Материалдар / Абстракциялық тақырыптағы тықыр кілем
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абстракциялық тақырыптағы тықыр кілем

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тақырыпта абстракция тақырыьында тоқылатын кілем туралы жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2018
598
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АБСТРАКЦИЯЛЫҚ ТАҚЫРЫПТА ТЫҚЫР КІЛЕМ


АМАНКЕЛДІ А.А., БОЛАТ Ә.Қ.

5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 4курс студенттері

Ғылыми жетекшісі:



Зерттеудің көкейкестілігі: Гобелен ежелден қолданып келе жатқан өнердің бір түрі. Гобелен өзінің құрылған композициялық бағыты мен әсем құндылығымен жылдар, ғасырлар бойы сақталып келеді. Қазіргі кезде гобелен біздің елімізге жаңашалап, жаңа бағытта жеткізіліп отыр. Қолданбалы өнердің ішінде тек гобеленде ғана сан-салалы тәсілдер қолданса керек. Ұлттық қолөнер бұйымдарының маңызы, мәні, сәндік қолөнері халық тұрмысынан берік орын алған. Қазақ гобелені де дәстүр сабақтастығына қызмет ете бермек.

Зерттеудің мақсаты: Көне заманнан келе жатқан гобелен өнері жоғалтпай әрі қарай жаңа идеялармен толтыру. Ұлттық нақыштағы сәндік гобелен өнерінің технологияда жіптін түрлерін, жасалу жолдарын түкті және тықыр техникамен ашып көрсету. Басты мақсатымыз гобелен тоқу дәстүрін ұлттық өнер дәстүрімен байланыстыру.

Зерттеудің нысаны: Әдістемелік оқулықтар, газеттер, журналдардағы, педагогикалық және медодикалық іс-тәжірибелер басылымдары.

Зерттеудің пәні: Гобелен халықтың күнделікті пайдаланылатын бұйымның бірі, гобелен өзінің композициялық мазмұнымен көрікті және әдемілігімен ерекше.

Зерттеудің міндеттері: Әдістемелік материалдарды жинақтап өңдеу, гобелен өнерінің шығу және даму тарихын көрсету, осы дипломдық жобаға жаңалықтар енгізу, қосымшалар қосу немесе қайта жаңғыру.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі – мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтың мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту. Осы бағытты ескере отырып көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор. Қазақ халқының қолөнері – сонау ықылым заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап жатқан өте бай қазына. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тоқу, тігу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармышылық жиынтығын айтады. Қолөнер – ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы.

Ұлттық сәндік қол өнерімізді шыңдауда кілем, гобелен тоқу өнерінің алатын орнын анықтаудағы басты мақсат – көне заманнан келе жатқан тоқыма өнерін жоғалтпай әрі қарай жаңа идеялар мен толтыру. Ұлттық нақыштағы сәндік гобелен өнерінің технологиясында жіптің түрлерін, жасалу жолдарын түкті және тықыр техникамен ашып көрсету және  гобелен тоқу дәстүрін ұлттық кілем тоқу өнер дәстүрімен байланыстыру. Гобелен халықтың күнделікті пайдаланылатын бұйымдарының бірі, гобелен өзінің композициялық мазмұнымен көрікті және әдемілігімен ерекше.

Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға әсемдік тәрбие беруде ерте       заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады.  Қазақ халхының тамаша бұйымдары киіз басу, кілем тоқу өнерлерін білеміз. Әр шебердің түсінігімен, қолмен жасалатын дүние болғандықтан гобелен қайталанбайтын дүние. Гобеленді бағалау үшін оны жай көзбен көру жеткіліксіз, қолмен сипап жасалу техникасына назар аударғанда шебердің шеберлігін байқауға болады. Гобелен-суретті, түксіз, қабырғаға ілінетін және жерге төселетін кілем, яғни қолмен тоқылған кескіндеме. Гобелен – сәндік қолданбалы өнер түріне жатады.Гобелен өнерінің шығу тарихы ХХ ғасырдың басынан басталады. Гобеленнің отаны – Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталған. Атап айтқанда, бұл өнер Франция, Испания, Италия, Германия елдерінде жақсы дамыды. Кейінірек ол Прибалтика, Кавказ және Ресейде де кең өріс алды. Гобелен тоқуда кендір жіп, теңіз шөптері және жүннен иірілген жіп пайдаланылады. Прибалтика елдері гобелен тоқуда композициялық суретті толқын тәрізді бедерлесе, Кавказ гобелен тоқымашылары өз шығармаларында тарихи оқиғаларды, эпостарды бейнелеуге тырысты. Ресей суретшілері гобеленді тықыр кілем үлгісімен тоқып, оны сюжеттік суреттермен бедерледі. Гобелен көркем шығармашылық туындыға жатады. Сондықтан гобелен өнерінің сәндік-қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Гобелен өнерінің қазақ қолөнеріне қадам басуы, қарқындап дамуы 1970 жылдардан басталады. Осы жылдары біздің елде тақырыптық, терең философиялық мазмұнды көркем туындылардың алғашқы бастамасы қалыптасты. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнерімен тоғысты.

Гобелен кілемі – сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы суреті мен колориттік түстерінде.

Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан Қазақстан суретшілері ретінде Қ.Тыныбеков, Б.Зәуірбекова, И.Ярема, Ә.Бапанов, С.Бапанова, Л.А.Анисимова, К.Жұбаниязова, С.Г.Иляева, А.Иханова, Б.Өтепов, Ш.Қожаханов, т.б. Қазақ гобеленінің негізін қалаған  суретші  Құрасбек Тыныбеков десек, қазақ қыздарының ішінен осы салаға тұңғыш сара жол салған – Бәтима Зәуірбекова.

Құрасбек Тыныбеков (1947-1980) шығармашылығының дамуы тікелей гобелен тоқу өнерімен байланысты. Оның шығармашылық ізденісіндегі басты жетістігі – классикалық гобелен тоқу дәстүрін ұлттық өнер дәстүрімен сабақтастыру болып табылады. Ең алғаш орындалған гобелендері: «Шопан»(1970), «Отбасы»(1973), «Көктем»(1974), «Тау мен дала»(1975). Осы туындылар қазақ гобелен өнеріндегі композициялық құрлымы күрделі, бояу үндестігі басым туындылар болып табылады. Сондай- ақ «Өмір ағашы» (1976), «Байқоныр ырғақтары» (1977), «Аққу ән»(1980), «Композиция» секілді гобелендері де өздерінің терең философиялық мазмұнымен ерекшеленеді. Олардың композициялық құрлымында фольклорлық сарым басым.

Қ.Тынышбековтің шығармашылығының бас кезі өнердің жаңа түрі - гобеленнің жаңғыру, қалыптасу, өзіндік бейнелеу құралдарынзерделі іздестіру кезеңіне сәйкес келеді. 1970 жылы студент кезінде –ақ Қ.Тыныбеков Қазақ КСР – інің 50 жылдығына арналған Республикалық халықтық сән және қолөнер көрмесәнде өзінің тұнғыш жұмысын көпшілік назарына ұсынды. Бұл оның өнерге бағыштаған жарқын ғұмырының бастамасы еді. Қ.Тыныбековтің шығармашылық жолы ғажайып тиянақтылығымен, тұтастығымен ерекшеленеді. Суретшінің алғашқы жұмыстарының өзі – ақ өн бойында жеке нақыштарды, кейінгі шығармаларда байытылып жататын айрықша композициялық сапаларды жинақтады.

Халық өнерінің дәстүрлерін шығармашылықпен тең өрістетудегі екі бағытты Қ.Тыныбековтің киізден басқан бұйымдарының да үлгісінен байқауға болады.

«Дала әуені»(1972), текеметі шебердің киіз басу тәсілінің тосын эффектілерін: көмескілікті, басыңқылықты, суреттердің құбылмалылығы мен бояулар ауысуының толқылмалылығымен тап басып көрсетеді. Ал «Аспан»(1973) текеметінің стилистикасы ХХ ғасыр өнеріне жатады. Суретші түзген абстрактілі композицияда көне материал жаңа дәуірдің көркем идеяларымен үйлесім табатын тамаша құралға айналған.

Сонымен Қ.Тыныбековтің шығармашылығында дәстүрлерді игерудің екі деңгейі көрінеді. Егер оның біріншісі үшін халық өнері үлгілеріне етенелік тән болса, екіншісіне – дәстүрлі тәсілдерді шығармашылықпен қолдана алатын қазіргі заман суретшісінің дербес ой түюі маңызды.

Оның алғашқы «Шопан», «Отбасы» гобелендерінен біз бұл ұмтылысты біршама сезінгендей боламыз. Шопанның қолындағы қошақан – жартылай жануар, жартылай ою түрінде бейнеленеді, ол «қошқар мүйіз» оюына жақын. Аспандағы бұлт ою түрінде ұшып барады. Жеке оюлық мотивтер бірде аспандағы жұлдыздарды, бірде желдің ұйытқуын, бірде киім бүрмелерін бейнелей отырып, Қ.Тыныбеков гобелендерінің кеңістігін тұтастай қанықтырып жатады.

Бәтима Зәуірбекова (1946 жылы туған) ең алғашқы туындыларында сәндік ұлттық ою-өрнектерді сюжеттік көрініске ұластырып көзге түссе, кейіннен тақырыптық дүниелер жасауға бел байлады. Б.Зәуірбекованың гобелендері нәзік бояуларымен дараланады. Оның «Керуен»(1973),«Дала аруы»(19779), «Жер -Ана»(1984) атты шығармалары сиқырлы әуенге толы. Ал «Қазақстан» атты көркем туындысы көп тұлғалы композициялық шығарма болып табылады. Мұндағы Қазақстанның кең байтақ даласының көріністері ою – өрнек, бояу үндестігінің табиғи шешімдері арқылы табылған. Шығарманың композициялық құрылымы тек бір бағытқа өрістеген күрделі үш бөліктен тұрады. Белгілі шебер Б.Зәуірбекова көлемі шағын туындылармен қоса, кең тынысты лирикалық – эпостық мазмұндағы күрделі, іргелі туындылар жасау жолында да жемісті еңбек етіп келеді.

Тоқыма өнерінің жаңалықтары өркен жайып отырған қазіргі заманда, туындыны тоқу үстінде сан алуан техникалық тәсілдер – бедерлі әрлеу, көлемдік – кеністік конструкциялар қолданып отырғанкездің өзінде де, Б.Зәуірбекова классикалық тықыр гобелендер тоқудан айнымай келеді. Оның еңбектерінен туған халқының мәдениетіне зерделей ден қойып, терең ой жіберу айқын аңғарылады. Бірқатар туындылары қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің төл дәстүрлерін шығармашылықпен дамытудың үлгісі болып табылады.

Көркемдік ой шешімінің материалда көрініс табуының алдында нобайлар арқылы қыруар жұмыс істелсе де, Б.Зәуірбекова үшін тоқу процесі – шығармашылық ізденістердің қайнар көзі болып қала береді. Міне, осының нәтижесінде әзірлік шешімі одан әрі жетіле түсіп, стильдік жағынан да айқындалып, жаңа сипатқа ие болған.

Б.Зәуірбекованың бұдан былайғы шығармашылығы гобеленнің сәндік тілін байыту жолдарын іздестіру арқылы көрінеді. Композициялары неғұрлым күрделі, ол өз шығармаларында бірін – бір толықтыра түсетін сюжеттік және әшекейлік сарындарды үндестіре білді.

Күрделі суретімен ерекшеленген «Көктем» атты (1974) гобелені салтанатты күйді танытады. Автор бейнелі образдарды пайдалана отырып, әуенге толы астарлы шығарма жасайды. Мұнда адам мен табиғат тұтас бірлікте көрінеді. Адам тұлғалары мен айналадағы заттарды тұспалдап бейнелеу арқылы автор мұның бәрінің жалпы туындының композициясымен іштей үндестікте келісім табуына қолжеткізген. Тұрақтылық пен серпінділіктің үйлесіммен жасалған туындының композициясы ішкі буырқанысымен ерекшеленеді. Ағаштардың сұлбаларымен, теңіздей толқыған шөппен, қалықтаған аққулармен, толқындай иіріліп жатқан тау жоталарымен өрнектелген ырғаққа толы туынды әсем де әсерлі. Жалпы , бұл гобелен тоқыма – суретшінің таным – түсінігінің тереңдігін аңғартады.

Ирина Зиновьевна Яреманың (1931 жылы туған) гобеленді көркем шығармалары Қазақстан өнеріне қосқан үлкен үлес болып табылады. Оның “Маңғыстау” (1974) атты гобеленінде осы өнірдегі өндіріс, зауыт, электр энергиясы, мұнай-газ өндіру мекемелерінің көріністері жан-жақты шығармашылық сипат табады. Әр алуан геометриялық фигуралар ішіндегі ою-өрнектер симметриялық үйлесім тауып, көз алдымызға динамикалық қозғалыстар алып келеді.

Қазақ қолөнерінде тоқымашалықты дамытуда Сәуле және Әлібай Бапановтардың қолтанбасы да айрықша. Ерлі-зайыпты суретшілердің “Ұлы бәйтерек”, “Кеңістік”, “Аймақ”, “Саяхаттану” атты гобелендері композициялық құрылымымен, ұлттық тақырыптағы мазмұнға сай орындалу шеберлігімен көптеген шетелдерге танылды. Әсіресе “Саяхаттану” гобелендік шығармасы ұлтымызға тән өміршең көркем туынды болып табылады. Гобеленнің композициялық құрылымындағы желілік, суретті шешімдер қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, салт-дәстүрінен сыр шертеді. Ұлы Жібек жолының көш көлігі болған, төрт түлік малдың төресі-түйе шығармада басты кейіпкер ретінде алынған. Сәуле және Әлібай текеметтері шығармашылық іс-әрекеттің құштарлыққа толы қуатын сезінуге көмектеседі. Сезімнен туған ой, ізгі ниет еріктен сыртқы шығуға талпынады: жүн бағзы замандардағы тәрізді әлі күнге дейін құлаш кере сабалатын, еркін қимылмен шабақталып, аяқпен тебіліп, үстіне шығып би биленіп келеді. Міне, осындай толып жатқан дене қимылдарынан мына жарық дүниеге тағы да бір әлем образы пайда болады. Олар жасаған дәстүрлі текемет-ғарыштық энергияға толы ақ-қара түсті монументальді ою-өрнек жиынтығы.

Сәуле мен Әлібай жұмыстарындағы кейіпкер мен тақырыптық шешімдер кешегі қазақтың көшпелі өміріндегі динамикалық қозғалыс “Көш” туындысында тұр-тура, дәлме-дәл берілген десе боларлық. Сырттай пайымдауға бейімдейтін “Жайлау” берік бірлікте өмір сүретін адам мен табиғаттың көңіл күйін баяндау формасында берілген. Сәуле мен Әлібай гобелендері-мына аса жылдамдатылған технология заманында асықпай, аптықпай атқарылатын қолөнер кәсібінің тартымды екендігінің құпия сырын ашуға көмектеседі [1].

Қазіргі кезде гобелен қандай деңгейде ой жүгіртсек, бәрінен бұрын оның әр түрлілігі еске түседі. Гобеленнің кісіге әсері ерекше. Оның фактурасы мен түр-түсі қосыоып, бір сиқырлы сезімге бөлейді. Витраждағы ашық бояулы жазықтықтар қиылысының көз байлайтын кереметтілігі де бар. Осы әсерлі жұмыстың бір ғажабы-жүнді бояп, тоқуға дейінгі шаруа тек қолмен атқарылады. Олар бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Кейбір кезде мұндай одақтар бірлігінің беріктігі тек қана ұқсастығында емес, белгілі бір дәрежедегі мінез-құлықтарының кереғарлығында жатқан тәрізді.

Қорыта келгенде «үй жасауы – кілем» дейді. Кілем жайсаң төсеніш, ілсең сән. Осындай ел аузына ілінген, асыл қасиетін әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Қиын да қызықты өнер кілем тоқу қазақ топырағында бұдан мың жылдар бұрын, қарапайым халық өнерпаздарының ой қазынасынан шығып, шебер қолдармен тоқылатын. Ауқымды, кең кілемдер, гобелендер ерекше топқа жатқызылады. Қазақтың гобелені – тың, қызықты һәм болашағы бар көркемдік құбылыс. Бірнеше онжылдықтың ішінде оның толыққанды тамыр жаюына салт – дәстүріміздің сақталғаны септігін тигізсе керек. Қазақстанда қалыптасқан салт бойынша тоқыма бұйымдар атам заманнан қолданылып келген, үй ішіне оңашалық пен жылылықты дарытқан. Осындай дәстүрде өсіп – өнген Қазақстан гобеленшілері орасан зор, ауыз толтырып айтарлық өнер туындыларын дүниеге келтірді. Қазақ халқы талай ғасырларда қиыншылықтың қырына қарамай кейінгі ұрпақтар үшін көптеген өнер мұраларын қалдырды. Олар біздің өміріміздің зейнеті болуы үшін күрескенде неше түрлі азапты–от пен судың тар жол, тайғақ кешуінен өтті. Өнерлі өрге жүзер дейді халық, гобелен тоқуды қолөнердің өзіндік қыр сыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десек те болады. Оның айғағы тарихын қалыптастырып келген, сан ғасырлар бой тұрмысқа байланысты, нобайларына лайықталып келген ою-өрнек түрлерін оның мазмұның жанара түсіп, бет-бедеріне тұрмыс-тіршілікке байланысты тың мағына беретін туындылардың пайда болуы. Гобеленнің даму тарихы мен одан әрі өркендеуінің осы күнгі нәтижесіне көз жетерлік[2].

Гобеленнің даму сатысын әрдайым кеңістікке байланысты сапалы түрде даму үстінде болады. Классикалық гобелен кеңістікте дами отырып өз заманында өлшемі жағынан да белгілі бір шектеуден шыға алмаған. Дәлірек айтқанда бұл тоқыма өнерімен орындалған белгілі бір жазықтықты толтыратын түс жазба (картина) – яғни қабырға айпасы ғана болатын. Даму сатысында архитектуралық кеңістік құрылымның әсері болғандығын жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен де  классикалық гобеленнен алыстап кете алған жоқ. Гобелен өзінің бейнесі, суретімен құрылымы интерьер масштабына сәйкес болған жағдайда және оны тереңдетіп, дамыта түседі де, бірақ озінің жазықтығы кескінін сақтап қалады. Кеңістіктің осындай әсерін мазмұнды композиция деуге болады. Гобелен композициясын өз заманының  кескіндемесіне лайық айшықты коларистикасымен, дүниетанымдық  болмысын ерекшеленіп отырады. Осындай тепе-теңдікте архитектуралық кеңістікпен гобелен арасында жылдар бойы байланыс ұлғая түседі [3].

Қазіргі заман интерьері тоқыма шығармашылығы саласынан білімділікті, бейімділікті, кәсіпкерлік шеберлікті, үлкен бір, шығармашылықты, өзіндік стильді талап етеді. Гобелен қабырғаны әсемдеуші болып қана қоймауы қажет. Оның ерекшелігі, оның әсемдігі, суреті, құрылымы эскизге таңдалынып алынған айшықты композициясы, адамның қызығушылығын арттырып, эстетикалық таным талғамын оятатын лирикалық сезіммен, философиялық ойларға толы болып, көрерменнің сұлулықтан әсер алуына септігін тигізуі қажет екендігін айта келе гобеленің кен ауқымды дамуына өз үлесімді қосуды мақсат еттім.

Халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігінің жарқын айғағы. Мемлекетіміз мектептің алдына жаңа бір міндет қойып отыр – өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай, өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білім алуы тиіс. 


Пайдаланылған әдебиеттер

1 Болатбаев Қ., Қосбармақов Е., Еркебай А.-Өнер.10-сынып. Алматы.2006

2 Қазақ ұлттық энциклопедиясы 3 том

3 Дәулетов К, Сүлейменова М, Жайманова Л. «Еңбекке баулу әдістемесі» (Бастауыш сыныптарға арналған) Астана «Фолиант», 2010





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!