Әбіш Кекілбаев "Шыңрау" повесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әбіш Кекілбаев "Шыңрау" повесі

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып оқушыларына жаңа ағдалама бойынша жасақталған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі»

Бастауыш білім беру мамандығының

IV курс студенті

Пиримбетова Сандуғаш


Сабақтың тақырыбы: Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушылардың Ә. Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету. «Шыңырау» хикаяты жайлы, құдық қазу—Енсептің ата кәсібі екендігі жайлы толық мәлімет беру;

2) Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, ой-пікірлерін қалыптастыру;

3) Елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, сауапты іс жасауға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әдеби үйірме, сұрақ-жауап, интербелсенді, Үш қадамды сұхбат, инсерт;

Сабақтың көрнекілігі: Ә. Кекілбаевтың, құдықтардың суреттері, видеоролик, слайд;

Пән аралық байланыс: география

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Қызығушылықты ояту.


  • Бірінші суреттегі кім?

  • Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

  • Екінші суретте нені көріп тұрсыңдар?

  • Бұрын-соңды мұндай құдықты көрдіңдер ме?

  • Үйлеріңдегі құдықпен суреттегі құдықтың айырмашылығы не де?

  • Ә.Кекілбаевпен құдықтың қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?

2. Мағынаны тану.

-Ендеше, бүгін Қазақстан халық жазушысы Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесімен танысамыз.

«Шыңырау» повесі – Маңғыстаудағы әйгілі құдықшылар өмірінен жазылған шығармасы. Повесть 1982 жылы жарыққа шықты. Жазушы Маңғыстаудағы құдықтардың тереңдігіне байланысты түрліше аталатынына тоқталған: «Ұйқыдағы арудың оянуы» еңбегінде екі құлаштан асқанды құдық, ал бес құлаштан асқан құдықтарды шыңырау дейді. Құдық суын қолдап, ал шыңырау суын тек шығырмен ғана тартатынын ескерген.

Повестке басты негіз болған - ел аузындағы «Ақотты нар» аңызы.

Қашаннан халқымыздың материалдық игілік көзі – тіршілік тұтқасы – су көздері болған. Шөл даладағы бірден-бір су көзі құдық, құдықшылық кәсіпке байланысты жазылған «Шыңырау» повесіне арқау болған аңыздар және «Аңыздың ақыры» романдағы кейбір аңыз ел аузынан жиналып, көркемдік шешімі тұрғысынан сөз етілген. Аңыздың бірнеше нұсқасы ел аузынан жиналып,екшеле салыстырылып, жазушының көркемдік шешімімен қорытылған.


3) Оқулықпен жұмыс:

А) Әуелі, өзіміз мәнерлеп оқып береміз;

Ә) Екінші, оқушыға оқытамыз;

Б) Сөздік жұмысын жүргіземіз;

4) Сергіту сәті.

Көп отырып, шаршадық,

Қозғалуды аңсадық.

Жүгіргіміз келеді,

Әдемілеп, ән салып.

Топ топ басайық,

Жаттығулар жасайық.

Қайырымды жан болып,

Жамандықтан қашайық.

5) Шығармашылық жұмыс: «Әдеби үйірме» әдісі

І топ – Сілтеме табушылар (Мәтіннің қызықты жерлерін табады);

ІІ топ – Сұрақ қоюшылар (Мәтіннің желісі бойынша топты ойландыратын сұрақ қояды);

ІІІ Баяндаушы ( Мәтін бойынша топтп өткен ой талқысы туралы баяндама жасайды);

ІV Ізденуші (Қосымша ақпарат, мәліметтер жинақтайды);

6) Дәптермен жұмыс. «Инсерт» әдісі

Мен үшін түсінікті

Менің білетініме сай келмейді н/е өзгеше

-

Жаңа ақпарат

+

Мені таң қалдырған н/е түсініксіз

?










VІІ Сабақты бекіту

VІІІ Сабақты қорытындылау

Ой толғаныс. «Үш қадамды сұхбат » әдісі

Үш оқушы шығады.

1-шісі сұрақ қояды,

2-шісі жауап береді,

3-шісі-толықтырады және орындарын ауыстырып тақырып толық ашылады.

ІХ Үйге тапсырма

Х Бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.08.2018
644
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі