Материалдар / Абылайдың үш арманы

Абылайдың үш арманы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2019
452
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары
Тарихи тұлғаларМектеп: № 7 мектеп – лицейі
Күні: 14.12.18Мұғалімнің аты-жөні: Тикишева Рахия жанибековна.
Сынып: 6Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбыАбылайдың үш арманы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары6.4.3.1 Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.
Сабақтың мақсатыЛексикалық тақырып арқылы сөздердің лексикалық мағынасын ажыратуға үйрену.
Бағалау критерийлері

Тілдік дағдыларСөзуар, қолды болу, қосып айту, ала жібін аттамау.
Құндылықтарды дарытуСабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған.
Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география
Бастапқы білімОқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, тарихи тұлға туралы білімдерін толықтырады.
Сабақ барысы
Жоспарланған сабақ кезеңдеріСабаққа жоспарланған іс-әрекеттерДереккөздері
Сабақтың басы 10 минут



















1-тапсырма. Оқу және түсінік қалыптастыру Мұғалім көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм туралы және олардың қолданыс аясын танытатын мысалдары бар мәтіндер таратып береді.

1-қадам. Сынып төрт адамнан тұратын кіші топтарға бөлінеді. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизмдердің анықтамалары мен олардың қолданыс аясы туралы алмастырылып берілген мәтінді оқиды.2-қадам. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизмдердің белгілеріне байланысты мәтіндегі сөйлемдерді ажыратады (әр ұғымның ережесі болатын сөйлемдерді жіктеп алады).3-қадам. Сөйлемдерді біріктіріп, әр ұғымның анықтамаларын құрастырады. 4-қадам. Оқушылар жұп-жұп болып бөлінеді. Өздері жазған анықтамаларын бір-бірімен талқылайды. Дұрыс-бұрыстығын тексереді.









Слайд



Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылым), 2008 ж.

Сабақтың ортасы

15 минут













































10 минут



2-тапсырма

Оқушылар жұпқа бөлінеді. Олар жұпта кезекпен жұмыс істейді:
  • біреуі бірінші болып мәтіннің алғашқы абзацын оқиды, бір-екі сөйлеммен үзінді не туралы екенін айтады;
  • екіншісі сұрақ қояды;
  • одан кейін бірлесіп отырып мәтіннен эвфемизм, көнерген сөздерді табады (хан, хан ием, дүниеден өту, қанын төгу).




  • 3 -тапсырмаОқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін «ШЫН», «ЖАЛҒАН» әдісін қолданылады.

    1) Көнерген сөздер - күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорда сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?2) Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұны көнерген сөздер деп атайды. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?3) Дөрекі сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?4) «Мылжың» сөзі - эвфемизм. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

    5) Архаизмдер – көнерген сөздің бір түрі. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?6) Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай үшке бөлінеді. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?





    Дескрипторлар
  • мәтіннен көнерген сөздің белгілерін білдіретін сөйлемдерді ажыратады;
  • мәтіннен эвфемизмнің белгілерін білдіретін сөйлемдерді ажыратады;
  • мәтіннен дисфемизмнің белгілерін білдіретін сөйлемдерді ажыратады;
  • мәтіннен көнерген сөздерді, эвфемизмді табады.


  • І. Есенберлин, «Көшпенділер»
    Сабақтың соңы5 минут









    РефлексияМұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай стратегия арқылы оқушылардың ойын тыңдайды.Мен ... ақпарат алдым.Маған ... қызықты болды.Мен... түсіндім.Менің ұсынысым..





    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ