Материалдар / "Адал Ұрпақ» еріктілер клубы

"Адал Ұрпақ» еріктілер клубы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Адал Ұрпақ» еріктілер клубының атқарған жұмыстары жайлы ақпарат.Мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылып, жұмыс жасауда. Ұйымда 156 бала мүшелік етеді, ұйым құрамында 5 – 11 сынып оқушылары. «Адал Ұрпақ» еріктілер клубына тәлімгер оқушылармен жоспарлы жұмыстар жүргізеді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен қадағаланады. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мақсаты: ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу. Патриотизм, Отан үшін мақтаныш, қоғамдық тәртіпке құрмет.«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен азаматтылыққа, отансүйгіштікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Парасатты азамат» бұрышына жоба жасалды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2022
1125
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  Мектебімізде «АдалҰрпақ» клубы өз жұмысын ойдағыдай атқарып келеді. Мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылып, жұмыс жасауда.
Ұйымда 156  бала мүшелік етеді, ұйым құрамында 5 – 11 сынып оқушылары.  «Адал Ұрпақ» еріктілер клубын
а тәлімгер оқушылармен жоспарлы жұмыстар жүргізеді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен қадағаланады. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мақсаты: ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу. Патриотизм, Отан үшін мақтаныш, қоғамдық тәртіпке құрмет. Осы жас тобындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті құқықтық сананы қалыптастыру. Құндылықтары: сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесінің басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымды қалыптастыру болып табылады. Мәңгілік Ел идеологиясының «түпқазығы» жалпы азаматтық құндылықтарын кеңінен насихаттау. Нәтижесінде қоғамға ашық және есеп беретін мемлекет қалыптастыруға бағытталған міндеттерді шешу барысындағы Қазақстанның жетістіктерін паш ететін, құқықтық мемлкеттің жұмыс істеуінің базалық принцптері туралы және біздің елімізде құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерекшеліктерін білетін тұлға қалыптасады. Жоспарға сәйкес іс – шаралар, ұйым мүшелерінің отырыстары, пікір –сайыстар, практикалық сабақтар жүргізіліп отырылады. Ай сайын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерінің құрамын жинақтау кезекті отырыстары. Отырыс барысында клуб жұмысының мақсат – міндеттері түсіндіріліп, жүйелі жоспар жасалды. Бұл әрине, бүгінгі буынның келешегі кемел болуына жасалған нақты қадамның сәтті бастамасы. Сынып сағаттарының тақырыптық жоспарларына адамгершілік және құқықтық тәрбие бағытындағы тақырыптар енгізілді. Қыркүйек айында «Союз» мәдени үйіне «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының 12 оқушысы концерттік бағдарламаны тамашалауға және соның ішінде 2 оқушы концертке қатыстырылды.
Қазан айында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен азаматтылыққа, отансүйгіштікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Парасатты азамат» бұрышына жоба жасалды.               Қазан айында өткен мектепішілік «Менің – Қазақстаным!» атты үздік сурет байқауына «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері 10 «А» сынып оқушылары Жунисбек Жұлдыз бен Дүйсенбек Ақмоншақ қатысты. Бұл біз үшін үлкен жетістік.

         Мектебімізде қараша айында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелерімен және 10 сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты парызымыз» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Қамтылған бала саны 25.
         Адал Ұрпақ» еріктілер клубы өз жұмысын жыл бойы жоспар бойынша жүргізіп отырады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ