Материалдар / Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиіліктер кестесі.

Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиіліктер кестесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
9150
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексердім: ____________________________

Күні: 20.12.2017 жМұғалімнің аты-жөні: Зиядинова Э
Сынып: 7 «Ә»Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
Сабақ тақырыбы:Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиіліктер кестесі.
Сабақ түріӨткен тақырып бойынша материалды бекіту және оқушылардың дағдыларын қалыптастыру сабағы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)7.4.4.2 нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептеу;7.4.4.3 статистикалық деректерді жинау және оны кесте түрінде көрсету;7.4.4.4 таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету;7.4.4.5 кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру;
Сабақ мақсаттары:Сабақ соңында оқушылар:- таңдама нәтижелерін жиіліктер кестесі түрінде көрсете алады;- кестедегі деректердің дұрыстығын тексереді.
Жетістік критерийлері

ДағдыларЖетістік критерийлері


Білімін қолдану

Эксперименттің нәтижесін жиілік кестесі/ салыстырмалы жиілік кестесі түрінде көрсетеді.


Сыни ойлауКесте түрінде берілген статистикалық мәліметтерді сұрыптайды.
Тілдік мақсаттарОқушылар:
  • абсолютті және салыстырмалы жиіліктерді анықтау тәсілдерін талқылап, қысқаша сипаттайды;
  • жиналған деректерді сынып алдында жиілік кестесі түрінде таныстырады, деректерді жинау және өңдеу үдерісіне түсіндіру жасайды.
  • Бөлім бойынша лексика және терминология:
  • реттелген қатар; қатар элементі; басты жиынтық; нұсқалық ; вариациялық қатар; статистикалық қатар; таңдалым; жиілік; абсолютті жиілік; салыстырмалы жиілік; жиілік кестесі; салыстырмалы жиілік кестесі; деректер жинау; жиілік алқабы; деректерді көрсету.
  • Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
  • таңдама көлемі...;
  • деректерді үлестіру кестесін құрастыру;
  • алынған деректерді жиілік кестесі түрінде көрсету;
  • алынған деректерді салыстырмалы жиілік кестесі түрінде көрсету;
  • абсолютті жиілікті есептеу үшін ... санау керек;
  • салыстырмалы жиілікті есептеу үшін ...санына бөлу керек;
  • Құндылықтарды дарытуҚұндылықтарды дарыту бір-біріне құрметпен қарау, бірлесе отырып жұмыс жасау дағдыларын дамыту, академиялық адалдықты қалыптастыру әрекеттер арқылы іске асады.
    Пәнаралық байланыстарБөлім статистиканың негізгі ұғымдарын қамтиды. Жобалау және зерттеу жұмыстарын орындауға қажетті деректерді жинау, жүйелеу және көрсетудің кейбір әдістерін қарастырады.
    АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақтадағы презентация, Bilimland.kz сайтының ресурстары
    Бастапқы білім Сан тізбегінің құлашын, модасын, медианасын, арифметикалық ортасын таба біледі. Диаграммаларды оқиды және салады.
    Сабақ барысы
    Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс-әрекетРесурстар
    Сабақтың басы 3 минут

    2 минут



































    3 минут





















































    5 минут
    Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, оқушыларды түгеңдеу)Сабақтың мақсаттарымен, барысымен таныстыру, жетістік критерийлерін талқылау.
  • Оқушыларды жұптарға біріктіру:
  • Сыныпта 24 бала оқиды. Белгілі бір тақырыпқа сауалнама жүргізгеннен кейін кесте толтырылды. Абсолютті жиілік (оқушы есебімен) пен салыстырмалы жиіліктердің (жай бөлшекпен) сандық мәндерін сәйкестендіріңіз:
  • Стартер. Қатені табыңыз
  • Мектептегі 7-сынып оқушыларының жанұялары неше адамннан тұрады? Сауалнама нәтижесінде келесі таңдама алынды: 2233334333523234234234543324525222333335, мұндағы әр сан оқушылардың жанұясындағы адамдар санына сәйкес келеді.Шешуі:

    Тапсырманың мақсаты: алдыңғы сабақта оқылған материалды еске түсіру; келесі құндылықтарды дарыту: жұпта жұмыс жасай білу, диалог кезінде өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету, өмір бойы білім алу, жағдайға талдау жүргізе білу, жаңа жағдайға бейімделу, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.

    Осы уақытта мұғалім бақылау жүргізу барысында қалыптастырушы бағалаудың «Оқушыларға жеке кеңес беру» техникасын қолданады: оқушылардың түсіну деңгейін тексеру мақсатында оқушылармен жеке сұхбаттасу жүргізеді. Дәл осылайша әрбір оқушыға бұл іс-әрекет бойынша кері байланыс беріледі.

    Үй тапсырмасын тексеру, қажет болған жағдайда талдау;


    Презентация



    Қосымша 1_Жұптарға біріктіру + Стартер
    Сабақтың ортасы 15 минут









































































































    15 мин
    Топтық жұмыс: Топтарға кестені толтыруға тапсырма беріңіз. Әр топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі. Тексеруді дөңгелек бойымен айналдыра тексереді. Тексерушілер баға қояды да бағалауға түсіндірме жазады.

    1-топБос орындарды толтырыңыз: 2-топТаңдаманың көлемі 60-қа тең. Абсолютті жиіліктерді есептеңіз:

    3-топБос орындарды толтырыңыз:

    Тапсырманың мақсаты келесі құндылықтарды дарыту: топта жұмыс жасай білу, диалог кезінде өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету.

    Мұғалім оқушылардың оқу процесін қолдау мақсатында «Температураны өлшеу» техникасын қолданады: оқушылардың іс-әрекеті тоқталады және «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қойылады. Осы сұраққа жауап беру арқылы оқушылар өздерінің тапсырманы қаншалықты түсінгені және орындау барысы туралы ақпаратты береді.

    Тапсырманы орындап болған соң, әрбір топта бір оқушы өз орнында қалады, қалған оқушылар шеңбер бойымен топтан топқа көшеді, басқа топ мүшелерінің түсіндірмелерін тыңдайды, талдау жүргізеді, қызықтыратын сұрақтарды қояды. Өз тобында қалған оқушылар да ауысып отырады, сондықтан әрбір оқушы түсіндіруші ролінде де, тыңдарман ролінде де болады. Қалыптастырушы бағалауға арналған деңгейлік тапсырмаларды орындау: (Өз деңгейін оқушылар өздері немесе мұғалім нұсқаулығымен таңдайды.)Негізгі деңгей№1. Сыртқы жиынтық бағалау тапсырудың алдында оқушылар бір емтиханды өздері таңдаған пән бойынша тапсыруы керек. Таңдау физика, химия, биология және информатика пәндері арасында өтеді. Оқушылардың қай пәнді таңдайтыны туралы сауалнама өткізіліп, 50 оқушыдан алынған жауап қорытындысы мынадай болды: (ф – физика, х химия, б – биология, и – информатика)ф, б, ф, ф, х, х, ф, и, ф, и, х, и, и, б, б, и, ф, х, ф, х, ф, х, ф, ф, х, ф, х, ф, и, ф, ф, х, ф, ф, х, ф, х, ф, х, х, ф, х, и ф, ф, ф, б, б, х, и.Алынған мәліметтер үшін жиілік кестелерін толтырыңыз.Жауабы:

    №2. k шамасының мәнін табыңыз.Жауабы: 0,1 Орташа деңгей№1. Төменде келтірілген кестені қолданып, сыныптастарыңыздың қай айда туғаны жөнінде мәліметтер жинаңыз (сынып журналындағы мәліметтерді қолдануға болады).



    №2. Жастық топтары бойынша деректердің дұрыстығын тексеріңіз:Жауабы: 20-30 және 80-90 жастық топтардың деректері дұрыс.

    Тереңдетілген деңгей№1. Қазақ алфавиті әріптерінің Қазақстан Республикасының Әнұраны қайырмасында кездесетін жиіліктерін анықтаңыз. Шешуі:Менің елім, менің елім,Гүлің болып егілемін,Жырың болып төгілемін, елім!Туған жерім менің — Қазақстаным!





    №2. Бос орындарды толтырыңыз:Жауабы:



    Қосымша_2_Топтық жұмыс



















































































































































































    Ә.Н.Шыныбеков. Алгебра. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. 3 басылымы.. – Алматы: Атамұра, 2011. – 176 бет
    Сабақтың соңыРефлексия және үй тапсырмасын беру 2 минутМұғалім сабақты қорытындылайды, оқушыларға сабақтағы жұмыстарына сәйкес кері байланысты береді.

    Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:«ПЛЮМИН»

    Үйге: 3.421










    Қосымша_4_Рефлексия






    Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
    Әрбір оқушыға жеке нұсқаулар беру арқылы оның жақыннан даму аймағы анықталады.Әрбір оқушыға қолжетімді (дифференциалданған) тапсырмаларды ұсыну арқылы қолдау жүргізіледі.Проблемалық жағдай туғызу.Жұмыс көлемі бойынша саралау жүргізіледі.

    өзін-өзі бағалау

    мұғалімнің бағалауы
    Қауіпсіздік техникасының ережелерін ұстану





    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ