Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Материал туралы қысқаша түсінік
 Адам ағзасында қандай химиялық элементтер бар екендігін біледі  Адам ағзасында химиялық элементтердің қандай қызмет атқаратынын түсінеді  Химиялық элементтердің жетіспеушілігінің адамның ағзасына әсерін болжайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі: 7.4A Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Педагогтің аты-жөні

Бахош Ақұштап Жанболатқызы

Күні

08.04.2024ж

Сыныбы

7 «А»

Сабақтың тақырыбы

Адам ағзасындағы химиялық элементтер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.5.1.3 – адам ағзасына кіретін элементтерді

(О, С, Н, N, Ca, P, K) білу;

Сабақтың мақсаты

  • Адам оганизміне кіретін химиялық элементтерді біледі.

  • Макро және микроэлементтерді ажырата алады.

  • кейбір химиялық элементтердің адам ағзасындағы атқаратын қызметін біледі

Бағалау критерийлері


  • Адам ағзасында қандай химиялық элементтер бар екендігін біледі

  • Адам ағзасында химиялық элементтердің қандай қызмет атқаратынын түсінеді

  • Химиялық элементтердің жетіспеушілігінің адамның ағзасына әсерін болжайды


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин





Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу; оқушыларды түгелдеу.

Оқушыларды элеиенттер жазылған асық көмегімен топқа бөлу.


Learning.apps программасы арқылы өткен сабақты тексереді.



Сабақ тақырыбы мен ОМ таныстыру.



Амандасады

Топқа бөлінеді



Өткен тақырыпты еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді


Оқушылар сабақ тақырыбы мен ОМ танысады.





«Ақылды МИ» арқылы өз – өзін бағалау -2балл





https://learningapps.org/watch?v=pc149a2h524




Сабақтың ортасы

3 мин

















7 мин




















7 мин













15 мин

Жаңа сабақты ашу

Слайдтан сурет көрсету арқылы, жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында сұрақтар қояды.




Жаңа сабаққа шолу

Адам денесі орташа есеппен 60% судан, 34% органикалық заттардан, 6% бейорганикалық заттардан тұрады (жас бойынша бұл қатынастар өзгереді). Органикалық заттарды құрайтын негізгі химиялық элементтер көміртегі, оттегі, сутегі және азот, сонымен қатар органикалық заттарға фосфор және күкірт кіреді. Адам ағзасындағы бейорганикалық заттардың құрамына 22 міндетті химиялық элементтер кіреді: кальций, фосфор, оттегі, натрий, магний, күкірт, бор, хлор, калий және т.б.

Адам ағзасының құрамына кіріп, белгілі бір биологиялық функция атқаратын элементтерді биогенді элементтер деп атайды.


Топтық тапсырма

І топ: Макроэлементтер және микроэлементтер

ІІ топ: Адам ағзасында химиялық элементтердің қызметі

ІІІ топ: Химиялық элементтердің жетіспеушілігінің адамның ағзасына әсері

1 тапсырма

Топқа тапсырма үлестіреді.

Алма, грек жаңғағы, қияр құрамына кіретін химиялық элементтерді жіктеу.





2 тапсырма

Элементтерді ағзадағы атқаратын қызметтеріне байланысты сәйкестендіріңіз

1.Фтор

а)Оттекті тасымалдаушы нәруыздардың (гемоглобин) құрам бөлігі

2. Темір

б) Сүйек пен тістің түзілуіне қатысады

3. Хлор

в)Организмдегі сұйықтықтың мөлшерін реттейді, жүйке сигналдарын тасымалдайды

4. Магний

Тұз қышқылы ас қорытуға қатысады

3 тапсырма

Химиялық элементтер мен адам ағзасы

ω (С) =23%

ω (Н) =10%

ω (N) =2,5%

ω (P) =1,1%

ω (K) =0,2%

ω (CI) =0,13%

ω (Na) =0,14%



4 тапсырма

Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс?

1. Магнийдің жетіспеушілігі организмдегі сұйықтықтың азаюы, жүректің қысылуына әкеліп соғады (Дұрыс)

2. Макроэлементтер – дене массасымен салыстырғанда 0,005% - дан аспайтын мөлшерде болатын химиялық элементтер (Бұрыс)

3. Кальцийдің адам ағзасындағы атқаратын қызметі: сүйек, тіс ұлпаларының түзілуі, жүйке сигналдарының берілуін реттеу, бұлшық еттің жиырылуы, қанның ұйылуы (Дұрыс)

Суретке қарай отырып, мұғалім сұрағына жауап беріп, жаңа сабақ тақырыбын ашады.







Оқушылар мұғалімді тыңдайды және оқулықпен жұмыстанады.















Топ болып, топтық тапсырманы орындайды.










Топтық тапсырманы орындайды.















Жеке тапсырманы дәптерге орындайды.























Өз салмақтарын өлшеп, ағзасындағы химиялық элементтердің мөлшерін есептейді.















Жеке тапсырманы дәптерге орындайды.





























«Ақылды МИ» арқылы өз – өзін бағалау -3 балл





Дескриптор Білім алушы

-макроэлементті жіктейді

- микроэлементті жіктейді.











Дескриптор Білім алушы

-кейбір химиялық элементтердің адам ағзасындағы атқаратын қызметін біледі














дескриптор:

-Берілген пайыздар бойынша өз ағзасындағы элементтің массасын есептей алады

-Берілген элементтің таңбасы мен атауын біледі







дескриптор:

-Берілген тұжырымдар ішінен дұрыс тұжырымдарды көрсетеді.








Презентация





































Презентация









Сабақтың соңы




Рефлексия

Padlet тақтасы арқылы бүгінгі сабаққа рефлексия

Бүгінгі сабақта мен ........... түсіндім

Бүгінгі сабақта маған ерекше ұнағаны?

Бүгінгі сабақта маған қиындық тудырған тұстары?

Үй тапсырмасы:

Химиялық элементтердің адам организміне әсері туралы хабарлама дайындап келу.


Оқушылар рефлексия ауызша жауап береді.


https://ru.padlet.com/akzan08092004/padlet-u6izhnoexb98mo9g







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.08.2024
219
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі