Сабақ мақсаты:Туған өлке табиғатын сақтап, қамқорлық жасауға үйрете отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.Міндеттері: қоршаған әлемді, табиғатты сақтап, қамқорлық жасауғаүйрету.қамқорлық, парыз бен жауапкершілік қасиеттерін дамыту;табиғатты аялауға, қамқор болуға баулу. | Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) |
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi. 5Т ережесі. Топқа бөлу
| ЕскертуТопқа бөлу. 5Т ережесіне сай шақыру |
Дәйексөз.Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп. Абай | Ұл, қыз балалар жеке айту. Топпен талдау |
Оқып үйренейік.А.Сейдімбектің шығармасынан үзінді.Оқулықта берілген.Талдау сұрақтары:Автор адам мен табиғат біртұтастығын қалай баяндайды? Неліктен адамның табиғат сырын терең танып, табиғатпен етене болған сайын өмірі жақсара түседі деп ойлайсыңдар? Адам мен табиғаттың үйлесімінің нәтижесі қандай болады? Өздерің табиғатпен, қоршаған ортамен қандай байланыстасыңдар? Өзіңді әлемнің, табиғаттың бөлшегі ретінде сезінесің бе? | Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
Шығармашылық жұмыс: Н.Аманжоловтың мәтіні: Аспаннан жарқырап аққан жұлдызды алайық. Ол жол жөнекей орасан мол жылу, жарық, сәуле таратып, тозаңдарға бөлшектенеді. Бергі ауа қабтында жанып, бітпеген бөлігі балқыма тас күйінде жерге құлайды. Олар бірте бірте уатылып жер топырағына айналады. Әлемдегі жұлдыздар, күн, ай, тағы басқа да әлемшарлар дүниесі, соның біреуі біздің жер, оны қоршаған қабаттар, мөлдір ауа, қалқыған бұлт, асқар таулар, мұхит теңіздер, олардағы ірілі ұсақты жан-жануарлар, бәрінен де құдіреттісі бүгінгі жасампаз адам баласы міне, мұның бәрі табиғат деген бірақ атпен аталады.1-тапсырма: Мәтінді оқып, адам мен адамзаттың байланысын, ондағы барлығына ортақ дүниені табыңдар.Картиналар беріледі. Картина авторы Ерболат Төлербай жайлы қысқаша видео шолу жасау. Сол бойынша тапсырманы орындау. 2-тапсырма: Өнер туындысына қараңдар. Онда адам мен адамзаттың байланысын тауып, әңгімелеп беріңдер. | Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді. |
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. Сөзжұмбақ шешу. Ерекше тор көзде «Сүйіспеншілік» құндылық атауын табады. | Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
Үй тапсырмасы: Т.Сабырханұлының «Шексіз әлем» өлеңін оқу. | Күнделіктеріне жазады. |
Жүректен жүрекке «Өз елім» әні. Сөзі: Қ.МырзалиевӘні:Н.Тілендиев | Әнді ерекше көңілмен айтады |