Материалдар /  А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘДІСТЕМЕ САЛАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗҒАН МАҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘДІСТЕМЕ САЛАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗҒАН МАҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада Ахмет Байтұрсынұлы ғалым-әдіскер ретінде әдістеме саласына байланысты жазған мақалаларының ерекшеліктері мен маңызы жайлы сөз қозғалады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2022
188
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘДІСТЕМЕ САЛАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗҒАН МАҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ


Маканова Сауле Сырымовна

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің филология бөлімінің IV курс студенті

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы


Аңдатпа: бұл баяндамада Ахмет Байтұрсынұлы ғалым-әдіскер ретінде әдістеме саласына байланысты жазған мақалаларының ерекшеліктері мен маңызы жайлы сөз қозғалады.


Аннотация: в данном докладе речь пойдет об особенностях и значении статей, написанных Ахметом Байтурсыновым как ученым-методистом, заложившим основы методики.

Annotation: in this report, Akhmet Baitursynov, as a scientist-methodologist who laid the foundations of the methodology, talks about the specifics and significance of his articles related to the field of methodology.


Кілтті сөздер: тұңғыш лингвист, әдіскер ғалым, сауаттандыру ісі, ұлт ұстазы, білім реформасы.

Ключевые слова: первый лингвист, ученый-методист, просветитель, учитель нации, реформа образования.

Keywords: the first linguist, methodologist, literacy, teacher of the nation, education reform.


Ахмет Байтұрсынұлының өз дәуірінде атқарған еңбектерінен бөлек гуманистік сипаты өз алдына жаңа қыр, жаңа болмыс болып шыға келеді. Ахмет Байтұрсынұлы «Қалам қайраткерлерінің жайынан» деген мақаласында: «Құл болған халықтан туып, құлдықтан қорлық зорлығын көріп отырып, қазақ қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын жеңілдету, ауырын азайту жолына жұмсамасқа мүмкін емес: кемшілік көрген жұрттан туып, кемшіліктен құтқаруды мақсат етіп, ылғи сол жолда жұмыс қылған қазақ қалам қайраткерлері жұртшыл, ұлтшыл, яғни халқына жаны ашитын, халқының жаны ауырғанда жаны бірге күйзелетін, бауырмал болмасқа тағы мүмкін емес», – деп жазады [1.25]. Бұл біздің сөзімізге арқау болып отырған Ахмет Байтұрсынұлының қаламгер ретінде тек өз халқын ғана емес барша адамзатты ізгілікке, сауаттылыққа шақырып тұрғандығын аңғаруға болады. Хакім Абай өзінің қара сөзінде «Өзің үшін қызмет етсең оттаған хайуанның бірі боласың, адамзаттың игілігі үшін қызмет етсең, Алланың сүйген құлы боласың» дегендей, Ахмет Байтұрсынұлы расында өзінің ұлты үшін, адамзаттың игілігі үшін еңбек еткен алып тұлға. Мәселен тұңғыш қазақ лингвисі өзінің алдына жүйелі мақсат қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақша сауат аштыруды мақсат еткен, бұл үшін «Оқу құралын» жазған; одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған. Бұл үшін «Тіл құралын» жазған; үшінші – тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көрсетуді көздеген, бұл үшін «Тіл жұмсарды» жазған, төртінші – сауат аштыру, тілді оқыту методикасын жасауды міндетіне алған, бұл үшін «Баяншыны» жазған. Қарап отырсақ, ғалымның бар ойы қазақ мектептеріндегі жүйені қалыптастырып, әдістеме тұрғысынан оқушыларды сауаттандыру еді. Бұл ғалымның еңбектерінің басты өзектілігі мен маңыздылығына айналған. Оның жазған мақалалары да әдістемелік негізде қазіргі таңның өзінде іске асырылуда. Бұл жердегі назарымыз А.Байтұрсынұлының ұлы ұстаз ретінде қалдырған әдістемелік құралдары әлі күнге дейін қазақ тілі білімі мен тіл оқыту әдістемесі саласындағы ғалымдардың қолданысына ие [2.10]. Мақалалары болса мектептегі оқу процесі, оқулық сипаты тұрғысынан қандай болу керек екендігін айтып өтеді. Сонымен қатар сабақты тиімді өткізу жолдарының қыр-сырларын да ашып анықтаған. Мысалы бастауыш мектептеріне арналған «Әліпбиі» (Жаңа құрал) оқулығын жазуда көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік, өмірмен байланыстылық, т.б. дидактикалық ұстанымдарды, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алғанын анық аңғаруға болады. Себебі, автор бұл еңбекте білім белгілі бір жүйемен, ретпен берілуін ескеріп, балаға әлі келетін білімді ғана ұсынған. Баланың ойлау қабілетін дамытумен қатар, оларды іс-әрекетке жаттықтыру қажеттігін де ескерген. Қазіргі таңда ересектерді оқытатын оқытушылар мен мектеп мұғалімдері жалпы білім берудің ең ұтымды тәсілі ретінде «Блум таксомониясын» басшылыққа алады. Блум таксомониясының 6 түрлі ережесі кез келген ақпаратты үйретудің ең ұтымды тәсілдері ретінде тәжірибеде дәлелденіп жүр. Себебі Блум таксомониясының

· білу – мағлұматтар мен ақпараттарды еске түсіру;

· түсіну – жаңа идеяны түсіну, ондағы негізгі идеяларды салыстыру, сипаттау;

· қолдану – жаңа білімді түрлі нұсқада пайдалану;

· талдау – дәйектер мен себептерге байланысты ақпаратты тексеру және жіктеу;

· жинақтау – ақпараттарды жүйелеу;

· бағалау – ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау» сияқты 6 ережесі сын тұрғысынан ойлауда, яғни ойлау дағдыларын қылыптастыруда, жетілдіруде соны әдістемелердің бірі делінеді. Бір қызығы, осы Блум таксономиясындағы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысы жайында өз заманында сан жылдар бұрын айтылып кеткен А.Байтұрсынұлының еңбектерінен бастау алады. Ағартушы әдіскер «Ана тілінің әдісі» атты мақаласында ана тілін үйрету әдістерін былайша бөледі:

1) Кей әдістердің негізі қосу, жинау болады, барша ол негізді әдістер жалпылау (синтез) немесе жиылыңқы әдіс теп аталады

2) Кей әдістердің негізі талдау, айыру болады. Ол негізді әдістердің бірі жалқылау (анализ) немесе айырыңқы әдіс деп аталады.

3) Кей әдістің негізінде қосу да, талдау да болады. Ондай әдістер жалқылаулы-жалпылаулы немесе айырыңқы-жиылыңқы деп аталады. [2.21].

Яғни, ғалым үйренушіге дайын ақпаратты бергеннен гөрі, алдына қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына мүмкіндік беру аса маңызды деп көрсетеді. Бұл категориялар қазақ тілін оқулықтарын құрастыруда да, сабақ әзірлемелерін жасауда да басшылыққа алған жөн. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлының бұл еңбегінде қазіргі әдістемеде білім алушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, дамыту мақсатында сөйлеу әрекеттерінің 4 түрі (жазылым, оқылым, айтылым, тыңдалым) арқылы тілді меңгертудің әдістері жайында ой-пікірлерін де табуға болады. Ғалым «үйретуді» өнер деп бағалайды. «Үйрету өнер болған соң, ана тілін үйрету – бұл да өнер. Олай болса өнерлерде болған сындар мұнда болмақ» – дегені сөзсіз ақиқат. Әдіскер тіл үйретуге мыналарды жатқызады: 1) оқылым – оқу үйрету; 2) жазылым – жазу үйрету; 3) айтылым – сөйлеу үйрету. Сөйлеу әрекетінің төрт түрі Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралының» өн бойында кездеседі. Мәселен, оқылым әрекеті буындап оқу, тұтас оқу арқылы; жазылым әрекеті сөздерді буындау, тасымалдау, көшіру, құрастыру, сөзден сөз тудыру арқылы; айтылым әрекеті сұрақтарға жауап беру арқылы; тыңдалым әрекеті жаңылтпаштарды есте сақтап, жатқа жазу арқылы жүзеге асырылады.Бүгінгі таңда қазақ тілін оқытуда жазбаша тілдегі сөздердің ауызша тілдегі қатынасы ескерілмей жатады. Білім алушылар әріп пен дыбысты ажырата алмай, бір үйлесіммен, бір ырғақпен айтылатын сөз тіркестерін жазба тілдегі нұсқамен айтатын дәрежеге жеткен. Ауызша тіл мен жазба тілдегі норманың арақатынасы жайында Ахмет Байтұрсынұлының екі бөлімнен тұратын «Тіл жұмсары» мен «Оқу құралында» баяндалған. Әдіскер-ғалым өтілген мағлұматтарды ауызекі тіліне жеңіл де қысқа ауызша сауалдармен бекітуді де естен шығармаған. Мысалы, 1) әріп пен дыбыс бір ме? 2) қайсысы көрінеді, қайсысы естіледі ? 3) ұқсас дыбыстардың әріптері ұқсас бола ма? Ғалым «Жаза білу үшін тілдегі дыбыстарды тани білу керек. Ол дыбыстарға арналған әріптерін тани білу керек. Таныған әріптерін жаза білу керек. Дәл осы кезеңде ол қазақ тілі білімі мен тіл оқыту әдістемесі бойынша ғылыми ізденістерін жүргізіп, ұлттық жазу реформасын дайындап қана қоймай, қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау береді. Жазған әріптерін дыбысымен атай білу керек» деп әріп пен дыбысты айырудың әдіс-тәсілдерін нақты мысалдармен көрсетеді. Сонымен қатар қазіргі таңда дәстүрлі оқытудан жаңартылған білім мазмұнына ауысқан білім беру жүйесінде «білім алушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану» қағидасы басшылыққа алынып жүр. 1995 жылы Абат Қыдыршаев «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы» атты ғылыми зерттеу еңбегінде ағартушы әдіскердің еңбектерінің жазылу тарихы, әліппе мен оқулықтарының әдістемелік негізі, жалпы сипаттамасы жөнінде сараптамалық салыстырмалы талдаулар жасады. Зерттеуші еңбегінде «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің іргетасын қалаушы» екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шығып, ағартушының әдістемелік оқулықтарының бүгінгі қазақ тілін оқыту ісінің негізі әрі сабақтастығын, тарихи тұлға мұрасының өміршеңдігін жазды. Әдіскер ұстаздың «Байаншы» әдістемелік құралы мектеп мұғалімдері үшін жазған нұсқаулығы. Кітап 1920 жылы жарық көрген. Ағартушы-ұстаз өзінің 14 жыл бойы бала оқытқан тәжірибесіне сүйеніп, сол тұстағы заман талабы жаңа оқу жолымен (усул сотие) қалай оқыту керектігіне: «Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазылу белгілері», «Дыбыспен жаттығу» деген аңдатпалық мағлұмат береді. [3.46] Мұнан басқа «Тіл – жұмсар» атты екі бөлімнен тұратын әдістемелік көмекші құрал жазған. 1-ші кітап 46 бет (1928), екіншісі 90 бет (1929). Нұсқаулықтың кіріспе орнына берілген «Дәйектемесінде» құралдың қажеттілігі туралы, бұрынғы құралдардан айырмашылығы жаңа жолмен үйретуге ыңғайланып шығарылғанын айтады. Оқытудың бұл жүйесі де Ахмет Байтұрсынұлының «Баулу мектебі» атты мақаласында» баяндалады: «Өлі оқудан» көрі «төте оқу» беретін білім жандырақ. «төте оқудан» гөрі «көрнекі оқу» беретін білім жандырақ, «баулу» беретін білім бəрінен де жандырақ деп сипаттама беріп өткендігі анық байқалады. Осылайша қазіргі жаңашыл деп танылып жүрген технологиялардың түр түрін ғұлама ағартушының еңбектерінде көрініс табады. Бұдан біз сан жылдар бойы жұртшылыққа ұсынылмай, әділ бағаланбай келген Ахмет Байтұрсынұлының оқу ағарту саласындағы әдістерінің өміршеңдігіне көз жеткізуімізге болады.





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Байтұрсынұлы, А. Шығармалары. Алты томдық шығармалар жинағы [Текст]. Т. 1 / А. Байтұрсынұлы. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. – 384 б.

  2. Байтұрсынұлы, А. Өлеңдер. Мысалдар. Мақалалар. Зерттеулер. Ахмет Байтұрсынұлы туралы естелік [Мәтін] / А. Байтұрсынұлы. – Алматы: Өлке, 2013. – 240 б. – (Жасөспірімдер кітапханасы)

  3. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 4-т. Әліппелер мен мақалалар жинағы. – Алматы: «Алаш», 2006. – 320 б.



















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!