Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам ағзасында кездесетін химиялық элементтер туралы ақпараттар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім:

9.3С Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Педагогтің аты-жөні:

С.Аязбаева

Күні:

04.03.2024 ж

Сыныбы:

9 ә

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Адам ағзасының химиялық құрамы. Макроэлементтер, микроэлементтер және олардың маңызы

(49-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.5.1.1 -адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe)

9.5.1.2 –Қазақстанның тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру

Сабақтың мақсаты:

-адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіреді (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe)

-Қазақстанның тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастырады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Оқушыларға адам ағзасында кездесетін элементтердің пайыздық мөлшері жазылған басқатырғы беріледі, олар оны кері жинап құрастырулары керек.

Дұрыс құрылған пазлға қарай отырып, оқушылар жаңа сабақ тақырыбын ашады. Олардан қандай оқу мақсатымен жұмыс жасайтындықтарын және бағалау критерийлерін құруларын сұрау.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.


Жаңа сабаққа кіріспе


Сыныппен жұмыс

Оқушыларға Twig-bilim сілтемесі арқылы адам ағзасының химиялық құрамы туралы видео көрсету.Сыныппен талқылау


Адам ағзасында кездесетін элементтердің пайыздық мөлшері бейнеленген кесте ұсыналады. Берілген кестені қолданып, ағзадағы кездесетін мөлшеріне қарай отырып, элементтерді макро және микроэлементтерге жіктеуді сұрау.

Тақтадан көрсетілген дайын жауаптар арқылы оқушылар өздерін тексереді.

«Карусель» әдісі

Адам ағзасы үшін маңызды элементтердің қызметін түсініу үшін әр жұпқа келесі элементтерді бөліп беру: О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe.

Келесідей ақпараттар іздестіреді

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

15 мин.


Оқушылар өздеріне берілген элемент бойынша бір беттік ақпарттық кестені толтырады. «Карусель» әдісі бойынша оқушылар бір бірінің кестелерінен керекті ақпаратты алып, кестедегі бос орындарды толтырады.

Әр жұп оқушылырына келесідей критерий бойынша баға береді:

1.Ұсынылған ақпарат түсінікті

2.Барлық сұрақтарға жауап берілген

3.Қысқа негізгі ақпараттар ұсынылған

Алған білімді бекіту үшін оқушылар жұмыс парағын орындайды. Содан соң тақтадан жауаптары көрсетіліп, бірін – бірі бағалайды.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.


Топтық жұмыс

6 мин


Жаңа сабақты меңгеру үшін оқушыларға бейне ролик көрсету.

Оқушыларға бейне роликтер бұрын сұрақтар беру. Оқушыларға 1 мин уақыт беріледі.

Адам ағзасына қажет құнарлы заттарды атаңыз?

Май мен көмірсудың айырмашылығы неде?


Топтық жұмыс

Тамағам қималарын таңдап алу арқылы, ақуыз, май және көмірсу деп үш топқа бөлінеді.

Әр топқа ресурста көрсетілген сілтемелерден алынған мәтіндер беріледі. Оқушылар топта талқылай отырып, маңызды бөлімдерін ерекшелейді.

Әр топ Қазақстанның тамақтану рационын кем дегенде 2 артықшылығы мен кемшілігін оратаға салды. Басқа топ оқушылары жауабымен келісетінің не келіспейтін айтып бірін-бірі бағалайды.

Әр топ оқушыларына келесідей тапырмалар беріледі.

Барлық топқа энергетикалық құндылықтары көрсетілген тағамдардың тізімін беру.

1 топ: Осы кестені пайдалана отырып, 1 күндік ас мәзірін құруларын сұрау.

2 топ: Түскі ас немесе таңғы ас кезіндегі ас мәзірін еске түсіре отырып, оның құндылығын есептеу.

3 топ: Әр түрлі іс-әрекетке кеткен құндылықтары көрсетілген кестені пайдалана отырып, бір күнде жойылатын энергияны есептеуді сұрау.

Оқушылардың жауаптарын тыңдап, ойларын түйіндеу.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.


Жеке жұмыс

5 мин

Құнарсыз тамағамың қандай пайдасы бар?

дұрыс тамақтану үшін азық түлікті неше топқа бөлінеді?

Азық түлік топтарын атаңыз?

Оқушылармен видеоны талқылай отырып, Қазақстанның тамақтану рационнын ерекшелігін сұрау.

Адам ағзасында ең көп кездесетін 12 элементтің дүкендегі бағасы көрсетілген кесте ұсынылады. Бұл кестеде қосымша салмағы 70кг адамның ағзасындағы элементтердің пайыздық үлесі көрсетілген.

Ағзадағы әрбір элементтің массасын киллограммен табыңыз;

  • Кестені қолданып 1кг элементтің бағасын анықтаңыз;

  • Массасы 1кг элементтің бағасына көбейтіңіз

Салмағы 70кг адам ағзасына қажетті элементтердің бағасы:



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Үй тапсырмасы

§39





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.03.2024
272
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі