Материалдар / Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және жылдам ұйқы. Жұмысқа қабілеттілік Күн тәртібі.Оқу еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және жылдам ұйқы. Жұмысқа қабілеттілік Күн тәртібі.Оқу еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология. 7 сынып.Қысқа мерзімді жоспар.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және жылдам ұйқы. Жұмысқа қабілеттілік Күн тәртібі.Оқу еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы


Бөлім:

«Координация және реттелу.»

Педагогтің аты-жөні:

Налибаева

Күні:

6.03.2024ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және жылдам ұйқы. Жұмысқа қабілеттілік Күн тәртібі. Оқу еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.7.8 – ағзаның тіршілік әрекеттерінің қалпына келуіне және тынығуына ұйқының маңызын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

ағзаның тіршілік әрекеттерінің қалпына келуіне және тынығуына ұйқының маңызын түсіндіреді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Көңіл күй» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- бірінен көңіл-күйлерін сұрау арқылы психологиялық ахуал туғызады.


Оқушылар ұстазымен амандасады, көңіл-күйлерін сұрау арқылы психологиялық ахуал жасайды;

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады,

Тиімділігі: Оқушылар бір-бірінің көңілдерін сұрау арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.




«Суретті сөйлет» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.



Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады;




Мақсаты: Функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

презентация



Сабақтың ортасы мағынаны түсіну





Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі.

Ұйқы дегеніміз не?

Ұйқы қандай фазалардан тұрады?

Баяу ұйқының физиологиялық белгілері қандай?

Тез ұйқының физиологиялық белгілері қандай?

Қалыпты, сау ұйқы үшін қандай гигиеналық талаптар қажет?

Түс көрушілік деген не?

(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы сұраққа жауап беру арқылы орындайды;)


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


презентация

Сабақтың ортасы





Оқушыларға жалпылама төмендегі қолдану тапсырмалары беріледі.

Мағынаны қолдану тапсырмасы:

Күн тәртібін құрастырыңыз.



Күн тәртібі

Уақыты

Қосымша жұмыстар






(а) Күн тәртібінің сақталмауына себеп болатын факторларды атаңыз.

(б) Күн тәртібінің сақталмауының ағзаға әсерін сипаттаңыз.

(с) Күн тәртібінде ұйқының орны және маңызын түсіндіріңіз.



Бағалау критерийі:


-Ұйқыны зерделейді;






Дескриптор:


-күн тәртібін құрастырады– 1 балл;

- күн тәртібін сақтамауға әсер ететін себептерді жазады – 1 балл;

- күн тәртібінің сақталмауының ағзаға әсерін сипаттайды – 1 балл;

- ағзаның тіршілік әрекеттерінің қалпына келуіне және тынығуына ұйқының маңызын түсіндіреді – 2 балл;


Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері


Оқушыларға жалпылама төмендегі талдау тапсырмасы беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.


«Венн диаграммасы» әдісі арқылы оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру, оқушылар берілген тапсырманы талдайды;



Бағалау критерийі:


-Баяу және тез ұйқы фазаларын талдайды;





Дескриптор:


-баяу және тез ұйқының ұқсастықтарын атайды – 2 балл;

-баяу және тез ұйқының айырмашылықтарын сипаттайды – 2 балл;



Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері


Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау тапсырмасы беріледі.


Мағынаны жинақтау тапсырмасы:

«Ұйқы гигиенасы» шағын эссе жазу;



Бағалау критерийі:


-ұйқы гигиенасын сипаттайды;




Дескриптор:


-шағын эссе жазады – 1 балл;


Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін бағалау тапсырмасы беріледі. Әр орындаған оқушы бағаланады


Бағалау критерийі:


-



Дескриптор:


-


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылар дың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Сабақтың соңы


«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!