400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адам болам десеңіз

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал әлеуметік педагогтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Танымдық әрекетін түзету. Үйде оқытылады.

8 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз.

Сабақтың мақсаты: Адамшылық қасиеттерін үйрету .

Сабақтың көрнекілігі: : Мектеп суреті, білім жайлы нақыл сөздер.

Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау

ә) Оқушыны сабаққа дайындау

б) Үй тапсырмасын сұрау

в) Сұрақ – жауап

г) Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ. . Адамның өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті, шынайы қарым – қатынас жасауы. Оның өмірлік ұстанымын анықтауына көмектеседі.Адамгершілік пен имандылық жақсылық алып келеді. Адамға жағымды нәрселердің бәрі жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат, мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс – әрекеттеріне, қоғамдық қатынастарына, адамаралық байланыстарына баға беріледі. Жақсылық адамның ізгілігін анықтайды.

Алдымен өзіңді – өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың. Адами қарым – қатынастағы ең басты әдептілік – бұл сәлемдесу болып табылады. Сәлемдескен кездерде орнынан тұрып, ізет білдіру – сыпайлықтың белгісі. Жасы үлкендерді, әйелдерді сыйлау әрбір мәдениеттімін деген адам бойынан табылуға тиіс қасиеттер десек, олар осы әу бастан, сәлемдесу барысынан – ақ көрінуге тиіс. Өзі үшін ғана еңбектенген адам азап шегеді. Басқалар үшін еңбек еткен адам олардың қуанышына ортақтасады. Өзі тіршілік етіп отырған өмірді терең түсінетін адам – нағыз білімді адам. Өзін үлкен адами тереңдікте сезіне алмаған адам қоғамның, ұлттың мүшесі екендігін сезіне алмайды. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу – елдіктің белгісі.

Адам боп оңай туғанмен, адам боп қалу көп қиын дегендей адами қарым қатынастарды қалыптастыра білу осы өмірдегі ең басты міндет.

Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы адамгершілікке байланысты. Адамгершілік – әркім өзінің кейпін көрсететін айна. Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жаймашуақ болады.

Қ. Мырза Әлидің адам боп қалу туралы мына өлең жолдарын айтып өтсек.


Күн нұрына арманын малған да – Адам.

Жақсылықпен бір тыныс алған да – Адам.

Құлап түскен торғайдың балапанын

Ұясына көтеріп салған да – Адам!

Абай атамыздың «Қашан бір бала ғылым – білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» деп айтқанындай адам болып қалыптасуы үшін ең бастысы білім.

Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамның өмірде өз міндеттері бар. Адам өз халқының адамдарын сүюінің үстіне, басқа халықтардың адамдарын да сүюге міндетті.

Өзі үшін ғана еңбектенген адам азап шегеді. Басқалар үшін еңбек еткен адам олардың қуанышына ортақтасады. Өзі тіршілік етіп отырған өмірді терең түсінетін адам – нағыз білімді адам. Өзін үлкен адами тереңдікте сезіне алмаған адам қоғамның, ұлттың мүшесі екендігін сезіне алмайды. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу – елдіктің белгісі.

Адам боп оңай туғанмен, адам боп қалу көп қиын дегендей адами қарым қатынастарды қалыптастыра білу осы өмірдегі ең басты міндет.

Үйге тапсырма: Абайдың бір шумақ өлеңін жазып келу.

Қорытынды.


Үйге тапсырма: Адамның жеке мінездері жайлы айтып беру.

Қорытынды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі