Материалдар / Абайдың қара сөздеріндегі даналылық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абайдың қара сөздеріндегі даналылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін-өзі тану мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
1077
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Колледж: «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК

Мерзiмі 05.10.2018

Топ: __С-17 Студенттер саны__14_

Тақырып: Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі даналылық

Оқытушы: Торебаева Г.Р.

Құндылық Дұрыс әрекет

Қасиеттер шынайылық, жауапкершілік, қамқорлық.


Сабақ мақсаты: Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі даналылықты түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәнін, адамгершілік тәрбие берудегі философиялық шолуларының маңызын түсіндіру.

  • студенттерді өзінше ой қорытуға, жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттеріне баулу.

  • ақын көтерген мәселелер тағылымынан үлгі алуға, шынайылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назарын аудару.

5 «Т» ережесін еске түсіру.

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Жағымды көңіл күй. «Нұрға бөлену» жаттығуын өткізу.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Сабақ барысын талдау:

Үй тапсырмасын тексеру. Мейірімділік, бауырмалдылық, кешірімділік, шынайылық, сыйластық, еңбексүйгіштік, қайырымдылық, жанашырлық, жомарттық, кеңпейілділік

Жігерлілік, қарапайымдылық, табандылық, байсалдылық, қасиеттері жайындағы ұлы орыс ағартушыларының даналық сөздерін тыңдап, талдау.


Дәйексөз.

Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Абай Құнанбайұлы

Сұрақ:

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндеңдер?

Дәйексөзді ұл балалар екі рет, қыз балалар екі рет қайталайды, 3-4 студентке жатқа айтқызу.

Түйін: Абай атамыз тәлімгер ұстаз болған еді. Ақын тәрбиеге көнетін жалпы халық емес, жеке адам, оның дара ерекшеліктері. Жеке адамға ақыл, мінез, іс, адамшылықты сақтайтын ұят - намыс керек дегенді айтады. Ал осындай адамшылықты жүрекпен байланыстырады. Жүрек - адамның ішкі сезімі деген ұғымда қолданған. Абай 50 жасқа келген шағында қара сөздерін жаза бастаған. Зерттеушілер қазір ол еңбекті философиялық шолу деп түсіндіреді. Онда орта ғасырлық дәстүрлі түрік прозасы үлгісінің әсері аңғарылады.

Абайдың қара сөздері туралы бауырына салып тәрбиелеген немересі, Мағауияның қызы Уәсила былай дейді:
«Әкем балаларын 7-8-ге шыққанда оқуға беретін, балалармен қабат, қыздарын да оқытатын, қазақ тілінде кітап жоқ болатын. Сондықтан, балалардың ойы, дүние тануы кемшін болады деп әкем көп айтып жүрді. Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Молдаға қарап: «Балаларға мына кітапты әкелдім. Осыны көшіріп, көбейтіп бала басына бірден таратып бер, бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт» деді. Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас салып оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Өйткені, бұл жаңа кітаптың тілі ұтымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап болды. Кейін байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қара сөзбен жазған кітабы екен».


Әңгiмелеу.

Абай мен Әбіш

Аңыз әңгіме

Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:

- Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты.Абай сәл ойланып отырыпты да:

- Менің Әбдірахман деген балам бар еді. Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Оны бітірген соң, Петербурға жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы көрінеді. Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып:

- Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен:

- Ақ зат асыл ғой, - деді.

- Неге, қара зат асыл емес пе? - дедім мен. Әбіш бетіме қарап күлді де:

- Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Мен:

- Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен кереді емес пе, - дедім,- Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер-білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш-сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, қайрат та азаяды. сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім.

Сонда Әбіш:

- Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді.

- Ақылмен білдім, - дедім мен.

- Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе!

Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма? - деді.

Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан иіскедім.

Сұрақтары:

  1. Қонаққа келген Наушабайдың қойған сұрағына Абайдың берген жауабы қандай?

  2. Әбіштің әкесіне жауап беруіндегі тапқырлықты қалай бағалайсыз?

3. Әңгімеден шынайылық, жауапкершілік, қамқорлық қасиеттерінің көрінісі ретінде қарастырылған мысалдарды атаңыз.

5. Әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?

6. Дұрыс әрекетке тән қандай қасиеттерді білесіздер?

6. Сіз Абайдың, Әбіштің бейнелері арқылы өзіңізге үлгі өнеге алдыңыз ба?


Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс.

Тапсырманың шартын түсіндіру.

12 минут беріледі.

Төрт топқа бөлу.

«Қара сөздің мағынасын айт» Абайдың әр топқа бір қара сөзі беріледі. Кеспе қағаздан өздері таңдағандары бойынша жауап береді. Мұнда бесінші, алтыншы, тоғызыншы, он төртінші қара сөздері беріледі. Білім алушылар мына сұрақтар бойынша берілген қара сөздің мағынасын ашады.

1. Бұл қара сөздің идеясы қандай?

2. Қандай мәселе көтерілген?

3. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.

Бесінші сөз. Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла көр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы жас баладан гөрі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал – адамның бауыр еті», «Малдының беті – жарық, малсыздың беті - шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым - береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз – құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса – қаралы үйге шап», «Қайраңы жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр. Бұл мақалдардан не шықты? Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, бірақ мал үшін қам жейді екен, ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені – малдыларды алдап, мақтап алмақ екен, бермесе, оныменен жауласпақ екен, егер малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық, сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып, мал тапса, жазалы демесек керек екен.

Бұларының жас баланың ақылынан несі артық? Бірақ жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да, ұялмайды екен. Сол ма артылғаны? Қолымыздағыны үлестіріп, талатпасақ, біз де өзіндей болмасақ, безеді екен. Іздеген еліміз сол ма?

Алтыншы сөз.

Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды – бірлік, ырыс алды - тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда, байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай, мал іздеп не керек? Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып, бірлік қылады. Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі, біріне бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты? «Ырыс алды - тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлі итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұспан болады.

Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп, мал табуға жігер қыла алмайсың.

Кеселді жалқау, қылжақбас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың – пысық, ішің – нас,

Артын ойлап ұялмас, -

болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.

Тоғызыншы сөз. Осы мен өзім – қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жоқ әлде жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уа, әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, я көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем – сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан көшіп кету керек еді. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Сонда бұл қалай? Бұл айтқанның бірін тұтпай болмас еді.

Мен өзім тірі болсам да, анық тірі де емеспін. Әншейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен себептен бе, - білмеймін. Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем қуана алмаймын, сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі.

Қайратты күнде қазақты қиып, бөтен жаққа кетпек түгіл, өзін жақсы көріп, үміт етіп жүріппін. Қашан әбден біліп, үмітімді үзген кезде, өзге жаққа барып, жатты өз қылып, үйір боларлық қайрат жалын сөніп те қалған екен. Сол себептен бір жүрген қуыс кеудемін. Тегінде ойлаймын: бұ да жақсы, өлер кезде әттеген-ай, сондай, сондай қызықтарым қалды-ау! деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмай өлуге.

Он төртінші сөз. Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап білмейді. Рақымдылық, мейірбандылық, уа әрбір түрлі адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі, асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Біздің қазақтың «жүректісі» мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптің атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау – ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры – әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз.

Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білместігімнен қылдым дегеннің көбіне нанбаймын. Білімді білсе де, арсыз қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады.

Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі – бәлеге, жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін-бірі «айда батырлап!» қыздырып алады да, артын ойлатпай, азғыратұғын сөздері. Әйтпесе, құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір түгіл, әуелі адам ба өзі?


Топпен ән айту.

Көзімнің қарасы


Абай Құнанбайұлы

Көзімнің қарасы,

Көңілімнің санасы.

БShape1 ітпейді іштегі

Ғашықтық жарасы 2 рет


Қазақтың данасы,

Жасы үлкен ағасы,

«Shape2 Бар» демес сендей бір,

Адамның баласы. 2 рет


Жылайын, жырлайын,

Ағызып көз майын.

АShape3 йтуға келгенде,

Қалқама сөз дайын. 2 рет


Жүректен қоғайын,

ӘShape4 дептен озбайын

Өзі де білмей ме,

Көп сөйлеп созбайын. 2 рет



Үйге тапсырма.

Абай Құнанбайұлының адам психологиясы және бала тәрбиесі жайындағы 7, 10, 20, 25, 31, 41, 43 қара сөздерін жазып, мағынасын ашып келу.


Сабақтың қорытынды сәтi.

Бүгінгі сабақтағы алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.



Қолданылған материалдар:

  1. Электронды киіз үй (1160, 1161, 1164, 1169)

  2. Абай. Қара сөз/ Алматы: «Көшпенділер» баспасы, 2009

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!