Абайдың қарасөздері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абайдың қарасөздері

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасының тұжырымдамалық бағыттары мен Абайдың қарасөздеріндегі сабақтастық

/эссе/


Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі-қара сөздері. Абайдың қара сөздері-ұлы ақын сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Мен Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасының тұжырымдамалық бағыттары мен Абайдың қарасөздеріндегі сабақтастық туралы айтқым келіп отыр.

Елбасы "Рухани жаңғыру" бағдарламасында бәсекеге қабілеттілікті "...өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алу, бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін" деп атап өтеді.

Ал Абай атамыз: "Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен  табылмас. Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады" дейді. Қарап отырсаңыз, бұл екі ой бір-бірін жалғастырып тұр деуге болады. Адам өз бетінше ізденіп, өз білімі мен күшінің арқасында жақсы дүние мен жетістікке жетсе, оны өзгелерге ұсына алады, яғни сұранысқа ие дүние бере алады дегенді меңзеп тұрғандай.

Екіншіден, елбасы "прагматизм өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз" деп түсіндіреді.

Абайдың қырық үшінші қара сөзінде: "...Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық - бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шығады.

Мансап сүйгіштік, мақтаншақтық, ашуланшақтық, өтірікшілік, осыған ұқсаған әрбір маскүнемдікке тартып, құмар қылып, ақылдан шығарып жіберетұғын нәрселер осы екеуінен болады. Бұларды түбегейлеткенде жақсы нәрселерді түбегейлетіп, жаман нәрселерден, яғни жоғарғы айтылмыш секілді адамшылықтан шығарып, құмарпаздыққа салып жіберетұғын нәрседен бойды ерте тыйып алуға керек" дейді. Бұдан тұжырымдайтынымыз- жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренбек керек. Адам өзінің жеке пайдасын емес, ұлттық құндылығын сақтап, бағалай білген жағдайда нағыз адам болып қалмақ дер едім. Бұл екі ұлы тұлғаның ой сабақтастығы өскелең ұрпаққа үлгі бола алатынына сенемін.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының тағы бір бағыты- Ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалдыру.

Ақынның он жетінші қарасөзін есімізге алайық. Онда ақын қайрат, ақыл, жүректің айтысы туралы айта келіп: Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол,- деп топшылайды. Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі адамның ең керекті үш қасиетіне балайды.

"Білімнің салтанат құруы.   Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет.  Білімнің салтанаты жалпыға ор­тақ болуға тиіс.   Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек" дейді Елбасы. Хакім Абай он тоғызыншы қара сөзінде дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің ғана нәтижесі мен тәрбиеден туындайтын нәрсе деген ой тастайды. Яғни, адам баласының туа салып есті болмай, көріп, естіп, ұстап көре біле білімді болатынын айтады. Сонымен қатар, естіліктің жеке өзі ғана іске жарамайтынын тілге тиек етеді. Себебі, естілердің сөзін ескермесең, жақсы мен жаманның арасын ажырата алмасаң, құр естіліктен пайда жоқтығын ескертеді.

Қорыта айтар болсақ, Абайдың қара сөздері дүниетанымдық мазмұнда тек бір халықтың, не ұлттың еншісіне қатысты мәселелерді айтумен шектелмеген, онда адамзат тарихы барысында сан заман ғұламаларын толғандырып келе жатқан мәселелерге талдау жасалған. Сондықтан Абайдың қара сөздері әлемдік өркениетте өз орны бар келелі мәдени мұра.



Князбаева Меруерт Бақытбекқызы

"Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі" КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.05.2023
339
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі