ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ
ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ
ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР
БЕЙНЕСІ
Ергебаева Бахытгуль
Абдыхамитовна
bergebaeva@mail.ru
Павлодар облысының білім беру
басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «№ 5 жалпы орта
білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі, қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Екібастұз,
Қазақстан
Аңдатпа
Зерттеу
мақсаты: Жаһандану дәуірінде өмір
сүріп жатқан өскелең
жас ұрпаққа Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, отандық
әдебиет классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш
Кекілбайұлының өнегелі өмір жолымен таныстыру, қазақ халқының
салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын қастерлеуге, оның
шығармаларындағы тарихи тұлғалардың адами қасиеттерін дәріптеу,
адам жанын ізгілендіру мақсаты
көзделді.
Зерттеу
міндеттері:
-
Әбіш
Кекілбайұлының тарихи шығармаларына талдау жасау;
-
Тарихи
тұлғалардың бейнесі арқылы тарихи тұлғалардың рух жігерін
дәлелдеу;
-
Тарихи
тұлғалардың ұлылығын, қадір қасиетін, тарихтағы алатын орнын
сипаттау арқылы достарым мен замандастарымды адами қасиеттерге,
өзін-өзі тануға тәрбиелеу;
-
Зерттелген
материалды бір жүйеге келтіру;
Болжам: қазақ халқының жазушысы Әбіш
Кекілбайұлының тарихи шығармаларына талдау жасау және тарихи
тұлғалардың рух жігерін дәлелдеу.
Зерттеу
кезеңдері:
-
Зерттеу Абылай нысанын тұлғсына анықтау.
-
Зерттеу байланысты әдістерімен сыңар танысу.
-
Зерттеу жұмысын
жүргізу тарихындағы
Эксперимент
әдістері:
-
жөнінде
ақпараттар қарастырған,
іздеу, ақпарат зерттеген
жинау, топтастыру.
-
жиналған өзіміздің
материалдармен азаматымыз
салыстыру.
-
алынған М.О.Әуезов
болды. материалдар Жазушының
негізінде ойымен
қорытынды айтсақ:
жасау.
Зерттеу «Ескі
нәтижесі мен
қазақ
қорытындысы:
Ғылыми жоба жұмысында ғылыми
тұжырымдамаларды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныс айтқым
келеді: Заңғар жазушы, қоғам қайраткері Ә.Кекілбайұлының өнегелі
өмір жолы мен шығармашылық жұмыстары кейінгі ұрпаққа жан-жақты
насихатталса деген өзіндік ой қорыту
жасалды.
Аннотация
Цель исследования:
ознакомление молодого поколения с нравственным образом жизни Героя
Труда Казахстана, народного писателя Казахстана, лауреата
Государственной премии Республики Казахстан, классика отечественной
литературы, видного государственного и общественного деятеля Абиша
Кекилбаева, почитание традиций, культуры, истории казахского
народа, популяризация человеческих качеств исторических личностей в
его произведениях, гуманизация человеческой души.
Задачи исследования:
-
Анализ исторических произведений Абиша
Кекилбаева;
-
Доказывать силу духа исторических личностей через
образ исторических личностей;
-
Воспитание у друзей и современников человеческих
качеств, самосознания через описание величия, достоинства
исторических личностей, их места в истории;
-
Систематизация изученного
материала;
Гипотеза:
проанализировать исторические произведения казахского писателя
Абиша Кекилбаева и доказать духовность исторических
личностей.
Этапы исследования:
-
Определение объекта
исследования.
-
Знакомство с методами исследования
дублер.
-
В истории проведения исследовательской
работы
Методы эксперимента:
-
сбор, группировка информации, поиск, изучение
информации.
-
сравнение собранных собственных
материалов.
Умозаключение:
Подводя итоги научной концепции в работе научного
проекта, хотелось бы высказать следующее предложение:
нравственный жизненный путь и творческая работа
писателя, общественного деятеля А. Кекилбаева была всесторонне
пропагандирована следующим поколениям.
Әбіш Кекілбаевтың тарихи
тұлғаларға арналған еңбектерін негізінен екіге бөліп қарауға
болады. Бірінші, әдеби-көркем
шығармаларындағы тарихи тұлғалар (Сүйінғара, Бекет Ата, Шыңғыс хан,
Ақсақ Темір, Әбілқайыр хан т.б). Екінші, ғылыми зерттеулерінде
қамтылған тарихи тұлғалар. Олар негізінен: Қарабура, Шотан батыр,
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Әбілқайыр, Барақ
сұлтан.
Зерттеу
міндеттері:
Әбіш Кекілбайұлының тарихи
шығармаларына талдау жасау;
Тарихи тұлғалардың бейнесі
арқылы тарихи тұлғалардың рух жігерін
дәлелдеу;
Тарихи тұлғалардың ұлылығын, қадір қасиетін,
тарихтағы алатын орнын сипаттау арқылы достарым мен замандастарымды
адами қасиеттерге, өзін-өзі тануға
тәрбиелеу;
Зерттелген материалды бір жүйеге
келтіру;
Болжам: қазақ халқының жазушысы Әбіш Кекілбайұлының
тарихи шығармаларына талдау жасау және тарихи тұлғалардың рух
жігерін дәлелдеу.
Қазақстанның Еңбек Ері,
Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, отандық әдебиет классигі, көрнекті мемлекет
және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев 1939 жылы 6
желтоқсанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Оңды ауылында
дүниеге келген.
Алғашқы «Алтын шуақ» атты
өлеңдер жинағы 1962 жылы жарық көрді. Одан кейін «Бір шөкім бұлт»,
«Дала балладалары», «Дәуірмен бетпе-бет», «Тырау-тырау тырналар»,
«Бір уыс топырақ», «Үркер», «Елең-алаң», «Құс қанаты», «Мартовский
снег», «Заманмен сұхбат», «Үш белес», «Талайлы
Тараз», повестері мен әңгімелері, эсселері мен романдары,
әдеби-философиялық, публисцистикалық жинақтары, қаһармандық
драмалық дастаны оқырмандарға жақсы таныс.
Ә.Кекілбаевтың жазушы ретінде
ерекшелейтін өрнекті де көркем тілі. Ол өз ойын бейнелі жеткізуге,
әрбір нәрсені жанды суретке айналдыруға өте ұста. Ұлттық тілдегі
сиқырлы сөз саптаулар мен әдеби нәрсені жанды суретке айналдыруға
өте ұста. Ұлттық тілдегі сиқырлы сөз саптаулар мен әдеби тілдегі
мың иірімді оралымдарды қиюын тауып қиюластырып, ой мен суретті
дәлдікпен бере білу осыны танытса керек.
Әбіш Кекілбаевтың тарихи
тұлғаларға арналған еңбектерін негізінен екіге бөліп қарауға
болады. Бірінші, әдеби-көркем
шығармаларындағы тарихи тұлғалар (Сүйінғара, Бекет Ата, Шыңғыс хан,
Ақсақ Темір, Әбілқайыр хан т.б). Екінші, ғылыми зерттеулерінде
қамтылған тарихи тұлғалар. Олар негізінен: Қарабура, Шотан батыр,
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Әбілқайыр, Барақ
сұлтан.
Ә.Кекілбаевтың «Ханша дария
хикаясының» тақырыбы – Шыңғыс хан. Соңғы кездері қазақ жұртында
Шыңғыс хан туралы екі түрлі көзқарас бар. Біріншісі Шыңғыс хан
шабуылынан кейінгі қыпшақ тайпалары ғана емес, көптеген халықтардың
саяси және экономикалық жағдайының нашарлауын, әлсіреуін, яғни
зардабын көрсетеді. Екіншіден, Шыңғыс ханда жақтайтын, яғни оның
жаулап алушылық саясатының прогрессивтік мәні жөнінде пікір
айтушылар бар, жалпы, Кеңес Одағына қараған елдердің тарихында
монғол-татар шапқыншылығы деген термин мықтап
қалыптасты.
Әбіш романдарын сөз еткенде,
алдымен «Үркер», «Елең-алаң» еске түседі. ХІХ ғасырдың алпысыншы
жылдарынан басталған қазақ тарихына деген бетбұрыс ұлт тағдырын
ойлаған қаламгерлердің ешқайсысын енжар қалдырған жоқ. Халқының
өткені мен бүгінгісін барлай отырып, тарихтың ұзақ тартыстарында
елдігін, ұлттық намысын сақтап қалған халықтың ерлік күресі көп
шығармаларға арқау болғаны белгілі. Бұл романдарда Қазақ елінің
жоңғар және басқа көрші халықтар шабуылынан ығыр болып орыс
патшалығынан пана іздеуінің күрделі жағдайларын сөз
етті.
«Үркердегі» суреткерлік,
жазушы машығы, образ жасаудың үлгісі «Елең-алаңда» сол күйінде
сақталған. Бұл романдарында жазушы жоңғар шапқыншылығына қарсы
азаттық күресті таза реалистік шыншылдықпен, романтикалық шабытпен
суреттейді. Осынау азаттық күресті ұйымдастырушы, бірегей қолбасшы,
тарихи тұлға Әбілқайыр ханның бейнесін Аңырақай шайқасындағы асқан
ерлігі мен одан соңғы Ресеймен бірлікке келу жолындағы атқарған
іс-әрекеттері, елін сақтау жолындағы түсінуі қиын бағытты ұсынуының
себеп-салдарын айқындау
арқылы тарихи шындыққа қиянат жасамастан, тарихи дерек пен жазушы
қиялының бірлігінен қиыннан қиыстыра отырып, көркемдік шындығы
шымыр шығармада шеберлікпен ашады.
Әбіш «Абылай хан» пьесасын
«халықтық қаһармандық драмалық дастан» деп атапты. Бұл атау
шығарманың бүкіл рухынан, оның мазмұны мен жазылу үлгісінен
туындағаны сөзсіз. Өйткені, шығарма, қазақ елінің тәуелсіздік
жолындағы күрестерінің ең бір шешуші тұсы оқиғаларына құрылған. Ол
ұзақ уақыт қалмақ шабуылы мен жаулаушылығы астында есеңгіреген
қазақ елінің ХVІІІ ғасырдағы басқыншыларға қарсы ерлік күресінің
эпопеясын жыр етеді. Халықтық қорғаныстарда батырлығымен көзге
түсіп, ел бастаған Абылайдың осы жорықтардағы ерен еңбегі мен
басшылық қызметі арқасында қалмақтар түбегейлі жеңіліс
табады.
Әбіш Кекілбайұлы –
шығармашылық ісінде болсын, қоғамдық-қайраткерлік жұмыстарында
болсын халықтық мән-маңызы бар үлкен қағидалар мен мұраттарға
қызмет етіп келе жатқан ұлы тұлға. Ол халық боп қатарға қосылу
үшін, ұлт болып рухтану үшін, ең алдымен, оның тарихи жолын оятып,
тарихи санасын жаңғырту керек деп ұқты.
Жалпы, қорыта айтқанда, Әбіш
Кекілбайұлы еліміздің рухани тіршілігінде болсын, саяси-әлеуметтік
өмірінде болсын қайталанбас құбылыс.Ол-феномен. Ол-тұтас әлем. Ол
әлем айтқан сайын тереңдей түсетін шыңырау әлем. Ол шыңыраудан әлі
талай ұрпақ сусындап, талай ұрпақ қуаттанары сөзсіз. Ол – рухани
ұлы тұлға. Ғылыми жоба жұмысында өзіндік ой қорыту, ғылыми
тұжырымдамаларды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныс айтқым
келеді: Заңғар жазушы, қоғам қайраткері Ә. Кекілбайұлының өнегелі
өмір жолы мен шығармашылық жұмыстары кейінгі ұрпаққа жан-жақты
насихатталса.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
:
1. Әшімбаев С. Шындыққа
сүйіспеншілік. Алматы: Жазушы, 1993. -497 б.
2. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 9-том. Алматы: ҚАЗақпарат.,
2005. -998 б
3. Тоғысбаев Б., Сужикова А. «Тарихи тұлғалар» «Алматыкітап» ЖШС,
2005 ж. 70 б