Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Адам эмоциясы және оның түрлері»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.................................................................................................................................2
І «Адам эмоциясы» жайлы түсінік
1.1 Эмоция жайлы түсінік, оның пайда болуы............................................................3
1.2 Эмоцияның дамуы және адам өміріндегі рөлі.......................................................4
ІІ «Адам эмоциясы» туралы психологиялық теориялар және эмоция түрлері
2.1 Адам эмоциясы жайлы психологиялық теориялар.................................................6
2.2 Адам өмірінде жиі кездесетін эмоция түрлері.......................................................9
ІІІ Қорытынды....................................................................................................................11
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................................12
Кіріспе
Қазіргі кезде психологияда
эмоция жайындағы ілім және оның теориялық дамуы жалпы психологияның
өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі
мәселелер қатарына жатады.
Эмоцияға арналған тақырыптарға психологияның өзге тақырыптарында
арнайы мәселе ретінде сөз болмаған, таза натурализм үстемдік туралы
мәселелеге тоқталамыз. Бұл тақырып эмоцияға натуралистік теорияның
енуімен психологиядағы бихевиоризм және мінез-құлық туралы
бағыттардың пайда болуымен сабақтас. Осы тұрғыдан іздестірсек
бұрынғы психологиядары эмоция тақырыбы методологиялық жағынан
белгілі бір жағдайда бихевиоризммен жіптес. Өйткені психологиядағы
бихевиористік бағыт бұрынғы спиртуалистік интроспекциялық
психологияға тікелей қарсы шығады. Біздің өмірімізде
болып жатқан әр түрлі өзгерістер эмоциялар мен сезімдердің
қайнар көзі екені мәлім. Тек, бір жағдайдың, бір заттың
әр адамға әрқилы әсер ететін де кездер болады. Біз олардың
кейбіріне тоқталсақ: шөлдегенде ішкен бір стақан су адамның жанын
рахат сезіміне бөлейді. Ал енді шөлдемеген кісіге зорлап ішкізсе,
оның бойында ашу, наразылық сезімін туғызады. Әрбір адам
музыканы тыңдағанда сүйсініп, етжүрегі елжірегенімен, жақсы
сезімдер құшағында бол-ғанымен, барған концерті тым ұзаққа созылып
кетсе, қалжырап, жалығып кететіні өтірік пе? Яғни, эмоция мен
сезімнің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол адамның еркімен, ниетімен,
мінезінің ерекшелігімен, талап-тілегімен әр түрлі көріністе,
сипатта анықталады. Олай болса, эмоция мен сезім әлемі өте
күрделі, алуан түрлі, таңғажайып сырларға толы. Зерттеуші
мамандардың пайымдауынша, адамның эмоциясы мен сезімі
қоғамдық-тарихи сипатта болса, жануарлардың эмоциясы биологиялық
күйде, тек есте болатын бір жағдай, адам сезімдеріне лайықты
көріністер жануарлар психикасында ұшыраспайды. Оның сәл ұшқыны
сезілгенімен, ол адамның сезімдеріндей нәзік те ұзақ, ұлы емес. .
Егер біздер эмоцияны биологиялық жағынан іздестіріп, оның
психикалық тіршіліктің тұтас бір саласы ретінде жойылып бара
жатқандығына көз жіберетін болсақ оңда тікелей жүргізілген
психологиялық тәжірибелер, онан кейінгі тәжірибелік зерттеулер
мұндай ойдың құрғақ сандырақ екенін
әшкерелейді
І.«Адам эмоциясы» жайлы түсінік
1.1 Эмоция жайлы түсінік, оның пайда болуы.
Эмоция — латын сөзі — еmоvега қозу, толқу — деген мағына береді. Қуаныш сезімі.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты эмоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
Эмоция адамның түрлі
органикальіқ қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып отыратын,
кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері. Мәселен, адам
қуанғаннан немесе қамыққаннан козіне жас алады, не болмаса бір
нәрсеге мәз болып шек сілесі қатқанша күледі, әрине мұндай
жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі. Бұл сезім мен эмоцияның
бірінші ерекшелігі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар
(мимика, пантомимика) жонді байқалмайды, тұрақты терең әсерлі
сезім адам психологиясындағы басты белгілердің бірі, ал эмоция
болса мәнерлі қозғалыстарға бай келеді, мұнда адам өзін тек
организм тұрғысынан көрсете алады. «Эмоция» ұғымының
төркіні-«емовера» латын сөзінен, «эмоцион» дейтін француз сөзінен
шыққан. Қазақша мәні- тітіркену,толқу. Эмоция- жан дүниесінің
сыртқы және ішкі салдарынан ызалану, қаhарлану, қорқу мен шаттану
сияқты жағдайларының көрініс беруі. Бұл- адамдар мен жануарлар
дүнйесінде көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды
іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе
көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейбірекетсіздікке ұшыратады.
Эмоция адам есімен де тығыз байланысты. Біздің алған барлық
әсерлеріміз яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ, есімізде жақсы
қалса, онда өткендерді еске алудың өзі де бізде қандайда бір сезім
туғызады. Сезіммен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне
ұнамды әсер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не
теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім дудырады.
Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық
сезім жүйкеге тежелу.
жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның сезім
күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі эмоция жан дүниесінің
жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар психикалық
процесс. Сонымен, эмоция дегеніміз- адамның органикалық
мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты
туатын психикалық туатын
күйлер.
Эмоция да адамның айналасындағы өмір шындығына және өз басына деген қарым-қатынасы болып табылады. Және оның жүзеге асуына сезімдей әсер етеді. Жалпы, осы эмоция мен сезім ұғым-дарының өзіндік айыр-машылықтары бар. Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқала-тын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек ағза тұрғысынан көрсете алады.
1.2 Эмоцияның дамуы және адам өміріндегі рөлі
Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады. Эмоция мен сезім жеке үрдістер сипатында болғанымен, белгілі жағдайда біріне-бірі ұқсас, алайда олардың өзіндік мәндері ерекше және адамның жан дүниесінің әр алуан ерекшеліктерімен байланысты болады деп қарастырылады.
Қазақ тіліне аударғанда «эмоция» сөзі – ол жан-дүниенің қозғалысы, жан-дүниенің қобалжуы. Адамның эмоциялары оның мінез құлқында ерекше рөл атқарады. Эмоциялар мынадай қызметтер атқарады:
Эмоцияның жағымсыз бағалау рөлі – адамның оқиғаға адамның түрлі әсерінің болу мүмкіндігін білдіреді.
Эмоцияның басқарушы рөлі – Адамды қоршаған шындықты және қандай да бір оқиғаға қатынасын бейнелеуден басқа, адамның мінез құлқын басқаруда эмоция маңызды рөл атқарады.
Эмоцияның қорғаныс қызметі – адамға төнген шынайы немесе жалған қауіп туралы ақпарат береді. Бұл қызметі қорқыныш тың туындауымен тығыз байланысты.
Эмоцияның сигналдық қызметі – сыртқы көрініс арқылы адамның басқа адамға жай күйін хабарлауы. Академик П.К. Анохин адаммен жануарлардың мінез-құлқын бекітуде эмоцияларды маңызды деп көрсетеді. Эмоциялық әсерленулер эволюцияда тетік ретінде бекітілген, ол өмірлік дәрістерді оптималдық шекте ұстайды және өмірлік маңызы бар факторлардың жетіспеушілігінің немесе артықшылығының алдын алады деген көзқараста болды [3].
Тұлғаның эмоционалды сферасының зерттелуі психологиялық-педагогикалық тұрғыда аса маңызды. Себебі оқу тәрбие арқылы тұлға білім, іскерлік, дағдыны меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар айналадағы шындыққа, адамдарға деген эмоционалдық қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігі туады.
В.К. Вилюнас эмоцияларды жеке психикалық үрдістер ретінде емес, тұлғаның қызметінің көрінісі ретінде қарастырды [4]. Ол эмоционалды құбылыс бейнелеуші мазмұннан және эмоционалды күйзелістен тұрады деп санады.
Л.С. Выготский эмоциялардың теориялық мәселелерін өз зерттеулері арқылы қарастырған. Оның көзқарасы бойынша эмоциялар ағзаны белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара қатынасын реттейді [5].
Э. Клапаред эмоция туралы дамыған бала мен қалыпты жағдайдан ауытқыған баланы ересек адамдармен салыстыра отырып, арнайы тәжірибе арқылы зерттеді. Ол эмоция мен сезім жеке процестер сипатында болғанымен, белгілі жағдайда біріне-бірі ұқсас, алайда олардың өзіндік мәндері ерекше деген көзқараста болды. Эмоция адамның жан дүниесінің әр алуан ерекшеліктерімен байланысты болатындығын да қарастырды [6].
З. Фрейд бірқалыпты дамыған бала мен жүйке ауруына ұшыраған баланың эмоцияларын ересек адамдардың тіршілігімен салыстыра отырып зерттеуге мамандардың үнемі көңіл аударып отыратындарына назар аударды [7].
Тұлғаның эмоционалдық дамуы субъектінің іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы қоршаған адамдармен қарым-қатынасының сипатына, мінез-құлық ережелерін меңгеруіне байланыст
ІІ «Адам эмоциясы» туралы психологиялық теориялар және эмоция түрлері
2.1 Адам эмоциясы жайлы психологиялық теориялар
Н.Н.Ланге мен У.Джемс әрқайсысы өзінше зерттеулер жүргізді. Джемс, ІІсихолог маман ретінде, әдейі, ал Ланге, физиолог ғалым ретінде, мақсатсыз-ақ, Джеметің айтуынша адам организмінде эмоцияның нендей негіздері пайда болып отыратындығын анықтауды міндет етіп қойды. Сонымен бірге, адам эмоциясы жайындағы теріс көзқарастың сырын ашуды көздеді. Ланге мен Джемс адам эмоциясының пайда болу себептерін органикалық реакцияларға енгізу деп түсіндірді.
Джемс пен Лангеге дейінгі психологтардың эмоция жайындағы түсініктері мынадай сипатта болған еді: оның бірінші өлімі сыртқы не ішкі оқиға, қауіпті жағдай төнгенде оны қабылдап, эмоция тудырады, сонан кейін бұл-эмоцияны бастап кешіреді (жүректің жиі соғып дүрсілдеуі, бозарып кету, жүйкенің . тіркенуі, тамақтың құрғауы – мұның бәрі қорқудан пайда болатын сезім күйлері) сол тітіркендіргіштерге әсерленуі. Бұрын мұндай күйлерді психологтар мынадай ретпен көрсететін еді: қабылдау, сезім, оның сыртқы көрінісі. Ал Джемс мен Ланге мұндай сезім күйлерін бастан кешіруді өзгеше ретке көрсетеді. Белгілі бір қатерлі оқиғаны қабылдағанда оған әсерлену рефлекторлық түрде органикалық өзгерістерге ұшыратады (Лангенің-көрсетуінше қан тамырларының кеңейіп, таралуы. Джемстің, айтуынша ішкі орган қызметінің жандана түсуі). Адам органдары сыртқы қауіптің әсерінен жанданып, оларды қабылдауда біздің бойымызда эмоция пайда болады дейді.
Джемстің эмоцияның пайда болуы жайындағы ілімі қазіргі кезде түрлі өзгерістерге ұшырап, әрқилы қайшьлықтар тудырып отырғаны мәлін. Әдетте, біз жылаймыз, өйткені қайғы-қасіретке ұшыраймыз, денеміз тітіркеніп түршігеді, өйткені қорқамыз, бі- реуді ұрып-соғамыз, өйткені біз ашулымыз, ал дұрысында былай деп айтқан жөн болар еді: біз қамығамыз, сондықтан жылаймыз біз қорықтык, сондықтан денеміз түршігіп дірілдейміз, біз ашуландық сондықтан ұрып-соқтық. Джемстің түсінігі бойынша біз сыртқа шыққан эмоциямызды игере білсек, ол басылады және керісінше: біз ашу-ызаға, шаттық күйге бөленсек, оның, артынша эмоция болып, сыртқа шығады. Мұндай көзқарастын қалыптасып орнығуына мынадай ек түрлі жайт әсер етті: бірі – бұл көзқарас эмоцияны табиғи-ғылымы және биологиялық тұрғыдан негізделді деп санады екінші – ешкімге керексіз эмоцияның шығу тегін хайуанатта дүниесінің тіршілігімен ұштастырылған көзқарастан өзгеше еті құрылды. Сөйтіп эмоция жеке басқа тән қасиет ретінде қарастырылды. Джемс пен Ланге теориялары осыдан кейін біріктіріліп жалпы теориялық сипат алды. Алайда бұл теорияны көп уақыт өтпей-ақ бірсыпыра зерттеушілер «материалданған» теория деп кінәлай бастады. Өйткені Джемс пен Ланге сезім арқылы адам денесінен шығатын органикалық процестерді санаға ендіруді көздеп отыр деді. Джемс әлі материализмнен әлдеқайда алыста жүргенді.
Джемс теориясын материалистік теория деп кіналаушыларға жауап ретінде Дарвиннін ағылшынның схоласт психологтарына қарсы қойған әдісін пайдаланады. Ол өзінің көзқарасын дәйектеу мақсатымен «Қасапқа пышақ ұстатып, құдайдың құдіретін» дәріптейтін принципті қолданды. Оның бұл пікірі бойынша органикалық құрылым эмоциясының төменгі сатысына тән, бұл ерекшелік адамда жануарлар дүниесінен мирас болып қалған деп түсіндірді.Эмоцияның бұл тобы адамның қорқынышына, ашу-ызасына, торығуына, қолдануына тән, бірақ мұңдай эмоциялар адамның нәзік сезімдері болып саналатын діни нанымдарына, ерлер мен әйелдер арасыңдағы сүйіспеншілікке, әсемділіктен ләззатгану сезімдеріне қатысы жок. Сонымен Джемс эмоцияны жоғары және төменгі топтарға бөліп қарастырды. Біздің ойлау процестерімізде тікелей бейнеленетін барлық эмоция түрлері мен адам басынан кешетін әсерлі сезімдердің бәрі пікірдің құрамды бөлігіне жатады да олар мұндай эмоцияларды негізгі органикалық құбылыстардан басқа өзгеше текте пайда болады деген шек қойды.
У.Джемс, прагматист ретінде, зерттелген нәрселердің түпкі негізін ашып көрсетуді мақсат деп санамай, ол қоғам үшін іс жүзінде қажетті нәрсе төменгі және жоғарғы эмоциялардың сындағы айырмашылықтарды білу жеткілікті дейді. Ол үшін праматикалық тұрғыдан жоғары эмоцияларды материалистік немесе жалған-материалистік түсініктерден қорғау қажет еді. Сонымен бұл теория бір жағынан алғанда психологиядары дуалистік көзқарасқа келіп тіреледі. Осындай ыңғайлы сәтті шебер пайдалана, білген нағыз идеалист Бергсон эмоция жайындағы Джемстің көзқарасымен үйлесім тауъп, оны өзінің идеалистік тұрғыдағы пайымдауларымен толықтырды. Екінші жағынан Джемстің эмоция жайындары теориясының психологиядағы материалистік көзқарастармен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын еді. Мұны автордың өзі де мойындады. Алайда бұл идеалистер біз түйсігіміз бен қабылдауымыздың сезім мүшелерімізді тітіркендіруші материалдық процестер екендігін бекерлей алмаған-ды. Демек, Джемстің эмоция туралы анықтамалары матерлистік түсініктен қашықтап, ол дуалистердін пікірімен үндесіп кетті. Үшіншіден, бұл теория эмоция туралы бірсыпыра метафизикалық көзқараетардың жаңдануына себепші болды. Осы орайда Джемс пен Лангенін, эмоция жайындары көзқарастары өздері бастау алған Дарвин ілімімен салыстырғанда бір қадам кейін шегінген теория болды.
Егер біз уақыт мерзімімен өлшем жасайтын болсақ, онда бұл саладағы мәселені тәжірибемен емес клиникалық тұрғыдан алғаш рет зерттегеңдердің бірі З.Фрейді еді. Ол эмоцияны психопатологиялық түрғыдан талдап, эмоцияның пайда болуын органикалық тұрғыдан зерттеушілерге қарсы шықты. Ол қорқыныштық пайда болуының психологиялық табиғатын органикалық құбылыстармен байланыстыру – бұл мәселені немқұрайды қарау деп санады. Джемс пен Лангенің теориясын сыңар жақ ескілікті көзқарастар деп кіналады. Олар эмоциянық қабығын ғана зерттеп, оның психологиялық өзегін елеусіз қалдыруды, немесе эмоция айқын көрінетін органдарды ғана атаумен шектелді дейді. Мұндай орғаңдардан эмоциянын пайда бола қоймайтынын ескермеді. Фрейд эмоцияны реттеу; қозғаушы түрткіні (динамиканы) атап көрсетті.
Егер біз Фрейдтің осы айтқандарынан қорытынды шығарғандай болсақ, онда мәселенің түйінін шешуде оның пікірі қате болса да, мақұлдауға тура келеді. Өйткені Фрейдтін айтуынша қорқыныш нерв ауруына байланысты, жыныстық еліктеу; әлсізденуінен қорқыныш пайда болады, қорқыныш жүйке ауруына ұшырау, мұндай жайт бала тілегінің бірсыпыра жағдайлардан сескеніп басылып қалуы сияқты дейді. Фрейд бала дамуының бастапқы кезінде эмоциясы екі жақты болады де? Фрейдтің бұл анықтамасы қаншалықты жалған болғанымен бастапқы кезде эмоция өзінше пайда болмайды, ол өзек (ядроның) бірсыпыра ажырауы, сол ажыраған бөлшектеі қарама-қарсы сезімдер пайда болады деп түсіндіреді.
Мұндай анықтаманың өзіндік мәні бар сияқты: мұны эмоциялық тіршіліктің дамуын түсіндіру үшін қолданылған қарапайым тәсіл деуге болады. Фрейдтің түсіндіруінше эмоция бастапқыда дәл қазіргі ересек адамдардың эмоциясынан өзгешелеу, баланың бастапқы даму кезеңіндегі эмоциясы сипатында болған. Ол эмоцияны мемлекет ішіндегі мемлекет емес оны адамның жалпы өмірінің дамуымен тұтастыра алып қарастырғанда ғана дұрыс болмақ деп дәлдейді. Осы ретімен танылғанда ғана эмоцияны дұрыс түсінуге болады дейді. Фрейді те Джемс сияқты натуралист. Олар адам психикасын нағыз табиғи заттық процесс деп санап, эмоцияның өзгеріп даму ерекшеліктерін тек осы натуралистік тұрғысынан қарастырады.
2.2 Адам өмірінде жиі кездесетін эмоция түрлері
Адамның қажеттілігі мен мотивін анықтайтын, оның жеке басының қаршаған болмысқа және өзіне деген ерекше қатынастарын эмоция деп түсіндіруге болады, яғни тез эмоцияланады және баяу эмоцияланады деп те айтады.
Эмоцияның 2 түрі бар: жағымды және жағынсыз эмоциялар. Жағымды эмоция жағдайында көңіл-күй көтеріледі, еркіндік қаулайды, адам жігерленіп, мақсатты тілек пайда болады, көзі жарқырап, беті шырайланып, сөйлеу шешендігі артады, мінезі маңайындағыларға жағымды болып көрінеді, адамдармен сөйлескенде ретін тауып, айтатын ойын оңай, әрі нанымды тілмен жеткізеді, жадырап, қасындағыларды күлкі мен өзінің әңгімесіне тартып, иландырады, жағымды эмоция адамды мақсатқа жетуге жетелейді, көңілі көтерілген сайын сапасы да жоғарылайды, істеген ісі де нәтижелі болады.
Жағымсыз эмоциялар: адамның көңіл-күйі төмен, еңсесі түсіп, шығы мен 2 қолы салбырап кетеді, көзі төмен қарап, демін ішке тартып алады. Адам тығырықтан шығатын жол іздегендей біресе тұрып, біресе отырады. Жағымсыз эмоцияның ықпалымен тез ашуланады; өзінің сөзін тоқтаусыз айтып, басқаның сөзін ылтипатқа алмайды. Кейде себепсіз ұрсып, маңайындағыларға тілін тигізеді. Ойлаған ойын, не істеген ісі дұрыс шықпаса дағдарысқа түседі. Өзіне-өзі ренжіп, берекесі кетеді.
Физиологиялық механизміне қарай эмоцияны төменгі және жоғарғы деп 2-ге бөледі.
Стеностық және астеностық эмоциялар.
Стеностық (стенос – күш, ал астенос – күшсіз).
Эмоция сергектікті, қуаттылықты және белсенділікті көрсетеді, яғни оған қауаныш, ренім, ызалану және көңіл-күйдің түрлері жатады, ал астеностық эмоцияға күш-қуаттың азаюы, іскерсіздік және басқа нәтижесіз қылықтар жатады. Оларға қосымша: өкініш, тосыну, көнгіштік, қорқу және т.б. жатады. Өткен ғасырдың басында ағылшын физиологы Кеннон эмоцияны мұқият зерттеген. Эмоциялы ашу, қорқу кезінде қандағы адреналиннің мөлшері көбейіп кетеді, сөйтіп ағзаны төзімділікке, жағымсыз факторлардың әсеріне қарсы тұруға дайындайды. Вашингтондағы ғалым Д. Берди зерттелудің осы әдәсәмен кейбір психикалық орталықтарды тапқан. Эмоциялық орталықтардың көбі гипотоламуста, толамуста және мидың торлы құрылымында орналасқан, ал ең жоғары орталығы ми қыртысының маңдай аймағында болады.
А.И. Николаев 1978 ж. жаңа пікір ұсынған. Маңдай аймағында эмоция мен сана қабысады, өйткені ол артқы және самай аймақтарымен байланысады, оны электрохимиялық құбылыс жалғастырады.
А.В. Вальдман (1970 ж.) эмоцияның үш құрамын көрсетті:
1) ішкі сезім;
2) эмоцияның сыртқы көрініс;
3) оның соңғы нәтижесі.
Эмоцияның тууын серотонин катехал аминдер және олардың бөлшектері қатынасатындығы нейрохимиялық зерттеу нәтижелерімен дәлелденеді.
Адам баласында эмоциялар ерте пайда болады. Дарвин өзінің зерттеулерінде бала туғаннан кейін сегізінші күнінен-ақ ашу эмоциясын білдіретінін айтады. Олардың эмоциялары органикалық қажеттерімен байланысып жатады. Тамақтану, уақытында құрғату, сергіту кезінде балада ұнамды эмоциялар байқалады. Балаға жағымды сезім білдіргенде, онда еркелеуге ұқсас көріністер пайда болады. Баланың көзі жылтырап, бір түрлі жағымды дыбыстар шығады. Ашу бір нәрседен қорқудан пайда болады. Бала қатты дыбыстардан, қараңғылықтан қорқады. Оның тілі шығып жүре бастағаннан кейін сезімдері де түрленіп, мағынасы кеңи бастайды. Бірақ баланың уайым-қайғысы, қуанышы, қамығуы, ренжуі, әрине, үлкен адамдардағыдай болмайды. Оның эмоциялары , күнделікті ойыны, оқу үстінде пайда болып отырады. Бала есейген сайын эмоциялар біртіндеп дами түседі. Мәселен, екі жарым жасар бала қол-аяғы байлаулы адамның суретін көргенде, оған жаны ашып жылаған. Төрт жасар бала анасы кітаптан иттің кірпіні ұстап алайын деп тұрған жерін оқығанда қатты күйзелген. Төрт-бес жасар балаларда жоғары сезімдердің элементтері кездеседі. Мәселен, осы жастағы баладан: «біреудің нәрсесін сұраусыз алуға бола ма?» десең, «Сұраусыз алсаң, ұры атанып ұсталасың, жаза тартасың» - деп жауап береді
Қолданылған әдебиеттер:
1.Психология. Адамзат ақыл – ойының қазынасы ІУ. том Алматы, 2005ж.
2. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
3. Аймауытов Ж.. Психология (оқу құралы). Қызылорда 1979 ж
4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж
5 Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.
6. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
7. Сәбет Балтаұлы Бап – Баба «Жантану негіздері» Алматы, 2001жыл.
8. Рубинштейін С.Л. «Основы общей психиологии», Москва, 1989год.
6