Материалдар / А.Байтұрсынов шығармаларының тәрбиелік мәні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

А.Байтұрсынов шығармаларының тәрбиелік мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты жоспары 4-сыныпқа арналып жасалған
Авторы:
07 Маусым 2023
254
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гиназияның бастауыш класс мұғалімі Байдуллина З.С.

А.Байтұрсыновтың шығармаларының тәрбиелік мәні

Әлемнің жеті кереметін ежелгі адамдар жасаған: - керемет Египет пирамидалары,Олим тауындағы Зевстің әдемі мүсіні, Вавилондағы Ассирия патшайымы Семирамиданың ілулі бақтары, Артемида ғибадатханасы, Родос аралындағы Гелиос құдайының үлкен мыс мүсіні, Александриядағы кесене мен маяк.

Бірақ әлемнің тағы бір кереметі бар, ол таңқаларлық емес. Бұл әрқайсымызға таныс, бірақ біз адамзаттың бұл жаратылысына үйреніп қалғанымыз сонша, оның құндылығы туралы сирек ойлаймыз. Ал бұл ғажайып әрқашан қолымызда және нағыз дос сияқты, кез келген сәтте көмекке келуге дайын: келеді,үйретеді, рухани қолдайды, кеңес береді, ақыл айтады.

Ал бұл дауыстап сөйлемейтін досымыз - Кітап! Ол кішкентай кезінен бастап өмірімізге енеді және біз оған үйреніп қаламыз, өйткені ол біз дем алатын ауаға, айналамыздағы барлық нәрсені жарықтандыратын күнге айналады. Ол бізді алғашқы қарапайым шындықтарды одан әрі білуге жетелейді.Сондай жарық сәулесін шашып,өмірімізді нұрландыратын шығармалардың бірі-Ахмет Байтұрсынов шығармалары. Ол талантты әдебиеттанушы, терең ойшыл, жарқыраған публицист, жанқияр саясаткер, ізденуші ғалым, керемет ұйымдастырушы және өз халқының дамуына қызығушылық танытқан қоғам қайраткері болды. Ол энциклопедиялық ақыл мен ерекше қабілеті бар, өмірді жақсы көретін және айналасындағы адамдардың тағдырына бей-жай қарамайтын адам. Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.



Ахмет Байтұрсыновтың сүйікті жанры-мысал болғандығын ғұлама ғалымның әрбір шығармасынан-ақ байқауға болады. Эзоп, Крылов сияқты Ахмет Байтұрсынов та маса, бүйі, есек, маймыл бейнелері арқылы кертартпа кемшіліктер мен жағымсыз қылықтарды сынау үшін «алмас қанжардай» өткір құрал еткен. Ахмет Байтұрсыновтың аударма мысалдарының өзіндік

ерекшелігі ол әрбір мысал соңында ақынның «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жасаған, өзіндік қорытынды ойлары кез-келген жас оқырманды өзінше қорытынды жаса, қандай ғибрат алдым, - деп ойлан деген әрекетке итермелеп тұрғандай.



Яғни, біз үшін ғұлама ғалымның ең бағалы мұраларының прогрессивті идеялары, шаршамай-талмай халқының кертартпа, кесепатты қылықтарын ашық сынап, оқырманның көзін ашуға тырысқандығы.

Ендеше мына суреттерге назар аудара отырып,А.Байтұрсыновтың шығармаларының атауын тауып көрелік.

(«Қара бұлат»,«Екі шыбын», «Қарға мен құмырсқа», «Торғай мен көртышқан», «Екі балықшы», «Өзен мен қарасу», «Аққу,шортан һәм шаян» «Оқуға шақыру»)

Осы шығармалардың тәрбиелік мәніне тқталайық.

Мысалы:

Білмейсің жөнің менен терісіңді,

Ел болып іс етпейсің келісімді

Жөн айтқан жұртшылыққа

Шығарсың қолыңа ал керісіңді, - десе тағы бірде

-Келгенде өзді-өзіңе мықты-ақсыңдар,

Қайтейін өзге десе көншігіңді.

Сықылды сынық бұтақ

Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді? - деп ұлтының бір-бірін көре алмаушылық, қызғаншақтық сияқты жағымсыз қасиеттерін ашына мысқылдап, ол қаситтердің қауіпті екенін, болар елдің баласы олай етпейтіндігін, халқыма кесапаты тиетіндігін айта келіп, «лақ құрлы бақырмай, өлер болсаң», келімсектер алдында төмендей берсең, олардың оп-оңай жем қылып, тоз-тоз ететіндігін, сондықтан опық жемей тұрғанда одан құтылар жол ізде деп терең ой тастайды. Немесе Крыловтан аударған «Аққу, шортан, һәм шаян» атты мысалының соңында:

- Жігіттер мұнан ғират алмай болмас,

Әуелі бірлік керек болсаң жолдас.

Біріңнің айтқаныңа бірің

Істеген ынтымақсыз ісің онбас - деп халқын бірлікке шақырып, олай болмаған күнде осы мысал кейіпкерлерінің кейпін киетінін, халық сөзімен айтсақ — «бөлінгенді бөрі жеп) «көлденең көк аттыға жем» болатынын жетесіне жеткізе айтып, халқына «бірлікпенен өрнектеңдер тірлікті» деп өсиет айтады.

Осы секілді «Ат пен есек» мысалының соңында да

Бұл сөзден нендей ғибрат алмақ керек?

Мысалы, еткен қайыр –бір бәйтерек!

Қайырын біреуге еткен болып терек

Көрерсің рақатын көлеңкелеп!

Қайырдың ең абзалы бұл дүниеде.

Біреуге қысылғанда

Жәрдем бермек!

Кейбіреу зор бейнетке тап болады,

Кей уақыт аз бейнеттен қашамын,— деп аяқтайды. Демек, мұнда не нәрсе болса да ақылға салып ойланып істе, өткен соң өкінгеннен ешнәрсе өзгермейді деген бір ой тастаса, екіншіден, біреу саған қиналып көмек сұрағанда жәрдемдес, ондай күй өз басына түскенде тым кеш боп, аһ ұрарсың, —деп сабырлылыққа жанашырлыққа, жанындағы жанның жайын ұғуға шақырады. Бүгінгі қым-қуат, қиғаш заманда жастарымызға Ахмет Байтұрсыновтың осындай астарлы да терең, мәнді өсиеттері кесектеп кіріп, мысқылдап ерең шығатын жағымсыз қылықтардан қатыгездік пен безбүйректіктен аулақ болуға тәрбиелеуі әбден қажет. Ахаң өз бойындағы шешендік қасиетті жаман қылықты түзеуге, жақсылықты медеуге жұмсаған, жастарды азамат етіп қалыптастыру жолындағы тәрбиені құрал етуге тырысқан. Көптеген мысалдарды адам мінез-құлық нормасын қалыптастыруға арнаған. Осы орайда Ахаң мысалдарын жастарды оқыту-тәрбиелеу жолында өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу әдісінің мықты құралы ретінде пайдаланудың маңызы зор, ықпалы өсерлі болмақ. Себебі, адам мінезінің сан алуан жақсы-жаман жақтарын, мысал кейіпкерлері сияқты адамдарды қоршаған ортасынан тани білуге, олардың мінез-құлық ерекшеліктерін зерделей білуге, сөйтіп, өзіндік ой тұжырымдауға үйретуге болады. Мәселен, «Егіннің бастары» мысалының соңында:

Елде көп бидайдай адам,—деді,

Тәкәппар, оны халық жаман,—деді.

Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,

Тұтынба бұл мінезді балам, —деді.

Немесе «Еменнің түбіндегі шошқа» деген мысалыңда

Дүниеде түрлі-түрлі адамдар бар,

Жақсы да арасында жаман да бар,

Ғылымды пайдаланып отырса да,

Сезбейтін сол пайдасын надандар бар,— деп «өзі жемісін жеп тойып, семірген соң, еменнің түбін қазып төңкеріп тастаған шошқа» сияқты өзі пайдасын көріп тұрған дүниенің қайдан келетінін түсінбейтін немесе қара басының қамы мен тек бір күнін ғана ойлайтын санасы таяз надандардың да болатынына қынжылып, сондайдан аулақ бол деп ақыл-кеңес айтады және ұқсас адамдардың бір тобы туралы, яғни ғылымның жетістігін пайдалана алмағандықтарын өзінің білімсіздігінен, ебедейсіз, икемсіздігінен көрмей, кінәні басқадан іздейтіндерді «Маймыл мен көзілдірік» атты мысалында суреттей келе:

-Адамға бұл кеңесте ғибрат бар,

Маймылша іс ететін көп надандар.

Пайдалы затты орнына жұмсай алмай,

Сөгетін пайдасыз деп жоқ па адамдар?—дейді

Сонымен бірге Ахмет Байтұрсынов адамның адамдық қасиетін көрсететін оның сылдыр сөзі емес, нақтылы істе тындырымдылығы, демек, парасаттылығы мен саналылығы ал, әлі келмейтін нәрсемен әлек болудың қажеті жоқ деген ойларын «Сары шымшық» мысалында нақты өрнектеген.

Қорыта келгенде айтарымыз, Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының негізгі идеясы жастарды бүгінгі күнде құрғақ сөз, «таусылмайтын» ақыл-кеңес айта беріп тәрбиелегеннен гөрі, жеке бастың үлгі өнегесіне, ғибратқа негіздеудің қажеттігін баса айтқан. Бүгінде Ахаңның мысалдарын оқу-тәрбие ісінде орынды пайдаланып отыру — әрбір тәрбиеші ұстаздың басты мақсаты, әрі парызы болмақ.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!