Материалдар / Адам ағзасына химиялық элементтердің әсері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адам ағзасына химиялық элементтердің әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам ағзасының негізі химиялық злементтерден тұратынын өскелең ұрпаққа дәлелдеу,химиялық элементтердің адам ағзасынада маңызды роль атқаратыны жайында бағыт – бағдар беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2020
1093
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Түркістан облысы

Шардара қаласы

Б. Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебі



Бағыты: химия



Ғылыми жоба

тақырыбы:

«Адам ағзасына химиялық элементтердің әсері»







Жобаны орындаған:

8«А»сынып оқушысы Байдыллаева Мадина

Жетекшісі: Сопбекова Райхан Жумадиллаевна

химия пәні мұғалімі








Шардара- 2020ж

Мазмұны

Кіріспе__________________________________________________________3

Химиялық элементтер жайлы ақпарат ________________________________4

Адам ағзасындағы химиялық элементтердің құрылымы_________________5

Азық-түліктер мен жеміс-жидектердегі химиялық элементтердің

мөлшері__________________________________________________________9

Химиялық элементтердің жетіспеуінен адам ағзасының бұзылуы _________12

Адам ағзасының химиялық элементтерді тәуліктік қабылдау нормасы_____14


Қорытынды ______________________________________________________15

Пайдаланылған әдебиеттер _________________________________________16



























2

Кіріспе

Денсаулықтан асқан байлықтың жоқ екендігін бәріміз де жақсы білеміз. Адам денсаулығы ешқандай байлыққа бағаланбайды.
"Денсаулық - зор байлық" дейді дана халқымыз. Тек ойлап қарасаныз, денсаулық - адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлығы болып табылады. Ешқандай байлыққа бағаланбайтын халықтың денсаулық жағдайын тексеруден өткізу, ол жүйеге қолдау көрсету және салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау қай кездегіден де маңызды сипат алып, медицина саласы қызметіне айрықша серпін беретіні анық.Осыған орай соңғы жылдары мемлекетімізде тиісті қаражаттар бөліп, халықтың салауатты өмір сүруіне көп көңіл бөлініп, ғалымдарымыз табиғаттағы өзгерістер және қоршаған ортаның әсері жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Әлемдік жаhандану үрдісінде табиғатта тепе-теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элементтердің адам ағзасына бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда.Элементтердің кеміп немесе шамадан тыс көбейіп кетуі адам ағзасына кері әсерін тигізетіні анық.

Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде, адам қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді.Тіршілік заңы ағзада үнемі зат алмасып тұруын талап етеді. Ал ағзамызға химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі. Кейбір ғалымдардың сараптауынша, ағзаға түскен химиялық элементтердің әрқайсысы белгілі бір биологиялық қызметті орындайды. Қазақстанның болашағы дені сау,білімді ұрпақтардың қолында деген сөзді күнде естіп жүрміз. Сол себепті осы тақырыпты өз жетекшімен талқылай отырып, адам ағзасына химиялық элементтердің тигізетін әсері жайлы жобаны жазуға бел будым.

Жобаның мақсаты: Адам ағзасының негізі химиялық злементтерден тұратынын өскелең ұрпаққа дәлелдеу,химиялық элементтердің адам ағзасынада маңызды роль атқаратыны жайында бағыт – бағдар беру.


3

Міндеті: Адам ағзасына химиялық элементтердің әсерін қарастыру.Азық –түліктегі мөлшерін анықтау.Пайдалы ,зиянды жағын қарастыру.

Күтілетін нәтиже:

Салауатты өмір салтын ұстанады.

Химиялық элементтердің пайдасы мен зиянды жағын түсінеді.

Ағзаға кері әсер беретін химиялық элементтерді біледі.



Химиялық элементтер жайлы ақпарат

Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы, егер адамның салмағы70 кгболса, онда1700 граммкальций,250 граммкалий,70 грамм натрий,42 грамм магний,5 грамм темір,3 грамм мыс болады.Атап айтар болсақ мәселен, кальций мен фосфор сүйекте, ал хлор тұзды қышқыл түрінде асқазан сөлінде кездеседі.

Тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай элементтерді үш топ-қа бөледі:

1. Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор);  ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады.

2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері — 10%-15%.

3. Ультрамикроэлементтер — сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен.

тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:

1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді. H, O, Ca, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты

4

өмір сүруін бұзады.

2. Қосымша элементте. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дайын толық зерттелмеген.

3. Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.

Егер химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Керісінше, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да зиян. Тіпті, қазір тағамнан улану да көбейіп кетті. Мәселен, соңғы кезде диоксин деген у пайда болды. Ол фосфор қалдықтарының ауада азот қышқылдарымен қосылуы арқылы түзіледі. Адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне де осылардың әсері бар.

Адам ағзасындағы химиялық элементтердің құрылымы.

Адамның ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрациялайды, яғни микроэлементтер мен макроэлементтер әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар — көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән әрі ол жерде концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш — қарын асты безінде, йод — қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий — шашта, кадмий, сынап, молибден — бүйректе, қалайы — ішек ұлпаларында, стронций — қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий — көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром — гипофизде және тағы басқаларда жиналады. Натрий және хлор жасуша аралық, ал калий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Натрий және калий фторид түрінде сүйек және тіс ұлпаларында болады. Магний фосфат түрінде тістің қатты ұлпаларында болады. Сонымен қатар, микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары. …Жетіспесе, ауырасыз

5


Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы-кальцийлі алмасу бұзылады да

ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро және микро элементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғайған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшерлері кемиді.

Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады.

Мыс – денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші- адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді,

Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының, яғни гемоглобиннің түзілуі нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді.

Темір жетіспеген кезде тері бозарады, тырнақ жұмсарады, әрі тез сынады, ауыз қуысы және ас-қазанның сілекейлі қабаты бүлінеді.

Темір жұмыртқаның сарысында, қарақұмықта, грек жаңғағында, күнжіт, фасоль,

6

өрікте, мейізде көп болады.

Отандық ақ халаттылардың зерттеулеріне сүйенсек,  Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл тікелей осы кальций элементінің жетіспеуі салдарынан туындайды екен. Кальций сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де адам 35 жастан асқаннан кейін сүйектен кальций кеми түседі. Бұл дертке көбіне ақ жаулықты аналар шалдығады. Нақтырақ айтсақ, 60 жастан асқан әрбір төртінші әйел зардап шегеді. Ал ер азаматтарда төрт есе сирек кездеседі. Остеопороз бүкіл қаңқаны, әсіресе сан, иық, омырт-қа сүйектерін зақымдайды. Тіпті әлсіз соққының өзі (мәселен, көшеде құлап қалу) сыныққа алып келуі мүмкін. Осы ретте кальций мен магний — қаңқаның беріктігін сақтайтын негізгі ағза жанашыры. Қан құрамындағы холестеринді төмендетеді.

Кальций элементі адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреу-кесінде, ал 1%-ы ішкі жасушада, қан құрамында маңызды роль атқарады. Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 гр кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызы кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді. Кальций ағзаға сіңімді болуы үшін D дәрумені, фосфат, магний, мырыш, марганец, аскорбин қышқылы ауадай қажет.

Йод - өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод жинақтаушы орган). Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Сырт қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл – ой кемістігі. Қалқанша безі мен гипофиздің жұмысын жақсартадыРадиация әрекетінен қорғап, радиоактивті йодтың жиналуын ескертеді. Йод селенге тәуелді, ол ағзада селенсіз әрекет етпейді.Ағзадағы йодтың аз болуы ең әуелі орталық

7

жүйке жүйесіне әсер етеді. Бала қажетті мөлшердегі йодты ана құрсағында

жатқан кезден бастап алуға тиіс. Балалардағы гипотиреоз ауруы жүйке қызметінің ерекше бұзылуына, адамдағы интеллектуалдық мүмкіндіктің тежеліп дамуына, кретинизмге әкеліп соқтырады. Ал ересек адамдарда ойлау қабілетінің төмендеуі, жүректің соғу жиілігі азаюы байқалады. Йод жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді, ісік дамуының қатерлілігін арттырады, ең алғашқы кезекте қалқанша безінің ауруын қоздырады. Йод ас тұзында болады. Соңғы уақытта ұнды да йодпен байытылуда.

Фосфор тұздары . Фосфор тұздарының ағза үшін маңызы сүйекті қалыптастыруға қатысумен шектелмейді. Фосфордың органикалық қосылысы – аденозинүшфосфат қышқылы мен креатин – биологиялық қышқылдану барысында босайтын қуаттың нағыз аккумуляторы болып табылады. Ағза бұлшық еті жиырылғанда, сондай – ақ мида, бауырда, бүйректе және басқа ағзаларда жүретін биохимиялық үрдістерде қуатты нақ осы қосылыстар түрінде пайдаланады. Егер ересек адамға оның тәуліктік қажеті 1 – 2 грамм болса, ауыр дене еңбегімен шұғылданатын жұмысшыға немесе үлкен қашықтыққа жүгіретін спортшыда бұл қажеттілік екі есе дерлік артуы мүмкін. Ал фосфор — күш-қуат көзі. Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфор жүйке жасушаларының қызметі үшін де керек. Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек.

Фосфор ақуызы мол ет, сүт өнімдерінде кездеседі.

Күкірт- адам ағзасында 0,16% массалық үлесте кездесетін микроэлемент. Ересек адамның тәуліктік қажеттілігі 4-5 г-дай.Ол көптеген биомолекулалар-ақуыз, амин қышқылдары(цистеин, цистин, метионин) гормондар (инсулин, дәрумен –В1) құрамына енеді. Шаштың каротининде, сүйекте, жүйке ұлпаларында көптеп кездеседі.

Магний-ағзадағы мөлшері 20г. Адам ағзасында тіс кіреукесінде, сүйек ұлпаларында, ми, бауыр, бұлшықет, ұйқы безінде кездеседі. Калий мен магний жасушаішілік сұйықтарда, натрий мен хлор жасушааралық сұйықтарда болады.

8

Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек.

Натрий- адам ағзасының миына, сүйегінде, бүйрегінде, ас қорыту сөлінде, жұлын сұйықтығында, көз шырынында, қан түйіршіктерінде болады. Натрий ионы адам ағзасының ішкі ортасының қалыпты болуы үшін үлкен роль атқарады. Олар су мөлшерін реттейді, ферменттердің жұмысын жақсартады. К+, Мg2+, Ca2+, Cl-, Na+ иондары жүйке импульстері мен бұлшықет жасушаларының жұмысына қатысады.


Химиялық элементтердің азық-түлік және жеміс-жидектердегі мөлшері

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Ендеше өз денсаулығымыз үшін күнделікті пайдаланатын тағамымыздың құрамына көңіл бөлуіміз керек.

Кальций сүтте, жалпы ағарғанда, балықта, теңіз өнімдерінде көп болады.

Ағзада кальций құрамы көп болып кетсе, адам цистит ауруына шалдығады. Ал кальций цемент ұнтағы түрінде өкпеге енсе тыныс жолдарына зиян болады.

1 – сурет


   

Сүт Ірімшік, сыр


Қара нан, Жұмыртқа сары

Құрманың құрамының қаншалықты химиялық элементтерге бай екенін біле бермейміз. Өзім осы құрманының құрамын зерттегенде білдім. Құрманың зияны жоқ. Кептірілген құрма – адам ағзасына қажетті дәрумендерге бай жеміс. Оның

құрамында ақуызбен көмірсутектен басқа темір, фосфор, мыс, марганец, магний,

9

калий, кальций, фтор, селен элементтері бар. Кальций сутектің, фтор тістің беріатігі үшін қажет болса, селен жүрек және қатерлі ісік ауруларының алдын

алып, ағзаның қорғаныш қабілетін күшейтеді.

Құрма құрамындағы амин қышқылы жөнінен алма, апельсин мен бананды жолда қалдырады. Бұрынырақта халық емшілері құрманы асқазан, ішек ауруларына ем ретінде қолданған. Құрма күш – қуаттың қайнар көзі, сонымен бірге бұлшық еттің нығаюына да әсер етеді.

Жемістің құрамындағы В тобындағы дәрумендер мен көп мөлшердегі глюкоза мимен жұмыс істейтіндер үшін өте пайдалы. Құрма жүкті әйелдер үшін де өте қажетті жеміс, ол ана сүтінің молабына септігін тигізеді. Бірақ кептірілген құрма майлы және қанты көп болғандықтан, күніне 10 – 15 түйірден артық жеуге болмайды

Тамақ рационында фосфордың қажетті мөлшерде болғаны жөн. Фосфор мал мен өсімдік өнімдерінде мол. Өсімдік өнімдерінен бөлінген қосылыстар ағзаға нашар сіңеді, өйткені нашар ериді. Фосфор сырда, сүзбеде, етте өте көп. Әр өнімнің 100 г мөлшеріндегі фосфор төмендегі мысалда келтірілген.

2– сурет.



   

Қ ара нан 100-200 мг Сүт сірне (сыр) 400-600 мг Жұмыртқа
 

10

Қырыққабат 31 мг Ет 150-200 мг
   

Ірімшік 217-224 мг Балық Лобия 541 мг

Асқабақ Латын Америкасынан шыққан, бірақ ол біздің жерімізде де орнықты. Қызғылт, сары, дәмді балдырынан басқа оның емдік қасиетті тұқымы да бар. Оны жапон диетологы Дж. Осава пайдалы өнімдер кестесінің ішінде бірінші орынға қояды. Әсіресе қауын тәрізді емес, дөңгелек асқабақтың тұқымы бағалы. Тұқым несімен пайдалы дейсіз ғой. Онда 36 – 52 пайыз майлар (холестеролсыз), шайыр, органикалық заттар, Е, А дәрумендері, аздаған Д, К дәрумендері бар және микро мен макроэлементтер мол. Әсіресе ондағы мырыш пен темір бағалы және магний, кальций, фосфор, ақуыздар да көп.

Асқабақ пен күнбағыс құрамындағы мырыш бойынша ерекше даңққа ие болады, өйткені осы өнімдердегі мырыш мөлшері устрицалардан соң екінші орынды иеленеді. Ал мырыш әйелдерге қарағанда ер адамдарға 5 – 8 есе артық қажет.

Нәруыздың құрамына көміртек 51-55%, оттек 22-24%, азот 15-20%, сутек 6,5-7%, күкірт 0,3-2,5%, фосфор шамамен 0,5%-ды құрайды.

. Темір жұмыртқаның сарысында, қарақұмықта, грек жаңғағында, күнжіт, фасоль, өрікте, мейізде көп болады.

Мырыш цитрус жемістерінде, қарақатта, сұлыда, қызанақта, қызылшада, асқабақ дәні мен шемішкіде, сарымсақта, сүтте, тазартылған күріште болады.

Ас тұзы адам ағзасындағы заттар тұрақты болу үшін және биосұйықтықтың осмос қысымын тұрақты ұстау үшін үлкен роль атқарады. Ол ағзаға толық тарай отырып, қан сарысуында, арқа-жұлын сұйықтығында, көз сұйығында, ас қорыту сөлінде, өтте, бүйректе, теріде, сүйек ұлпасында, өкпеде, мида хлоридтер, фосфаттар, гидрокарбонаттар түрінде кездеседі.

Тағам құрамында молибденнің мөлшері көбейсе, темірі бар ферменттердің

11

белсенділігі төмендейді. Ал өте аз мөлшерде тіршілікке маңызды болып

табылатын минералды компоненттердің концентрациясы сәл ғана көбейсе, улы болып табылады. Сурьма, висмут микроэлементтерінің артық мөлшері ағзада эндемиялық зоб ауруын тудыратыны анықталған. Тағамдағы заттардың

концентрациясына ағза реакциясының тәуелділігін анықтағанда егер қажетті элементтер ағзада төмен болса ағзада дефицит яғни жетіспеушілік болады да ағзада өзгеріс болады, ал оптималды болса қалыпты денсаулық сақталады, егер қажеттіліктен жоғары болса ағзаға улы тіпті өлім қаупін туғызады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!