Материалдар / «Абылай хан дәуіріндегі Қазақстанның мемлекеті. 18 ғасырдың аяғы-19 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Абылай хан дәуіріндегі Қазақстанның мемлекеті. 18 ғасырдың аяғы-19 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК






«Қазақстан тарихы» пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


«Абылай хан дәуіріндегі Қазақстанның мемлекеті. 18 ғасырдың аяғы-19 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері»


Пән:«Қазақстан тарихы»

Мамандық: 09130100 «Мейіргер ісі»

Біліктілік: 4S09130103 «Жалпы практикадағы мейіргер»




Құрастырған оқытушы: Шалхарова А.О.















Оқу-әдістемелік кешен құрылымы үш негізгі блокты қамтуы керек:

бағдарламалық - жоспарлау;

оқу-әдістемелік;

ресурстық - ілеспе

Бағдарламалық-жоспарлау блогы оқу пәнінің мемлекеттік білім беру стандартынан, үлгілік оқу жоспарынан, оқу пәнінің жұмыс бағдарламасынан, силлабустан тұрады.

Оқу-әдістемелік блокқа пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсынымдар, пән мазмұнының теориялық бөлігі (оқулық, оқу құралы, лекциялық курс), пән мазмұнының практикалық бөлімі, анықтамалық (глоссарий) және бақылау жүйесі.

Ресурстық - ілеспе блок оқу процесін оңтайландыруға мүмкіндік беретін әдістемелік материалдар мен оқу құралдарының кең ауқымы болып табылады. Қамтылуы керек:

құрылымдық-логикалық сызбалар;

анықтамалық плакаттар, кестелер және т.б.;

үлестірмелі дидактикалық материал;

тапсырмалар жиыны, соның ішінде сынақтық;


БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-ЖОСПАРЛАУ БЛОГЫ

ҚР МЖМБС негізінде техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру оқу бағдарламасынан ҚР ДСМ-27.08.2021 ж №604 бұйрығынан үзінді

Пән:«Қазақстан тарихы»

Мамандық: 09130100 «Мейіргер ісі»

Біліктілік: 4S09130103 «Жалпы практикадағы мейіргер»


09130100 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын бітірушінің құзыретілігі


БҚ-1 ОҚЫТУ. Ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, өзінің оқу қажеттіліктерін мойындайды және оқу мақсатын қояды.

БҚ-1.1 ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ: оқуды ұзақ мерзімді жоспарлау, кәсіби өсу дағдыларын меңгерген.

БҚ-1.2 СЫНИ ОЙЛАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ: мәселелерді және ықтимал шешу жолдарын анықтайды, гипотезаны тексереді және оқиғалардың ықтималдығын бағалайды, тиісті қорытынды жасайды.

БҚ-1.3 АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ: ақпаратқа қажеттілікті, ақпараттық іздестірудің басым бағыттарын анықтайды, әртүрлі көздерден алынған ақпаратты өз бетінше табады және сыни бағалайды, алынған ақпаратты практикада жариялайды және қолданады.

БҚ-1.4 КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР: жұмыста және өзін-өзі дамытуда ақпараттық компьютерлік технологияларды қолданады

БҚ-2ЭТИКА ЖӘНЕ КӘСІПҚОЙЛЫҚ. Жедел медициналық көмек көрсету барысында пациенттермен, олардың отбасыларымен және әріптестерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде кәсіби этикалық қағидаттар мен нормаларға бейілділігін көрсетеді. Өз іс-әрекеттері мен жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік алады, сондай-ақ оң жұмыс жағдайын қолдайды.

БҚ-2.1 ҚОҒАМДЫҚ ӨМІР: қоғамдық өмірге белсенді қатысады.

БҚ-2.2 ЭТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР: кәсіби этикалық принциптерге бейілділігін көрсетеді.

БҚ-2.3 ЭСТЕТИКА: жұмыс ортасының эстетикасын бағалайды және қолдайды.

БҚ-3 КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ТОПТА ЖҰМЫС ІСТЕУ. Технологиялардың кең спектрін пайдалана отырып, әр түрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады.

БҚ-3.1- КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАР: жағдайды ескере отырып, әртүрлі адамдармен тиімді қарым-қатынасты көрсетеді.

БҚ -3.2 ТОПТА ЖҰМЫС ІСТЕУ: әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып, жауапкершілікті көрсетеді.

БҚ-3.3 АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: кәсіби мақсаттарда тиімді ақпарат алмасу үшін түрлі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланады.



Қолданылатын қысқартулар:

БҚ-базалық құзыреттер;

ДҚ-бейіндік құзыреттер.

Еңбек сыйымдылығы (сағат) - 72/3


Кәсіби модульді зерттеу нәтижесінде:

-Тарих сабағындаалған ақпараттарын жазбаша және ауызша талдап тілдесу, тезистер жасай білу;

- тарихты оқытудағы қолжетімді құралдарды қолдана алу;

- тарихи процестерді оқу барысында тиімді әдістер мен құралдарды қолдану, ойын ықшамды және түсінікті етіп жеткізу.


Пәннің мақсатыТарих пен қоғамдық ойдың жаңа табыстарының негізінде еліміздің бүгінгі күнге дейінгі өткен тарихи

оқиғаларын меңгерту арқылы бүгінгі заман талабына сай білім алушылардың ұлттық сана сезімін арттыру. Қазақстан

Республикасының әлем мойындаған жетістіктерін, бәсекеге қабілетті елу елдің, қатарына енуінің стратегиялық міндеттерін

меңгертіп, ел тарихын оқып білу арқылы белсенді азаматтық көзқарас қалыптастыру.


Пәннің/модульдің міндеттері:

1. Адамзат қоғамының даму тарихы туралы білімін қалыптастыру;

2. Тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи

оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру және оған өзіндік көзқарастарын

білдіру;

3. Жас жеткіншектердің Отаны мен халқ алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;

4. Еліне қызмет етуге дайын Отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін және Қазақстанда өмір сүріп жатқан

халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу.






ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНАН КӨШІРМЕ


Пән:«Қазақстан тарихы»

Мамандық: 09130100 «Мейіргер ісі»

Біліктілік: 4S09130103 «Жалпы практикадағы мейіргер»


II КУРС ІІI СЕМЕСТР


Тақырып : «Абылай хан дәуіріндегі Қазақстанның мемлекеті. 18 ғасырдың аяғы-19 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері»


барлығы – 2 сағат

Аудиториялық - 2 сағат


СТУДЕНТ БІЛУ КЕРЕК:

Абылай хандығының құрылуын. Абылай хандығының саяси және әлеуметтік құрылымын. Алым-салықтарын. Орта Азия мемлекеттерін.

Теориялық сабақтың көрнекіліктері:

  • ОӘК

  • Жұмыс бағдарламасы

  • Силлабус

  • Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

  • Электрондық тасымалдағыштағы демонстрациялық материал

  • Үлестірмелі материалдар

  • Ноутбук


Әдебиеттер мен оқуқұралдарыныңтізімі

Негізгіәдебиеттер:

1.Кан Г. В. Қазақстан Тарихы. Оқулық. Алматы, 2009.

2.Ә.Күзембайұлы, Е. Әбілев Қазақстан Республикасының Тарихы. Учебник для вузов. - Астана: "Фолиант" ИКФ, 2003

3.Қазақстан тарихы (ежелгідәуірденбүгінгікүнгедейін). Бес томдық. – Алматы: "Атамұра", 1996-2010 Жж.


Қосымшаәдебиеттер

1.Кляшторный С. Г., Сұлтанов Т. И. Қазақстан. Үшмыңжылдықшежіресі. Алматы, 1992.

2.Қазақстан тарихы: ақдақтар.- Алматы, 1991.





I. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БЛОК



Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК





Оқу сабағының жоспары

(аудиториялық оқыту)





«Абылай хан дәуіріндегі Қазақстанның мемлекеті. 18 ғасырдың аяғы-19 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері»


(сабақтың тақырыбы)






Пән: «Қазақстан тарихы»




Құрастырған оқытушы:Шалхарова А.О.





"____"____________ 20___год


    










1.Жалпы мәліметтер

      Курс, оқу жылы, топ: 2 курс, 2022-2023 оқу жылы

      Сабақ типі: аудиториялық

2.Сабақтың мақсаты: Тарихты оқыту барысында оқыту әдістерін дұрыс әрі оқушыларға қызықты қылып өткізу. Оқыту әдісіне қойылатын талаптардың дұрыс болуы. Сөздік, көрнекілік және практикалық әдістердің сонымен қатар тарихты оқыту барысында тарихи құжаттарды дұрыс пайдалану, тарих сабағын қызықты қылып өткізу жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады және оқытудың жаңа технологиясын пайдалана отырп қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Білім алушыларға Абылай ханның өмірбаянын, жорықтарын, қазақ жерлерін біріктіру жолындағы Абылай ханның саясаты жөнінде түсінік беру. Оның жүргізген саясатының елімізде бүгін жүргізіп отырған саясатпен  сабақтастығы мен үндестігін ашу.
Дамытушылық: Тарих сахнасынан қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған,үш жүздің басын біріктірген Абылай ханның қағамдағы, тарихтағы орнына білім алушылардың назарын аудара отырып, осы бағыттағы қосымша әдебиеттерді, тарихи деректерді тиімді пайдалана білу, өз бетімен жұмыс істеп, өз ойын еркін жеткізе
алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Білім алушылардың елім деп өткен тұлғалардың ерлігін дәріптеуге, тарихымызды құрметтеуге тәрбиелеу. Тарихи шығармаларды пайдалану арқылы ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

2.1 Сабақтың өзектілігі және себептілігі «Абылай хан дәуіріндегі Қазақстанның мемлекеті. 18 ғасырдың аяғы-19 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері»- тақырыбы Қазақстан тарихындағы алатын орынын атап өту.

3. Оқу сабақтары барысында білім алушылар меңгеретін кәсіби шеберлік және күтілетін нәтижелер тізімі:

БҚ-1 ОҚЫТУ. Ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, өзінің оқу қажеттіліктерін мойындайды және оқу мақсатын қояды.

БҚ-2ЭТИКА ЖӘНЕ КӘСІПҚОЙЛЫҚ. Жедел медициналық көмек көрсету барысында пациенттермен, олардың отбасыларымен және әріптестерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде кәсіби этикалық қағидаттар мен нормаларға бейілділігін көрсетеді. Өз іс-әрекеттері мен жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік алады, сондай-ақ оң жұмыс жағдайын қолдайды.

      4. Қажетті ресурстар

  1. оқулық, карта, слайд

      4.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Кан Г. В. Қазақстан тарихы. Оқулық. Алматы, 2009

Қосымша әдебиеттер

  1. Ермұханова Х.К. Оқулық.Шың. Қазақстан тарихы. Алматы 2009ж

  2. Артықбаев Ж. Пірманов Ә. Қазақстан тарихы. Алматы 2008ж

3 Интернет-ресурстар.

      4.2 Техникалыққұралдар, материалдар:

  1. Ноутбук, мультмедия

4.Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Оқытушы білім алушылармен сәлемдесіп. Оқу бөлмесінің дайындығын тексеру. Білім алушыларды түгендеп, жоқ оқушылардың себебін анықтап белгілеу. Жұмыс дәптерлерін тексеру.

ІІ. Оқытушының кіріспе сөзі. Сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндетін, түрін хабарлау.

Білімнің негізін өзектілеу. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқытушының сөзі: Жаңа тақырыпты өтпес бұрын үй тапсырмасын тексеріп алайық. Өткен сабақта сіздерді зерттеушілер ,әдебиетшілер, тарихшылар болып 3 топқа бөлінген болатынбыз.
1. Топ тарихшылар «Тәуекел хан»
2. Топ әдебиетшілер «Касым хан»
3. Топ зерттеушілер «Есім хан» туралы жалпы деректер дайындап келу керек болатынсыздар. (Әр топ өздерінің шығармашылық жұмыстарын қорғайды)




Оқытушының сөзі: топтардың дайындап келген тапсырмаларын қалай түсінгендерін «Миға шабуыл» ойыны арқылы тексерем.

1. «Миға шабуыл» ойыны

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!