Материалдар / Адам болам десеңіз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адам болам десеңіз

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға тәртіпті тәрбиелі болуға тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2018
451
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән мұғалімі, сыныбы

К.Кенжегулова

Тәрбие сағаттар 4-сынып

27. 1І. 2017 жыл

Сабақ тақырыбы

Адам болам десеңіз...

Сілтеме

Білім стандарты, Әдістемелік нұсқау хат

Жалпы мақсаты


Оқушыларды ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға, адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу.Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесіне тең иманды, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында игі қасиеттері мол, «толық адам» боп қалыптасқан саналы тұлғаны тәрбиелеу.


Тапсырмалар

Топтық, жұптық. Жеке жұмыстар

Мұғалім мен оқушы іс-әрекеті



Ұйымдастыру бөлімі:

«Жылулық шеңбері» тренинг

- Балалар, саламатсыңдар ма! Көңіл-күйлеріміз қалай? Ќазір барлығымыз өз есімімізді айтып, сол әріптен басталатын өз бойымыздағы бір қасиетті, көршіміздің өзімізге ұнайтын бір қасиетін айтамыз.

Оқушыларды топқа бөлу. Бес асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

Жаман іс: өтірік, өсек, маақтаншақ, еріншек, бекер, мал шашпақ

Үш қасиет: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек

Топта талдау жасау

Барысы:

Мұѓалім:

-Балалар, сендер көлікке мініп жол жүргенде терезеден айналаға, жолға назар аударасыңдар ма? Тез-тез ағылып өтіп, ұзын жолдар артта қалып жатады. Бұған нені ұқсатуға болады?

- Әрине адамның өмірі.. Ал, адам сол өмірін қалай өткізу керек деп ойлайсыңдар?

Адам қоғамда, адамдар арасында өмір сүреді. Басқалар сенімен қарым-қатынас жасауы үшін олар сенің бар қасиетіңді танып білуі тиіс. Сыртқы келбетің мен жүріс-тұрысың, адамдармен ұдайы сәлемдесіп, кішіпейілдік, қайырымдылық көрсетуің -сенің адамгершілігің мен әдептілігіңді көрсетеді. Адамгершілік – қоғамға, қоршаған ортаға, яғни өмір сүріп жатырған жерімізге сай қалыптасқан адам бойындағы асыл қасиеттер жиынтығы. Адам боп өмірге келген соң адам боп өту парызымыз.



Бейне жазба «Бай мен кедей»

Қандай ой түйдің? (оқушы пікірін тыңдау)

Топпен жұмыс Құпия хат

Сол «Құпия хаттарға» жауап беріп, достарымызға кеңес беріп көрейік

Бірінші хат. Ерлан байқамай Анарды итеріп қалды. Анар қатты ашуланды да, жағымсыз сөздер айтып тастады. қалай ойлайсың кімдікі дұрыс? Ќане, кім жауап береді?

Екінші хат. Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап-ойнап тапсырманы орындамай, жазбай келеді. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» дейді. Менің не істеуім керек?

Үшінші хат. Маған анам өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Мен достарыммен ойнап жүріп бұл өтінішті тіпті ұмытып кеттім. Анам жұмыстан келіп, өзі үйді жинап, сыпырып қойды. Ренжулі еді. Анамның көңілін қалай ауласам екен?

Сергіту сәті

Мұғалім:

-Оқушылар, «Өз мініңді көруден басқаның мінін көру оңай»,- депті Ғабиден Мұстафин.Ия, қазір адамдар бірі-бірінің жақсы қасиеттерінен гөрі жағымсыз қасиеттерін көргіш, сынағыш келеді. Көпшілігіміз жұмыс басты болып, не күнделікті сабағымызға дайындалып бір-бірімізге назар аудармай, көңіл бөлмей кеттік.

Олай болса барлығымыз «Сиқырлы дүкен» бірге ойнайық.

Қатысушыларѓа сиқырлы дүкен бар екенін елестету тапсырылады. Ол дүкенде мынандай нәрселер бар: шыдамдылық, мейірімділік, қамќорлылық, басқаларға түсіністікпен қарау, әзілді түсіну, қайырымдылық, тілектестік, жақсылық ойлау, білімқұмарлық, шынайылық, шыншылдық, әділдік. Бір қатысушы сатушы рөлінде болады. Қатысушылардың бірі дүкеншіден өзіне қажетті «затты» сұрайды, ол «заттың» не үшін қажет және қандай жағдай үшін қажет екенін түсіндіреді де сұраған «затын» береді.

Қорытынды: қатысушылар бойына адамгершілік қасиеттерді дамыту.

«Есімде қалған жақсылығым...» (ой толғау жазу)

«Менің жіберген қателігім» (ой толғау жазу)

«Сұрағыма зейін қой»

  1. Егер ол болмаса, қуанышта жоқ. Онсыз өмір емес тек тіршілік ету. Оны адамдар бір-біріне тілейді. Оны қанша ақшаң болса да сатып ала алмайсың.(денсаулық)

  2. Шаруасын аяқтамай, ертеңге ысырып жүре беретін. Ұйқышыл адам кім?(жалқау,еріншек)

  3. Барға риза болып, місе тұтып, Алла Тағаланың бергеніне шүкір етіп жүретін адамды қандай адам дейді? (қанағатшыл)

Поэзия минуты 5жолды өлең

ІІІ Қорытындылау.

Мұғалім:

- Ұлы Абай: «үш-ақ нәрсе адамның қасиеті. Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»,- деп бүкіл адамзатқа ақыл-ой, білім-парасат, адамгершілік қасиеттерді саралап нағыз адамның бейнесін жасап шығарды.

Олай болса бүгінгі тәрбие сағатын жақсы лебіздерімізбен аяқтайыќ. Еліміз тыныш болсын! (оқушылар кезекпен бір-бір ауыз тілектерін айтады)

Жақсылық көрсем өзімнен,

Жамандық көрсем өзімнен,

Біреуден болды дегенді

Шығарамын сөзімнен.

Келесі кездескенше еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!

Кері байланыс



Мен бүгін ... жаттап алдым. Мен ..жақсы түсіндім






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!