Материалдар / Адам және азаматтардың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқықбұзушылық Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Адам және азаматтардың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқықбұзушылық Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам және азаматтардың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқықбұзушылық Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2023
180
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құқық негіздері 11 сынып жм бағыт (Алматы: Мектеп баспасы 2020 ж. Авторлары: А.С.Ибраева, Л.К.Еркінбаева, Л.Т.Назарқұлова)



Адам және азаматтардың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқықбұзушылық Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық

11.2.4.1Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау

Тапсырма 1 Терминдермен жұмыс

Қоғамдық тәртіп-

Тағылық-

Қорлау-

Адамды кепілге алу-

Қоғамдық қауіпсіздік-

Қоғамдық тәртіп-


Тапсырма 2 Талдау

ҚР Қылмыстық Кодекстің 255-бабы. Терроризм актісі

      1. Терроризм актісі, яғни жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза табуы, елеулi мүлiктiк залал келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де әрекеттер жасау, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған әрекеттердi дәл сол мақсаттарда жасау қатерін төндіру, мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады2. Мынадай: 1) бiрнеше рет 2) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiруі мүмкін қаруды не қару ретiнде пайдаланылатын заттарды, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданып жасалған дәл сол іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:   1) жаппай жою қаруын, радиоактивтi материалдарды қолданумен немесе қолдану қатерін төндірумен және жаппай уландыруды, эпидемияны немесе эпизоотияны таратуды, сол сияқты адамдардың жаппай қырылуына әкеп соғуы мүмкін өзге де әрекеттердi жасаумен немесе жасау қатерін төндірумен ұласса 2) абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса,   мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Тапсырма 3 Сәйкесін анықта

255-бап

Тағылық

261-бап

Терроризм

268-бап

Бұзақылық

273-бап

Адамды кепілге алу

293-бап

Терроризм актісі туралы жалған хабарлау

294-бап

Бандитизм

Тапсырма 4 Анықтау

Тағылық ҚК 294-бабы Қылмыстың құрамын анықтау

Обьект


Обьективті жағы


Субьекті


Субьективті жағы


Тапсырма 5 Не? Қайда? Қашан? Суретпен жұмыс

Оқиғаны анықтау

Тапсырма 6 Деңгейлік тапсырма.

Жағдаяттық тапсырманы оқып, азамат А.-ның іс-әрекетіне баға беріңдер.

14 жасар А. Өз сыныптастарымен қалжыңдасайын деп шешті. Ол полицияға қоңырау шалып, мектепке бомба қойылғандығын айтты. Азамат А. өз атын атамай, телефонды қоя салды. 100-ден астам адам эвакуацияланды. Полиция қызмет керлері жедел түрде кім қоңырау шалғанын анықтады. Азамат А.-ға қандай жаза қолданылады? Осы әрекет үшін қанша жастан бастап жауапкершілікке тартылады? Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне жүгініңдер.

Дұрыс жауаптары

Тапсырма 1 Терминдермен жұмыс

Қоғамдық тәртіп- азаматтардын қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстауын, тыныштыкты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жиынтығы

Тағылық- ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тарихи және мәдени ескерткіштерді, мемлекет қорғайтын табиғи объектілерді жазулармен, суреттермен немесе қоғамдық имандылықты қорлайтын өзге де әрекеттермен бүлдіру, қорлау.

Қорлау- қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды немесе оның жеке бөліктерін бүлдіретін, осылайша қоғамдық адамгершілікке нуксан келтіретін іс-әрекеттер.

Адамды кепілге алу- кепілге алынган адамды босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымда немесе баска да адамды қандай да бір әрекет жасауға немесе мәжбүрлеу мақсатында жасалған бір немесе бірнеше тұлғаның бас бостандығын күштеп, заңға қарсы шектеу.

Қоғамдық қауіпсіздік- жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің жалпы қауіпті сипаттағы ішкі қатерлерден қорғану деңгейі.

Қоғамдық тәртіп- белгіленген ережелер мен нормаларды сақтау нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар жүйесі.


Тапсырма 2 Талдау

ҚР Қылмыстық Кодекстің 255-бабы. Терроризм актісі Оқушылармен талдау

      1. Терроризм актісі, яғни жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза табуы, елеулi мүлiктiк залал келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де әрекеттер жасау, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған әрекеттердi дәл сол мақсаттарда жасау қатерін төндіру, мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады2. Мынадай: 1) бiрнеше рет 2) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiруі мүмкін қаруды не қару ретiнде пайдаланылатын заттарды, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданып жасалған дәл сол іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:   1) жаппай жою қаруын, радиоактивтi материалдарды қолданумен немесе қолдану қатерін төндірумен және жаппай уландыруды, эпидемияны немесе эпизоотияны таратуды, сол сияқты адамдардың жаппай қырылуына әкеп соғуы мүмкін өзге де әрекеттердi жасаумен немесе жасау қатерін төндірумен ұласса 2) абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса,   мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Тапсырма 3 Сәйкесін анықта

Тапсырма 4 Анықтау

Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы кейбір қылмыстар


255-бап. Терроризм актісі.


261-бап. Адамды кепілге алу.


268-бап. Бандитизм.


273-бап. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау.


293-бап. Бұзақылық.


294-бап. Тағылық.

Тағылық ҚК 294-бабы Қылмыстың құрамын анықтау

Обьект

Қоғамдық имандылық пен қоғамдык тәртіпті реттейтін қоғамдық қатынастар.

Обьективті жағы

Ғимараттарды немесе басқа құрылыс- тарды құртуға, қоғамдық көліктерде немесе басқа қоғамдық орындарда му- лікке нұқсан келтіруге бағытталған іс-әрекеттер жасау.

Субьекті

16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс тұлға.

Субьективті жағы

Тікелей ниет түрінде кіналілік. Кінәлі қоғамдык тәртіпті бұзатынын түсінеді және оны қалайды.

Тапсырма 5 Не? Қайда? Қашан? Суретпен жұмыс Оқиғаны анықтау Усама бен Ладен 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілері (кейде жай ғана 9/11 деп аталады) — АҚШ -та орын алған төрт өзара келісілген жанкешті лаңкестік шабуылдардың тізбегі. Бұл шабуылдардың жауапкершілігін «әл-Қағида» лаңкестік ұйымы өз мойнына алды. Дүниежүзілік сауда орталығының (ДСО) жарылыс сәт

Тапсырма 6 Деңгейлік тапсырма.

Жағдаяттық тапсырманы оқып, азамат А.-ның іс-әрекетіне баға беріңдер.

ҚР Қ К 273-бабы









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!