Материалдар / А.Байтұрсыновтың шығармаларын мультимедиалық технологиялар негізінде оқыту жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

А.Байтұрсыновтың шығармаларын мультимедиалық технологиялар негізінде оқыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада автор мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда жаңаша оқытудың маңызы жайлы баяндайды. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлының шығармаларын оқытуда тиімді мультимедиалық технологияларды ұсынады. Мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктеріне тоқталып, мысал келтіреді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2022
214
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ

Жанспаева Сауле Маратовна

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, филология бөлімінің IV курс студенті

Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы


Аңдатпа: бұл баяндамада автор мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда жаңаша оқытудың маңызы жайлы баяндайды. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлының шығармаларын оқытуда тиімді мультимедиалық технологияларды ұсынады. Мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктеріне тоқталып, мысал келтіреді.


Аннотация: в данном докладе автор рассказывает о важности нового обучения в формировании профессиональной компетентности учителя. А также предлагает эффективные мультимедийные технологии в преподавании произведений Ахмета Байтурсынова. Рассказывает о возможностях мультимедийных технологий и приводит примеры.


Annotation: In this report, the author talks about the importance of new learning in the formation of professional competence of a teacher. And also offers effective multimedia technologies in teaching the works of A. Baitursynov. He talks about the possibilities of multimedia technologies and gives examples.


Кілттік сөздер: мультимедиалық технологиялар, АКТ технологиялары.

Ключевые слова: мультимедийные технологии, технологии ИКТ.

Keywords: multimedia technologies, information and communication technologies.


Ахмет Байтұрсынұлының есімі тәуелсіз Қазақстанның тарихына мәңгі енді. Ол бүкіл өмірін қайғылы өлімге дейін отаршылдыққа қарсы күреске арнады. Ол – отаршылдық патша езгісіне және кеңестік режимге қарсы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілерінің бірі, «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясы мен Алаш-Орда үкіметінің ұйымдастырушысы, «Қазақ» газетінің редакторы болған. Байтұрсынұлы қоғамдық-саяси қайраткер және ағартушы ретінде өз халқын білім мен мәдениетке шақырған, бұл ретте ол патша езгісінен бостандықты және қоғамдық дамудағы прогресті көрген.

Ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынұлының шығармаларын оқытуда заман талабына сай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолдану сабақтың сапасын арттырады.

Оқытуда тиімді әдістердің бірі – мультимедиалық технологиялар, яғни АКТ технологияларын қолдану.

«Ақпараттық технология – ақпаратты сақтауды, өңдеуді, беруді және көрсетуді қамтамасыз ететін және еңбек тиімділігі мен өнімділігін арттыруға бағытталған әдістер, тәсілдер мен құралдар кешені». Қазіргі кезеңде әдістер мен құралдар компьютермен тікелей байланысты (компьютерлік технологиялар).

АКТ – бұл ең алдымен:

  • пәндік-дамытушылық ортаның өзгеруі,

  • балаларды дамыту үшін жаңа құралдар жасау,

  • жаңа көрнекілікті пайдалану,

  • қандай да бір себептермен баспа басылымында жоқ қосымша ақпарат,

  • статикалық және динамикалық (анимациялар, бейнематериалдар),

  • ақпараттық қоғамда желілік электрондық ресурстар сияқты әртүрлі иллюстрациялық материалдар - бұл мұғалімдерге тұрғылықты жері мен табыс деңгейіне қарамастан қол жетімді жаңа педагогикалық идеялар мен жаңа дидактикалық құралдарды таратудың ең демократиялық тәсілі,

Мультимедиа – бұл бір уақытта бірнеше ақпараттық ортаны қолданатын

компьютерлік технологиялар жиынтығы: графика, мәтін, видео, фотосурет, анимация, дыбыстық эффектілер, жоғары сапалы дыбыстық қолдау. Мультимедиялық технология арнайы аппараттық және бағдарламалық құралдардан тұрады.

Қазіргі ақпараттық технологияларда мәтінді, кескінді, дыбысты жеке-жеке және жиынтықта қамтитын ақпарат "мультимедиа"деп аталады.

Тәжірибелік жұмыстар мультимедиалық технологиялар арқылы әзірленген тапсырмаларды ұстаздың ұсынған сілтемесі арқылы орындайды.

Оқу презентациялары мен тәжірибелік тапсырмалар құрастыруға арналған ресурстар:

Canva https://www.canva.com/

Бағдарламада презентациялар мен әртүрлі инфографика жасауға арналған ыңғайлы және қарапайым графикалық платформа, көптеген ақысыз және ақылы шаблондардың кездеседі. Нәтижені PNG, JPEG немесе PDF форматында сақтауға болады. Сондай-ақ, платформада оқу материалдарын жасауға арналған графикалық шаблондар бар: презентациялар, мектеп плакаттары, буклеттер, логотиптер, пәндер бойынша жұмыс парақтары және т.б. Егер ұсынылған бірде-бір шаблон сізге сәйкес келмесе, сіз плаформалық құралдарды қолдана отырып, өзіңіз жасай аласыз. Интерфейсі орыс тілінде берілген.

1-2-сурет. – Canva бағдарламасымен жасалынған А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған презентация.

Learningapps https://learningapps.org/

LearningApps.org – шағын, ашық, интерактивті модульдер арқылы оқыту мен оқытуды қолдауға арналған бағдарлама. Бұл жаттығулар онлайн режимінде жасалады және оларды кейін оқу процесінде пайдалануға болады. Мұндай жаттығуларды жасау үшін сайт бірнеше үлгіні ұсынады (сөзжұмбақтар, хронологиялық кестелер, ойын түрінде берілген жаттығулар және т.б.). Мысалы, әрбір тақырыпшаға сай дұрыс жауаптарын таңдау арқылы пазлды құрау. «Ахмет Байтұрсынұлы кім?» сынды сұрақтардың жауабын таңдап, пазлды толық құрастыру арқылы білімдерін бекітеді.

3-сурет. – Learningapps сайтында әзірлеген ұлт ұстазының өмірбаянына қатысты «Пазл» ойыны.

Wordwall https://wordwall.net/ru

Wordwall – сабақты қызықты әрі ұтымды өткізуге мүмкіндік беретін бағдарлама. Оның ойын сынды (жұбын тап, кездейсоқ дөңгелек, ойын шоуы, викторина, анаграмма) қосымшалары арқылы сабақты жаңа қырынан жандандыруға мүмкіндік береді.

Wordwall – интерактивті және баспа материалдарын жасауға арналған көп функциялы құрал. Көптеген шаблондар интерактивті және баспа түрінде қол жетімді. Интербелсенді жаттығулар ғаламторға қол жетімді кез-келген құрылғыда ойнатылады: компьютерде, планшетте, телефонда немесе интерактивті тақтада. Бұл үлгілерге педагогикалық практикада жиі кездесетін таныс дидактикалық ойындар кіреді. Тіпті тегін нұсқада ойындардың үлкен арсеналына қол жеткізе аламыз.

4-сурет. – Тегін нұсқада ойындардың үлкен арсеналы


Оқу тапсырмасын жасау үшін үлгіні таңдап, содан кейін мазмұнды енгізіп, тапсырманы құрамыз. Мысалы, «Қырық мысал» және оның қай жылы шыққанын сәйкестендіруді 2-суреттен көруге болады.

5-сурет. – Сәйкестендіру тапсырмасын құру.

Біз ойынның қол жетімді нұсқаларын қолдана аламыз немесе оны нөлден, яғни жаңадан жаңа форматта бастауға мүмкіндігіміз бар.

Сәйкестендіру тапсырмасын орындап, білімдерін тексереді. Мысалы, «Мысалдардың тәрбиелік мәні қандай?» деген сұрақтың жауабын белгілеу үшін, сұрақ жазылған бұлтшаны тиесілі жауапқа әкеліп қою қажет. (3-сурет)

6-cурет. – А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын сәйкестендіру.

Ойын жаттығуын дайындап, оны сайтқа енгіземіз немесе бiлiм aлyшылapғa сілтеме жібереміз. Тапсырмаларды жекелендіруге болады. Яғни, oқyшы өзінің фамилиясын көрсететін тапсырманы тағайындаймыз. Осының арқасында әр оқушының жұмыс нәтижелерін бақылай аламыз.

7-сурет. – Сілтемені тарату үлгісі.


Назар аударыңыз! Біз өзіміздің бір рет жасаған жұмысымызды бір

ғана емес, бірнеше түрлендіріп, басқаша дидактикалық ойын ретінде көрсетсек болады.

Алдын-ала «Мысалдардың тәрбиелік мәнін, айтпақ болған ойын анықтау» тапсырмасын дайындаймыз. (5-сурет)

8-сурет. – Тапсырманы даярлау үлгісі.

Алдын-ала дайындалған тапсырманың бірінші нұсқасы «Ұшақ» ойыны арқылы білімін тексеру. Мысалы, «Ат пен есек» мысалының тәрбиелік мәнін анықтау үшін ұшақ жауабы дұрыс берілген бұлттың үстінен ұшуы қажет. Егер де, бұрыс жауаптың үстінен ұшса мүмкіндіктерінен айырылады. Жалпы, ойын барысында әрбір оқушыға 3 мүмкіндіктен беріледі. Барлығын жоғалтса ойын аяқталады. (6-сурет)

9-сурет. – «Ұшақ» ойыны.

Келесі нұсқасында «Лабиринттегі қуғыншылар» ойыны. Бұл ойында сұрақтардың жауабы арнайы ұяшықтарда беріледі. Сол ұяшықтарға ойыншы қуғыншыларға түсіп қалмай, ғарышқа шығып кетпей сабырмен барып орналасуы қажет. Бұл ойында да мүмкіндіктер саны шектеулі, сол себепті оқушының шығарманы оқуы маңызды шарттың бірі болып табылады. Мүмкіндіктер санына қарап, білім алушының шығарманың оқығаның немесе оқымағаның білуге болады.

(7-сурет)

10-сурет. – «Лабиринттегі қуғыншылар» ойыны.



Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, А.Байтұрсынұлының шығармаларын оқытуда мультимедиалық технологиялар орасан қызмет атқара алады. АКТ технологияларын қолдана отырып ойын жаттығуларын үйде жаттығу тапсырмасы ретінде, қайталау кезінде қолдануға болады. Әсіресе сыныпта, яғни сабақтың үстінде интербелсенді тақтаны қолдануға болады. Осылайша, мультимедиалық технологиялар мұғалімнің сыныптағы оқушылармен жұмыс істеуге және үй тапсырмасы ретінде көмекші құралдарының бірі әрі өте тиімді құрал.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Байтұрсынұлы А. Шығармалары. Алты томдық шығармалар жинағы [Текст]. Т. 1 / А. Байтұрсынұлы. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. – 384 б.

2. Байтұрсынұлы А. Өлеңдер. Мысалдар. Мақалалар. Зерттеулер. Ахмет Байтұрсынұлы туралы естелік [Мәтін] / А. Байтұрсынұлы. – Алматы: Өлке, 2013. – 240 б. – (Жасөспірімдер кітапханасы).

3. https://wordwall.net/ru

4. https://adebiportal.kz/kz/news





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!