарда (жергілікті терминолония бойынша «таста», сондықтан барлық ел «тасшылар» деп аталған) үкіметке беймәлім болып қала берген, және тек 1791 ж. бастап тұрғындар орыс тұғырығына арнайы қосылды [3, 162б.].
Бұқтарма алқабының географиялық жағдайы және типографиялық шарттарының күшінде, оны отарлау өзен ағымы бойынша жоғары, батастан шығысқа қарай істелді. Алдымен алқаптың тек төменгі бөлігі ғана бос болмады. 1864 ж. дейін Чугучагский келісім-шарты Ресейге сол жақ жағаны да тапсырмай тұрып, Бұқтарма өзені Қытай мен Ресей мемлекеттік шекарасын құрады. Қазақтар Бұқтарманың сол жақ және оқ жақ жағаларын өздерінікі деп санауын жалғасыра берді.
1866 ж. Теріс-Бұлақ өзенінде, Бұқтарманың сол жақ құйылымында, Ресейдің еуропалық бөлігінің губерния бөлігінен, көршілес Томск бөлігінен шыққан, бірінші орыс диқандар пайда болды, және қазақтардан шабындықтарды шауып, кесіп, егіндіктерді жыртып, өздеріне үйлер салып, омарталар жасай бастады [4, 4б.].
Сол мезгілде ХIХ ғ. екінші жартысында Қазақстан аумағына шаруа-ауғын дүрмектері ұмтылды. Қазақстанның далалық облыстарының көп бөлігінде шығыс славяндық ел орыс-украиндықтармен аралас болды (Павлодар және Қарқаралы уездерінде украиндық, ал қалғандарында оңтүстік орыс елдері басым болды). Оңтүстік таулы аудандарда ауғындар арасында орыстар басым болды – сонымен қатар, басты көбінесе оңтүстік орыс губерниясынан шыққандар (Бұқтарма к. ауданынан басқа, орталық және солтүстік орыс аудандарынан шыққандар-ескі дәстүршілермен ел орналастырылған).
XX ғ. екінші жартысына дейні Қазақстанның орыс елі көбінесе казактармен ұсынылды. Өлке аймағында үш қазақ-орыс әскерлері орналасты: Орал, Сібір және Жетісу [5, 195б.]. Қазақстанның солтүстік аймақ отырықшы тұрғындарының басым көпшілігі XIX ғ. ортасында орыстар, қалмықтар, башқұрттар, мишарлар, татарлар, өзбектер, түрікмендер және қарақалпақтар 63957 адам қазақ емес елдері тұрған, Орал қазақ-орыс әскеріне қарады. Осы ауғындардың негізгі бөлігі – 48465 адам – Новолинейный ауданында жиналды, ал қалғандары облыстың түрлі сызықтық және жазықтық қашықтықтарында орналасты [6, 208б.]. 1860 ж. олардың саны 78104 адам құрап, көбейді. Сол уақытқа дейін әскери ел өзінің құрамы бойынша көп этникалық болып қала берді, оның ішіне Поволжья және Оңтүстік Оралдың көптеген түркі-монғал тілдес халықтарының келімсектері) 1860 ғ. Орал әскери құрамында 67162 орыс (86%), 5704 башқұрт және мишарь (7,3%), 3892 татарин (4,9%), 1142 калмақ (1,5%), 204 қарақалпақ және қазақ (0,3%) саналды [6, 209б.].
Сібір қазақ-орыс әскері Ақмола және Семей – далалық генерал-губернатордың екі облысында, сонымен қатар Томск губерниясының Бийск өңірінде жайластырылды. Әскер аймағының көп бөлігі Оренбургск губерния шекарасынан Ертіс өзеніне дейін, кейін Ертіс және Бұқтырма бойынша, ені 10-нан 30 шақырымға дейін, жіңішке қиықпен созылды.
Қазақ тұрғындары – 172 мың адам - ұлттық қатынаста әртекті болды (орыстар, украиндықтар, белорустар, мордва, татарлар және т.б.) Сонымен қатар, қазақ даласында қазақ жерлері жеке аралшықтарға бөлінді.
Ертістің жоғарғы бекіністерінің ең алғашқы тұрғындары Сібір қазақтары болды. XVI аяғынан және XVII ғғ. ағымында Шығыс және Батыс Сібір бекіністері және қалалары бойынша бөлінген, барлық мемлекеттік қазақтар сібірліктер деп аталды. Сонымен қатар, мемлекеттік қазақтар олар орналасқан қалалар мен бекіністің аттарын алып жүрді (пелымдықтар, сургуттықтар, березовскийлер, тарсктлер, тобольстер, иркутсктер, красноярлықтар және т.б.).
XVIII ғ. бастап, Ертістің бастауын Ресейге қосуымен байланысты, бекіністер құрылысымен, оларға Сібір қалаларынан мемлекеттік казактарды, мергендерді және басқаларды ауыстырды. Оларды бекініс қазақтары, ал қалаларда қалғандарын – қалалық сібір казактары деп атады [1, 9б.].
XVIII ғасырдың 60-жылдар аяғында қазақ-орыс әскери санын оған «адамдардың түрлі атағын» қосумен өсіру бұйрығы болды. Ең алғаш өз отанына қайта алмайтын жағдайдағы сол және басқа себепте қалған, донецтарды, оралдықтарды, башқұрттарды және мещеряктарды қосып алды. Христиан дінін қабылдаған, қазақта жоңғарды анықтады. 1757 ж. тамызында Өскемен бекінісінде 277 жоңғар шоқынды. Қазақ даласынан Ертіске қашқан құлдар есепке қосылды. Әскерді құру көзі «түрлі шен» жұмыстан мүлдем босанған драгундар және сарбаздар, кісенделген адамдар, түрлі текті қылмыскерлер және «айыптылар» адам жолдарына қоныс болды [1, 10б.].
XIX ғ. 60 жж. басында қазақтардың Сібір облысына және бұрынғы Семипалатинск облысына (қырғыздарсыз) 679774 адам қоныстандырды. Ұлттық құрам бойынша олар келесі бейнемен бөлінді: қазақтар – 581998 (85,6%), орыстар – 90482 (13,5%), поляктар және Батыс Еуропа мемлекетінің келімсектері – 814 (0,1%), еврейлер – 273 (0,007%), өзбектер, башқұрттар, мишарлар, қалмақтар, қарақалпақтар, туркімендер, татарлар – 6207 (0,9%).
XIX ғ. 60 ж. аяғында өңірдің шығыс бөлігінде 1122179 адамдай тұра бастады [44, 176б.]. 1845 ж. 21 желтоқсанынан бастап шетелдіктерге Семей облысында және Сібір қазақтар облысында қоныстануға рұқсат етілді. 1860 жж. облыста 1274 шетелдік саналды [7, 180б.].
Сібір қазақ-орыс әскер елінің саны әр жыл сайын көбейе бастады. Есеп-санақ бойынша 1897 ж. олар 28717 адам саналған, онда 1914 ж. – 54423 адам [8, 87б.].
Семиречендік қазақ-орыс әскері Семиреченск облысында орналасқан, 1867 жылы сібір қазақтарының 9-шы және 10-шы полктық өңірлерінен пайда болған. Семиреченск қазақ-орыс әскрінің құрамында орыстар, татарлар, қалмақтар, қазақтар және қырғыздар болған. XIX ғ. аяғында, Верный қаласынан басқа, қазақ басқармасының орталығы тұрған жерде семиречендік казактар Сергиополь, Ұржар, Лепсин, Сарқан, Копаль, Кок-Суйскт, Каскетин, Голубовск, Надеждинск, Софийск, Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Николаевск 13 станицаларын орналастырды [43, 213б.]. Содан басқа, оларда 17 қоныс аударушылар болды. 1894 жылдың басында Семиреченск әскери аймағында халқы 32,5 мың адамдай болды, сонымен қоса 25 мың әскерлер және бөтен қалалықтар 7,5 мың, ал 1914 ж. олардың саны 54,3 мың адамды құрды. [17, 18б.]. Семипалатинск облысы бойынша 1914 жылға казактардың жалпы саны 13,1% құрды [9, 45б.].
XIX ғ. аяғына таман қазақ-орыс әскер құрамын қалыптастыруына байланысты, негізінде бітті, олай болса санаулы құрамның ауытқуы шамалы және табиғи қозғалыспен, басты кейіппен шақырылды. 1906 ж. облыста 15 станицаға кіретін, 66 қазақ ауылы есептелді. Ауылдың үйездері бойынша келесі бейнемен бөлінді: Қарқаралыда – 1, Зайсанда – 4, Павлодарда – 16, Семипалатинскте – 17, Өскеменде – 26 ауыл [8, 87б.].
Шығыс Қазақстан орыс халқын қалыптастырудың басқа әлеуметтік көзі, міндетті әскери қызметтен кеткеннен кейін тұрақты мекенге қалу жеке себептері бойынша қалайтын, жұмыстан мүлдем босанған сарбаздар, кіші және орташа офицерлік шендер және мүгедектер болды. Осы қоныстанушылар тобы 40-60 жж., Сенат нұсқауына сәйкес, сібір әкімшілігі пәтерге орналастырған, бұрынғы әскери қызметкер тұрақты әскерінен құралды. XVIII ғ. Ертіс шекаралық сызықтың бекініс, қорған және алдағы бекіністер бойынша. Новоишимск, Ертіс және Колывано-Кузнецк бекітілген сызықтарын құру осы аймақтардың отырықшы-диқаншылық отарлауында және өлкенің сызық жанындағы аудандарда европа халқының аграрлық тобының массалық көшіп-қонуларына арналған белгілі алғышарттар құрды.
Солтүстік және Шығыс Қазақстанның ұлттық шаруа отарлауының басы 40-50-ші жж., XVIII ғ. ащы-тұзды дала өзендерінің және Ишим және Кртіс құйылыстары бойынша беіністер, қорғандар және алдағы бекіністер салынғаннан кейін, бірінші шаруа қоныстары пайда болған кезден бастап тиісті болды. [6, 199б.].
1881 ж. патшалық үкіметі болып диқандарды көшіру туралы Уақытша ережелер, ал 1889 ж. – қазыналық жерлерге ауыл тұрғын адамдарын ерікті көшіру туралы заңы қабылданды. Осы заң шығаратын акт ресей диқандарының көші-қон райларын айтарлықтай ынталандырды. Транссібірлік темір жолдарын жүргізу (1891-1905 жж.) ауғындарды ауыстыруға қажетті материалдық инфақұрылымды тудырды. Н.Е. Бекмаханованың мәлімдері бойынша 1890 ж. Қазақстанға ауғындардың екі ірі сел беттеді – біреуі Полтавск губерниясынан (21 мың ад.астам), ал басқасы Самардан (19 мың ад.жоғары), орташалар - Самар, Астрахан, Воронеж және Черниговсктан (10-нан 13 мың адамға дейін) және шағындар – Перм, Сатаровск, Воронеж, Казанск, Пензнск және Тобольск губернияларынан (5-тен 8 мың адамға дейін) [6, 215б.].
Көшіп-қону қозғалысының арқасында славян халқының саны XX ғ. басында айтарлықтай көбейді. Орыстардың үлесі 1897 ж-дан 1917 ж-ға дейін Семипалатинск облысында 9,5 %-дан 13,7 %-ға дейін өсті. Осы уақытта украиндықтардың үлесі Семипалатинск облысында 0,5 %-дан 8,0 %-ға дейін өсті [10, 26б.].
Шығыс Қазақстан орыс халқының көпшілігі 89,9% мың адам (66%) Александровск, Зыряновск, Бобровск, Бухтарминск, Верх-Бухтарминск, Владимирск, Нарымск, Риддерск және Өскемен 9 әкімшілік болыстарында біріктірілген, XIX ғ. аяғына таман 120 жоғары шаруа ауылдары болған жерде, Алтай кенінде тұтас орналасты. Украиндықтар олардың саны 3 мың құрайтын басты Семипалатинск облысында топталды [6, 216б.]. Құжаттар бойынша орыстар негізінде «Великорустар және малорустар бірыңғай шығарушы өнеркәсіппен айналысады...» өнеркәсібімен бос болмағандығы мәлім. Жалпы XIX-XX ғғ. шекарада ауғындардың славянды этникалық топтары Қазақстанның барлық аумағында орналасты, ал солтүстік-батыс және солтүстік-шығыста орыс және украин ауылдары ірі славяндық арал құрастырды. Архивтік мәлімдер қалай белгілейді: «Великорустар егін шаруашылығының басымдылығы бойынша айналыса отырып, үйездерде қалай, қалаларда да солай едәуір біркелкі жайластырылды» [11, 22б.].
Зерттеушілер Қазақстанға ауғындардың массалық қозғалысының 2 мезгілін белгілейді. Біріншісі – патша өкіметтері ауылда жағдайдың асқынуынан, қазыналық жерлерге шаруаларды ауыстыру жағдайына саясатты қайта қарастыруына әжбүр болғандықтан, Ресейде (1861 ж.) басыбайлы ережелердің жойылғандығынан кейін. Осы жер аудару реформасының салдарынан 1861 ж. Шығыс Қазақстан аумағында бірінші украиндық қоныстар пайда болды. Қажеттілікпен, құқықсыздықпен және озбрлықпен қуаланған шаруалар он және жүз мыңдай азықтану және таңдаулы өмір іздестіруде Сібірге беттеді. Олар Украинаның сол жақ жағалауынан және даласынан шыққан, белсенді және жігерлі адамдар болды. Черниговщинаның және Полтавщинаның келімсектері, Херсонецтар, Екатериндіктер, Тавричандер басым болды. Солай Шығыс Қазақстанның ең алғашқы аумағында: Таврия, Донское, Георгиевка, Украинка (1892-1899 жж.) бірінші украин ауылдары қалыптасты.
Екінші кезең, ауғындардың тартылуы Украинадан қазақстан ауылдарына айрықша жүрген кезде айтарлықтай көбейді, зерттеушілер Сібір темір жолдарының ашылуымен (1894 жыл) және столыпиндқ аграрлық реформаны жүзеге асырумен байланыстырады. Қоныс аудару XIX аяғы – XX ғғ. басында Украинаның сол жақ жағалауы Полтавск, Харьковск, Таврическ, Херсонск, Екатеринославск, Киевск алты губерниядан басты бейнемен жүргізілді. Ауғындарға берілгендердің барлығы, ірі жер иелерінен жерді жалдауға талпынған, кедей шаруалардан және малайлардан шығушылар болды. Сібір және Қазақстанның меңгерілмеген аудандарына қоныс аударуға бет алған шаруалар, өздерін және отбасыларын үлен тауқыметтерге дұшар етті [12, 6б.]. Олар «өзінің коштымен», яғни қозғалудың өз қаржыларына, өз есебіне қоныс аударды [1, 13б.]. Алғашқы жылдары қоныс аударушылар жер үйлерде тұрды, жерді қолмен істелетін: күректермен, кетпендермен, ағаш соқамен өңдеді. Өнімді алғанға дейін қалай-да азықтану керек болды. Қазақтар, ауғындардың кедейленгенін көре тұра, олармен еттерімен, киіз үйлерімен бөлісті. Тұрып жатқан аумақтары тексерілген, патша төрелермен құрылған, құжаттарда, сол уақытта (1907-1912 жж.) баспа-бас айырбасы қалыптасты: іске дән, ұн, картоп, жеміс-жидектер және егіншіліктің басқа өнімдері жүрді. Ауғындар қазақтарға егін шаруашылығын меңгеруге көмектесті, ал қазақтар олардың климаттық жағдайларына өздерінің мал өсіруді басқарудың ғасырлық тәжірибесін жеткізді [12, 10б.].
Тұрғын халықтарымен тілдесу қазақ, орыс және украин тілдерін үйренуге әкеліп соқты, ал ауғандармен – қазақ тілін. Әсіресе бұл балалардың арасында, мектепте, тұрмыстық жағдайда тез таралды. Мысалы құжаттарда Ақмола губерниясына жол тартқан шаруалар мың километр өткеннен кейін, тек Семипалатинск жерімен анықтады. Сол кезде жерге сәйкес құжаттарды алуға және өтінішті бекітуге Омскке қайта қайту керек болды [12, 7б.].
Украинаның Ходоковына басқа да қиыншылықтар күтіп тұрды. Патша төрелері, украиндықтары белгілегендей көбірек соңғы жақтар бір жағынан қазақ ауылдарының және екінші жағынан орыс ауылдарының арасында сыналып, кіші тұтас топтармен басылып қалды. Тек бірнеше жерлерде жаппай украиндық ауылдар кездеседі. Алайда, қиын этникалық және мәдениеттік айналаға қарамастан, зерттеушілер, украиндықтар өздерінің үлгілі тұрмыстық сызықтарын сақтады және басқа ұлттарға едәуір қуатты әсерін тигізгенін белгілейді. [12, 8б.].
XX ғ. басында украин халқының саны недәуір өсті. 1915 ж. аяғына таман украиндықтар өңірдің барлық облыстарында тұрды [6, 248б.], ал 1917 ж. таман Семипалатинск облысының аумағында украиндықтардың үлесі 8,0% құрады. Сонда белорустардың үлесі 0,1% құрады [10, 26б.]. Шығыс Қазақстан аумағында белорустық ұлт өкілдерінің аздығы, 1906 ж. столыпинді аграрлық реформа жүргізіліп, және олардың саны мағынасыз болғаннан кейін, XX ғ. басында олар біздің облыс аймағында көшті деп түсіндіріледі. Негізгі масса Приуралда, Сібірде, Солтүстік Қазақстанда аласарды. Тек XX ғ. 20-30 жылдары тәркілеуді политикасы, ұжымдасыру нәтижесінде облыс халқының сандық және ұлттық құрамы көп өзгерістерге төзді. Орыс, татар, немістердің саны көбейді. Әсіресе осы кезеңде белорусс ауғындары пйда бола бастады. Оларды Риддер және Шемонайха кендерінде кездестіруге болатын.
XIX ғ. екінші жартысынан бастап Қазақстан аумағында еврейлер белсенді қоныстана бастады. Бірінші рет израилдықтардың мәліметтері бойынша, Қазақстанда еврейлер Ұлы Жібек Жолының ашылуымен пайда болды. Есте қаларлығы, олардың пайда болу дерегі сауда әрекеті болып белгіленді. Әсіресе, олар тауарларды Батыстан Шығысқа және кері тасыды. Алайда Қазақстанның еврейлермен нағыз игеруі XIX ғ. келеді [13, 116б.]. Шығыс Қазақстанда еврейлердің саны туралы бірінші статистикалық мәліметтері, Семипалатинск округы бойынша 12 яһудилер тіркелгенде, 1825 ж. қатысады. 1861 ж. 8 еврей тікелей Өскеменде тұрды. Олар әскери тұтқындары, саяси жер аударылғандар, сатушылар болуы мүмкін.
XIX ғ. 60-шы ж. отырықшылық шек тысында өмір сүруге құқық бергендіктен, оларға көпестер класына жазылуға рұқсат болғандықтан, 1857 және 1866 жж. заңдар дәлелдейтін, еврейлерге жұмсақ қатынасты болғаны белгілі. Сібір және Қазақстанда еврейлер тасқынының көбейуі контонистердің есебімен болды, олардың көбі патша қызметін аяқтағаннан кейін, өз тағдырларын дала өлкесінде құрмақшы болды. XIX ғ. аяғына таман, Дала өлке халқының жалпы санынан еврейлердің саны 2% құрады. [14, 46б.]. Дәл сол кезде «бейімделгіш диаспораларды» теория белгісінің астында өтпекші болған, еврейлі диаспораны қалыптастыру болды. Оның мәнісі, үкімет сол қоғамдық-пайдалы функциялардың мемлекеттеріне қандайда бір төтенше қажеттіліктерді орындауға өздерінің тұрғын аймақтарында мамандандырылған, элиталармен сол диаспораларды барлық ірі қызметтестікке полиэтникалық империяларға бейімділік көрсетті. Дамыған коммуникативтік байланыстардың және шет тілдерін оқуы диаспоралардың өкілдеріне түрлі бағыттың жаңартпасын жүргізу кезінде делдалдық қызмет сферасында мамандар рөлінде орындауға мүмкіндік берді, сонымен қатар басымдық этникалық топ жүзеге асыра алмаған, сол маман сфераларында көпестер, кәсіпкерлер, өсімқорлар, дәрігерлер және т.б. ретінде.
Сонымен қоса Қазақстан аймағында еврей диаспораларының басым бөлігі бұқар еврейлері құрайтынын ескеру қажет. Тарихшылар айтқандай, бірінші рет олар ассирийцтер тұтқынына түсіп, б.з. дейін VIII ғ. пайда болған. Кейбір жиһангерлер олар туралы бұрынғы уақыттарда еске алады. «Бұқар» еврейлері атауы олардың орналасқан жерінен кетті: Ресейдің Орта Азияны жаулап алғанға дейін, еврейлердің көп бөлігі 1864 ж. бастап өзінің тәуелсіздігін Бұқар еврейлері – ол ерекше еврейлік топ. Олар көп салттарды байырғы тұрғындардан қабылдады және кейін пайда болған еврейлерден едәуір ерекшеленді. Түрлі басқарушы кезінде және түрлі уақыттарда оларды ислам дінін қабылдауға мәжбүрледі. Статисикалық мәліметке сәйкес, олардың саны 10 мың адамды құрады [13, 117б.].
Басымдылық бойынша еврейлер орыс фирмаларында сауда агенттері болды, қалаларды және жайлауларда қазақ халқының арасында несие ісімен айналысты. XIX ғ. аяғында еврейлердің көпшілігі өнеркәсіптің тұқым өндіру ісімен бос болмады. Архивті мәліметтердің белгілеу бойынша: «XIX ғ. 90-шы ж. басында көпестік алтынды өнеркәсіп компаниялары өткен білімді жоғалтады, олардың ұлттық құрамы да өзгереді». Алтынды өндірумен татарлар, поляктар, немістер, еврейлер айналыса бастады. Сонда бар заңға сәйкес әр қазбаға жіберілген алаң көлемі, ені 100 сажыннан көп емес, ұзындығы 5 шақырымды құрады. Неғұрлым көп алаңды алу үшін, алтын өнеркәсіпшілері барлық жанұяларға және туыстарына дайындауға мүмкіндік куәліктерін ала бастады [15, 64б.]. 1864 ж. Өскеменде орналасқан, жұмыстан мүлдем босанған «николай солдаты» Хотимский алтынды өнеркәсіптік серіктестік құрды, және XIX аяғы - XX ғғ. басында Хотимский жанұяларының 14 кем емес мүшесі алтын өндіру сферасында жұмыс істеді. Сонымен қатар олар үкімет жақтауынан тәуелді болды және басымдық этникалық топ халқының жетілмеген қабаттарын мобилизациялау жағдайында «козлами отпущения» болуға ұшырады. Осы теорияның қисынынан шыға келе, көбінесе еврейлер бейімделгіш диаспора рөліне тәуір жарады. Осы шарттарда еврейлер олардың қызметтің ежелгі түрлерімен отарлық әкімшілікке және аймақтарға әділ ізденіп алу керек болды.
Алайда қолайлы материалдардың қорытындысы жарамдылықтың бірнеше басқа бейнесін көрсетеді. Тәжірибеде олар, бейімделгіш диаспораның ерекше белгілерімен байланысты, көрп функцияларды орындады. Қазақстанда еврейліктер ең алдымен саудамен айналысты. Сол туралы құжаттар дәлелдейді: «еврейлерде басты жұмыс сауда болып табылады...». 1870-90 жж. сауданың негізгі түрі жәрмеңке болды.
Тек қана еврейлік диаспора емес, бұрынғы Қазақстанда тұрып, сауда қызметкерімен айналысты.Архивтік мәліметтерде Қазақстанда диаспораның саны бойынша (орыстар мен украиндықтардан кейін) 3-ші орын алған, татарлар, тағы саудамен айналысқандығы мәлім: «Тобольск губерниясының Вятск, Казанск және Тюменск уездерінен көшіп келген татарлар, өнеркәсіпте және, әсіресе саудада тапқыр, әрекетті, еңбекқор…» [15, 5б.]. Қазақстан аумағында XIX ғасырдың екінші жартысында татар, неміс, славяндардан басқа басқа да мордвина, еврей, қалмақ, башқыр және т.б. ұлыстардың өкілдері тұрды. Осы этникалық топтардың ерекше көбі 11,9 мың адам есептелінген, мордвалық диаспора болды. Қазақстанның корей диаспорасына салса. Көздер XIX-XX ғ. шекарада бірінші корейлер Алтайда пайда болды, бірақ олардың жамағаты көп жылдар бойы аса аз болып қала берді [16, 57б.].
Сөйтіп, XX ғасырдың аяғында Қазақстанда үлкен көші-қон үрдісі жинақылығымен және өз дамуының өзгешелігімен ерекшеленген, кейбір Европа және Азия халықтарының ірі диаспоралары қалыптасты. Келесі он жылдықта саны өсуімен сол этникалық топтар экономикалық және әлеуметтік-мәдени тұрмыстық өңірінде елеулі рөл ойнай бастады.
-
Алексеенко Н.В. Усть-Каменогорск и устькаменогорцы. - Усть-Каменогорск, 1995-77с.
-
Алексеенко А.Н., Айтказина З.Н., Краснобаева Н.Л., Уалиева С.К., Тарасова Е.В., Серекпаева А.Б., Агыбаева Г.А. Репродуктивные установки женщин Восточно-Казахстанской области. – Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2006. – 256 с.
-
Камалджанова Т. Из истории формирования диаспор Восточного Казахстана во II половине XIX века //Аманжолов оқулары – 2007: халық.ғылыми-практик.материалд.жинағы. Өскемен. 2007. – 7 Бөлім. –162-165б.
-
Айдарбаева Р.К. Формирование казахского населения Алтайского края //Этнодемографические процессы в Казахстане и сопредельных территориях: матер. VI Международной научно-практической конференции, г. Усть-Каменогорск, 27-28 ноября 2004 г. - Усть-Каменогорск, 2005. - С. 3
-
Краснобаева Н.Л. Население Казахстана по данным первой всеобщей переписи населения Российской империи 1897 года (региональный аспект) //Этнодемографические процессы в Казахстане и сопредельных территориях: матер.V Междун. научно-практич. конф., г. Усть-Каменогорск, 20-21 октября 2003 г. – Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2004. –С. 190-198.
-
Алексеенко Н.В., Алексеенко А.Н., Ерофеева И.В., Масанов Н.Э. История Казахстана народы и культура. - Алматы: Дайк-Пресс, 2000. – 680 с.
-
Бекмаханова Н.Е. Формирование многонационального населения Казахстана и Северной Киргизии Последняя четверть XVIII – 60-е годы XIX вв.- Москва: Наука, 1980. - 279 с.
-
Панковская Г.И. Формирование состава населения Восточного Казахстана в первой четверти XX века // Этнодемографические процессы вКазахстане и сопредельных территориях г. Усть-Каменогорск, 27-28 ноября 2004 г.– Усть-Каменогорск, 2005. - Часть 2. – С. 80-91.
-
Алексеенко Н.В. Демографические последствия первой мировой войны в Казахстане //Этнодемографические процессы в Казахстане и сопредельных территориях: 20-21 октября 2003 г. – Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2004. – С. 41-45.
-
Алексеенко В.Н. Этнический состав и размещение славянского населения Казахстана в конце XIX – начале XX в. // Этнодемографические процессы в Казахстане и сопредельных территориях: материалы конференции. – Усть-Каменогорск, 1999. – С. 26-27.
-
Камалджанова Т.А. Социально-демографическое и культурное развитие этнических диаспор Восточного Казахстана (1937-2005 гг.). кандидат.диссерт. Семей – 2009 – 159 с.
-
Макаренко А.Ф. Украинцы. - Алматы: Білім, 1998. – 176 с.
-
Степанов Д.В. Формирование структуры занятости евреев в Казахстане в конце XIX – начале XX веков: к постановке проблемы // Этнодемографические процессы в Казахстане и сопредельных территориях:материалы конференции, г. Усть-Каменогорск, 2004 г. - С. 116-125.
-
Машкевич А.А. Евреи и Казахстан. - Алматы: Жазушы, 2003. – 130 с.
-
Татары Семипалатинского Прииртышья. Центр документации новейшей истории Восточно-Казахстанской области. - Семипалатинск, 1998. – 67 с.
-
Бойко В.С. Корейская община Западной Сибири //Этнодемографические процессы в Казахстане и сопредельных территориях:материалы 20-21 октября 2003 г. – Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2004. –С. 56-70.
-
Алексеенко Н.В. Историческая демография Казахстана.- Усть Каменогорск, 2001-67с.
ХХ ғасырдың аяғындағы Шығыс Қазақстан өңірінің
әлеуметтік-демографиялық дамуы
Кез-келген елдің демографиялық дамуы сол елдің халқының тарихын көрсетеді. Халық – мемлекеттің негізгі байлығы және өндіргіш күштері. Халықтың саны, оның жас-жыныстық құрылымы, ұлттық құрамы, білім деңгейі және кәсібі туралы нақты деректерді пайдаланбай, кез-келген мемлекет өзінің демографиялық, экономикалық, тіпті саяси бағдарламасын дұрыс анықтай алмайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Ойланып жүргізілген демографиялық саясат, біріншіден, халықаралық нормаға қайшы келмейді, екіншіден, жедел даму стратегиясы жүзеге асқан жағдайда жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғап, шетел жұмысшыларының республикаға келуін шектейді»,- деп атап өтті.[1;56]
Демографиялық саясат Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Демографиялық даму ел экономикасының өсуіне, оның қорғаныс қабілетін нығайтуға және мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей ықпал жасайды. Қоғамдық жүйенің экономикалық-саяси, әлеуметтік-демографиялық және өзге де құбылыстары мен процестері өзара байланысты және негізделген. Демографиялық ахуал экономикаға, саясатқа, әлеуметтік өмірге, ұлтаралық қарым-қатынасқа және т.б. тікелей әсер етеді. Қоғамның бір саласының проблемасын бағаламау мен қадағаламау әлеуметтік жүйенің құлауына әкелуі мүмкін. Сондықтан да, мемлекеттің ішкі саясат мәселелеріне қатысты тактикалық және стратегиялық мәселелерін анықтауда демографиялық жағдайды дұрыс талдау және ғылыми болжамдар жасау өте маңызды. Қазіргі таңда демографиялық саясат саласындағы проблемаларды шешу өзектілігімен ерекшеленуде. Өкінішке орай, орындалуына практикалық нәтижелері мен осы салада теоретикалық жобалары жасалса да көрінген жоқ. Қазақстанның халқының қалыптасу өзгешеліктері мен дамуын ескеретін, демографиялық тоқыраудан шығатын жолды анықтайтын жолдарды табу қажет. Келешекте бұл еліміздің дамуы мен кемелденуіне ықпалдасатын демографиялық проблемаларды шешу мен демографиялық ахуалды сауықтыруға мүмкіндік береді.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының жоғары дамыған өндіріс өңірлерінің бірі болып қалыптасты. 90-жылдар басында халық шаруашылығы кешені құрылымында облыстағы өнеркәсіп саласының үлес салмағы – 62 пайыз, ауыл шаруашылығы – 4 пайыз, транспорт – 6,9 пайыз, құрылыс – 4,5 пайыз, қызмет көрсету саласы – 12,8 пайыз және басқа салалар – 9,8 пайыз құраған. Облыс өнеркәсіптері 90-жылдары барлық сала бойынша өндірістің құлдырауы, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі, өндірістік күштерді пайдалануды шектеу, экономикалық байланыстардың үзілуі, негізгі қорлардың ескіруі секілді жағымсыз факторларға ие болды.[2;11]
Халықтың тіршілік деңгейі – аса маңызды әлеуметтік санаттардың бірі болып табылады. Халықтың тіршілік деңгейіне халықтың қажетті материалдық игіліктер және қызметтермен қамтамасыз етілуі, оларды нақтылы тұтыну деңгейі және осы игіліктер мен қызметтердегі тиімді қажеттіліктерге қанағаттану жәрежесі жатады.
Тіршілік деңгейінің көзіне ақша табысының негізгі көрсеткіштері, оларды пайдаланудың негізгі бағыттары, құрамы мен көлемі туралы сипаттайтын мәліметтер халықтың ақша табысын бөліп саралауды сипаттайтын көрсеткіштер әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштері.
Табыс ұғымына жеке меншікті пайдалану немесе экономикалық қызметтердің әртүрлі түрлерінің нәтижесінде еңбектің төлемақысы ретінде алынатын материалдық игіліктер мен қызметтер түріндегі немесе ақшалай түрде келіп түсетін барлық түрдегі кірістердің, сонымен қатар ақысыз әлеуметтік көмек, жәрдемақы, үстеме ақы мен жеңілдіктердің барлық соммасы жатады.[3;155]
1999 жылға қарай Шығыс Қазақстан облысы халқының нақтылы ақша қаражаты 5 есеге өсті, бірақ бұл көрсеткіш республикалық ақша қаражатының көрсеткішінен төмен еді. Санақ мәліметтері бойынша 1999 жылдың өзінен бастап, облыс бойынша кірістер 4036 теңге, ал орташа республикалық кірістер шамасы 3408 теңгені құрады.[4;52]
Халықтың табыс деңгейін анықтау барысында тек қана олардың нақтылы ақша табысының шамасын ғана бағалау емес, сонымен қатар жұртшылықтың тұтыну мүмкіншілігінің сандық өлшемін де бағалау маңызды болып табылады. Халықтың табыс көзін ең төменгі өмір сүру деңгейінің шамасымен салыстыру барысында, халықтың негізгі физиологиялық мұқтаждықтарға қанағаттану мүмкіншілігін көрсетті.
Облыс орталығында тіршілігі орташа халықтың ақша табысының көзі ең төменгі өмір сүру деңгейінің шамасынан артық, Курчатов және Риддер қалаларында облыстың жалпы деңгейінен ,1-3,7 есеге көп. Шемонаиха және Зырян аудандарында халықтың ақша табысының деңгейі ең төменгі өмір сүру деңгейінен – 2,2 есеге, ал Семей қаласында – 2,3 есеге, Бородулиха ауданында – 2,2 есеге, Глубокий ауданында – 2,1 есеге артты. Тарбағатай және Қатонқарағай аудандарындағы халықтың әрбіреуінің нақтылы ақша табысының деңгейі ең төменгі өмір сүру деңгейінен 29-38,8 пайызға дейін артып түсті.[5;5]
Зерттелу кезеңінде облыс бойынша еңбекақы деңгейін саралау сақталды. Санақ мәліметтері бойынша, 1997 жылы облыстың орта деңгейіне жеткен жоқ (9200 теңге), оның ішінде Үржар, Абай, Қатонқарағай және Бесқарағай аудандарында 9000 теңгеден де артқан жоқ.
1995 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысындағы еңбекақы мөлшері республикалық деңгеймен бірдей болып қала берді, ал 1996 жылдан бастап еңбекақы мөлшері республикалық көрсеткіштен біраз ғана мөлшерде ұлғайды, 2000 жылдан бастап қайта төмендеуі байқалды. Егер 1997 жылы еңбекақы деңгейі бойынша Шығыс Қазақстан Қазақстанның басқа да аймақтарының ішінде 5 орында тұрды.
Тіршілігі орташа халықтың ақша табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінің шамасынан артып түсуі, аймақтағы экономикалық жағдайға байланысты халықтың тұтынушылығы да артып, еңбекақы мөлшері де орныға бастауына байланысты, бұл жағдай халықтың өмір сүру сапасын анықтаудың қолайлы көрсеткіші болып табылады.[4;53]
Аймақ тұрғысынан алғанда халықты еңбекпен қамту әр түрлі болды. Аудандардың тең жартысында еңбекпен қамту деңгейі 10,2 пайызды құраған, облыстағы көрсеткіштен төмен болды. Аягөз, Глубокое, Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандарындағы еңбек нарығындағы жағдай өте қиын еді. Бұл аудандарда еңбекпен қамту орталығына өтініш білдіргендердің жұмыспен қамтылуы 2,7 пайыздан – 6,2 пайызды құрады.[2;11]
Қазақстан Республикасында демографиялық жағдайдың нашарлауына бірнеше факторлар әсер етті. Алдымен, КСРО ыдырағаннан кейін қалыптасқан күрделі әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрғындар арасында туу көрсеткішінің азайып, өлімнің көбеюіне, сөйтіп табиғи өсімнің кемуіне әсер етті. Екіншіден, халық санының азаюына 1992 жылы басталған Қазақстаннан өзге ұлт өкілдерінің жаппай өз тарихи отандарына көшуі себеп болғаны белгілі. Көші-қон үрдісі нәтижесінде механикалық өсімнің болмауы 1989 жылғы Бүкілодақтық, 1999 жылғы республикалық тұрғындар санын азайтты. Халық саны, әсіресе, елдің өндірісі дамыған аймақтарынан Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарынан халықтың шетелге көшіп кеткенінен азайды. Демографиялық жағдайдың нашарлауының негізгі себептерінің бірі тұрғындардың медиандық жасының ұлғайып, геронтологиялық қартаюы. Ел құрылымындағы 60 пен одан да жоғары жастағылардың (9,23%-тен 10,74% дейін) көбеюі осының дәлелі. [6;80-81]
Әр елдегі шынайы демографиялық жағдайды басты үш демографиялық процесс анықтайды, бұлар: туу деңгейі, өлім-жітім, миграция. Олардың әрқайсысында демографиялық және демографиялық емес мүдделер қайшылығы көрініс табуда және ол әр елде қалай, қандай уақыт көлемінде шешіледі, бұл олардағы демографиялық даму мен оның ақырғы нәтижесіне байланысты.
Халық санының өсуі негізінен екі жағдайға: табиғи өсім (туылғандар мен қайтыс болғандар санының айырмашылығы) және механикалық өсімге (көшіп келгендер мен көшіп кеткендер санының айырмашылығына) байланысты. Тұрғындардың табиғи өсімі – адам ұрпағының үздіксіз алмасуы. Ұрпақтардың алмасуы – адамдардың өмірге келуі және өлімі нәтижесі.
Қазақстанда алғашқы санақ 1897 жылы өткізілді. Қазақстанда санақ өткізу реттілігі он жылда бір рет өткізу тәртібін қарастырады. Осындай реттілікті БҰҰ ұсынған. Ресей Федерациясы аумағында да осындай реттілік қолданылады, ал кейбір елдерде санақ рәсімі әр 5 жыл сайын өткізіледі.
КСРО ыдырап, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін күрделі демографиялық өзгерістер мен көші-қон толқындары қалыптасты. Бұл кезеңде Шығыс Қазақстан облысы халқының демографиялық дамуы өзгеріске ұшырады. Әрине, тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттағы Шығыс Қазақстан облысының демографиялық хал-ахуалына талдау жасау үшін, кеңестік дәуірде жүргізілген Бүкілодақтық санақ қорытындыларына көз жүгіртіп, салыстыру, зерделеу қажет.
Шығыс Қазақстан облысы республиканың шығысында орналасқан, 1932 жылы құрылды. 1997 жылғы әкімшілік-территориялық реформадан кейін Шығыс Қазақстан облысы мен Семей облыстары біріктірілді. Облыстың қазіргі аумағы – 283,3 мың шаршы шақырым болды, ол республика территориясының 10,4%-ын құрады. Көлемі жағынан облыс республика бойынша Қарағанды (428,0 км.) және Ақтөбе (300,6 км.) облысынан кейін үшінші орында.Облыс аумағы жоғарғы Ертіс бассейнінде орналасқан, Оңтүстігінде Қытаймен және Алматы облысымен, солтүстік-шығысында - Ресеймен, батысында - Қарағанды және Павлодар облыстарымен шектеседі.[5;6]
Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының саны жағынан Қазақстанда салыстырмалы түрде алғанда 1989 жылы екінші орында болса, 1999 жылы үшінші орынға түсті.
1999 жылғы санақ мәліметі бойынша облыста халық тығыздығы әрбір шаршы шақырымға 6,2 адамнан келіп республикалық орташа көрсеткіштен жоғары болса, 1999 жылы халық тығыздығы 5,4 адамға төмендеп, республикалық көрсеткішпен теңесті. Облыс халық тығыздығы жағынан республика бойынша 14 облыс арасында 7-орында. [7;19]
1991 жылғы мәлімет бойынша облыс тұрғындарының саны (1999 жылғы территорияда) 1773,3 мың адам болса, оның 854,3 мыңы ер адамдар (48,2%), 919,0 әйелдер (51,8%) болды. Осы жылы облыс тұрғындары республика халқының 10,9% -ін берді.[5;13]
1999 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында тұрғындардың саны 1532,5 мың адам, оның ішінде 732,9 мың ер адамдар (47,8%), 800,0 мың (52,2%) әйел адамдар болды. Облыс тұрғындары 1999 жылы республика халқының 10,2 пайызын құрады.[8;6]
1991-1999 жылдар аралығындағы он жыл ішінде облыс халқы 240,8 мың адамға немесе 13,5%–ға кеміді. Оның ішінде ер адамдар (121,4 мың адам) 14,2%-ға, әйелдер (119,0 мың адам) 12,9%-ға азайды. Облыс халқы 1992 жылдан бастап бірінші рет азая бастады. Шығыс Қазақстан облысы халық санының кемуі жағынан республика бойынша бесінші орында болды.[5;13]
Халықтың қоныстануы – күрделі әлеуметтік-экономикалық үрдіс, сондықтан, халықтар географиясымен қатар оны демография, социология, этнография және басқа да ғылымдар зерттейді. Соның ішінде әлеуметтік география үшін халықтың таралуы мен қоныстануын табиғи ортамен байланысты қарастыру маңызды.
Халықтың қоныстануының басты заңдылығы – қоныстану формасының экономиканың даму деңгейі мен ерекшеліктеріне сәйкес келуі. Нақты бір елдегі халықтың қоныстану үрдісінің дамуы ірі үш топқа бөлінетін факторлар тұтастығымен анықталады: 1) әлеуметтік-экономикалық факторлар; 2) табиғи факторлар; 3) демографиялық факторлар.[9;27]
Қоныстану саясатын дұрыс таңдап анықтау республиканың аумақтық құрылымдарында өндіргіш күштерді тиімді орналастыруды ғана емес, сонымен қатар сыртқы факторларды есепке алу, яғни шетелдік еңбек күшін жұмылдыруды да қамтиды. Қоныстандырудың басты мақсаты – экономикалық белсенді халықты еңбек ресурстары ретінде өндіріс салаларында тиімді пайдалану және жаңа өндіріс орындарын орналастыруда оларды есепке ала білу.
Қазақстандағы этнодемографиялық қоныстану ерекшеліктеріне тарихи және географиялық аймақтық-экономикалық ерекшеліктер тән. Атап айтқанда, кейбір аймақтарда халықтың тығыз қоныстануы демографиялық үрдістердің де жоғарғы көрсеткіштерімен қатар сипатталса, өзге аймақта сирек қоныстану мен демографиялық төменгі көрсеткіштермен сипатталу байқалады. Бұл қоныстандыру саясатын жүргізудегі алғашқы мәселенің бірі.
Әркелкі этнодемографиялық таралып орналасу аумағы үлкен, алайда сирек қоныстанған мемлекеттің жағдайын қиындатуы мүмкін. Шекара маңы мемлекеттерінің қоныстануындағы қазіргі кездегі геосаяси жағдайларын (координаттарын) ескеру қажет. Қазақстан территориясының сирек қоныстануы ұлттық қауіпсіздік мәселесінің өзектілігін арттырады. Қазақстанға Орталық Азия мемлекеттерінің миграциялық экспансиясы Қазақстанның ұлттық, лингвистикалық, діни, қылмыстық және геосаяси қақтығыстар қаупін жоғарылатуы әбден ықтимал. Тарихи өзгерістерді есепке ала отырып, қоныстандыру саясатын, ең алдымен, демографиялық гиганттар тарапынан көрсетілетін демографиялық қысымды назарға ала отырып жүзеге асыру қажет.[9;28]
Шығыс Қазақстан облысында 1999 жылғы санақ бойынша 899745 тұрғындары бар 40 қалалық қоныс болса, оның 10-ы ірі қалалар, 30-ы жұмысшы поселкалары. Облыстағы қала тұрғындары республикадағы қала халқының 10,7%-ын құрады. 1989-1999 жылдар аралығында республикада қала тұрғындары 8,3%-ға кемісе, облыста бұл көрсеткіш (131853 адам) 12,8% болды. Қала тұрғындарының саны 1989 жылдан 1991 жылға дейін табиғи өсім нәтижесінде көбейсе, 1992 жылы басталған көші-қон үрдісі қала халқының санын азайтты. Қала тұрғындарында 1994 жылдан бастап табиғи өсім жоқ. Қала құрушы кәсіпорындардың жабылуына байланысты халық санағы аралығында тұрғындардың саны Белоусовка поселкасында 23,7%-ға, Алтайда 40%-ға, Асубұлақта 42,7%-ға, Огневкада 57,8%-ға, Ақтауда 91,3%-ға кеміген.[7;20]
Аймақтың табиғи жағдайына және кәсіпорындардың шоғырлануына байланысты Шығыс Қазақстан облысының территориясында тұрғындар әр түрлі тығыздықта қоныстанған. Бұған негізінен аудандардың шаруашылық-экономикалық жағдайы әсер етті. Өнеркәсіп жақсы дамыған, қалаларға жақын аудандарда халық тығыздығы жоғары, қалаларға және теміржолдарға алыс, әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашар аудандарда халық тығыздығы төмен.
1999 жылғы санақ қорытындысы он жыл ішінде облыс халқының жастық құрылымы өзгерді. 1991 жылдан бастап облыста 15 жасқа дейінгі балалар үлесінің кемуі мен қарт адамдар үлесінің артуы анық байқалады. 0 жас пен 15 жас аралығындағы балалар жасының үлесі 1991 жылдан 1999 жылға дейін 29,1 пайыздан 25 пайызға дейін қысқарған. Өзгерістер негізінен 0 мен 4 жасқа дейінгі балалар жасында болған, себеп болған туу көрсеткішінің қысқаруы, 60 жастан асқан қарт адамдар саны 11,8 пайыздан 12,1 пайызға кеміген. Ж.Боже-Гарье және Россеттің демографиялық қартаю шкаласы бойынша облыс тұрғындарында 1989 жылы орташа демографиялық қартаю белгісі білінсе, 1999 жылы демографиялық қартаюдың алғашқы кезеңінде екенін көруге болады. [2;13]
Еліміздің көп ұлттылығы, негізінен, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың І жартысында қалыптасқан. Кеңес өкіметінің соңғы жылдары этностық сана – сезімнің өсуімен ерекшеленді. Кеңес дәуірінен қордаланып қалған ұлт мәселелерінің болуы қазіргі кезеңде ұлт саясатына ерекше ыждағаттықпен қарауды қажет етеді.
Ресей империясы мен КСРО үшін этатизм принциптеріне жақын болу тән еді. Партиялық құжаттарда ұлттық саясат бағдарламалары әрқашан маңызды орын алғаны тегін емес.
Көп ұлттық қоғамда топтардың «демографиялық мінез-құлықтың жақындастырудың, әлеуметтік-экономикалық деңгейлерін үйлестірудің барлық талпыныстарына қарамастан сапалы алға жылжу бола қоймады.
Қазақстанда тарихи жағдайдың қалыптасуы (жергілікті халықтың «кеңестенуі» нәтижесінде саны қысқарды әрі қазақтар сан жағынан аз ұлтқа айналды) және географиялық ерекшеліктерге (мекендеу ландшафты ретінде территорияның үлкендігі және көшпелі халықтың қоныстануы), шет жақтан адамдардың көптеп келуіне байланысты қайта құру неігзінен табиғи күш-қуатты пайдалану мақсатымен жүргізілді. Байырғы тұрғындардың өмір салты жоққа шығарылды.[10;32]
Этноконфессионалды мәселенің бірі – миграция. Қазіргі Қазақстанның этникалық құрылымының әртүрлі болуының өзі ХХ ғасырдың бірінші ширегінен бастап Кеңес өкіметінің демографиялық миграция саясатының салдары болып табылады. ХХ ғасырда Қазақстан халқының саны, әрі құрамы үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұл – 1916 жылғы көтеріліс, Азамат соғысы, ашаршылық, ұжымдастыру, күштеп халықтарды қоныс аудару мен репрессияның нәтижесі. Мұның өзі жергілікті халықтың Монғолия, Қытай, Ауғанстан, Иран, Түркия сияқты елдерге қоныс аударуына мәжбүр етті және Кеңес Одағының репрессияға ұшыраған түрлі ұлт өкілдерінің келуінің де себебі юолды. Мұндай саясаттың нәтижесінде Қазақстанның жергілікті халқының 1996 жылға дейін санының аз болуына әкелді.[11;45]
Қазақстан республикасында жүзден аса ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттер қатарындағы бірден-бір мемлекет Қазақстан Республикасы өзінің территориясындағы барлық ұлт өкілдерінің тілінің, мәдениетінің дамуына ерекше көңіл бөліп отырған ел. Оны біз кейінгі санақ қорытындыларынан да көре аламыз. Бізде барлық ұлт өкілдерінің өз тілінде білім алуына мүмкіндіктер жасалған, әр ұлт өкілінің мәдени орталықтары бар, Қазақстанда өмір сүріп жатқан аз ұлттардың Ассоциациясы құрылған. Көп ұлтты Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап бір ұлт өкіліндей ел экономикасын дамытуға үлес қосуда.
Көші-қон үрдісінің әсерінен Қазақстанның көп ұлттылық құрамы үнемі артып отырды: егер 1920 жылы 30 халықтың өкілі тіркелсе, 1970 жылы 114, ал 1986 жылы 120 болды. Ал қазіргі кезеңде елімізде ресми деректер бойынша 130 ұлттар мен ұлыстар тұрады. Шығыс Қазақстан облысы да еліміздегі көп ұлтты облыстардың қатарына жатады. 1999 жылғы халық санағында Шығыс Қазақстанда 106 ұлт өкілдері тіркелді. Олардың ішінде 8 ұлт өкілдері: қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар және белорустар – саны жағынан көп болып табылады, олардың үлесіне облыстағы барлық халықтың 95,7% келеді.[12]
1999 жылы қала тұрғындарының саны 899745 адам болса, оның ішінде 445394 қазақ (33,1%), 155582 орыс (59,9%), 3695 украин (1,3%), 4594 татар (2,2%), 16187 неміс (1,7%) болды. Халық санағы аралығында қалалық жерлердегі қазақтардың саны 38,8%-ға өссе, орыстар 24,5%-ға, украиндар 56,8%-ға, татарлар 9,9%-ға, немістер 43,7%-ға кеміген. Он жыл аралығында қалада тұратын немістер мен украиндардың саны екі есеге жуық кеміді.[13;12-13]
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 631279 адам болса, оның 445394 қазақ (70,5%), 155582 орыс (24,6%), 3695 украин (1,1%), 4594 татар (0,7%), 16187 неміс (2,6%), 5827 басқа ұлт өкілдері (1%) болды. Он жылда ауыл тұрғындарының саны 104348 адамға (14,2%) кемісе, оның ішінде қазақтар 28006, орыстар 44500, украиндар 4220, татарлар 1297, немістер 22348 адамға азайған.[7;21]
Облыста 1999 жылы қазақтардың 60%-ы, орыстардың 22,2%-ы, украиндардың 24%-ы, татарлардың 19%-ы, немістердің 50%-ы ауылда тұрды.
1999 жылы республикадағы қазақ халқының 19%-ы, орыстардың 16%-ы, украиндардың 3%-ы, татарлардың 10%-ы, немістердің 9%-ы Шығыс Қазақстан облысында тұрды. Яғни, халықтардың арасалмағын республикалық деңгеймен салыстырсақ, Шығыс Қазақстан жерінде орыстардың, татарлардың 1%, ал немістердің 2%-ға өскенін көреміз. Облыстағы қазақтардың саны он жыл аралығында 8,0%-ға өссе, республикада бұл көрсеткіш 22,9% болды. Он жыл аралығындағы облыста қазақ халқының санының өсуі республикалық орта көрсеткіштен 14,9%-ға кем болды. Шығыс Қазақстандағы қазақтардың санының өсуінің көрсеткіші тек Солтүстік Қазақстан облысынан ғана алда.[14;5]
Шығыс Қазақстан облысындағы әкімшілік аудандарды ұлттық құрамына байланысты екі топқа бөлуге болады.
Қазақ халқының үлесі басым аудандар: Семей қалалық әкімшілігі, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Қатонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандары. Бұл аудандарда облыстағы қазақ халқының 85,5% орналасты.[7;22]
Орыс халқының үлесі басым аудандар: Өскемен қалалық әкімшілігі, Курчатов қаласы, Зырян, Риддер (Лениногор), Бородулиха, Глубокое, Шемонаиха аудандары. Бұл аудандарда облыстағы орыс халқының 72,9% орналасты.
Сонымен, Қазақстандағы осы кезеңдегі демографиялық ахуалға қорытынды жасай келіп, халықтың санын көбейтетін, құрамын нығайтатын, тарихи-демографиялық ғылым айқындаған екі жолды, табиғи өсім мен сырттан келетін көші-қонды оң пайдалану керек. Табиғи өсімді күшейту үшін жастарға, әсіресе жаңа отбасыларға, көп балалы аналарға, олардың жас ұрпақтарына өкімет тарапынан жан-жақты, нақтылы, тұрақты және жүйелі түрде қамқорлық, тікелей жәрдем ұйымдастырылуы қажет. Ал сырттан келетін оң көші-қонға келсек, шетелдердегі қазақтарды елге қайтару үшін де мұнан да күрделі шаралар іске асса жөн болар еді. Қазақ халқына тарих берген осындай мүмкіндіктерді толық және уақытында пайдаланып, елдің санын көбейтіп, қатарын нығайта түсіп, өркениетті қауымда өз орнымызды алғанымыз жөн-ақ.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992.-29 б.
2. Сайлаубек Ә. Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1991-2008). тарих ғылым. Канд. Ғылыми дәрежесін алу үшін дайын. Диссерт. Авторефер Семей, 2010.-32 б.
3. Арынов Д. Қазақстан кедейшілікпен күресу бүгінгі күннің басты міндеті. //Қазақстан жоғарғы мектебі.-2009.- №7.-154-157 б.
4. Сайлаубек Ә. Шығыс Қазақстан халқының ақша табыстары мен шығындарының сипаттамасы (1993-2008 ж.ж.) //Шәкәрім атын. СМУ Хабаршысы. -2009.- №4(48).-51-55 б.
5. «Шығыс Қазақстан цифрларда» стат. жинағы.-Өскемен, 2008.-240 б.
6. Мұхаметжанова Н.А. 1980-1990 жылдардағы Өскемен қаласының демографиялық жағдайы // Вестник КазНУ. Серия историческая.-2007.- №1(44).-79-83 б.
7. Құрманов Ф.С. Шығыс Қазақстан облысының халқы (1989-1999 ж.ж.) : тарих ғылым. Канд. Ғылыми дәрежесін алу үшін дайын. Диссерт. Авторефер.-Өскемен, 2002.-30 бет
8. Итоги переписи населения 1999 года по Восточно-Казахстанской области: В 3 т.- Алматы: Агенство РК по статистике, 2000.- Т.1.-158 с.
9. Орынбек Б.А. Қазақстандағы халықтың қоныстану ерекшеліктері // Вестник КазНУ. Серия географическая. 2007.- №1(24).-25-28 б.
10. Елмурзаева Р.С. Қазақстанның демографиялық және миграциялық үрдістері // Қазақ өркениеті, 2008.- №1.-31-32 б.
11. Гужвенко Ю. Межэтнические отношения в Восточном Казахстане // Азия и Африка сегодня, 2007.- №7.-44-47 б.
12. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 3-том.-Алматы: «Атамұра», 2002.-768 бет
13. Итоги переписи населения 1999 года по Восточно-Казахстанской области. Том 1. Алматы, 2000 г.-157 с.
14. Демографический ежегодник Казахстана, 1999.-Алматы: Агенство Республики Казахстан по статистике, 2001.-61 с.
Тәуелсіздік жылдарындағы Жарма ауданның мәдени жетістіктері.
1990 – шы жылдардағы мәдени жұмыстардың мазмұны Қазақстанның саяси тәуелсіздік алуы, Абай, Мұхтар, Жамбыл сияқты ғұламалардың мерекелік тойлары, қайта оралған наурыз мерекесі, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен айқындалады. Осыған байланысты әрбір кәсіпорында, ұжымдарда, мектептерде ауқымды іс-шаралар өтті.
Ұлы Абайдың 150 жылдық мерекесіне арналған бағдарламаның пердесі 1994 жылы маусымда Шар қаласында өткен ғылыми-практикалық конференциямен ашылды. Ғалымдар Қ.Керейбаев, Е.Сағындықов, Т.Ыбрагимов, ақын Қ.Алтынбаев, өлкетанушы Х.Кенжебаев, тіл басқармасының бас маманы А.Омаров ақын өміріне, шығармашылыған байланысты құнды баяндамалар жасады. [3;1]
Аудандағы алғаш Абай айлығы 1995 жылы Бөке орта мектебінде Ә.Рәмиева мен Т.Нұрғалиеваның басшылығмен өтті. Мұнда ақынның өлеңдерін жатқа, мәнерлеп айтуға 38 оқушы, қара сөздерді оқуға қатысқан 20 оқушының ішінде Қарлығаш Ақанова, Елена Соколова, Салтанат Бұланбаева, Алмас пен Кәмшат Нұралиевтар, Айнур Нұғымановалар үздік деп танылған еді.
Жасөспірімдерді мәдениеттің, салт-дәстүрлердің озық үлгісінде тәрбиелеуде Шардағы «Ақбота» (меңгерушісі Т.Жәнібекова) балалар бақшасы сапалы жұмыстар атқарды. Ұжым 1990 жылы ауданда бірінші рет оқу жүйесінде наурыз мерекесін халыққа кең түрде көрсетіп берді. [4;1]
Сондай-ақ 1991 жылы Георгиевка орта мектебі негізінде семинар өтіп, ұйымдастырылған наурыз нышандарының тәрбиелік мәні жоғары болды.
Бүкіл халықтық сипат алған бұл мерекені өткізуге 1990 жылы құрылған «Қазақ тілі» қоғамының аудандық бөлімдері ат салысты.
Талапкер мұғалім Күлзипа Жақиянова ұжымдар арасында бірінші болып Терістаңбалы орта мектебінде «Қазақ тілі» қоғамының бастауыш ұжымын құрып басқаларға үлгі болды.
Кеңтарлау ауылы Шар негізіг мектебі жанындағы 1992 жылы құрылған «Назеркем» ұлт аспаптары оркестрі халықтық әні мен биік кәсіптік өнермене ұштастырды. Ансамбльді құрған ән-күй пәнінің мұғалімі Р.Азаматова болды. Ансамбль 1993 жылы облыстық байқаудың мәдени бағдарламасына қатысты. Концерттің өзіндік бір ерекшелігі – жанрының молдылығы.
Ансамбль мүшелері – Д.Шәріпова, Е.Азаматов, Р.Атаханов, Г.Жайсаңбаева, Г.Қайырбаева, А.Жұмағұлова, Д.Мұстафин, т.б. [5;3]
1995 жылы Абайдың 150 – жылдық мерекесіне байланысты Семей қаласында өткен гала-концертке 15 ауданның саз ұжымдары қатысып, мереке үш күнге созылды. Шығармашылық тәжірибелерін алға тартқандар арасында әйгілі, шетелдерде болып қайтқан Қарауылдын «Қаламқас», Мақаншыдан «Інжу маржан» оркестрлері қатысты.
Байқауда шығармаға шек қойылмады, жанрларды ұжымдардың өздері іріктеп алуына ерік берілді. Осы сында Жарма аудандық мәдениет үйінің ұлттық аспаптар оркестрінің кәсіби шеберлігі жоғары деп танылды.
Оркестр 1993 жылдың аяғында құрылды. Оның өнер төрінен көрінуіне аудан әкімі Т.Әубәкіров қолдау көрсетті. Саз аспаптары мен арнайы киімдер тапсырыс арқылы Алматыдан алдырылды.
Оркестр 1993 жылы 15 желтоқсанында алғаш рет Георгиевка селосында өз өнерін көрсетті. Оркестрдің орындауындағы Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Түркештің, Моцарттың, Бизенің, Е.Брусиловскийдің, Н.Тілендиевтің, туындыларын орындады.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Дүйсентай Сатылғанұлы Анашев.
1996 жылы оркестрге халықтық деген атақ берілді.
1998 жылы Астанада өткен Шығыс Қазақстан күндерін ашқан да осы ұлт аспаптар оркестрі болды.
Оркестрдің қазіргі жетекшісі – Ғалым Қуанышұлы Рымбаев.Мүшелері – Ж.Күнғожинов, Ғ.Тоқтағұлқызы, т.б. [6;3]
Ұлт-аспаптар оркестрі сонымен қатар қыздардан тұратын «Сұлуым» ансамблінен тұрады. 1996 жылы ұйымдастырылған ансамбль ең алғаш үлкен сахнаға 1997 жылы ақпанда шықты.
«Сұлуым» эстрадалық тобының мүшелері – топ жетекшісі Бақыт Зиябекова, Дариға Алшынбаева, Динара Мұхамадиева, Әсия Нұрлыбаева, Әлфия Сылдырбаева, т.б.
«2000 – мәдениетті қолдау жылы» - ҚР Мәдениет ақпарат және қоғамдық келсім министрлігінің мәдениет комитеті «Сұлуым» эстрадалық тобына жоғары шығармашылық деңгейі үшін берген бағасы үлкен жаңалық болды. [6;3]
1997 жылы қазанда Георгиевкада екі аудан біріккеннен кейінгі өткен «Айналайын» атты ән байқауы – Жарма мәдени өміріндегі елеулі оқиғалардың қатарында маңызды роль атқарады. Байқауға аудан мектептерінен 200-ге жуық өнерпаздар қатысты. Өнер сайысында Алмас пен Лаура Құсайыновтар, Г.Мақсұтова, М.Рымбаева, Б.Рақымбаев, С.Пятков, А.Дәтбаев, Р.Фазылова, М.Мұхаметжанова, Қ.Құрманбаев, Егінбұлақ мектебінің қыздар бишілер тобы (жетекшісі Г.Тұяқова) т.б. қатысты.
Халық ағарту ісіне келсек, 2000 жылғы стаистикалық мәліметтер бойынша ауданда 31 орта, 13 негізгі, 19 бастауыш, барлығы 63 мектепте 13 мыңға жуық бала оқиды. Сабақтар 36 мектепте таза қазақ тілінде, 2 мектепте орыс тілінде, 25 мектепте аралас тілде жүргізіледі. Мектептерде 1274 мұғалім еңбек етеді. 834 мұғалімнің жоғарғы, 46 мұғалімнің аяқталмаған жоғары, 331 мұғалімнің орта арнаулы білімі бар. Санаттары бойынша 51 мұғалімнің жоғарғы категориясы, 336 бірінші, 257 екінші категориясы бар.
Жаңа әлеуметтік – экономикалық қатынастар білім беру саласында да орасан салт-дәстүр, халықтық педагогикалық үрдісі қайта жанданды. «Елім-ай» бағдарламасымен ауданда 12 мектеп шұғылданады. Ал «Атамекен» бағдарламасы болса, ол тұтастай қазақ мектептерінің бәріне де енді. [7;2]
Ауыл мұғалімдері жыл сайын әр түрлі конкурстарға, оқуларға, әдеби оқу конкурстарына қатысады. С.С.Шаяхметова (Көшек ОМ физика мұғалімі), А.К.Суырбаева (Малай ОМ биология мұғалімі), Н.Е.Енкенова (Абай атындағы ОМ қазақ тілі мұғалімі), Г.А.Мақтаева (Георгиевка ОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі), М.Г.Абсалыкова (Жалғызтөбе ОМ қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі), А.С.Түсіпжанова (Қызылағаш ОМ мектеп жасына дейінгі педагогика), М.Бердібекова (Абай атындағы ОМ химия мұғалімі), Б.С. Рахматуллина (Жалғызтөбе ОМ ағылшын тілі мұғалімі), А.Сәбитова (Бақыршық ОМ тарих мұғалімі) және т.б. өз шеберліктерін ауданға ғана танытып қоймай, бүкіл облысқа белгілі педагогтар. Уәлиханов атындағы орта мектеп мұғалімі Ж.Т.Рахметованың тәрбиелік жұмыстары айтарлықтай, ол балалар мен жас ақындар даярлайтын «Балауса» клубының сабақтарына ықыласпен қатысады. Шағын кешенді мектептер мәселесі бойынша өткізілген семинар – кеңесте №236 орта мектеп директоры Д.К.Акылдина, «Верный путь» орта мектеп директоры К.Н.Төлеубаева, Т.Әбдірахманова атындағы оқу ісінің меңгерушісі Г.А.Жоламанова баяндамалар жасады. Мұғалімдер мерзімдік баспасөз республикалық пәндік журналдар беттерінде, сондай-ақ облыстық және республикалық білімін жетілдіру институттарының курстарында сөйлеп, тәжірибе алмасуға белсенділік танытуда. [2;223]
Мектебі жоқ ауылдарда тұратын балалар мектеп жанындағы интернаттарда тұрып оқиды. Ауданда 3 мектеп жанындағы интернат бар: Шар қаласындағы Тұрсынов атындағы орта мектеп, Жарық ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектеп, Георгиевка селосында,ы Абай атындағы орта мектепте контингенттері тиісінше 91,27 және 74 оқушыдан құралады. Аз қамтылған отбасылар балаларының 85 пайызы тегін тұрады, бәрі де оқу жылының басында киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.
Интернаттары бар мектеп әкімшіліктері оқушыларға қолайлы тұрмыстық жағдай туғызу мәселесі басты назарда ұстайды, оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік көмек береді.
Сонау 90-шы жылдардың басында ақыл-ой сайысында ұстаздар Н.Тұяқбаева, К.Қойшыбаева, К.Өмірзақова, М.Нұрғалиева, Ж.Әбілқасымова, Е.Қарымсақова, Н.Құсманова, К.Белгібаева, Қ.Болатбеков және т.б. тек білі мен шеберліктерін ғана көрсетумен шектелмей, бойларындағы таланттарын алғаш рет ұстаздар алдына көрсете білген еді. [4;2]
Мұғалімдерге әдістемелік көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында сегіз аудандық курсттық әдістемелік бірлестіктер жұмыс істейді. Олар Абай атындағы орта мектеп (жетекшісі М.Т.Төлегенова), Маяковский атындағы орта мектеп (жетекшісі Е.И.Ксенофонтова), Т.Хасенұлы атындағы орта мектеп (жетекшісі Т.Е.Мансарин), Жалғызтөбе орта мектебі (жетекшісі А.Р.Барсаев), Суықбұлақ орта мектебі (жетекшісі М.М.Транова), Абай атындағы орта мектеп (жетекшісі Г.Г.Санғалиева), Бақыршық орта мектебі (жетекшісі В.Н.Мирошникова), Қоңырбиік орта мектебі (А.Т.Акемиева).
2000 жылы 217 мұғалім Алматы, Семей, Өскемен қалаларындағы білім жетілдіру институттарында қайта даярлықтан өтті.
Аудан мұғалімдері Жамбыл атындағы, Георгиевка және Шар қаласы мектептерінде интернат жұмыс істейді. Ауданның барлық 63 мектебі компьютермен қамтамасыз етілген. [1;3]
Сонымен қатар Жарма ауданында 1990 жылы құрылған «Қазақ тілі» қоғамы жұмыс істейді. Бұл қоғам аз уақыт ішінде мекемелерде тілдің қолдану аясын кеңейтуде, бұрынғы тарихи атауларын қалпына келтіруде нәтижелі жұмыстар атқарды. Мысалы, Шардағы 31 мектептің 26-ы мемлекеттік тілде, 4-і аралас тілде, 1-і орыс тілінде оқытты. Мұндағы 10 балабақшаның 5-і қазақ бала бақшасы да, 5-і екі тілде жұмыс жүргізді.
Екі жылдың ішінде Шарда – 6, Жармада 16 мекеннің бұрынғы қазақша аттары қайтарылып берілді. Қоғам жұмысы басқаларға үлгі болды. Сол себептен де қоғамның облыстық ұйымының алқа жиындары 1993 ж. ақпанда Жарық ауылында, 1995 жылы Шарда өтті. Тіл жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырудың барысы Т.Әубәкіров пен К.Мұрынбаевтың баяндамаларында кеңінен айтылды.
1992 жылы Жарма аудандық «Қазақ тілі» қоғамы басқарушысы Нұролла Өзбековтың ұйымдастыруымен облыс көлемінде бірінші «Қос тілділік – достықтың қос қанаты» атты байқау өтті. Ауданда тұратын орыс, неміс, белорус, украин, поляк, т.б. ұлттар арасында қазақ тілін жетік білетін өкілдері еркін сөйлеп өнер көрсетті. Сайыста үздік шыққан Розалла Ахметова (Сұлусары), В.П.Сапрыкин (Георгиевка), Я.Г.Крокер (Октябрь совхозы) жеңімпаздар атанды.
Сонымен қатар аудан көлемінде «Алтын бесік ауылың қандай, ағайын?» атты 3 кезеңнен тұратын байқау өткізу жоспарланды. Аудандық «Рауан – Восход» газетінде «Ауыл болсаң, қауым бол» деген атпен сайыс шарттары жарияланды. Әр шаруашылық нақтылы өткізетін уақытты белгіледі. Өнер бәсекесіне 10 ауылдық және 1 поселкелік әкімшілік тұрғындары қатысты, Оның ішінде Д.Қалматаев атындағы совхоз, Қаратөбе, Аршалы (Криуши совхозы), т.б. Поселкелік әкімшіліктер бойынша сайыстың жеңімпазы Ақжал поселкесі атанды. [2;112]
Сонымен, Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін Жарма ауданының мәдени саласына әсерін тигізбей қойған жоқ. Жұмыс істеп тұрған көптеген автоклубтар мен клубтар жабылып, мәдениеті құлдырай бастады. Дегенмен, қазіргі кезде өлкеде 2 мәдениет үйі, 4 ауыл клубы, 12 кітапхана, аудандық тарихи-өлкелік мұражай жұмысы тоқтатқан жоқ.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
Ахметбекова А. Жармадағы жақсы істер // Семей таңы 1994 , 13 шілде, 2б.
-
Керейбаев Қ. Қазыналы Қалба. Алматы, 2003
-
Мыңғышбаев Б. «Аға ұрпақ эстафетасы» // Семей таңы 1970, 21 шілде
-
Нұрмәдиев А. Қалбатауда қарбалас шақ. // Семей таңы 1994, 3 тамыз, 1б.
-
Раев Т. Жаңарған Жарма. // Семей таңы, 1980, 22 шілде
-
Серкешев Т. Жарма өңірінің байлығы // Семей таңы 1970, 21 шілде, 3б.
-
Фатеев С. Жарма өңіріндегі өзгерістер. // Қазақстан ауыл шаруашылығы, 1978, №12