400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абайла мұзды жолдардан 3 сынып Покровка орта мектебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мұзды жолдардан абай болу керектігін ескерту және алғашқы көмек туралы түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Абайла, мұзды жолдардан!»
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінде жолда жүру ережесімен және қыс мезгіліндегі жол белгілерімен таныстыру. Қыс мезгіліндегі адам өміріне қауіп төндіретін жағдаят түрлерін ажыратуға дағдыландыру.Оқушылардың ойларын жүйелі әрі шапшаң жеткізуге үйрету.
Көрнекілігі:  суреттер
Ұйымдастыру

Кіріспе
Жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде  көктайғақ кезінде зардап шеккендер сынықтармен, соғылған жаралармен, созылған сіңірлері, буындарымен, жабық бас сүйек-ми зақымдарымен     травматологиялық пункттерге медициналық көмекке жүгінеді.  Қауіп жаяу жүргіншілерге де, әуесқой автомобильшілерге  де төнеді.

Ең алдымен қауіпсіздік!

Жаяу жүргіншінің тайғақ жолда жүруінің негізгі қағидаттары жан-жағына назар аудару және абайлықты сақтау болып табылады, бұдан басқа:

а) аяқ-киімді дұрыс таңдау   — тайғақ көшелерге шығар алдында бірінші және өте маңызды қадам. Аяқ киім табаны тегіс, тайғанамайтын материалдан жасалған, бұдырлы бет құлап қалу қатерлерін төмендетеді. Әйелдерге тік өкшелерден, 5 см биік тақалардан және биік платформалардан бас тарту қажет.

б) көктайғақпен жүрген кезде басқа істерге, мысалы телефонмен сөйлесуге, музыканы тыңдауға және т.б. алаңдамау қажет;

в) аяқ астына қарау, табанды нық төсеп басу қажет, бұл ретте аяқтар бос  және тізеден сәл бүгінлген болуы тиіс;

г) қолдарыңыз бос болуы тиіс, қолыңызды қалтада ұстамаңыз  — құлаған кезде сіз оларды тіпті алып шығуға үлгермей  қалуыңыз мүмкін;

Автокөлік жүргізушілерінен де көктайғақ абай болуды, төмен жылдамдықпен жүруді талап етеді.  Әуесқой автомобильшілерге қашықтықты сақтау ұсынылады, өйткені көктайғақ жағдайында тежеу жолы үш есе ұлғаяды! Ұсынылатын қашықтық – екіге көбейтілген автомобиль жылдамдығы.

Құлаудан құтыла алмағанда не істеу керек?

 Егер сіз бойыңызды билей алмайтыныңызды сезсеңіз:

а) күрт жүрелеп отыра қалыңыз, бұл жағдайда құлау биіктігі төмен болады, демек жарақат алу ықтималдығы да төмендейді;

б) шынтақ буындарын бүйірлеріңізге басыңыз, басыңызды иықтарыңызға тартыңыз, ал арқаңызды жазыңыз;

в) бұлшықеттерді барынша босатып, бүйірлеп құлауға тырысыңыз;

г) құлаған кезде қолдарыңызды алға қарай созбаңыз.

Бастапқы дәрігерге дейінгі көмек

Егер сіз жаяу жүргіншінің мұзда тайғанап құлауының куәгері болсаңыз  — жедел жәрдемді шақырыңыз, ЖКО кезінде жедел жәрдем келгенше зардап шегушіні тасымалдауға үзілді-кесілді тыйым салынады!

Егер қол-аяқ жарақаттанған болса – оның қозғалмайтындығын қамтамасыз етіңіз, суықты басыңыз.

 

Көктайғақ жағдайында қарапайым қауіпсіздік қағидаттарын білу және оларды сақтау өте маңызды.

 

Қорытындылау

Қыс мезгіліндегі жол тәртібін жадымызда сақтап жол ережесін жадымызда сақтап, аман-есен жүрейік. Осымен «Абайла мұзды жолдардан» атты қашықтықтан өткен сынып сағатымыз аяқталды.









































Сынып сағаты

Тақырыбы

«Абайла, мұзды жолдардан!»

Shape1










Орындаған бастауыш сынып мұғалімі: Жанибекова У. А.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 желтоқсан
482
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі