Абзацтар, шегіністер және интервалдар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абзацтар, шегіністер және интервалдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтіндік процессорда абзацтар, шегіністер, интервалдар туралы толық мағлұмат беру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып : 6 «а»

Сабақтың тақырыбы: Абзацтар, шегіністер және интервалдар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Мәтіндік процессорда абзацтар, шегіністер, интервалдар туралы толық мағлұмат беру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық – Жаңа ақпараттық технологиялық құралдар мен бағдарламалық жабдықтарды қолданып пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: АКТ, СТО

Көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал:

Оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу мақсатында логикалық ойын өткізіледі.

  1. Екі  сиырдың мүйізі қанша? Екі сиырдың мүйізі төртеу.

  2. Бір мысықтың  аяғы қанша? Бір мысықта төрт аяқ бар.

  3. Бес қойдың басы нешеу? Бес қойдың басы бесеу.

  4. Үш адамның  қолы нешеу? Үш адамның қолы алтау. өте жақсы балалар жақсы жауап бердіңдер.

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

«Өзіңді тексер» тест тапсырмасын орындату

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Мәтінді абзацтар ішінде безендіруге арналған негізгі командалар жолақта  Абзац тобына шығарылған (1 Сурет)

1 Сурет. Абзац тобы

Жол аралық интервал

Жол аралық интервал- ол абзац ішіндегі мәтінің жолдары арасындағы тігінен қашықтығы. Microsoft Word бағдарламасында үнсіз келісім бойынша дара интервал пайдаланылады. Бірақта құжаттың түріне байланысты оны өзгеруге болады.

Интервалды өзгерту үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

1.   Басты қосымшада Абзац тобының төменгі бөлігіндегі, төменге бағытталған бағыттауыш түріндегі батырмаға шертіңіз;

Word бағдарламасында интервалдың мынандай түрлері бар.

           Дара интервал – жолдың көптеген символдарының тәуелділігіне байланысты әрбір жолға арналған интервал. Қаріп өлшемінде интервалдың үлкейту мөлшері  пайдаланылатын гарнитураға тәуелді болады.

           1,5 жолдар интервалы- дара интервалдан бір жарым есе үлкен;

           Қос интервал- дара интервалдан екі есе үлкен;

           Минимум интервалы- басқа интервалдар сәйкес келмейтін, үлкен өлшемдегі қаріптер немесе графикалар үшін;

           Дәл интервал- барлық жолдарға бірдей, бекітілген жол аралық интервал. Оның мәнін қолданушы өзі орнатады;

           Көбейткіш интервал-  көрсетілген көбейткішке сәйкес үлкейетін немесе кішірейетін жол аралық интервал. Мысалы, көбейткіштің 1,4 мәні - интервалды  40% - ға үлкейтуді білдіреді, ал 0,6 мәні- 40%- ға кішірейтуді білдіреді. 1,5 мәні бір жарымжық интервалды орнатуға эквивалентті.

Абзац терезесін шақырмай- ақ жиі қолданылатын интервалдарды өзгертуге болады. Ол үшін Басты қосымшада Абзац тобындағы Жол аралық интервал батырмасын пайдалануға болады (2 Сурет)

2 Сурет Жоларалық интервал батырмасы   

Шегініс және шығыныңқылықтар (выступы)

Шегініс- беттің оң жақ немесе сол жақ өрісінің және мәтіндер арасындағы қашықтықтар. Шегіністі көлденең сызғыштардың көмегімен реттеуге болады.

Шегіністерді үш түрге бөлуге болады:

          Сол жақтан шегініс-  беттің сол жақ өрісіне қатысты барлық абзацтың күйін орнатады. Оны өзгертіу үшін сәйкес келетін маркерді пайдаланыңыз (3 Сурет)

 

3 Сурет. Сол жақтан шегініс маркері

 

           Оң жақтан шегініс- беттің оң жақ өрісіне қатысты барлық абзацтың күйін орнатады. Оны өзгертіу үшін сәйкес келетін маркерді пайдаланыңыз (4 Сурет)

 4 Сурет. Оң жақтан шегініс маркері

            Бірінші жолдың шегінісі-  абзацтың бірінші жолының күйін анықтайды. Оны өзгертіу үшін сәйкес келетін маркерді пайдаланыңыз (5 Сурет)

5 Сурет.  Бірінші жолдың маркері

 Әдетте шығыныңқылықты (выступ) нөмірленге және маркерленген тізім жасау кезінде қолданады. Шығыныңқылықты орнату үшін сәйкес келетін маркерді пайдаланыңыз

6 Сурет. Шығыныңқылық (выступ) маркері



V. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

VІ. Рефлексия

Не үйрендік? 

Неден жирендік?




VІІ Үйге тапсырма

§ 18 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
437
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі