Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Адам және табиғат" авторлық бағдарлама
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Адам және табиғат
5 – сыныпқа арналған жаратылыстану пәнінен, таңдау курсының бағдарламасы
География пәнінің мұғалімі: Абилова Багира Танжариковна
2017-2018 жыл
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
І |
Кіріспе |
1 |
|
ІІ |
Экология және денсаулық |
|
|
1 |
Экология туралы түсінік |
|
|
2 |
Экология ғылымының зерттеу әдістері |
1 |
|
3 |
Экологиялық негізгі заңдары мен |
|
|
4 |
Экология және денсаулық |
|
|
ІІІ |
Адам және табиғат |
|
|
1 |
Табиғи қоршаған орта |
1 |
|
2 |
Адамның табиғаттағы алатын орны |
|
|
3 |
Біз - табиғат қорғаны! |
1 |
|
ІV |
Айналамыздағы тіршілік |
1 |
|
1 |
Өсімдіктердің адам өміріне маңыздылығы |
1 |
|
2 |
Өсімдіктер әлемі, оны қорғау |
|
|
3 |
Жануарлар әлемін қорғау. |
|
|
4 |
Табиғатты қорғау –адамзаттың парызы |
|
|
V |
Су-тіршіліктің көзі |
|
|
1 |
Гидросфера .Судың табиғаттағы орны. Гидросфера |
1 |
|
2 |
Жерасты сулары. |
1 |
|
3 |
Өзен,көлдер. |
1 |
|
VІ |
Табиғат қорлары |
|
|
1 |
Атмосфера-Жердің ауа қабаты. |
1 |
|
2 |
Атмосфераны ластайтын зиянды заттар |
1 |
|
3 |
Топырақтың маңыздылығы. Топырақтың түрлері мен қасиеті |
1 |
|
4 |
Орманның маңыздылығы. |
1 |
|
VІ |
Қазақстан |
1 |
|
|
Қазақстанның экологиялық проблемалары |
1 |
|
|
|
1 |
|
|
|
1 |
|
|
|
1 |
|
|
|
1 |
|
20 |
Қазақстанның жер бедері жайлы мәлімет беру |
1 |
|
21 |
Қазақстанның қорықтары |
1 |
|
22 |
Қазақстанның табиғи қорықтары |
1 |
|
23 |
Қазақстанның Қызыл кітабы |
1 |
|
24 |
Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. |
1 |
|
25 |
Семей полигонының зардаптары |
1 |
|
26 |
Балқаш көлі |
1 |
|
27 |
Каспий экологиясы |
1 |
|
28 |
Арал теңізінің экологиялық проблемалары |
1 |
|
29 |
1 |
|
|
30 |
|
1 |
|
31 |
|
1 |
|
32 |
Қазақстанның экологиялық проблемалары |
1 |
|
33 |
|
1 |
|
34 |
Қорытынды сабақ |
1 |
|
1 – сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Тақырыбы: «Экология туралы түсінік»
Мақсаты:
1.Білімділік: «Экология» туралы түсінік беру.
2.Дамытушылық:оқушылардың сөздік қорларын байыту,логикалық
ойлау қабілетін дамыту, қызығушылықтарын ояту.
3. Тәрбиелік:оқушыларды табиғатты қорғауға,аялауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл:көрнекілік, әңгімелеу, сұрақ-жауып, түсіндіру
Технология:дамыта оқыту
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:психологиялық ахуал тудыру.
Қорқытпаймыз
құстарды,
Қызықтаймыз
ұшқанды.
Үркітпейміз
аңдарды
Жасамаймыз
дұшпандық!
ІІ.Жаңа сабақ:
Ребус шешу арқылы тақырыпты ашу: (логика)
-экология дегенді қалай түсінесіндер?
Экология туралы ұғым. Ағзалардың бір түрлі тобы және әр түрлі тобы белгілі бір жерде қоныстанып, өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар , жануарлар , өсімдіктер басқа да тірі ағзалар өмір сүретін мекен-жай, жылы мен суық , ас пен қорек , олардың достары мен жаулары кіреді.
Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.
Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз.
Ол гректің "oicos”-"үй, мекен, жай” деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін ағзаларды зерттейді, олардың басқа ағзалармен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады . Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид Торо.
ІІІ.Тапсырмалар орындату:
1.Суреттерді кесте бойынша бөлу.
Пластик
Қағаз
Тамақ қалдықтары
Басқа қалдықтар
Бутылқа
брелок
соска
ілгіш
Кітап
парақ
Сүйек
Банан қабығы
Пружина
жапырақ
2.Әріптерді орнына қойып сөздер құрастыр. Сол сөздермен сөйлемдер құрастыр.
ЭЛОКОИГЯ РТОА ШАНҚОРҒАН
ЖААРНУ ТАРҚҰС
БАТАРЛЫҚ УАА
ЕРЖ ПЫРАҚТО УС
ІҮ.Сергіту сәті:
Қарлығашқа ұқсайық,
Қәне қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық
Ү.Бекіту:
1.«Менің ауылымның экологиясы» тақырыбында эссе жазу.
2. «Бес жол өлең» құрастыру:Экология
Зат есім Экология
Сын есім Таза, пайдалы
Етістік Тазартады,қорғайды, сақтайды
Сөйлем Таза экология өмір мәні
Мәндес сөз Тазалық
ҮІ.Қорытынды:
Экология-қоршаған ортаны ластанудан қорғауға үйретеді.
- сабақтың тақырыбы?
-тақырыпты қайталауға қандай тапсырмалар берілді?
-балалардан кім белсенді болды?көп қатысты?
ҮІІ.Рефлексия:
-не білдің?
-не үйрендің?
-нені үйренгің келеді?
ҮІІІ.Үй жұмысы: « Қоршаған ортаны бұзатын факторлар» постер құру
2 – сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Экология ғылымының зерттеу әдістері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың экология ғылымының зерттеу әдістерін үйрету, экологиялық сауаттылығын арттыру, экологиялық апаттарды болдырмаудың алдын алу шараларын ұйымдастыра білуге үйрету.
Дамытушылық: экологиялық сананы қалыптастыру арқылы, табиғатпен қарым-қатынаста қалыптар мен ережелерді бұзбауға үйрету.
Тәрбиелік: жас ұрпақтарды туған жер табиғаттын сүюге және қорғауға, табиғат байлықтарын тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.
Экология ғылымы ХХ ғасырда өзінің қалыптасу кезеңдерін аяқтап, көп салалы ғылым деңгейіне көтерілді. Оның негізі алғы шарттары: жер шарындағы халық санының артуы, ғылыми-техникалық прогресс (ҒГП), ғарышты игеруге байланысты ғылымның жаңа бақытқа дамуы.
В.И.Вернадский биосфера деңгейіндегі барлық өзгерістерге таңдау жасай келіп, өзінің ноосфера тұжырымдамасын ұсынды. Ноосфера грекше «noos» — «ақыл-ой» деген мағынаны білдіреді. Ол, «Болашақты адам баласы жер бетіндегі барлық өзгерістердің негізгі факторы болады», деген еді.
Биосфера деңгейіндегі әлемдік проблемаларды шешуде «Адам-қоғам-табиғат» арасындағы үндестіктерді қалыптастыру мен тұрақтандыру экология ғылымының әлеуеттік эклномика саласына негіз болады.
Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі. Мысалы Аристотель (б.э.д. 384-322ж.ж), Эмпедокл (б.э.д.IVғ.), Теофраст (б.з.д. 371- 280ж.ж.) пен Үлкен Плиний (б.э.д. 23-79), Роберт Бойль (1627-1691), К.Линней (1707-1778), Ж.Бюффон (1707-1788) еңбектерінде экологиялық көзқарастар сипатталған.
Өз уақытында Александр Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері елеулі болды. Ол Оңтүстік және Солтүстік Американы, Орталық Европаны, Сібір, Алтай, Қытай жерлерін зерттеп, Өсімдіктер географиясын жасады. Ол оны жер бетіндегі өсімдіктердің таралу заңдылықтары туралы ерекше ғылым ретінде қарастырып, өсімдіктер тіршілігін зерттеуде өсімдіктер географиясында экологиялық бағыттың негізін салды.
XIXғ. соңында Ч.Дарвиннің ілімі негізінде экология – организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналған. Жоғарыда айтылған Дарвиннің анықтамасы бойынша, экология- тіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар ретінде, табиғаттағы барлық күрделі қарым- қатынастарды зерттейтін ғылым дейді. XXғ. 60-жылдарының басында, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің жылдам өсуімен сипатталады.
XXғ. 60-жылдарынан бастап экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталды. Ұдайы болатын экологиялық мәселелер ақпараттар санының өсуіне әкеледі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы, өсімдіктерді қорғау туралы және т.б. фактілер саны көбейе түсті.
Қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераны ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған. Жиырмасыншы жүз жылдықтың екінші жартысында қазіргі ғылымның «экологизациялануы» жүрді. Бұл экологиялық білімнің ролі зор екенін мойындатумен байланысты, яғни қоршаған ортаға адам әрекеті, тек қана зиян келтірмей, оған жағымсыз әсер етуімен, адам өмірінің жағдайын өзгерте, адамзаттың тіршілігіне қатер төндіреді. Сондықтан қоршаған ортаға адамның әсері қалай болатынын түсіну, жағдайдың өзгеру шегін табу, экологиялық дағдарысты жіберуге мұрша бермеу қажет. Сонымен табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану үшін экология теориялық негіз болып табылады.
Сабақты бекіту сұрақтары:
-экология
ғылымы
туралы
сипаттама?
-экологияның
зерттеу
әдістерін
ата?
-өңірімізде
экологиялық
зерттеудің
қандай
әдісі
қолданылады?
Қорытынды
Үйге тапсырма: Экология зерттеу әдістері туралы деректер жинау
3 – сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Тақырыбы: Жердің су қабығы
Мақсаты: А) Оқушыларға «гидросфера» туралы ұғым беру. Дүниежүзілік су айналымы және оның маңызы жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету. Литосфера, атмосфера, гидросфераның байланыстары жайлы алғашқы мәліметтер беру.
Ә) Су туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, халықтық педагогиканы қолдану арқылы судың маңыздылығын ұғындыру, логикалық, шығармашылық ойлау дағдыларын кеңейту.
Б) Болашақ ұрпақтың елін, жерін қорғауға, «Судыңда – сұрауы бар» - деген мақалды негізге ала отырып, экологиялық, тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, картамен жұмыс, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, физика, химия
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, жарты шарлардың физикалық картасы, кескін карта, оқулық, слайд.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Тест сұрақтары
ІV. Кескін картамен жұмыс
V. Жаңа сабақ
VІ. Сен білесің бе?
VІІ. Кім тапқыр? ойыны
VІІІ. Өзіндік жұмыс
ІХ. Бағалау
Х. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, түгендеу. Назарларын сабаққа аударту. Оқушыларды екі топқа бөліп орналастыру.
ІІ. Үй тапсырмасы
Материктер мен аралдар
ІІІ. Тест сұрақтары
-
Біркелкі орналаспаған жер бедерінің жиынтығы.
А) тау Ә) рельеф Б) мұхит
2. Құрлықтың жан – жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан ірі бөлігі.
А) материк Ә) арал Б)теңіз
3. Жер шарында неше материк бар?
А) 4 Ә)5 Б) 6
4. Материкке жақын, бұғаз арқылы бөлініп жатқан арал
А) жанартаулық Ә)материктік Б) маржандық
5. Ауданы ең үлкен материк
А) Еуразия Ә)Африка Б)Аустралия
6. Ең ылғалды және жасыл материк
А) Антарктида Ә)Оңтүстік Америка Б) Солтүстік Америка
7. Ауданы жөнінен ең үлкен арал
А) Суматра Ә)Хонсю Б) Гренландия
ІV. Кескін картамен жұмыс
Екі топқа тапсырмалар беремін, оқушылар аралдарды кескі картаға түсіреді.
V. Жаңа сабақ
Мұхит, өзен көл жер асты ,батпақ сулары және мұздақтар мен атмосферадағы су булары - жердің су қабығы гидросфераны құрайды. ( грек сөзінен аударсақ гидро - су ). Бүкіл шамамен гидросферадағы судың қоры ( 97 % ) мұхит және теңіз сулары.
Судың қасиеттері
- Судың бірінші қасиеті: су - тірі ағзалардың құрамды бөлігі, екіншіден, құрлыққа қарағанда жылуды су баяу жинайды, соған орай ол жылуды баяу береді. Осыған байланысты қыс мезгілінде мұхиттар құрлыққа жылу береді, ал жазда салқын әкеледі, үшіншіден, су ағыны жер бедерін өзгертеді. Олар теңіз және мұхит жағаларын жыралап, өте терең үңгірлер және алып өзен алқаптарын тудырады, төртінші су көптеген заттарды ерітеді.
-
Адамның ағзасына күніне 10 литр су керек. Адам өз ағзасындағы су балансының өзгеруін тез сезінеді. 1 – 1,5 литр су ағзада буланса немесе тер күйінде шықса, қаталап шөлдейді.
-
Бидай дәнін жылдар бойы күтсек де ештеңе болмайды, ал оған су құйсақ жан бітіп өсе бастайды.
-
Су жарық береді. Энергияның көзі.
-
Су – тіршілік үшін ғана емес тазалық үшін де өте қажет.
-
Зауыт, фабрикалар сумен жұмыс істейді.
VІ . Сен білесің бе?Суға қатысты мақалдар
Су жүрген жер – береке, Ел жүрген жер – мереке
Сулы жер – нулы жер
Бұлақты жер – тұрақты жер
Сөз атасы — құлақ,Су атасы - бұлақ
Адамзатты сөз бұзар, Тау мен тасты су бұзар
Судыңда – сұрауы бар.
Таулы жер бұлақсыз болмас, Сулы жер құрақсыз болмас
Бір тамшы су-жерге пайда
Батыр туса – ел ырысы, Жаңбыр жауса, жер ырысы
Бұлақ көрсең -көзін аш.
Қар мол болса, дән көп, Су көп болса, ну көп
VІІ «Кім тапқыр?» ойыны.
Берілген сөздердегі әріптердің орнын ауыстырса, Қазақстандағы өзен аттары шығады.
1. Серті - 4. Айжық - 7. Нынар -
2. Уш - 5. Олбыт - 8. Арұн –
3. Елі - 6. Сіле –
VІІІ. Өзіндік жұмыс
1.Бір оқушы шығып 1литр суға 30-35 грамм тұз салып араластырып, дәмін татып көрсетеді. Осындай дәм- теңіз суының дәміне ұқсас болып келеді. Демек 1литр теңіз суының құрамында 35грамм тұз болады. Тұз суда ериді. Мұхит және теңіз суларында тұздың көп болуынан су кермек дәм татып, ішуге жарамайды. Ішуге жарамды суда тұздың мөлшері 1 граммнан аз болуы керек .
2.Бір оқушы шығып 1литр суға бір уыс топырақ салып араластырып, бірнеше минутқа дейін оны тұндырып қойады. Демек топырақ суда ерімейді.
3-бет. «Ең...Ең...Ең...»
Сыныптың үздік оқушысы гидросфера тарауындағы ең терең көл, ең үлкен мұхит, ең биік сарқырама, ең ірі теңіз-көл, ең ірі өзен бассейні, ең ұзын өзен, ең кіші мұхит туралы қызықты әңгімелеп берді.
- Дүние жүзіндегі ең терең көл. Максимум тереңдігі 1637 м. - Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит.
Географиялық диктант
-
Жердің су қабығы - .... . (гидросфера)
-
Бір литр теңіз суының құрамында .... грамм тұз болады. (35 грамм)
-
Емдік сулардың шығып жатқан жерін .... деп атайды. (арасан)
-
Табиғатта су неше күйде кездеседі. (қатты, сұйық, газ)
-
Ішуге жарамды суда тұздың неше грамы болуы керек. (1 грамм)
-
Гидросфераның құрамына .... жатады. (мұхит, өзен, көл, жерасты суы, батпақ сулары, мұздық, атмосферадағы су буы).
ІХ. Бағалау.
Топ басшысына алдын – ала бағалау критерийлері жазылған парақша таратылып қойылады. Әр тапсырма сайын ұпайы жазылып, сабақ соңында жалпы балдары сараланып, журналға қойылады.
Х. Үйге тапсырма.
§19. Гидросфера - жердің су қабығы. Мазмұндау Қазақстандағы курортты - санаторийлер туралы мәліметтер іздеп келу.
4 – сабақ
Күні:
Сыныбы:
5
Сабақтың тақырыбы:
Адамның табиғаттағы алатын
орны
Сабақтың
мақсаты: Адамның табиғаттағы алатын орны туралы білім
бере отырып, оқушыларды экологиялық салауаттылық пен экономикалық
сауаттылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтиже:
1. Адамның табиғатта алатын ерекше орнын түсінеді.
2. Сыни ойлау дағдылары артады.
3. Өз беттерімен тақырыпты меңгереді.
4. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
5. Қызығушылықтары артады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Дифференциация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу
Табиғат туралы қиылған суреттерді құрастыру арқылы оқушылар топқа
бөлінеді.
1. Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
2. Топқа бөлінеді.
3. Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды.
Топқа бөліну Бірін-бірі бағалау парағы үлестіріледі.
Табиғат туралы суреттер
Үй тапсырмасын сұрау Табиғат туралы суреттерінен көрме дайындау,
галереяға саяхат.
Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасы сұралады:
Тіршілік ортасы деген не?
Бейімделу дегенді түсіндір.
3. Жануарлар мен өсімдіктер тіршілік ортасына қалай бейімделеді?
Оқушылар суреттерін іліп, галереяға саяхаттайды.
Оқушылар жауап береді. Жеке жұмыс
Сұрақ-жауап, диалог әдісі
Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту:
Миға шабуыл:
Табиғаттың адам үшін маңызы қандай? Оқушылар топта ақылдасады,
жауап береді. Топтық жұмыс, сыни ойлау.
Мағынаны тану: Әр топқа мәтіндегі тақырыптарды бөліп беру және
қосымша мәліметтерді тарату.
1 топқа – Табиғаттың ғылымдық маңызы
2 топқа - Табиғаттың сауықтыру маңызы
3 топқа –Табиғаттың тәрбиелік маңызы
4 топқа - Табиғаттың эстетикалық маңызы
5 топқа - Табиғаттың өндірістік және экономикалық маңызы.
Әр топ өздеріне берілген тақырыпшалар - мен және қосымша
мәліметтермен танысып шығады да флипчартта бейнелейді. (20
минут)
Өз жұмыстарын топ басшысы қорғайды. (5 минут)
Топтық жұмыс Флипчарт түсті маркер, желім, түсті қағаздар т.б.
Ой-толғаныс:
Оқушыларға 5 жолды өлең стратегиясы бойынша тапсырма беріледі. 5
жолды өлең стратегиясын қолдану арқылы оқушылар жеке жұмыс жасайды.
(5 минут)
СТО, жеке жұмыс
Бағалау : Бағалау қорытындысын шығарады Оқушылар бағалау парағын
толтыру арқылы қорытындылайды. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау
Бағалау парағы
Үйге тапсырма: §54 оқуға.
Табиғат туралы бір шумақ өлең жазып келу.
Оқушылар тапсырмаларды жазып алады.
Кері байланыс
5- сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жер бедері жайлы мәлімет беру
Сабақтың
мақсаты: Қазақстанның
жер бедері жайлы мәлімет беру. Тіл байлығын,ойлау,есте сақтау
қабілеттерін жетілдіру,ойын толық жүйелі жеткізуге
дағдыландыру.Отанын сүюге,табиғатына жанашыр болуға
тәрбиелеу.
Әдісі:
сұрақ-жауап,әңгімелеу
Түрі:аралас
сабақ
Көрнекілігі:суреттер
,слайдтар,карта.
Сабақтың
барысы
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен
амандасу,түгендеу.Назарын сабаққа
аудару
1-бөлім.
«Қайталау-білім
анасы»
ІІ.Үй
тапсырмасын
сұрау
«Адам
әрекетінен жер бетінің өзгеруі» мазмұнын
сұрау
ІІІ.Үй
тапсырмасын
бекіту
«Кім
тапқыр?»
ойыны
Шарты:Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп
артында жасырынған суретті
табу
1.Жер беті
адамның қандай әрекетінен
өзгереді?
2.Террикондар деген
не?
3.Оба деген
не?
4.Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға
болады?
5.Қазақстанның жер көлемі
қанша?
Суреттер:
жазық,тау,өзен
2-бөлім.Білімге
құштарлық
IV.Жаңа
сабақ
Қазақстан туралы жалпы мәлімет беру (кесте
бойынша)
Жер көлемі 2.7млн
км
Көрші елдері Солтүстік және
солтүстік-батысында Ресеймен,оңтүстікте
Қырғызстанмен,Өзбекстанмен.Түркменстанмен,шығыста Қытаймен
шектеседі
Ең биік нүктесі (м) Хантәңірі
(6995)
Ең төмен нүктесі (м) Қарақия ойысы
(-132)
Табиғат зонасы Орманды дала (3%), дала
(26%),шөлейт (14%),шөп (44%), биік
белдеу(13%)
Қазақстанның жер
бедері
Жер бедері дегеніміз
не?
Жер бедері дегеніміз - пішіні мен көлемі
,жаратылысы мен жасы,биіктігі жөнінен айырмашылық жасайтын жер
бетінің сипаты.
Қазақстанның жер бедері
жазықтар,ойпаттар,үстірттерден және қыраттар мен биік,аласа
таулардан тұрады.
Қазақстанның жер бедерінің басты
ерекшеліктері
3-бөлім. «Кітап - білім
бұлағы»
Оқулықпен
жұмыс
Мәтінді іштей,тізбектей дауыстап
оқыту
Сергіту
сәті
Қолымды көкке
көтерсем
Көрсетеді
солтүстік.
Аяқ бассам
оңтүстік.
Оң қолым
шығысым,
Ал сол қолым
батысым.
Бағыттарды
анықтап,
Айналамын жер
шарын.
4-бөлім. «Іздеген жетер
мұратқа»
Сарамандық
жұмыс
Физикалық картадан жер беті қалай
бейнеленгенін айту.
Ойпатты,қыратты жазықтарды қалай
ажыратамыз?
Тауларды
ше?
Мұздықтардың шартты белгісі
қандай?
Картадан тауып
көрсету.
Менің ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдерді
жалғастыру)
1.Әркімге өз жері-мысыр
шаһары
2.Отан үшін күрес, елге тиген
үлес
3.Отансыз адам-қанатсыз құспен
тең
4.Туған жердің күні де ыстық,түні де
ыстық
VI. Үйге тапсырма: мәтінді оқу,
мазмұны.
VIІ.
Бағалау
6 – сабақ
Күні:
Сыныбы:
5
Сабақтың
тақырыбы: Адамның
табиғаттағы алатын
орны
Сабақтың
мақсаты: Адамның
табиғаттағы алатын орны туралы білім бере отырып, оқушыларды
экологиялық салауаттылық пен экономикалық сауаттылыққа
тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтиже:
1. Адамның
табиғатта алатын ерекше орнын
түсінеді.
2. Сыни
ойлау дағдылары
артады.
3. Өз
беттерімен тақырыпты
меңгереді.
4.
Ынтымақтастық атмосферасы
орнайды.
5.
Қызығушылықтары
артады.
Сабақ
кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Дифференциация Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру
Амандасу тренингі
Оқушылардың
көңіл-күйлерімен
танысу
Табиғат
туралы қиылған суреттерді құрастыру арқылы оқушылар топқа
бөлінеді.
1.
Амандасады. Көңіл-күйлерін
білдіреді.
2. Топқа
бөлінеді.
3. Әр топ
топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер
сайлайды.
Топқа бөліну
Бірін-бірі бағалау парағы
үлестіріледі.
Табиғат
туралы суреттер
Үй
тапсырмасын сұрау Табиғат туралы суреттерінен көрме дайындау,
галереяға саяхат.
Сұрақ-жауап
арқылы үй тапсырмасы
сұралады:
Тіршілік
ортасы деген не?
Бейімделу
дегенді түсіндір.
3. Жануарлар
мен өсімдіктер тіршілік ортасына қалай бейімделеді? Оқушылар
суреттерін іліп, галереяға
саяхаттайды.
Оқушылар
жауап береді. Жеке
жұмыс
Сұрақ-жауап,
диалог әдісі
Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту:
Миға
шабуыл:
Табиғаттың
адам үшін маңызы қандай? Оқушылар топта ақылдасады, жауап береді.
Топтық жұмыс, сыни
ойлау.
Мағынаны
тану: Әр топқа мәтіндегі тақырыптарды бөліп беру және қосымша
мәліметтерді тарату.
1 топқа –
Табиғаттың ғылымдық
маңызы
2 топқа -
Табиғаттың сауықтыру
маңызы
3 топқа
–Табиғаттың тәрбиелік
маңызы
4 топқа -
Табиғаттың эстетикалық
маңызы
5 топқа -
Табиғаттың өндірістік және экономикалық
маңызы.
Әр топ
өздеріне берілген тақырыпшалар - мен және қосымша мәліметтермен
танысып шығады да флипчартта бейнелейді. (20
минут)
Өз
жұмыстарын топ басшысы қорғайды. (5
минут)
Топтық жұмыс
Флипчарт түсті маркер, желім, түсті қағаздар
т.б.
Ой-толғаныс:
Оқушыларға 5
жолды өлең стратегиясы бойынша тапсырма беріледі. 5 жолды өлең
стратегиясын қолдану арқылы оқушылар жеке жұмыс жасайды. (5
минут)
СТО, жеке
жұмыс
Бағалау
:
Бағалау қорытындысын шығарады Оқушылар бағалау
парағын толтыру арқылы қорытындылайды. Өзін-өзі және бірін-бірі
бағалау Бағалау
парағы
Үйге
тапсырма: §54 оқуға.
Табиғат
туралы бір шумақ өлең жазып
келу.
Оқушылар
тапсырмаларды жазып
алады.
Кері
байланыс
7 – сабақ
Күні:
Сыныбы:
5
Сабақтың
тақырыбы: Судың
табиғаттағы орны. Гидросфера
Сабақтың
мақсаты:
А)
Оқушыларға жердің су қабығының маңызы , гидросфераның негізгі
компоненттері жөнінде толық мәлімет
беру
Б) Суды
ластамауға , табиғатты аялауға , қорғауға
тәрбиелеу
В)
Оқушылардың ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын ояту,ойлау
қабілеттерін арттыру,өз ойын еркін айтуға
дағдыландыру
Сабақ
түрі: ойын
Сабақ
әдісі: Сұрақ –
жауап, түсіндіру, баяндау,
ассоциация
Көрнекілігі:
Дүние жүзі
саяси картасы,кескін карта,интерактивті тақта ,Венн
диаграммасы,тест,
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен
сәлемдесу,түгелдеу,сабаққа дайындықтарын тексеру . Сабақтың
барысымен таныстыру . Бүгінгі сабағымыз бірнеше турдан
тұрады.
1 тур:
Адасқан объектілер
2 тур:
«Пошта» ойыны
3 тур: Ең,ең
ойыны
4 тур:
Полиглот
5 тур:
Жұмбақтар әлемінде
6 тур:
Біліміңді толықтыр (Жаңа
сабақ)
7 тур:
Біліміңді тексеріп көр!
(тест)
8 тур:
Ассоциация әдісі
І тур:
Адасқан объектілер
Жан – жағын
мұхиттар мен теңіздер қоршап құрлықтың жатқан ірі бөлігі
Архепилаг
Шығу тегіне
қарай Арал
Аралдар тобы
Жанартаулық
Вулканның
әсерінен пайда болса
Материк
Айналасы
сумен қоршалған құрлықтың кішігірім бөлігі 3 – ке
бөлінеді
ІІ тур:
«Пошта» ойыны
Бұл ойынға 6
конверт керек. Әр қонвертте: Солтүстік Америка, Оңтүстік
Америка, Австралия, Еуразия, Африка –деп қоямыз. Қатты қағазға
материктердің контурларын бейнелеп қоямыз. Адрестері бойынша әр
қонверттегі объектілерді жылдам, дұрыс адрестері бойынша картадан
тауып қою керек.
ІІІ
тур:
Ең,ең,ең
ойыны
Ең үлкен материк -
Еуразия
Ең ыстық материк –
Африка
Ең ылғалды материк – Оңтүстік
Амарика
Ең кіші материк –
Аустралия
Ең мұзды материк –
Анарктида
Ең арал –
Грендландия
Ең үлкен мұхит –
Тынық
Ең ұзын өзен –
Ніл
IV тур:
Полиглот
( әріптердің орнын тауып , анықтамасын айту
)
МАТЕРИК – К М Е И А Т
Р
АРАЛ – Л Р А
А
АРХЕПИЛАГ – А П Г Е Р И А Х
Л
V тур: Жұмбақтар
әлемінде.
(Түймедақтың әр лепистогында жұмбақ бар
,шешімін тауып бүгінгі жаңа сабақ тақырыбын
ашады.)
1. Қара таудай
буралар,
Қара бұйра
шудалар
Бура жерге
шөгеді:
Бұлау терін
төгеді.
(Бұлт пен
жаңбыр)
2. Қыста ғана
болады
Ұстасаң қолын тонады (Қар
)
VIII тур: Ассоциация
әдісі
Сабақты қорытындылау
:
Үйге тапсырма:
Гидросфера
8 – сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Жерасты сулары. Өзен,көлдер.
Сабақтың мақсаты:
1.Жерасты сулары,құдық,бұлақ,тұма,өзен,көлдер және олардың адамға тигізер пайдасы туралы білімін қалыптыстыру.
2.Байқағыштық ,танымдық қабілеттерін дамыту,өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру.
3. Дүниетанымдарын кеңейту, экологиялық тәрбие беру.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс,ізденушілік,сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы,суретті плакат,сызба плакат.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардан тақырыпты сұрап шығу.
1.топ: Судың қасиеті.
2 топ: Судың маңызы.
3 топ: Сусыз тіршілік.
Қосымша сұрақтар: Судың табиғаттағы күйі
Судың күйі неге байланысты болады.
Табиғаттағы су айналымы деген не?
Жаңа сабақ : Таулардан өзен ағар сарқыраған
Айнадай сәуле беріп жарқыраған
Жел соқса ,ыстық соқса бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған. Деп кім жазған?
(Ы.алтынсарин )-өліңімен су туралы келесі тақырыпты ашқалы отырмын біздің ғаламшардың көп жері көглідір түске боялған.Ол су.Яғни мұхиттар,теңіздер,өзендер.Су-жер бетінің төрттен уш бөлігін алып жатыр.
Су туралы келесі тақырыбымыз Жерасты сулары. Өзен, көлдер.
(балалар қолдарына қарындаш алады)
Оқушылар мәтінді тізбектей оқып шығады.
-Тақырыптан түсінбеген сөздерің бар ма?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жерасты сулары дегеніміз жердің терең қабатында су бар.Адамдар артезиян құдығын немесе қолдан жерді 3-4 метрге дейін қазып құдық жасайды.Одан алынған суды ішуге ,шаруашылыққа пайдаланады.
Жерасты суының жер бетіне шыққан жерін бұлақ дейді.
Бұлақ жылғалармен ағып барып өзендерге қосылады.Ал ірі өзен сулары көлдер мен теңіздерге құяды.
Өзөн дегеніміз -өзі салған арнамен ағатын су ағыны.Өзеннің ағып шыққан жері оның бастауы деп аталады. Өзендер екіге бөлінеді: тау өзені және жазық өзендер.
Тау өзені тік жартасты ,сарқырамалы және терең болады.Жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу ,тарең емес және олардың ені бірнеше километр болады. Жазықтағы өзендер кеме қатынастары үшін қолайлы.Өзеннің теңізге ,көлге құятын жерін өзен сағасы деп атайды. Әлемдегі ең ұзын көл –Мысырдағы Ніл өзені. Оның ұзындығы -6670 км. Ең қысқа өзен –АҚШ-тағы Ди өзені , оның ұзындығы 37 метр
Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.Ертіс, орал,Іле, Еділ,Жайық,Сырдария, Амудария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен кеме жүзе алады. Ірі өзен маңында су электр станциялары салынады. Су электр станциялары елдер мен өндіріс орындарын арзан электр энергиясымен жабдықтайды.
1-қатар:
РАФТ-стратегиясын қолданайық: 2-қатар: 5- жолды өлең құрастыру
Р-----------әкім Каспий- сөзі.
А----------тұрғындар
Ф----------үндеу
Т----------Өзен, көлдерді қорғайық.. 3-қатар: Картамен жұмыс.
-Балалар, алдарыңда бағалау парағы жатыр. Бүгін сабаққа қалай қатыстым деп өзімізге баға қоямыз.
Үйге тапсырма: Жерасты сулары. Өзен, көлдер. Өзен,көлдерді картадан табу.
9- сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Тақырыбы:
Өзендер
Мақсаты:
а)
білімділік: оқушыларға өзен,өзен жүйесінің бөліктері,олардың
орналасу ерекшеліктері мен олардың шаруашылықтағы маңызы жайлы
білім беру;
ә)
дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдылық қабілеттерін, ойлау,
сөйлеу дағдыларын, пәнге деген қызығушылықтарын
дамыту;
б)
тәрбиелік:оқушыларды сүйіспеншілікке, алғырлыққа, ізгілікке,
табиғатты аялауға, оның қамқоршысы бола білуге
баулу.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ
Әдіс-тәсілдері:
баяндау,
сұрақ-жауап, ой қозғау,
түсіндіру
Өткізу
формасы: топтық
Пәнаралық
байланыс: тарих, қазақ
әдебиеті
Көрнекілігі:
интерактивті
тақта, слайдтар, карта, глобус,
плакат
Сабақ
барысы:
І.
Ұйымдастыру
кезеңі
а)
оқушылармен сәлемдесу,
түгелдеу;
ә) сынып
тазалығына мән беру;
б)
оқушыларды 3 топқа бөлу.Мұхит, Теңіз,
Көл.
в)
назарларын сабаққа
аудару.
ІІ. Үй
тапсырмасын сұрау
Балалар үйге
қандай тапсырма берілді? Балалар: Теңіздер мен көлдер. Кескін
картаға үлкен теңіз, көл аттарын
түсіру.
Мұғалім:
Олай болса, 1-кезеңімізді
бастайық.
1-кезең.
«Бой сергіту» (3 топқа ортақ сұрақтар беру, сұрақ саны -
9)
1. Теңіз
дегеніміз не?
2. Көл
дегеніміз не?
3.
Орналасуына қарай теңіздерді қалай ажыратамыз? (ішкі, шеткі, арал
аралық)
4. Бұғаз деп
нені атайды?
5.
Қазақстандағы қандай көлдерді
білесіңдер?
6. Шығанақ
дегеніміз не?
7. Дүние
жүзіндегі ең терең көл
қайсы?
ІІІ. Жаңа
сабаққа дайындық
Жаңа
тақырыпты ашу алу мақсатында оқушыларға жұмбақ
жасырылады.
Туған жердің
белбеуі,
Шұбатылып
қалыпты.
Керемет-ау
кернеуі,
Тасты тесіп
жарыпты.( Өзен)
ІҮ. Жаңа
сабақ
а) Ауызша
баяндау;
ә) Картамен
жұмыс
б) Оқулықпен
жұмыс
в) Дәптермен
жұмыс (конспект)
Ой қозғау
стратегиясы.
Қазақстанда
қандай өзендер кездеседі? Өз жерлеріңде қандай өзен
бар?
Өзен
дегеніміз – табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Біздің
ғаламшарымызда миллионнан астам өзендер бар болса, ал Қазақстанда
85 мың өзен бар.
Бастау -
өзеннің басталар жерін айтады. Әдетте өзендер басын таулардан алып
көл, теңіз, мұхиттарға құяды. Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне
дейінгі аралықты өзен алабы деп
атайды.
Өзен аңғары
- өзен алқабындағы, ұдайы ағып жатқан судың әсерінен төмен түскен
жері.
Өзеннің
жайылмасы - өзеннің толысып, тасу кезеңінде жағалауларын екі жағына
да уақытша жиналатн сулы
алап.
Саға -
өзеннің теңізге немесе көлге, мұхитқа барып құятын жерін
айтады.
Ү. Жаңа
сабақты бекіту.
Кім
жылдам?
Өзен
дегеніміз не?
Өзендер
картада қалай
белгіленеді?
Өзеннің
құятын жерін не деп
атайды?
Өзеннің
шаруашылықтағы маңызы
қандай?
Дүние
жүзіндегі ең ұзын өзенді атап, картадан
көрсет.
ҮІ.
Қорытындылау.
Жеңген топты
анықтап, мадақтау.
ҮІІ.
Бағалау
10- сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Топырақтың маңыздылығы
Сабақтың мақсаты: Топырақ. Оның қасиеті мен маңызы, құрамы, құнарлылығы жайында түсінік қалыптастыру.
1.Топырақтың табиғаттағы маңызы туралы,олардың түрлері туралы,бүкіл табиғаттағы алатын орнын ұғындыру.
2.Топырақсыз тіршілік болмайтынын меңгерту.Топырақ туралы алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
3.Өз елін,жерін,табиғатын аялауға тәрбиелеу.
Түрі:жаңа сабақ
Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау,ойын техн.
Көрнекілігі: тірек-сызбалар,тал суреті,тәжірибеге қажетті құралдар.
Сабақтың өту барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі
1.Психологиялық ахуал
Қоршаған орта-табиғат,
Жануар,өсімдік,адамзат.
Сүю,қорғау-парасат,
Білейік мұны –жамағат.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
-Қазір қай мезгіл?
-Күз.
-Күз туралы не білеміз?
Сиқырлы қоржындардан сұрақтар алып үйге берілген тапсырманы тексеремін.
1.Су туралы не білеміз?
2.Судың неше күйі бар?
3.Судың қасиеттерін ата.
4.Күнделікті өмірдегі судың маңызы қандай?
5.Су туралы мақалдар айт.
6.Судың түсі қандай?
7.Судың табиғаттағы маңызы қандай?
8.Суда еритін және ерімейтін заттарды ата.
ІІ.Жаңа сабақ.
Сабағымызды сөзжұмбақ шешу арқылы бастаймыз.
1.Айналадағы бізді қоршаған орта қалай аталады?
2.Айналадағы төрт тұстың бірі.
3.Жұлдыздар мекені
4.Адам тіршілігіне қажетті жағдайлардың бірі.
5.Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал не?
6.Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды не дейді?
7.Есту мүшесі.
Сабағымыздың тақырыбы:Топырақ.
Адам біле бермейді жер қуатын,
Тек топырақ деп атайды оның атын.
Жерден сұра даналық;ізгілікті,
Жер емес пе біздегі ең ұлы ақын.
1.Мұғалім түсіндірмесі:
Жер бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабатты-топырақ дейді.
Топырақтың құрамында не бар екендігін білу үшін тәжірибелер жасап көрсетемін.
ІІІ.Сабақты қорытындылау.
1.Тест
1. Топырақтың құрамына не кіреді?
А) ауа, су, қарашірік, тұз, құм, саз Б) құм, саз В) жәндіктер
2.Топырақ деген ...:
А)құм Б)саз В) жердің өсімдік өсетін беткі қабаты
3. Топырақ шайылып кетпеу үшін:
А) тазалау керек Б) өсімдік егіп, қар тоқтату керек В) қарашірік көп болу керек
4.Топырақтың түрлері:
А) қара топырақ, бозғыл, тұзды Б) тұзды В) қара топырақ
5.Топырақтың тау жынысынан айырмашылығы:
А) құнарлығы Б) түсі қара болуы В) өсімдік өсу.
2.Құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне байланысты топырақтың түсі де түрлеше болады.Топырақтың қандай түрлері болады?
ІҮ.Сабақты бекіту.
«Бес жолды өлең» әдісі
Не? Топырақ
Қандай?сазды,құнарлы.
Не істейді? Қопсытады,құнарландырады,егеді.
Сөйлем.Топырағы құнарлы жерге өсімдік жақсы өседі.
Мәндес.саз.
11 – сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Сабақтың
тақырыбы: Топырақтың түрлері мен қасиеті
Сабақтың
мақсаты:
1.Топырақ түрлері мен қарашіріктің пайда болу жолдарымен таныстыру.
Өз жерлерінің топырақ түрлерін анықтау. Топырақ түрлерінің су
өткізгіштік қасиетін анықтау арқылы қандай топырақта өсімдік өсуге
қолайлылығы туралы түсінік беру;
2. Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту. Оқушылардың топырақ,
топырақтың құнарлы қабаты туралы алған білімдерін толықтыру;
тәжірибе арқылы топырақтың негізгі қасиеттерін, топырақтың құрамын
анықтау;
3.Табиғатты аялап, қорғауға, сүюге, бағыт беру арқылы
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Түрлі топырақтар, әртүрлі
топыраққа өскен өсімдіктер, плакаттар, Қазақстан
картасы.
Сабақтың
түрі: Аралас
сабақ.
Сабақтың
әдісі: оқу, әңгімелеу, сұрақ жауап,
іздену.
Сабақтың
жүрісі:
І.
Ұйымдастыру
Оқушылардың даярлығын анықтау.
Сабаққа назарын аудару барысында, психологиялық даярлық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау.
Тіршілікке не қажет?
Сулы жер қандай
жер?
Судың маңызы?
Суды қорғау үшін не істеу керек?
ІІІ.
Жаңа сабақ
Топырақ туралы түсінік беру. Топарықтың түсі мен құрамын
талдау.
Топырақтың маңызы, өмірмен байланыстыру.
Күнделікті тіршілік әңгімелеу. Кіріспе
Мына топырақтарға назар аударайықшы, ойланып жауап бер:
Айырмашылығы бар ма?
Ұқсастығы ше?
Тірек сызбамен жұмыс:
Сергіту
сәті
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
Түсінгендерін
тексеру:
• Сұрақтарға жауап алу, өмірмен байланыстыру.
• Тақтамен жұмыс.
Сарамандық
жұмыс
Мына топыраққа назар аударайық. Не байқадыңдар?
Айырмашылығы неде?
Ұқсастығы ше?
Мұғалімнің
түсіндірмесі... Топырақ
екі түрлі, ...
қандай үлес
қосар едіңдер?
....
IX.
Қорытындылау.
Туған жеріміз – бай ел. Сен осы елдің ұланысың.
Қазақстанның топырағында жүрсің, ауасымен
демаласың, суын ішесің. Туған елді көркейту
үшін оның байлығын арттыру үшін сен
табиғатты танып, білуің керек. Өз үлесіңді қосуға
ұмытпа!
X.
Бағалау.
Үйге
тапсырма Түсініп
оқу, өзің топырақ туралы тағы не
білесің? Ойлан...
12- сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Тақырыбы:
Атмосфера-Жердің ауа
қабаты.
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларға
атмосфераны, оның бізді қоршап тұрған газ қабығы екендігін және
оның құрамы мен құрылысын
түсіндіру.
Білімділігі:
Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру. Жердің ауа қабат–
Атмосфера туралы толық мағлұмат
беру.
Дамытушылығы: Әр түрлі білім көздерімен жұмыс
жасауды әрі қарай дамыту, дүниетанымдық қабілеттерін дамыту,
белсенділіктерін арттыру, танымдық қызығушылықтарын
жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Экологиялық тәрбие беру, ауаны
қорғауға, қастерлеуге тэрбиелеу. Халықтық Этнопедагогика
элементтері арқылы ұлттық сана-сезімдерін
ояту.
Сабақ
түрі: Аралас
сабақ
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар:
интерактивті тақта, постерлер, Дүниежүзінің физикалық картасы,
глобус, оқулық, бағалау парағы, суреттер, кескін
карта.
Әдіс-тәсілдер:
СТО, дарынды
және талантты оқушылармен жұмыс, көшбасшылық, оқыту мен оқуда
АКТ-ны пайдалану, жекелей, топтық жүмыстар, деңгейлік тапсырмалар,
мақал-мәтел, халықтық болжамдар айту, жүмбақ шешу, шығармашылық
тапсырмалар.
Сабақ
барысы:
І.
Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың
сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Оқушыларды төрт топқа бөліп,
назарларын сабаққа
аудару)
Ол бар жерде
бар ма,жоқ па
білмейсің,
Ол жоқ жерде
өмір сүріп
жүрмейсің
(Ауа)
ІІ. Жаңа
сабақ. Мұғалім
оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсаты мен жоспарымен
таныстырады. Сабақ барысында қолданылатын оқытудың белсенді
формаларын атап, қандай әдіс тәсілдермен жұмыс істейтіндерін
ескерте кетеді. Сабақ ЖИГСО мозайкалық әдісі бойынша
өтіледі.
Оқушылар
топта мынадай ролдер бойынша жұмыс
жасайды:
1.
Төраға
2.
Таймкипер
3.
Хатшы
4.
Баяндамашы
Оқушыларға
мәтінмен жеке жұмыс жасауға 5 минут беріледі. Бұдан кейін топта
талқылайды. Әр топтың баяндамашылары басқа топтарға барып өздеріне
берілген мәнмәтіндерін баяндап айтады. Таймкипер уақыт белгілесе,
хатшы баяндаманы қағазға түсіріп, төраға топтың әр мүшелерін
бақылап баға береді. Әр топ берілген тақырыптарды постер арқылы
қорғайды.
І топ.
Атмосфера қабатына жалпы
сипаттама
ІІ топ. Ауа
құрамындағы газдарға
сипаттама
ІІІ топ.
Атмосфераның негізгі қабаттарына
сипаттама
ІV топ.
Ауаның ластануына
сипаттама
ІІІ. Жаңа
сабақты бекіту
сұрақтары.
1.Ауа
дегеніміз не?
2.Ауа қалай
ластанады?
3.Ауаны
ластамаудың қандай жолдар
бар?
***
Ұстасаң,
қолға ілінбес
Қарасаң,
көзге түспес.
(Ауа)
Аузымен
сурет салады,
Демімен ағаш
жарады.
(Аяз)
Үйге
тапсырма: «Атмосфераның ластану себептері және қорғау шаралары»
туралы эссе жазып
келу.
13 - сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Тақырыбы:Атмосфераны ластайтын зиянды заттар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Атмосфераны ластаушы заттар:табиғи және антропогендік іс-әрекет нәтижелері туралы түсінік беру
Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін білімін дамыта отырып оқыту
Тәрбиелік:Оқушыларды атмосфераны қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының қүрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.
Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдықпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады, 60-70км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдар болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 108 кішігірім метеорит түседі. Жерде атмосфера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақтайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн.тонна космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиусы 106-105м шамасындағы бөлшектерден тұрады.
Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қорғаныш ортаға әсер етін ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді.
Сабақты бекіту сұрақтары:
-атмосфераның табиғи жолмен ластануы
-атмосфераның антропогендік ластануы
-ластанудың алдын алу жолдары
Қорытынды
Үйге тапсырма:Табиғи және антропогендік жолмен ластанутүрлері туралы реферат жазу
14 – сабақ
Күні:
Сыныбы: 5 «А», «Ә», «Б»
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлемі, оны қорғау
Сабақтың
мақсаттары:
1. Оқушылардың білімін тереңдету, нығайту, қорытынды
жасау.
2. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін, тіл байлығын,
шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл-ойын дамыту
3. Табиғатты құрметтеуге, аялай білуге үйрету, еңбекке,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: Қазақстанның картасы, Қазақстанның қызыл кітабы,
плакат, семантикалық карта, слайд, гүлдер,
карточкалар
Сабақтың
әдісі:СТО әдісі, сұрақ –
жауап, баяндау, қорыту, жартылай іздену.
Сабақтың
түрі: Дәстүрлі
Пәнаралық байланыс:
табиғаттану, ,
әдебиет.
Оқытудың
нәтиже: Оқушыларға өсімдіктердің көкшалшығының сұлулығы
жайлы түсінік беру, білімдерін
арттыру.Өсімдіктердің түрлерін ажырата біуге үйрету.
Кезеңі Әдіс - тәсіл Уақыт Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс
-әрекеті
Психологиялық
ахуал
1 мин Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы. Шеңбер құрып, бір біріне
сәттілік тілейді.
Ұйымдастыру
кезеңі ОЖЕСОжО 2 мин Топ құру Қиылған суреттерді құрастыру
арқылы топқа бөлу.
Білім
ДО 3 мин -Табиғатқа көгал не
үшін қажет? - Терең дем алайық, жарық түсіп тұрғанын елестетіп
көріңдер
- Бұл таңғажайып жарық, жүрегімізде тыныштық, сүйіспеншілік
әкеледі.
- Керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай
әдемі!
- Түрлі-түсті күлтелері құлпырып тұр. - Бұл сендердің аталарың,
әжелерің, әкелерің, аналарың. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек –
сен.
- Бұл жай гүл емес, ол- сүйіспеншілік гүлі- табиғаттың бір
бөлігі.
Түсіну СТО 6 мин І-топ
.Өсімдік топтарын анықта.
ІІ-топ Оқы, өсімдік түрлерін белгіле,түсіндір.
ІІІ-топ Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді? Әр берілген
тапсырманы орындайды
Қолдану
ТжДБО 7мин Оқулықпен жұмыс жасау.
І- топ бірінші бөлімді оқиды
ІІ-топ екінші бөлімді оқиды
ІІІ-топ үшінші бөлімді оқиды Мазмұнын өз сөздерімен айтуға
баулу.
Талдау
ОЖЕСОжО 8мин а) Үлгі оқу,
түсіндіру.
ә) Кезектесіп оқу
б) Тапсырмалармен жұмыс Тапсырмаларды орындау
Сергіту сәті 2 мин Музыка әуенімен қимылмен жасау
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Қызыл-жасыл гүлдері
Көздің жауын алады
Үзіп- жұлмай бекерге
Аялайық біз оны!
Жинақтау Ой толғаныс
7мин Өсімдіктің маңызы қандай?
Оқушылардан күтілетін жауап:
- таза ауа
- дәрі-дәрмек
- демалыс орны
- баспана
- қорек
- тағам
Әр топ жауап берген сайын картадан қалаларға гүл
жапсырады.
Бағалау
ТжДБО
5мин Тыйым салынады!
- Ағашты кесуге, сындыруға болмайды.
- Отты көрсең сөндір!
- Қалдық заттарды тастама!
- Ластауғаболмайды.
- Табиғаттытиімдіпайдаланукерек! Әр топтан бір оқушыдан өз ойларын
жазады.Бүгінгі сабақтан алған
әсері
15 – сабақ
Күні:
Сыныбы: 5 «А», «Ә», «Б»
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қалай қорғау керек?
Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты меңгерту, дұрыс мазмұнын білу. Туған өлкенің табиғаты мен қыр-сырына жан-жақты мән бергізе отырып, зерттеуге, көрген-түйгенін білу.
Дамытушылық: өлке табиғатына деген ерекше ықыласын ояту, қызықтыру.
Тәрбиелік: Табиғатқадеген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ластанудан қорғау, аялау, экологиялық тәрбие беру.
Көрнекіліктері: суреттер, тест, қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Үйымдастыру.
Сабағымды Жамбыл атамыздың өлең жолдарымен бастадым.
Табиғат әсемдіктің төркінісің
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын, - деп.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Адамзат баласы, табиғат-ана, сусыз өмір сұ\үре алмайтыны анық. Толқынменбірге құстарымыз тербеледі, қазымыз қаңқылдайды, аққуымыз көл бетінде сыланады.
Мұқағали ағамыздың «Аққулар ұйықтағанда» өлеңінен кішкене шумағын оқып берейін.
Аққулар...
Аққу мойын сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап,
Айдынның еркелері білмей тұрмын,
Етермін, тағдырымды кімге аманат?!
Жаны сүлу ақ еркем ары сұлу!
Жасыл желегіміз, жәндігімізбен бірге көл, теңіз, мұхитымызды қалай жырлаған.
Қарап отырсақ, табиғатымызды аялап, қастерлеп, сол табиғаттың тілін білу бәріміздің парызымыз!
Табиғатты қорғау үшін не істеуіміз керек? Толық қорғай аламыз ба? Я болмаса оған әсер етуші күштердің ықпалын азайтамыз ба? О замандардың өзінде алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар аншылықпен айналысып, жануарлардың талай түрін жойып жіберді. Мамонттардың жойылуының басты себебі осы адамдардың іс-әрекетінен. Бірақ ол адамдар табиғатқа зиян алып келетіндігін, жануарлардың жойылып кететіндігін ойлаған да жоқ.
Осындай ой әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан сияқты. Адамзат неше мыңдаған жылдардан бері бір-біріне соғыс өртін жариялап, қоршаған ортаның ластануына, жануарлар мен өсімдік жамылғысының азаюына және адамдардың өліміне әсер етуде. Табиғатты қорғау мемлекетаралық, мемлекеттік, аймақтың заңдармен – іс-шаралардың табиғатты қорғауға, сақтауға және тиімді пайдалану мен қалпына келтіруге арналған кешенді жұмыс.
Табиғатты қорғау дегеніміз – тек қана өсімдік пен жануарларды ғана емес, топырақты, суды, атмосфераны, жылпы табиғи кешенді сақтап қорғап қалу. Оны тиімді жүргізу үшін ғаламшарымыздағы барлық елдер біріге отырып жұмыс жасауы қажет. Қазіргі кезде көптеген өнеркәсіп орындары пайдаланған суды арнайы сүзгіден өткізіп, тазалап қайтадан іске қосуда. Осындай жолмен ресурс қорын сақтап қалуға болады.
Ұлттық тұрғыда қорғау дегеніміз – сол елдің заңдарына сәйкес іс-шаралар жүргізіледі. Халықаралық тұрғыдан қорғауға алынған объектілер – барлық елдерге тән. Мысалға Дунай өзені 9 мемлекетті кесіп өтеді, Балтық пен Каспий теңіздерінің жағалауы бірнеше мемлекетке тиесілі. Бұндай объектілер Халықаралық келісімшарттар (Конвенция және т.б.) арқылы қорғалады.
Атмостфера да ғаламшарымызға ортақ объект. Оены қорғау барлық мемлекеттердің және адамдардың ортақ міндеті. Халықаралық бірлестіктің негізгі жұмыстарының бірі – озон қабатын қорғау. Үлкен жетістіктеріміздің бірі – ядролық қару-жарақты сынауға тыйым салынды. Жалпы адамзат жыл өткен сайын атмосфераны қорғауға көп көңіл бөлуде. Болашақта таза ауаны, суды, құнарлы топырақты қалпына келтіруге болады, егер зауыттар мен фабрикаларда түтінді ұстап қалатын сүзгі, тазалағыш қондырғылар орнатып экологиялық таза отын түрлерін пайдалансақ. Алдағы күндері дәстүрлі пайдаланып жүрген отын түрлерінің орнына экологиялық таза сарқылмайтын отын – сутегін пайдаланатын боламыз. Топырақтың құнарлылыған көтеру және оны қалпына келтіру үшін: органикалық және тиісті мөлшерде минералды тыңайтқыштар беру керек.
Қорытынды.
1. Табиғатты қорғау дегеніміз не?
2. Табиғатты қорғау не үшін қажет?
3. Өздерің тұратын жерлеріңде табиғатты қорғауға арналған қандай іс-шаралар жүргізілуде?
Үйге тапсырма.
§58. Табиғатты қалай қорғау керек? Эссе жазу.
16 – сабақ
Күні:
Сыныбы: 5 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Орманның маңыздылығы.
Сабақтың мақсаты: Орманның шаруашылықтағы және адам өміріндегі маңызын ашып көрсету және табиғатты қорғау қажеттілігіне баса назар аудару.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Орман ағаштарынан алынатын өнімдер баға жетпес құнды қойма екендігі және орманның тіршіліктегі маңызды қасиеттері туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Орман табиғат қазынасы, халық байлығы екендігі туралы дамыта білім бере отырып оқушылардың есте сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: Атлас картасы, сызбанұсқалар мен суреттер, таратпа, кесте бейнетаспа.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Әдіс – тәсілдер: іздену, сұрақ – жауап, кесте, сызба, картамен жұмыс, жеке және жұптық жұмыс
Пәнаралық байланыс: дүниетану, экология, математика, ана тілі, қазақ тілі
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі: бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру, оқушыларды түгендеу, сабаққа қатысты оқу – құралдарын тексеру, басқада мәліметтер беру
2. Үй тапсырманы сұрау:
Ізденген жетер мақсатқа. Орман тоғай өсімдіктері мен жануарлары тақырыбы бойынша оқушылар дайындап келген жұмыстарын қорғау.
Сергіту сәті:
Әуенмен табиғат құбылыстарын қимыл іс әрекет арқылы көрсету. Ағаш, жел, құс, күн. Ағаш дегенде - ағаш болып қолдарын дөңгелете қосады, жел тұрды дегенде жел болып қолдарымен бірқалыпты қозғалады, күн ашылды дегенде - күн болып қолдарын айқара ашады, құстар келді дегенде - құс болып ұшады.
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн қонақтар!
III. Жаңа сабақ. Орманның пайдасы және оны қорғау.
-
Орман ағаштарынан алынатын өнімдер: тұрмыстық бұйымдар, құрылыс материалдары, құнды аң терілері, құстардың мамығы, жеміс – жидек, киім, азық – түлік
-
Тұрмыстық бұйымдары: үстел,орындық,сөрелер,есік, терезе, бесік, кереге т.б.
-
Қағаз дайындайтын комбинат жұмысшысы: дәптер, газет, кітап, журналдар...
-
Темір жолшы: ағаш вагондар, темір жолдың астына салатын төсеніштер...
-
Дәрі – дәрмек жасаушылар: ағаштан алынған дәрі – дәрумендер
-
Экология пәні жалғастырады:
Орман табиғаттың тарту еткен байлығы, баға жетпес халық қазынасы екендігін дәлелдеу үшін орманның маңызды қасиеттеріне көңіл бөлейік.
О
Ауаны оттегімен байытады
рманның маңызы.
фитонцид
Климатты жақсартады
Орман
Топырақты қорғайды
Егістікті қорғайды
Суды қорғайды
1. Ауаны оттегімен байытады. Жер бетіндегі оттектің 60% ормандар береді. Бір ағаш тәулігіне 3 адамның тыныс алуына қажетті оттегін бөледі. Жаз айында қайың ағашы 44 кг, емен 28 кг көмір қышқыл газын сіңіреді.
2. Климатты жақсартады. Ормандар суықтың, құрғақ желдің әсерін әлсіретіп, климатты жақсартады.
3. Топырақты құрғақшылықтан сақтап, топырақта ылғалдың сақталуына, құнарлылығын сақтауға жағдай жасайды.
4. Орман су ресурстарын қорғайды. Ашық жерлерге қарағанда ормандарда қардың еруі жай жүретіндіктен, су көздеріндегі судың деңгейі реттеліп, тасқынды болдырмайды.
5. Егістікте күздік дақылдарды желден, суықтан қорғап үсіп кетуден сақтайды.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Білімдерін шыңдау: Мысалы:
I - топқа тапсырма: (дәптерге орындайды), 60 кг макалатура 1 га орманды шабудан сақтайды, ал 180 кг макалатура тапсырсақ неше тонна орманды сақтайды екен? Есептеңдер.
II – топқа: 1 тонна макалатурадан 25 мың оқушы дәптерін дайындауға болады. Егер біздің сынып оқушылары 5 тонна макалатура жинап тапсырсақ қанша оқушы дәптерін дайындауға болады?
Жаңа терминдер ойыны: Оқушылар әріпті таңдайды, әріпке байланысты терминге сипаттама немесе сұрақ қойылады.
Ф
К
М
О
Ф – фитонцид дегеніміз не ?
М – макалатура дегеніміз не ?
О – адам тыныс алғанда қандай газды жұтады ?
К – адам тыныс алғанда қандай газды шығарады ?
Экологиялық диктант. Диктантта мәтініне сәйкес сөйлем ішінде түсіп қалған жеке сөздерді орын – орнына тауып жазу көзделеді
сөйлемдер |
Қажетті жауаптар |
|
|
Қорытынды: Венн диаграммасы.
орман
ластануы
пайдасы
Оқушыларға орманға байланысты ойдан өлең шығарып келу тапсырмасы берілген. Елнардың өлеңі.
Көрікті даламыздың ормандары,
Орман деген аң, құстың қорғандары.
Осындай байлықтарды қорғаймыз деп,
Адамдардың дұрысқой толғанғаны.
Есте сақта!
-
Жағажайда,бұлақта немесе көл жағасында болсақ суға ештеңе лақтырма
-
Сұлу табиғатта қоқыс қалдырма, өзіңнен кейін жинап кет
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: Үйде отбасы мүшелерімен бірге экологиялық мәселелерді талқылаңдар.
17 – сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Тақырыбы: Жануарлар әлемін қорғау.
Мақсаттары:
1білімділік: оқушылардың жануарлар әлемін қорғау, қорықтар бойынша білімдерін қортындылау, тереңдету.
2.дамытушылық: жануарларды қорғаудың ерекшеліктеріне мән беруге үйрету, шығармашылықпен жұмыс істеуге, тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
3.тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға, өз туған жерін сүюге тәрбиелеу.
көрнектіліктер: суреттер, қызыл кітап, әр түрлі қорықтарда қорғауға алынған құстар мен жануарлардың суреті, жануарлар әлемінің атласы , қазақстанның жануарлар әлемі.интерактивті тақта.
міндеттері: жұптық, топтық жұмыстарда өзгенің пікірін құрметтейді, ұйымшылдыққа, уақытты тиімді пайдалануды үйретеді.
ұраны: адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
қызығушылықты ояту i-кезең:- сәлеметсіңдер ме балалар!
-
бүгін дүниетану сабағы.
-
бүгінгі сабақта өздеріңе қажетті көптеген ақпарат алады деген ойдамын.
қане бәріміз бір-бірімізге сәттілік тілейік.
сұрақтармен жұмыс(аквариум стратегиясы):
1. қазақстан жерінің байлығына нелер жатады? (флора, фауна,адамдар)
2. осы байлықтар отанымызда сақталуы жеткілікті ме?
3. адамдар осы байлықтарды сақтау үшін не істейді?
4. қорық деген сөзді қалай түсінесің?
5. қазақстанда неше қорық бар?
6. шығыс қазақстанда орналасқан қандай қорықтарды білесіңдер?
марқакөл қорығы 1976 жылы, шығыс қазақстанның күршім ауданында орналасқан. батыс алтай қорығы 1992 жылы , шығыс қазақстан облысы глубокое ауданында орналасқан. рахман бұлағы қорықшасы шығыс қазақстан облысының катон қарағай ауданында орналасқан.
-
рақмет отыра ғойыңдар.
-
сонымен ,қане осы қорықтарды картада көрсетіп жіберейік.
-
қане қазақстан қорықтарын карта бетіне түсірейік.
-
балалар қалай ойлайсыңдар сабақтың тақырыбы қандай?
-
қане олай болса тақырыпты дәптерге жазып алайық.
мағынаны таныту ii – кезең: (бағытталған оқу стратегиясы)
-
мәтінді бөліктерге бөліп, соның i бөлігін таратып беремін. оқушылар оқиды. оқығаннан кейін алдарында жатқан қағазға i бөлікке байланысты мынандай сұрақтарға жауап жазыңдар.
1. өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азайып бара жатқаны неліктен? жолдарын көрсету.
2. өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азаймауына жол бермеу үшін, қандай жұмыс түрлерін көрсетуге болады?
сонымен, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға біздің де үлесіміз тию керек екен. болашақта өсімдіктер мен жануарларды қорғауға белсенділік білдіреміз. «қызыл кітап».сирек кездесетін жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақстымен жазылған. қазақстанда «қызыл кітап» тұңғыш рет 1978 жылы шықты. онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. екінші басылымы 1991 жылы , үшінші басылымы 1996 жылы шығарылды. мұнда балықтардың 16 түрі, бақалардың 3 түрі, жорғалаушылардың 40 түрі енгізілген . өсімдіктерге арналған қазақстанның «қызыл кітабы» 1981 жылы жарық көрді. бұл кітапта гүлді өсімдіктердің 304 түрі сипатталған.
қорықтардың басты мақсаты: - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер дүниесімен қоса сақтау;
-
табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау;
-
табиғатта болатын өзгерістерді болжау.
iiбөлікті оқып шығуға үш минут уақыт беремін, одан кейін мынадай сұраққа дәптерге жауап жазыңдар.
-
азайып бара жатқан жануарлар атын жазып алу.мәтін ішінен көзіңмен көрген аңдардың үстіне қосу таңбасын қойып шығыңдар.
не себепті қосу таңбасын аз қойдыңдар?
-
мәтіннің iii-бөлігін таратып беремін.
-
мәтінді оқып болғаннан кейін
-
өсімдік пен жануарлар әлемін сақтап ,қорғайтын халқымыздың салт-дәстүрі туралы әңгіме -аңыздарынан өзіңе ұнайтынын дәптеріңе жазып алыңдар.
-
қане, топта өздерің бір-бірлеріңе оқып, кімдерде бірдей аңыздар жазылған және не себепті?
-
сонымен балалар біздің ата-бабаларымызда жануарлармен өсімдіктерді қорғай білген.
-
сергіту сәті.
-
мәтіннің ivбөлігін оқу. мәтінді оқып болғаннан кейін.
-қазақстандағы мемлекеттік қорықтардың құрылуының негізгі мақсаты неде?
қорықтардың басты мақсаты: - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер дүниесімен қоса сақтау;
-
табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау;
-
табиғатта болатын өзгерістерді болжау.
ақсу-жабағылы қорығы 1927 жылы, оңтүстік қазақстан облысының талас алатауы мен өгем жотасында орналасқан.
-
өсімдіктердің 1404 түрі;
-
құстардың 239 түрі;
-
бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі;
-
сүтқоректілердің 51 түрі;
-
балықтың 2 түрі;
наурзым қорығы 1934 жылы, қостанай облысының наурзым ауданында орналасқан.
-
өсімдіктердің 687 түрі;
-
құстардың 286 түрі;
-
сүтқоректілердің 42 түрі;
-
балықтың 6 түрі;
алматы қорығы 1961 жылы, іле алатауы мен жағасында құмды шөлі бар іле өзенінің атақты «әнші тауы» аққұм-қалқанда орналасқан.
-
өсімдіктердің 965 түрі;
-
құстардың 200-ден астам түрі;
-
сүтқоректілердің 39 түрі;
барсакелмес қорығы 1939 жылы , арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан.
-
өсімдіктердің 250-ден астам түрі
-негізгі мақсаты ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау
қорғалжың қорығы 1968 жылы, ақмола облысында орналасқан.
-
өсімдіктердің 343 түрі;
-
құстардың 315 түрі;
-
сүтқоректілердің 41 түрі;
-
балықтың 14 түрі;
-
қорықтың мақсаты суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу
марқакөл қорығы 1976 жылы, шығыс қазақстанның күршім ауданында орналасқан.
-
өсімдіктердің 721 түрі;
-
құстардың 260 түрі;
-
сүтқоректілердің 58 түрі;
-
балықтың 4 түрі;
үстірт 1984 жылы , маңғыстау облысында орналасқан.
қорықтың мақсаты қазақстандағы қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі аң иен құстарды қорғау мен сақтау.
батыс алтай қорығы 1992 жылы , шығыс қазақстан облысы глубокое ауданында орналасқан.
ой толғау iii – кезең:
бес тармақты өлең құрастыру. «қорық»
үй жұмысы: жануарларға хат жазамыз.
1-топ балық бекіре
2- топ жетісу бақатісі
3-топ қызыл қасқыр
4- топ үстірт арқары
- сонымен «адамдардың табиғатсыз күні жоқ,мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» екендігіне бүгінгі сабақта көзіміз жетті.
18 – сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің адам өміріне маңыздылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің адамға пайдасын, адам өміріндегі рөлін, адам мен өсімдік арасындағы байланысты түсіндіру.
Дамытушылық: дәрілік өсімдіктермен таныстыру.
Тәрбиелік: өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жаңа ақпараттар технологиясы, тест.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
І. Ұйымдастыру
Ал, кәнекей, балалар,
Дайынбыз ба сабаққа
Риза болсын ұстаздар,
Келген бізге қонаққа-
дей отырып сабағымызды бастаймыз.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемнің қандай айы?
- Көктем мезгілінде неше ай бар және олар қалай аталады?
- Мамыр деген сөз нені білдіреді? /құс балапанының тойынуы, семіруі/
- Не семіреді? Неге?
- Көктемнің тағы қандай белгілері бар?
- Жыл құстары деген не?
- Оларды атаңдар?
- Үй жануарларының балаларын не деп атайды?
- Аюдың баласы, түлкінің баласы қалай аталады?
ІІ.Ал, енді көктем туралы өлең жолдарын тыңдаңдар:
Көктем келді күлімдеп,
Міне саған гүлім деп.
- Көктемнің 1-ші гүлі қалай аталады?
БӘЙШЕШЕК /Слайд/
Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын
Мәз боламыз күлеміз
Көріп гүлін жарғанын-дей отырып, сендерге сұрақ:
Бәйшешек-ол не? /өсімдік/
ІІІ. Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы /Слайд/
1.Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы. /пайдасы, көмегі/
2. Ал, балалар, мен енді сендерге өсімдіктер туралы әңгіме айтып берейін, сендер мұқият тыңдаңдар.
Өсімдік өспейтін жер жоқ. Өсімдік суда өседі, тауда да өседі, таста да өседі, құмды, шөл далада да өседі екен. Өсімдіктердің түрлері өте көп. Біреуі шөлді ұнатады, яғни су аз жерді, біреуі суды, ал біреуі көлеңкені ұнатады. Біреуі қатты аязға шыдаса, біреуі аз суықта өліп қалады.
Олар қайда өссе де адам баласына пайдалы екен. Адамдар өсімдіктерден киім, тамақ, дәрі, құрылыс материалдарын, үй жиһаздарын, түрлі бояуларды жасайды.
Өсімдіктер ауаны тазартады. Зиянды улы газдарды жұтады, оттегін /пайдалы газды/ бөліп шығарады.
- Әңгіме түсінікте ме?
3. - Олай болса, мен сендерге үйде, тұрған жеріміздің өсімдіктері туралы әңгіме құрап кел дегем. /кім айтады?/
ІV.
а\ Көктемде ағаш отырғызамыз, неге?
/күйген, кесілген, шіріген ағаштардың орнына/
ә\ Жазда орманға жиі барамыз, неге? /ең таза ауа, таза жер/
б\ Жеміс ағаштарынан жеміс тереміз.
V. Балалар, мен сендерге жаңа айтып кеттім өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайды деп. Олай болса, мен сендерді қазір кейбір өсімдіктердің емдік қасиетімен таныстырамын.
Дала дәріханасы. /Слайд/
1. Көзше-ішек-қарын ауруларына және жараларға қарсы қолданылады.
2. Қалың бұталы тарақшы- тұнбасы без ауруларына қарсы қолданылады.
3. Белла сарғалдағы- ерте көктемде шығады. Мал жақсы көреді және тер шығаруға емдік қасиеті бар екен.
4. Жіңішке жапырақты косатик- ішекте болатын құрттарды жояды.
5. Жантақ-түйенің тамағы, бауыр, асқазан ауруларын емдейтін қасиеті бар екен.
6. Аконит-жүйке ауруларын емдейді.
7. Иван шай- ыстықты басады екен.
Ал, келесі өсімдіктер туралы сендер оқып беріңдер.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
VІ. Ойын „Жасырынған әріп„ Жоқ әріпті қою керек. Слайд.
VІІ. Келесі тапсырма: „Венн кестесі„
Жемістер мен көкөністерді жазу, ортасына пайдасын жазу. = > < =
VІІІ. Ал, енді, балалар, бүгінгі сабақтан алған білімімізді бекіту үшін тірек сызба толтырамыз. /сызба тақтада/
ІХ. Ойын „Ойлан, тап„
Х. Тест жүргізу.
ХІ. Сабақты қорыту.
Сонымен балалар, біз өсімдіктерден көп көмек, пайда көреді екенбіз.
Ал, біз, яғни адамдар,өсімдікке қандай пайда келтіре аламыз?
- Ағаш, гүл отырғызамыз.
- Ағаш, бұталарды сындырмаймыз
- Орманда от жақпаймыз.
-Орман, тоғайға қоқыс тастамаймыз т.б.
Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұндау.
Бағалау.
19-сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Тақырыбы:
«Біз -
табиғат
қорғаны»
(топ
серуен)
Мақсаты:
Табиғат
біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін,
оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру.
Таза ауамен
демалу.
І.
Ұйымдастыру
бөлімі.
- Балалар,
бүгін табиғатқа серуенге шығамыз.Серуенге шықпас бұрын мынадай
сұрақтарға жауап
беріңіз.
-Бір жылда
неше мезгіл
бар?
- Әр
мезгілдегі табиғаттың көрінісін
ата.
-Кімге қай
мезгіл ұнайды? Несімен
ұнайды?
-Қазақ
халқының салт-дәстүрлерін сақтап,жақсы жерге қоныс
тебейік.
-Балалар,
ауылымыздың шағын бағына
барамыз.
-Ауылымыз
туралы не білесіңдер?(ауыл туралы
әңгімелеу)
-
Айналамызды қоршап,жайқалып өсіп тұрған ағаштар.Ауылымыздың бөгеті
мен бұлағы
бар.
-Балалар
,бөгетімізде балықтыр бар
ма?
- Балық
аулайтыңдарын бар
ма?
- Оларда
біздің
байлығымыз.
-
Ауылымыздың атап өтетін тағы қандай байлығы
бар?
- Атап өтер
байлығымыздың бірі егіншілік.Яғни біздің
нанымыз.
- Ал ол
егінді кімдер
егеді?
- Ауылдас
ағаларымыз.
- Балалар,
ағаларымыздың еңбектері Қазақстан,Отан,туған жер ,ауыл үшін өте
пайдалы.Олар бізге нан
береді.
- Ал кім нан
туралы өлең ,мақал
біледі?
Нан қиқымын
шашпаңдар,
Жерде жатса
баспаңдар.
Теріп алып
қастерлеп,
Торғайларға
тастаңдар.
- «Ас
атасы-нан», «Еңбектің атасы нан», «Алтын,күміс тас екен,арпа бидай
ас екен»
- Туған
жерімізде өсетін қандай өсімдіктерді
білесіңдер?
-
Алабота,жусан,түймедақ ,
ақселеу.
- Табиғаттың
бір үзігі- өсімдіктердің де адам үшін атқарар шаруасы көп екен.
Олар адамға дәрі-дәрмек, ем болып, өмірлерін қауіп-қатерден
қорғауға өз үлестерін қосатының
білеміз.
- Қандай
жануарлар тіршілік етеді
?
- Түлкі,
қоян, қасқыр, дала тышқандары,
т.б.
- Балалар ,
біз сол біздің жерімізде тіршілік ететін жан-жануарларға құстарға,
өсімдіктерге қамқоршы болуымыз керек.Олай болса бәріміз әрбір тірі
жанға қамқоршы
боламыз.
ІІ. Таза
ауамен демалып,түрлі ойындар ойнау. («Ақ селеу,көк селеу», «Мені
құтқар», «Кім жылдам»
т.б.)
ІІІ.
Қорытынды.
Қорыта
келгенде адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік
қой деймін. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны
аялап, сүйе
білейік.
Табиғатты
сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім-
кітапта, әр пәнді жақсы
оқуда.
Қашанда
табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса солай қарайтын адамдар
қайда да болса кездеседі. Мысалы: Сөндірілмей тасталған шырпы,
темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін.
Ал бір ағаштың өсуі үшін қаншама жыл керек екенін өздерің
білесіңдер. Кейбір тентек балалар гүлдерді жұлады, құстардың ұясын
бұзады, жазықсыз жәндіктерді өлтіреді. Мұндай жағымсыз қылықтардан
өзімізді аулақ ұстай білейік. Табиғатты алайық! Табиғатты сүйе
білмеген, туған жерін, елін де сүйе
алмайды.
20-сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Сабақтың
тақырыбы:
Табиғи
қоршаған
орта.
Сабақтың
мақсаты:
Оқушыларға
табиғи қоршаған орта туралы түсінік беру, сұрақ-жауап арқылы сыни
ойлау дағдысын арттыру, өзара ынтымақтастық
орнату.
Күтілетін
нәтиже:
1. Табиғи
қоршаған орта туралы білім
алады.
2. Білімді
өз беттерімен
меңгереді.
3. Сөздік
қоры артады.
4.
Бірін-бірі тыңдауға
үйренеді.
5. Сыни
ойлайды.
Құралдар:
АКТ,
интерактивті тақта, слайд, флипчарт, ғаламтор
мәліметтері.
Сабақтың
әдісі: Блум таксономиясы, АКТ, әңгімелесу, диалог,
сұрақ-жауап.
Сабақтың
барысы: Ұйымдастыру
бөлімі:
Оқушыларды
топқа бөлу
тренингі:
Жануарлардың
аттары қағазға жазылып, оқушылар суырады, сол жануардың дауысын
дыбыстау арқылы өз топтарын
табады.
Топ
ережелерін еске
түсіру.
Әр топта топ
басшысын, хатшысын, репортер, тәлімгер
сайлау.
(Оқушылар
өзара келісіп,
сайлайды)
Бағалау
критерийлерін
ұсыну.
Ойлау
деңгейі. Сұрақтар мен тапсырмалар.
Балл.
Білу:
Тіршілік ортасы дегеніміз
не?
Түсіну: Тірі
ағзалар жер бетінде қалай таралған? 2
ұпай
Неліктен жер
шарында өсімдіктер мен жануарлар әркелкі таралған?
3ұпай
Қолдану:
Өсімдіктер мен жануарлардың қандай түрлері жергілікті өлкеде
кездеседі? Олардың тіршілігі
туралы
қызықты
әңгімелерді есіңе түсіріп , айтып беріңдер. 10
ұпай
Талдау:
Оқулықпен
жұмыс.
(Оқушылар
мәтінмен танысып
шығады.)
Слайдтар
көрсету арқылы жануарлар мен өсімдіктердің қоршаған ортаға
бейімделуін
көрсету.
Суретті көре
отырып өздері қорытындылап
отырады.
Адаптация
терминіне өздері анықтама жасап, мағынасын ашады, дәптерге
жазады. Жинақтау.
Сөзтізбек
«Амур
жолбарысы»
Оқулықпен
жұмыс.
10
ұпай
Сөзтізбек
10
ұпай
(10-13 жауап
10 ұпай)
Венн
диаграммасы 5
ұпай
Жалпы ұпайы
45 ұпай
35-45 ұпай
«5»
24-34 ұпай
«4»
13-23 ұпай
«3»
0-12 ұпай
«2»
Үйге
тапсырма:
1. §53
оқуға
2. Табиғат
көрінісі бейнеленген сурет салып келуді
тапсыру.
21 – сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Сабақтың
тақырыбы:
«Қазақстанның
қорықтары»
Мақсаты:
Қазақстанның
қорықтарымен танысу. Қорықтардағы қорғауға алынған өсімдіктер мен
жануарлар туралы оқушыларға мәлімет беру. Оқушылардың өздері
дайындап келген қорықтары туралы пікір таластыру арқылы балалардың
сөйлеу тілдерін дамытып, ой - өрістерін кеңейту. Балаларды табиғат
байлықтарын сақтауға, қорғауға, сүюге
тәрбиелеу.
Сабақтың
әдісі: сұрақ – жауап, ізденіс, көрнекілік,
ойын.
Пәнаралық
байланыс: ана тілі, сурет
салу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,
ребус.
Сабақтың
барысы:
I.
Ұйымдастыру
кезеңі.
Балаларды
сабаққа
дайындау
Оқушылар үш
топқа бөлініп
отырады.
Психологиялық
дайындық.
Балалар,
бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр, солармен сәлемдесіп
алайық.
1 -
слайд
Амансың ба,
алтын күн!
Амансың ба,
көк аспан!
Амансың ба,
достарым!
Амансыздар
ма, қонақтар!
Сабағымызды
бастайық.
Жамандықты
тастайық.
2 - слайд
тақтадағы ребусты
шешкізу:
- Балалар,
қазақстанда неше қорық
бар?
Қане, атап
жіберейікші.
3 – слайд
көрсетіледі
Қорықтар:
1) Ақсу –
Жабағылы
қорығы
2)
Барсакелмес
қорығы
3) Марқакөл
қорығы
4) Үстірт
қорығы
5) Батыс
Алтай қорығы
6) Алакөл
қорығы
7) Қорғалжың
қорығы
8) Алматы
қорығы
9) Наурызым
қорығы
Оқушылар
өздері дайындап келген қорықтары жайында әңгімелеп
айтады.
4 -
слайд
I – топ Ақсу
– Жабағылы қорығы, Наурызым қорығы, Алматы
қорығы.
II – топ
Қорғалжың қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт
қорығы.
III – топ
Батыс – Алтай қорығы, Барсакелмес қорығы, Алакөл
қорығы.
Сергіту
сәті:
Музыка
ойналады, оқушылар көздерін жұмып, музыканы
тыңдайды.
Тыңдап
болған соң, сол музыкаға байланысты суреттер салады немесе не
естіді соны
айтқызу.
Қорықтар
дегеніміз не?
Қорық деп –
өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақты
айтамыз.
Видео
роликті
көрсету.
Картадан
қорықтарды
тапқызу.
«Мазайка»
ойынын
ойнату.
5 - слайд «
Қызғылт фламинго» суреті
шығады
Сұраққа
жауап:
1. Маңғыстау
облысы орналасқан қорық
(Үстірт)
2. «Ән
салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық (
Алматы)
3. Екі
өзеннің атауынан құрылған қорық атауы (Ақсу - Жабағалы
)
4. Суда
жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық (
Қорғалжын)
5. Қылқанды
Тайга орманы орналасқан қорық (Батыс -
Алтай)
6. Наурызым
орығы қайда орналасқан?
(Қостанай)
Табиғатқа
байланысты тыйым сөздер
бар:
1.
Құмырсқаның илеуін
бұзба.
2. Жүрген
жеріңде қоқыс
қалдырма.
3. Аққуды
атпа.
4. Жас
шыбықты
кеспе.
5. Құстың
ұясын бұзба.
6. Саяхатқа
шықсаң, отты сөндіруді
ұмытпа.
Мына
сөздерді қазақша, орысша, ағылшынша
айтайықшы:
6 -
слайд
Үкі – сова –
owl
Лашын –
сокол –
falcon
Аққу –
лебедь – swan
Бұғы – олень
– deer
«Сандар
сөйлейді» ойыны 7 -
слайд
12, 98, 19,
227, 9, 1, 64, 04, 14,
0.
Жауабы: Ақсу
- Жабағылы қорығында өсімдіктердің 1404 түрі
бар.
Алакөл
қорығы 1998 жылы
құрылған.
Батыс Алтай
қорығында құстардың 120 түрі
бар.
Алматы
қорығы1964 жылы
құрылған.
Үстірт
қорығында сүтқоректілердің 227 түрі
бар.
Туған жерге,
табиғатқа байланысты мақал - мәтелдер
айтқызу.
Таулы жер
бұлақсыз
болмас,
Сулы жер
құрақсыз
болмас.
Су жүрген
жер береке
Ел жүрген
жер мереке.
Жер көңді
жақсы көреді
Ат жемді
жақсы көреді.
Табиғат -
халық
қазынасы
Табиғатсыз
адамның күні
жоқ,
Оны айтуға
табиғаттың тілі
жоқ.
Қорытындылау
Бүгінгі
сабақта қорықтарды қорғау туралы не білдік, соны топтастырып
жазайық:
22 – сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Қазақстан Республикасынның ұлттық саябақтары менқорықшалары туралы жалпы мағлұмат бере отырып, олардың ерекшелігі, маңызы туралы экологиялық білім беру;
2. Дамытушылығы:Оқушылардың танымдық білімін, ой – өрісін арттыру, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелілігі:Қоршаған ортаны, табиғатты аялауға,өсімдіктері мен жануарларын қорғауға, өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта, үлестірмелер, бағалау парақшалары, слайдтар.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топтастыру, ойын.
Сабақтың технологиясы:
сатылай кешенді талдау,СТО,СТН,рефлекция,сәйкестендіру.
Пәнаралық байланыс: биология, жаратылыстану,экология;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Үйге тапсырма.
VI. Бағалау.
VІІ. Қорытындылау.
І. Ұйымдастыру.
а) Сәлемдесу.
б) Сыныпты түгендеу.
(Бүгінгі сабақтың ерекше сабақ екендігін және 3-мамыр д\ж «Күн»күні екенін атап өту.)
ІІ. Үй жұмысын сұрау.(Үй тапсырмасын сұрар алдында оқушыларға сұрақ қою арқылы ЭКСПО-2017 көрмесі туралы айтып өту. Осыған байланысты бағалау парақшалары таныстырылады.)
1-тапсырма 1топ (тест)
2-тапсырма 2топ (сәйкестендіру)
3-тапсырма 3топ (тақтамен жұмыс)
1.Тест
1. «Малиус боката» қай қорықта кездеседі?
а. Алматы
в. Наурызым
с. Үстірт
д. Алакөл
2. Қорғалжың қорығы қай жылы ұйымдастырылған?
а. 1968ж
в. 1984ж
с. 1926ж
д. 1934ж
3. Марқакөл қорығының дәрілік өсімдігі?
а. дермене
в. жолжелкен
с. аралий
д. жалбыз
4. Ең соңғы ұйымдастырылған қорық?
а. Алакөл
в.Қаратау
с. Үстірт
д. Марқакөл
5. Үстірт қорығының эндемик жануары?
а. қоқиқаз
в. ақбөкен
с. муфлон
д. дуадақ
6.Аққұм – Қалқан «әнші тауы»қай қорықта?
а. Алакөл
в. Алматы
с. Ақсу - Жабағылы
д. Алтай
7. «Аққу, реликт шағала, тырна» қай қорықтың құстары?
а. Алтай
в. Қорғалжың
с. Алакөл
д. Барсакелмес
2-топқа. Сәйкестендіру
Қорықтар ерекшелігі
1.Қорғалжың а.аралий, «алтын тамыр»
2.Наурызым в.бадам бұтасы, ақ тырнақты аю
3.Алматы с.қоқиқаз, сусар
4.Үстірт
5.Ақсу-Жабағылы
6.Марқакөл
7.Батыс Алтай
Бұл қай қорық?
1. Маңғыстау облысында орналасқанқорық?(Үстірт)
2. «Ән салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық?( Алматы)
3. Екі өзеннің атауынан құрылған қорық? (Ақсу - Жабағалы )
4. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық? ( Қорғалжын)
5. «Аралий» дәрілік өсімдігі кездесетін қорық? ( Марқакөл)
6. Шөлейтті аралда орналасқан қорық? ( Барсакелмес)
7. Жаңа қорық? (Қаратау)
3. Суреттер сөйлейді.(Слайдта суреттер беріледі, кайда кездесетінін, ерекшелігін айтып өтеді.)
Рефлекция
Басбармақ
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
VІ. Үй жұмысы қорықтаршалар оқу,кескін картаға салу.
V.Бағалау.
ІІ Сәйкестендіру?
1.Рахман бұлағыа. Әйет, Лиқсаков
2.В.Докучаев в. Алтай тауында
3.Темір кені с. Бұқтырма
4. Ең үлкен мұздық д. Сарыарқа
5. Қазақтың ұсақ шоқысы е. Корженевский
6. Ертіс өзеніндегі су қоймасы ж. Топырақтан
23 – сабақ
Күні:
Сабақтың тақырыбы:Қызыл Кітап
Сыныбы: 5
Сабақтың
мақсаты:
- оқушылардың Қызыл Кітап жайлы мағлұматтарын кеңейту;
- топтағы оқушыларға Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер
жайлы түсінік беру;
- оқушыларды іскерлікке, алғырлыққа, өз бетінше және топпен қосымша
мәліметтер жинауға дағдыландыру. Ауызекі сөйлеу тілін, ойлау
қабілетін дамыту.
Сабақтың
түрі: әңгіме, сұрақ-жауап, топпен
жұмыс.
Сабақтың
көрнекілігі: слайдтар,
үлестірмелі қағаздар
Сабақ
жоспары:
I. Ұйымдастыру
кезеңі.
-
Оқушылармен амандасып, тақырыппен таныстыру.
-
Топқа бөлу ( )
ІІ. Психологиялық дайындық.
-Сабағымызды бастамас бұрын кейбір қағидаларды қайталайық.
Басқаның пікірін сыйла
Біреу сөйлегенде оның сөзін бөлме.
Басқаның пікіріне құлақ сал
Ойлағаныңды ортаға сал.
IІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Ұлттық саябақ»- мәтінін мазмұндау
«Баянауыл ұлттық саябағы»- презентация әзірлеу
Миға шабуыл
-
Зат есім дегеніміз не?( Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. )
-
Туынды зат есімдер дегеніміз не?(қазақ тілінде зат есімдер жұрнақ жалғау арқылы да жасалады. Оларды туынды зат есімдер деп атайды)
-
Туынды зат есім жасайтын жұрнақтарын ата. Мысал келтіру.
-
Қазақстанның ең ірі қорықтарын атау.
IV. Жаңа сабақ
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Бүгін біз сендермен жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалу үшін, олардың жойылып кетпеуін қадағалау үшін арналған «Қазақстанның Қызыл кітабы» тақырыбымен танысамыз. 1948 жылы дүние жүзінің ғалымдары Халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап «Деректердің Қызыл кітабы» деп аталды. Ал Қазақстанда Қызыл кітап 1978 жылы басылып шықты. Оған республикамыздағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер енгізіліп, қорғауға алынды. Қазақстанның әр жерлерінде қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылды. (Қорықтардың атауларын оқып көрсету. Слайд) Батыс-Алтай қорығы Шығыс Қазақстан облысының аумағанда.
-Енді, балалар, біз Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген кейбір жануарлардың түрлерімен танысамыз.
а) Бейнефильм, слайдтар бойынша жануарлармен таныстыру.
Құлан, қоқиқаз, арқар, барыс туралы бейнефильм бойынша оқушыларға әңгімелету, қалған деректерді өзім толықтырып айтамын. Слайд бойынша дуадақ,
Мәтінмен жұмыс
-
Мәтінді топта оқу
-
Аудару
-
Мазмұндау
-
Мәтін байынша постер құрастыру
V. Үйге тапсырма: «Қазақстанның Қызыл кітабы» презентация әзірлеу. 243 бет Берілген мәлімет бойынша, өз ойларыңмен толықтырыңдар.
VІ.
Қорытындылау
Балалар, осымен сабағымызды аяқтаймыз. Сабаққа белсене
қатысқандарыңа рахмет. Осы сабақта сендер «Қызыл кітап» жайлы ,
оның ерекшелігі туралы және Қызыл кітапқа енген жан-жануарлардың
біразы жайлы өздеріңе қызықты ақпарат алдыңдар деп
ойлаймын.
VІІ. Бағалау (топ жетекшісі бағалау парағы бойынша әр оқушыға баға қояды).
Бағалау парағы
Рефлексия
Қандай қиындықтар кездесті?
____________________________________________________
____________________________________________________
Күні:
Сынып 5
Сабақтың тақырыбы: Каспий теңізі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Каспий теңізіне сипаттама беру.Каспий балық кәсіпшілігінің халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіру.
Дамытушылық:Оқушылардың өз бетінше жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Каспий теңізінің экологиясы.Көл суларын қорғау оның келешек үшін маңызы зор екенін оқушыларға түсіндіру,экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мәні: а)оқушының қабілетін дамыту;
ә)өз бетінше ізденуге бейімдеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1 Кластерді құрастыру.
Қазақстанның аумағында қанша көл бар ? /48 мың./
Олар ? / Бұқтырма,Шардара,Самарқан,Ақкөл,Молодежное,Өскемен ,т.б./
ІІІ Жаңа сабақ.§ 30 ,116-120 беттер
1 «Каспий теңізі» сөзіне ассоциация.
Дүние жүзіндегі ең үлкен тұйық тұзды көл ? Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан? /Дүниежүзілік карта /.
2 Мағынаны тану. /видеобейне,электрондық оқулық/.
3 Оқулықпен жұмыс.116-120 беттер
Өзіндік жұмыс.Оқушылар берілген жоспар бойынша кестені толтырады.
1 Тарихы.
2 Географиялық орны.
3 Климаты.
4 Биологиялық қоры.
5 Экологиялық жағдайы.
4 Дәптермен жұмыс.
Топтар |
Оқулықпен жұмыс |
№1 Тарихы |
Каспий теңізі реликті/қалдық /көл.Қалдық көлдер ежелгі Тетис теңізінің геологиялық тарихымен тығыз байланыты екенін түсіндіреді.Неоген дәуірінде күрделі тектоникалық қозғалыстың нәтижесінде,Тетис алдымен Тынық мұхиттан бөлініп,кейіннен Атлант м-ан ажырағанын баяндайды.Неоген дәуірінің аяқ кезінде жер қыртысының шұғыл көтерілуінен Каспий теңізі Қара теңізден бөлініп қалғанын,осы кезенді каспий теңізінің қалыптасу кезеңі деп санауға болады.Аты ХҮІ ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан.Грузияда каспи қаласы қазір де бар.Сонымен бірге Гиркан (І ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. 60-тан астам тарихи атауы бар.Олар соңғы 3 мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.
|
№2 Географиялық орны |
Каспий теңізінің жалпы ауданы 390 мың км.Оның беті мұхит дегейінен 27 м төмен жатыр.Теңіз солт-тен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан.Теңіздің ендірек жері -435 км,ал енсіз жері-193 км.Теңізінің жағалау сызығының ұзындығы -7000 км.Оның су 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр.қазақстан үлесіне-29 % /2340 км/, Ресейге – 16 % ,Әзербайджанға-20 %,Түрікменстанға-21 %, Иран Ислам Республикасына- 14 % тиеді. Аралдары аз,олардың жалпы аудан-2045 км.ең ірілері-итбалықты архипелағындағы Құлалы 73 км,Теңіз 65 км-ге жетеді.Шығыстан Каспий т Маңғыстау (Тұпқараған және Бозащы) түбегі.Шығыс жағал-ғы шығанақтар:Маңғыстау және Қазақ.. Сызба
«Каспий теңізі қазаншұнқырлардың бедеріне қарай үшке бөлінген.»
Каспий теңізінің алабына жататын өзендер. Жайық өзені 1100 км Ойыл 800 км Жем 712 км Шаған.елек,Ор, Өлеңті,Бұлдырты,Қалдығайты, Ойыл,Сағыз |
№3 Климаты |
Теңіз екі климаттық белдеуде орн-н солт-гі қоңыржай континетті климатта,оңтүстік батыс-құрғақ субтропикттер,шығысы Орта Азия шұғыл конт-ті климаттар. Жазда Қыста Шілдеде +24-26 С Тамызда +24-28 С Қаңтарда -7-11 С Ең төмен темп-ра- - 38 С Мұздың қалыңдығы 2-м-ге дейін жетеді. Судың тұздылығы Солтүстік Орталық Оңтүстік 10-12 ‰ 13-14 ‰ Теңіз деңгейі үнемі өзгеріп тұрады. 1830-1929 жылдары 25,5 – 26,6 м 1929 жылдан 1977 жылға - 29 м 1978 жылдан қайта көтерілді 1995 жыдың басында -26,5 м |
№4 Биологиялық қоры
|
Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар.Ең бағалы балықтарға(бекіре, шоқыр,қортпа) тұқымдастары жатады.Дүниежүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80 %-ынан астамы каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді. Балықтың 55 түрі кездеседі.Құстардың 260 түрі кездеседі. |
№5 Экологиялық жағдайы |
1977 ж теңіз деңгейі өте төмендеп кетті.Онда жаңа мекен жайлар пайда болды,жаңа мұнай кеніштері ашылып,игеріле бастады.судың кері қайтатыны туралы ешбір белгілер болмады. Теңіз деңгейі көтерілуінің 1978-1993 жылд-ғы орташа қарқындылығы жылына 0,14 м болды. Қазіргі уақытта Каспийдің жыл сайын 56 км суы арнасынан асады.Осының салдарынан мекен- жайларды мұнай кәсіппшіліктері мен геологиялық зерттеу алаңдарын су басады. 1995-2000 жылдар арасындағы кәсіптік балықтар мен бағалы қара уылдырық және ет беретін бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуі тіркелді,сонымен бірге 20-30 мың итбалық,жүздеген мың құстар қырылған. Каспий т-ң экологиялық проблемалары Қазақстанға ғана емес Ресей,Әзірбайжан,Түрікменстан,Иран мемлекет-ің ортақ мәселесіне айналып отыр.олар бірігіп бұл мәселені шешудің жолдарын қарастыруда . |
ІҮ Поэзиялық үзіліс.
Ү Кескін картамен жұмыс.
Кестедегі берілген мәліметтерді картаға түсіру.
ҮІ Бекіту. Компьютерде дайындалған тест сұрақтары.
1 Каспий теңізінің пайда болған уақыты :
а\ неоген ә\ палеоген б\ юра
2 Каспий теңізінің жалпы ауданы:
а\ 195 км2 ә\ 390 км2 б\ 300 км2
3 Жағалау сызығының ұзындығы ?
а\ 5000 км ә\ 6000 км б\ 7000 км
4 Каспий теңізі қазаншұнқырлардың бедеріне қарай нешеге бөлінген
а\ 1 ә\ 2 б\ 3
5 Теңізге құятын өзендер:
а\ Жайық,Ойыл,Жем б\ Шу,Сарысу,Ойыл в\ Талас,Жайық,Есіл
ҮІІ Үйге тапсырма .§ 30 ,116-120 беттер
Теңіз жағалауына орналасқан елді мекендердің экологиялық жағдайын қосымша материалдар жинақтау
24 – сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның
ҚР ғылым ретінде дамуы
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі: Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның ҚР ғылым ретінде дамуын оқытып, меңгерту.
Дамытушылығы: Оқушының ой - өрісін , білім деңгейін көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа , әдемілікке , адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдісі
: Сұрақ – жауап, түсіндіру , өздік жұмыс, әңгімелеу тест
тапсырмалары , жұппен жұмыс.
Көрнекілігі: Портреттер , тірек – сызбасы,
мультимедия
Түрі: Шығармашылық ізденіс
сабағы
Типі: Жаңа сабақ
І.
Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері. «Көңіл күй»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Шыңға шығу» стратег.
Қосарлы атаутізім дегеніміз не?
Жүйелеу атасы кім?
Жануарларды жіктеуде Аристотельдің қосқан үлесі
қандай?
Жануарларды жүйелеу дегеніміз не?
Жануарларды жіктеу дегеніміз не?
Жануарларды жүйелеуге үлес қосқан ғалымдар?
Популяция дегеніміз не?
В) «Орнын тап» стратегиясы.
Отряд, түр, тұқымдас, дүние, дүние тармағы, класс, туыс.
ІҮ. Жаңа тақырып. Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның ҚР ғылым ретінде дамуы
18 ғасырдың аяғы – 19 ғасырдың басында француз ғалымы Ж.Кювье жануарлардың салыстырмалы анатомиясы палеонтологияның негізін салды.
1825 жылы француз зоологы А.Бленвиль жануарлар жүйеленіміне тип деген ұғымды енгізді. 19 ғасырда француз ғалымы Ж.Б.Ламарк тірі табиғаттың тарихи дамуын зерттеді. Оның «Зоология философиясы» (1809) деген еңбегінде органик. дүние эволюциясының ғылыми теориясы баяндалды.
Зоологияның дамуына 19 ғасырдың 30-жылдары неміс биологтары М.Шлейден мен Т.Шванн ашқан жасуша теориясын ашты.
Қазақстан зоологиясы
Қазақстан жануарлары туралы алғашқы ғылыми жазба деректер Византия, Рим, Араб халифаты елшілерінің жолжазбалары мен Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігінде», «Кодекс Куманикусте» («Қыпшақ тілінің сөздігі») кездеседі.
20 ғасырдың басында Л.С.Берг Арал теңізі мен Балқаш көлі балықтарын зерттеді. Алынған ғылыми мәліметтері оның үш томдық «КСРО және көрші елдер тұщы су балықтары» (1948–49) деген кітабына енді.
Ү. Бекіту тапсырмалары: А) «Түртіп алу» стратегиясы.
Ж.Кювье . А.Бленвиль ,Ж.Б.Ламарк , М.Шлейден мен Т.Шванн
В) Кестемен жүмыс:
Махмұт Қашқари
Ш. Уалиханов
Х.Досмуха медов
Л.С.Берг
Рефлексия. Жануарлар әлемі.Дельфин- ұнады, кит- бейжай, акула- қорқыныш.
ҮІ. Үйге тапсырма: . Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның ҚР ғылым ретінде дамуы
ҮІІ. Бағалау.
25 –сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы:Семей полигонының зардаптары
Сабақтың мақсаты:Семей полигоны туралы білімін тереңдету. Ядролық қарудың адамдарға тигізер зардабы туралы айта отырып ой - өрісін кеңейту.Оқушылардың шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту. Өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ барысы:
Жоспары
а) Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы.
б) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың алғашқы жүргізілуі.
в) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері.
Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді.
Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады.Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
Қорытынды
Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды.
1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады.Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді.
26 – сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Сабақтың
тақырыбы: Балқаш
көлі
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Балқаш көлінің табиғатын, көлге құятын басты
өзендер мен батыс бөлігі, тұщы шығыс бөлігі тұзды болып келуін
түсіндіру.
Дамытушылық: Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жер
табиғатына ғылыми көзқарастарын қалыптастыру. Оқу еңбегіне қажетті
біліктіліктері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Адамның табиғаттағы рөлін анықтап экологиялық
проблемаларды шешу жолдарын таба білуге үйрету.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, суреттер,
кестелер.
Барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі:
Сәлемдесу
Сабаққа дайындығын тексеру
Назарын сабаққа аудару:
2. Қайталау
Жер бедерінің формаларына бақылау
«Ия», «Жоқ» жауаптарын беру
Сұрақтары:
1. Ертіс өзені Қазақстандағы ең ұзын өзен.
2. Жайық өзені Тұран жазығын екіге бөледі.
3. Каспий теңізі алабына Сырдария өзені жатады.
4. Жер бедерін өзгертетін сыртқы күштердің бірі адам. Адам жер
бетіне жағымды және жағымсыз әсер етеді.
5. Каспий теңізі – Еуропа мен Азия аралдарында орналасқан жер
шарындағы ең тұнық көл.
6. Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының
көтерілуімен Қара теңізден бөлінеді.
7. Арал теңізі – жас тұран таңбасының үстінде орналасқан көл.
3. Жорға жарысы: 1. Солтүстік мұзды мұхит алабына сипаттама
бер.
2. Каспий теңізі алабына сипаттама бер.
3. Арал теңізі алабына сипаттама
бер.
4. Жаңа сабақ: Қазақстандағы ауданы жағынан Каспий және Арал
теңіздерінен кейінгі үшінші көл – Балқаш көлі. Ол республиканың
оңтүстік шығысында Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Теңіз
деңгейінен 342м биіктікте жатыр. Балқаш көлі батыс және шығыс болып
екіге бөлінеді. Батыстың тереңдігі 6 - 12 м, шығысы 15м. Балқаштың
ең терең жері 26м, шығысында көптеген түбектер мен шығанақтар,
мүйістер бар. Ірі аралдары – Бесарал, Қаратал. Балқашқа құятын
өзендер: Іле, Ақсу, Лепсі, Қаратал, Аягөз, Бақанас және т. б.
Көлдің батыс және шығыс бөліктеріне құятын беткі ағысының бір –
бірінен үлкен айырмасы бар. Көлде екі түрлі ағыс бар: 1. Іле өзені
алып келген мол су батыс бөлігіне құяды, одан пайда болған ағыс
сағат тілінің бағытымен шығысқа қарай қозғалады. 2. Жел ағысы
солтүстік – батыс желдерінің жерімен пайда болады. Балқаш суының
тұздылығы біркелкі емес. Батыс бөлігінде Іле өзенінің құяр жерінде
суы тұщы, ал шығыс бөлігінің тұздылығы – 5, 2% Климаттың
контингенттігіне байланысты көл суының температурасы қыста төмен,
жазда жоғары болады. Көлдің жағалауындағы қалың қамыс қоғаларына
көптеген құстар ұя салады. Көлде – қаз, үйрек, шағала, аққу және
басқа да суда жүзетін құстар бар. Балқаш көлінде кеме қатынасы
үзілмейді. Батыс айлақтары: Балқаш, Сарышаған, Бурылбайтал,
Бөрлітөбе. Көлдің солтүстік жағасында мыс балқыту комбинаты жұмыс
істейді. Көлдің суын Балқаш кен металлургия комбинаты кеңінен
пайдаланылады.
Сергіту сәті. «Теңге алу»
Артына сұрақ жабыстырылған теңгелер үстелдің үстіне төңкеріліп
қояды.
Оқушылар сұраққа жазбаша жауап береді.
1. Жылдық ағын деген не?
2. Су шығын деген не?
3. Қандай табиғат зоналық өзендер бар?
4. Жайық өзенінің салаларын жаз.
5. Іле өзенінің қандай ірі салаларын
білесін?
6. Қандай көлдер
тектоникалық көлдерге жатады?
Сабақты қортындылау.
Зейін диаграммасы:
Проблема Комментарии Шешу жолдары
1. Каспий теңізі теңіз деңгейінің көтерілуі. Мұндай қалдықтарының
көп қалуы.
Каспий құятын өзендердің деңгейінен арнауы жауын – шашын мөлщерінің
көбеюі, теңізден және теңіз маңынан мұнай мен газды өндірудегі
қалдықтың көп алынуы. Каспий теңізіндегі мұнай және газ кен
орындарында экологиялық нормаларды сақтауы туралы мемлекет қорынан
заң шығару қажет.
2. Арал теңізі Теңізді қорғауы Көлге құятын өзендердің мөлшерінің
азаюы. Өзен суларында орналасқан бөгендерді қалыптастыру.
3. Балқаш көлі. Көл деңгейінің төмен түсуі. Көлге құятын өзен
суларының мөлшерінің азаюы. Қапшағай СЭС – ы тоқтату – жұмыстарын
қалыптастыру және т. б. Рефлексия
Үй
тапсырмасы: Балқаш көлін
оқу.
Тест сұрақтарын құрастыру.
27-сабақ
Күні:
Сыныбы. 5
Тақырыбы: Каспий экологиясы
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның экологиялық проблемалары туралы білім беру
Білімділік: Табиғатта апытты құбылыстардың
шығу тегі, туындау себептерін, табиғи жағдайдың адам іс-әрекетіне
және адамның табиғатқа әсерін, экологиялық проблемалардың мәнін
түсініп, қоршаған ортаны қорғауға қажетті білім мен біліктерді
меңгерту.
Оларды картадан көрсете білу.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғау жастардың ең маңызды әрі қажетті міндеттерінің бірі. Оқушыларға табиғатты аялауға, табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, отансүйгіштікке, туған өлкесінің табиғатын бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ізденімпаздыққа, пәнге деген қызығушылығын ояту, алған білімдерін өз бетінше пайдалана білуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстанның экологиялық апатты аймақтарының карталары және суреттері, үйлестірме карточкалар, « Семей полигоны» видеофильмінен үзінді, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Биология, химия.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, сөзжұмбақ, иллюстративті.
Сабақтың барысы
Ι Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
в) Оқушылар назарын сабақ барысында білім алуға бағыттап, бірыңғайлап қою.
ΙΙ Үй тапсырмасын тексеру:
.
ΙΙΙ Жаңа сабақ.
Каспий экологиясына мұнай өндірудің қаупі қанша және Каспий аймағының ахуалы
Каспий теңізі қайраңында кең көлемде басталған бұрғылау жұмыстары теңізге қауіп төндіре ме? Әрине. Әлемнің әр түкпірінде болып жатқан экологиялық апаттардың ащы сабағынан оң қорытынды шығармасақ, Каспийдің келешегіне де қауіп төнеді. Қазір мұнда тек іздестіру шаралары ғана жүргізілуде. Осындай геологиялық жұмыстардың барысында-ақ бірнеше оқыс оқиғалар орын алды. Алдымен итбалықтардың, соңынан құстардың жаппай қырғынға ұшырауы теңіздің қазақстандық бөлігінде дабыл қағылар жағдайдың қазір-ақ қалыптасып келе жатқанын аңғарды. Ең сорақысы – сол апаттардцың аяғы анықталмай, себебі сараланбай қалғандай. Аджип компаниясы азды-көпті айыппұл төлесе, бұл осымен іс тыңды деген сөз емес. Бізге “қара алтын” игеру жолында табиғатты құрбандыққа шалмау, қоршаған ортаны таза күйіде сақтау жолындағы шараларды қолға алатын кез жетті. Жалпы, адам мен табиғаттың байланысы ықылым замандарда қалыптасқан. Адамзат өзінің өмірлік қажеттілігін қоршаған ортадан алады. Бұл үлес қазір артып келеді. Бүгінде қоғам қажеттілігінің 80%-ы табиғи қорлардан алынады. Осы қарқын алдағы уақытта да сақталса, мұның арты табиғи ортаның азуына, яғни деградацияға апарып соқтырады. Бұл – табиғаты күрделі аймақта орналасқан Атырау облысы үшін үлкен қауіп. Күн тәртібінде Каспий теңізінің су алып, су басып кеткен аймақтарындағы ұңғымаларды жою проблемасы тұр. Ұңғымаларды жою жөнінде шұғыл шаралар Каспий теңізінің акваториясы үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін. Аймақта үш басты экологиялық проблемасын атап өтуге тболады: 1. Қошқар-Ата қалдық сақтау қоймасының проблемасы, онда 105 млн тонна улы және радиоктивті қалдықтар сақталады. СКЗ және ХГМЗ зауыттарының толық тоқтап тұруына байланысты 1988 жылдан бастап ағынды сулар ағызылып жіберілмейді. Сұық фазаның деңгейі төмендеуде. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 77км жер тазартылып, көлемі 30км жағажайлар пайда болды. Қалдық сақтау қоймасы жөніндегі проблемалық мәселелерді шешу үшін миллиондаған қаражат қажет. 2. БН-350 реакторлық зауытының істен шығуы, оны радиациялық қауіпсіз жағдайға келтіру. 3. Каспий теңізінің Солтүстік теңіз қайраңында мұнай операцияларын жүргізу және Каспий теңізінің теңіз қайраңын игеру кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселелерді шешудегі негізгі проблемалардың бірі – толыққанды экологиялық мониторингтің болмауы. Қазақстан Республикасының оны жүзеге асыру үшін тиісті база жасақталмаған. Аймақтың тағы да бір проблемасы қоршаған ортаны қорғау компоненттеріне жасалған толыққанды мемлекеттік мониторингтің жоқтығы болып табылады. Теңіз көлігінің көтеріңкі қарқынды қозғалысы нәтижесінде теңіз ортасына, оның флорасы мен фаунасына әсері өрши түседі, ол жағалаудағы аймақтарға және сулы ортаға экологиялық мониторинг жүргізуді талап етеді.
28-сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Тақырыбы: Арал теңізінің экологиялық проблемалары
Міндеттері:
1. Арал теңізінің физикалық-географиялық сипатымен таныстыру.
2. Арал теңізінің зерттеу тарихына тоқталу.
3. Теңіздің табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыру.
4. Арал теңізінің экологиялық проблемалары мен оның шешілу жолдарын қарастыру.
Кіріспе
Арал теңізінің экологиялық проблемаларын қарастыру негізінде менің
алып отырған тақырыбымның қазіргі кезде аса маңызды проблемаға
айналып отырғанын байқауға болады. Себебі жеріміздің экологиялық
проблемаларына көзімізді жұма қарағанымыз дұрыс болмас. Әр
азаматтың өз туған еліне сүйіспеншілігі осындай тақырыпты
қарастырумен басталады. Тақырыпты таңдауымның негізгі мақсаты
экологиялық проблемаларды шешу жолдарын қарастыру және де оның
алдың алу жолдарын талқылау.
Арал теңізі Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облыс) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960-1970 ж) дүниежүзі теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көлемі 1064 км3, орташа тереңдігі 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км2 болған. Алабындағы шарлашылық мақсаттарға үздік өңдеу алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежел гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің «сақ шығанағы» есептесе, А. Македонский кезінде , Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Аралдың зерттелуі өте маңызды біз үшін. Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шетелдік ғылыми зерттеу мекемелері Арал теңізін зерттеу мәселесімен айналысты. Бірнеше халықаралық қоғамдар, ұйымдар құрылған. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер -қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі терендігі 20-25 м, Арал теңізінің жалпы ауданы шамамен 2235 км2 (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение (бұл аралда КСРО-ның бактериол. қаруын сынау алаңы болған). Солтүстігінде биік және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады.
1.1. Арал теңізінің зерттелу тарихы
Қазақстанның Оңтүстік аймағында жатқан Арал
теңізі көлемі жағынан екінші орынды иеленеді. Арал теңізі Тұран
ойпатының тектоникалық қазан шұңқырында жатыр. Ол дүниежүзілік
мұхит деңгейінен 53м биіктікте орналасқан. 1950 жылы жалпы ауданы
64,5 мың шаршы километр, ұзындығы 428 километр, жағалаулары
көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді.
Арал теңізі туралы Аль-Бируни, Ибн-Хордадбек Ибн –Русте т.б.
ойшылдар өз еңбектерінде жазған. Осы еңбектерінің нәтижесінде
қазыргі кезге дейін Арал теңізі туралы мәліметтер бізде толық жетіп
отыр.
ХVІІІ-ғасырда Арал теңізіне патшалық Ресей көңіл аудара бастады.
Арал теңізі мен оған құятын Әмудария мен Сырдария өңірлерінің
төменгі ағыстары туралы 1848-1849 жылы орыс ғылымы Бутоков А.И.
Экспедициясы толы физикалық- географиялық зерттеу жұмыстарын
жүргізді. Н.А. Северцев (1857-1858 ж) Арал теңізінің Сырдарияның
төменгі ағысын және Қаратау жоталарын зерттеді. Ол бұл өлкенің
картасын жасады және оның жер бедерін, табиғатын климатын,
өсімдіктерін суреттеп жазды. Ол зерттеуде табиғат компоненттерінің
сабақтары туралы идеялар көтеріп, геологиядағы экологиялық бағытқа
жол ашты.
Арал теңізі көне заманнан бері әлемнің көптеген саяхатшылары
ғалымдарының назарын өзіне аударып келеді. Арал туралы алғашқы
деректер ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде ұшырасады. Грек
ғалымы Птолемей теңізінің географиялық орнын дұрыс анықтап жазған.
Бейіттер күмбез тәріздес, аумағы 38,5 м биіктігі 8 м, көлемі
47х29х9, 5 см, 53х31х11 см шикі кірпіштен өрілген Антропологиялық
зерттеулер сақ тайпаларының бет пішінінде б.з.б. 7-5-7-да
ейропалық, ал б.з.б4-2 ғасырдан бастап монғолдың белгілері күшейе
бастағанын көрсетті. Арал өңірі ескерткіштері жаңа тас дәуірі мен
соңғы темір дәуірі аралығында бұл аймақта мал шаруашылығы мен
суармалы егіншілікпен айналатын, әскери өнері жақсы дамыған
тайпалардың өмір сүргенін көрсетті. Олар көрші елдердің және
шығыстан келген тайпалардың әсерінен саяси- әлеуметтік,
экономикалық мәдени және антропологиялық жағынпан өзгерістерге
ұшырап отырған. Арал теңізін Сырдария мен Амудария өзінен
бөліп қарауға болмайды. Өйткені Аралды адамдар қателігінің
құрбандығы десек, сол қателіктер алаңы-Орта Азиядағы Қос өзеннің
бойы, өзіндік қайталанбас мінезі, мың жылдық тарихы бар ұлы
өзен-Сыр ел жайлы ойланған сәтте өкейде тарих сабағы тұруы тиіс.
Өйткені өзен бойында белең алған өзгерістердің себеп-салдарын дер
кезінде тауып төніп келген қауіптің алдын алсақ, сырдан су іштеін
он екі миллион адамның болашағына нұқсан келуі әбден мүмкін. Ал
тарих тереңіне үңілер болсақ, бір кездері Сырдария аунай ағып
Варахшы атты көлдер жүйесіне құйыпты. Хиуа тарихшысы Әбілғазы жер
дүмпуінен Варихш көлдер жүйесі Аралға ауып теңізге айналды, деген
болжам айтады.
Қорытынды: ББҮ кестесі
Білемін |
Білгім келеді |
Үйрендім |
|
|
|
29 – сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Тақырыбы: Экология және денсаулық
Мақсаты: Оқушыларға экологияның мәдениеттілікті
қалыптастыру, табиғатты қорғауға, аялауға
шақыру, табиғат байлығын қорғауға шақыру.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Интертақта. Экологиялық оқу құралы.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырамасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Қорытынды
Ү. Сабақ бекіту
ҮІ. Үйге тапсырма
I.Ұйымдастыру. сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
Үй тапсырамасын сұрау:
«Конверт» әдісі
Экологиялық жағдайы
Климаты
Орналасқае жері
ІІІ. Жаңа сабақ
Экология - грекше OIROS-үй, тұрақ, мекен, LOGOS-ғылым «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш 1866 жылы экология терминін неміс биологы Ә.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген. «Экология – тірі организмдердің бір - бірімен қарым – қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым, Қазақстанның жоғары оқу орындарында 1970 жылдан бастап «Экология» және «Табиғат қорғау» курстары оқытыла бастады.
Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітейік, тақтадағы Күннің суретіне қараңдаршы. Жарық күн көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.
Кәне 1 бұлт. Сенің шешуің не, сен неге түнере қалдың?
Бұлттағы 1 тапсырма баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ой ойлап ойлауға 1 минут уақыт беріледі.
–Осындай жағымды ой күн бетіндегі даламыздағы лас ауаны ысырады Адамзаттың ғаламдық проблемаларынын болу себептері яғни осы заманғы экологиялық апаттың көлемін қарастырайық.
1-проблема. Жыл сайын 1млн гектардан астам алқаптың
Орманы жойылуда.Орман алқаптары 1950ж.
құрлықтың 15%-ын ғана құрайды.Ғаламшар
алдағы 10 жылдықта–ақ оттегінің басты кездерінің
бірінен айрылуы мүмкін.
2-проблема. Жиналатын қалдықтар көлемі ұдайы өсін келеді.
Егер қажетті шаралар қолданылмайтын болса,10-15
жылдан кейін қалдықдар жер бетіне 5 метрлік қабатпен
жауып қалатыны есептеп шығарылған.
Қоқыстарды азайту үшін не істей аламыз?
1.Бір рет қана пайдаланылатын заттарды сатып алмауға тырысыңдар.
2.Белгілі бір затты сатып аларда оның өзіңе шынында да аса қажеттігін
ойланыңдар.
3.Әлі де жөндеп алуға болатын заттарды лақтырып тастауға асықпаңдар.
4.Қораптарын қабылдау пункттеріне тапсыруға болатын өнімдерді алуға
тырысыңдар.
Қорытынды: табиғаттың тазалығын сақтау әрбір адамның салауатты өмір сүруіне кепілдік берері сөзсіз.
Сабақты бекіту: Адам экологиясы деген не?
Жеке тұлғаның денсаулығы дегеніміз не?
Үйге тапсырма : Оқу
30- сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Тақырыбы:
Жер- шар тәрісдес дене. Глобус- Жердің дәл
үлгісі
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Ғарыш
денелері, глобус – Жердің үлгісі
деген
ұғымдарын қалаптастыру,
кеңейту.
Ә)Тәрбиелік:
Оқушыларды қарым- қатынас мәдениетін,
бір-
бірлерін тыңдауға, әркімнің ойымен санасуға
баулу және
ұқыптылыққа, көпшілік ортада, сыныпта дұрыс
сөйлеуге
тәрбиелеу.
Б)Дамытушылық:
Оқушыларға глобус жайлы мағлұмат
бере
отырып,ой-өрісін,есте сақтау қабілеттерін,
дүниетанымын дамыту.
Сабақтың
типі: жаңа материалды
меңгерту
Сабақтың
түрі: Саяхат
сабақ
Сабақтың
әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру,
көрнекілік.
Көрнекілігі:
оқулық, глобус, карта, жұлдызды аспан
суреті.
Пәнаралық
байланыс: ана тілі,
музыка.
Сабақтың
барысы:
Мұғалім және оқушының итнерактивті тақтамен
жұмысы
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
Сыныпты 4 топқа
бөлу:
1. Тынық
мұхиты
2. Атлант
мұхиты
3. Үнді
мұхиты
4. Солтүстік мұзды мұхит 1бет жұмыс түрі
эффект «Басқа файлға сілтеме»-флешті қосу – бағыттағыш бойынша
екінші бет
2 - бет:
Тақырыбы
3 бет. Топқа
бөлу
- Балалар бүгінгі сабақта барлықтарын
зерттеуші болып ғарыш әлеміне , Жер планетасына саяхатқа шығамыз.
Ол үшін алдарындағы жолдамаға аты- жөндерінді жазыңдар. Енді
Барлығымыз тақтаға назар
аударайық.
- Суреттегі ғарышкерлер кім? (Т. Әубәріров,
Т. Мұсабаев, Ю. Гагарин)
- Біз сапарға шықпас бұрын, ғарышкерлердің
тапсырмаларын орындайық.
2.
Жоспар
1. Сапарға дайындық (6
мин)
2. Ғарыш әлемі. Жер планетасы (5
мин)
3. Мұхитта... (3
мин)
4.
Материкте....
(25
мин)
Аустралия;
Африка;
Солтүстік
Америка;
Оңтүстік
Америка;
Антарктида;
Еуразия.
5. Рефлексия.Бағалау (5мин) 4- бет:
Жоспар
Бағыттағыш бойынша келесі
бет
Сұрақтан шешу шашылды: 2
мин.
1.Ғарыш деген
не?
Ж:
ғалам
2.Жердің серігін
ата?
Ж: ай
3.Ғарыштық қашықтық қандай өлшем бірліктерді
көрсетеді?
Ж: жарықтың
қашықтығы
Жер-Күн жүйесіндегі Күннен бастап санағандағы
үшінші планета. Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде Жер
мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жер-шар тәрізді екенін
бұрынғы адамдар білген жоқ.Олар жүре берсек жердің шетіне шығамыз
деп ойлаған. Келе-келе жиһанкездер қаншама жүргенімен жердің шетіне
шыға алмайтынын білді
ҮІІ.
Қорыту.
Еуразия
- Жер күн жүйесінің
ғаламшары,
- Жер күнді айналып
қозғалады,
- Картадан жан-жағынан 4 бірдей мұхит қоршап
жатқан Еуразия
24 бет: Мұғалім сөйлемдерді оқиды, оқушылар
кестеге осы сөйлемдерде айтылған жауаптарын көрсетілген белгімен
белгімен қояды.
Иә (+) Жоқ (−) Білмеймін
(?)
VІІІ. Үйге тапсырма беру
кезеңі
31- сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Экологиялық негізгі заңдары мен қағидалары
Сабақтың мақсаты : Тақырыптың мазмұнын меңгерту, алған білімдерін жүйелі жұмыс істеуге қалыптастыру.
-Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту.
-Табиғатты қорғауға оны аялауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ барысы:
• 1 Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайының жалпы сипаттамасы
• 2 Адамның салауатты жне қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы
• 3 Экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері
Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайының жалпы сипаттамасы
Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқаәсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.
Құқықтың қағидалары — Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:
• қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;
• мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;
• әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;
• қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.
• табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл — шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;
• кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолданады — жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т.б;
• қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидаты;
• коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидаты;
• қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында былай делінген: "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына колайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады". Осының нәтижесінде республика азаматтарының өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің міндеті ретінде бекітілген. Сонымен бірге республиканың әрбір азаматына табиғатты сақтау мен оның байлықтарына ұқыптылықпен карау міндет болып табылады. Адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы әр түрлі заңдарда бекітілген.
Сонымен, қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу — демократиялық мемлекеттің басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет. 1992 жылы БҰҰ-ның Конференциясында Бразилиядақоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан осы декларацияға қосылды. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше заң актілері қабылданды, олардың мақсаты — еліміздің табиғат байлықтарын болашак ұрпақ үшін сақтау болып табылады.
Үйге тапсырма:түсінік айт
32-сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Сабақтың
тақырыбы: Қазақстанның
экологиялық
проблемалары.
Сабақтың
мақсаты: Қазақстанның экологиялық проблемаларымен таныса отырып
оның шығу жолын
анықтау.
Міндеті:
1.Экологиялық проблемалар жайлы алған
білімдерін бір жүйеге
келтіру.
2.
Экологиялық проблемалардың шығу және туындау жолдарын
анықтау.
3. Қоршаған
ортаны қорғап , сақтауға, табиғатты ластамауға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Жаңа сабақты
меңгеру.
Сабақта
қолданылатын әдістер: Аралас/тоқта қозғалма, ББҮ кестесі, РАФТ
кестесі, сезімнен туған
өлеңдер.
Сабаққа
қажетті материалдар: Оқулық, презентация, суреттер, кесте,
интерактивті тақта
т.б.
Күтілетін
нәтиже:
- Оқушылар
өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын
қалыптастырады;
-
Қазақстанның экологиялық проблемаларын бір-бірімен салыстырып,
сипаттай алады;
- Экология
туралы алған білімдерін жүйелей
алады;
-
Қазақстанның экологиясы туралы ойын, пікірін ашық айта
алады;
- Сабаққа
деген қызығушылығы
артады.
Пәнаралық
байланыс: биология,
география, экология, қазақ
тілі.
Сын
тұрғысынан ойлауға қолайлы орта
туғызу:
1.Ойлануға
уақыт беру.
2.Әртүрлі
идеялар мен пікірлерді
қабылдау.
3.Жәрдем
беру.
4.Сын
тұрғысынан ойлауды
бағалау
Сабақты
жүргізудің формалары:
1. Жеке
жұмыс
2.
Жұптық
3.
Топтық
4.
Ұжымдық
Сабақ
мынадай бөлімдерден
тұрады:
1.
Аралас/қатып қозғалма
2.ББҮ
кестесі.
3.РАФТ: Р-роль, А-аудитория, Ф-форма,
Т-тақырып
4.Сезімнен туған
өлеңдер.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылардың ынтасын, назарын
аудару.
Құрметті оқушылар, бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы:
“Қазақстанның экологиялық
проблемалары”.
1. Аралас/тоқта қозғалма. 5 мин. Дәптер мен
қарындаштарын алып, сыныптың ішінде еркін қозғалыс жасайды 1 мин.
Тоқтап бірі-бірімен сәлемдеседі. Араласады және тоқтағанда жақын
арадағы мақтан тұтатын іс-әрекеттермен бөліседі. Тағы да араласады
3 минут уақыт, дәптердің бетін екіге бөліп, біріншісіне
Қазақстанның экологиялық проблемаларын, екіншісіне ғаламдық
экологиялық проблемаларды жазады. Бірнеше оқушылардан
сұралады.
2. Олай болса сабақтың мақсатын анықтап
алайық. Сабақ мақсаты
анықталады.
Оқушылар мына стикерлерді таңдап алып, түс
бойынша топқа бөлініп
отырсаңыздар
1. Қызыл
түс
2. Сары
түс
3. Жасыл
түс
2. ББҮ кестесі: Жұппен және топпен
талқылау.15 мин. Қазақстанның экологиялық проблемалары туралы не
білеміз? Әр топ 3 мысалдан. Бірінші бағанды толтырады. Қазақстанның
экологиялық проблемалары туралы біз көп білеміз, бірақ тағы да
көбірек білгіміз келеді. Тағы не білгіміз келеді? Екінші баған
толтырылады.Әр топтан 3
сұрақтан.
Білемін Білгім келеді
Үйрендім
1.Рөлде кімдер болуы
мүмкін?
2.Жазушылар кімге арнап
жазады?
3.Жазулар қандай қалыпта жазылуы
керек?
4.Жазылған жазулар қандай тақырыпты қамтуы
керек?
4. Презентация. 3
мин
5. Сезімнен туған өлеңдер. 5
мин
6.
Қорытынды.
7. Кері байланыс: Екі жұлдыз, бір тілек.
2-мин.
8.
Бағалау.
9. Үйге тапсырма: презентация жасау: 1 топ
«Арал теңізінің экологиялық проблемасы», 2 топ «Семей ядролық
полигоны», 3 топ «Каспий теңізінің экологиялық
проблемасы».
33-сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Тақырыбы: Табиғатты қорғау-адамзаттың
парызы
(дөңгелек
стол)
Мақсаты:
Балаларды
табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға, қорғауға тәрбиелеу,
экологиялық білімділік, ойлау қабілетін, сауатты сөйлеу дағдысын
дамыту.
Көрнекілігі:
табиғат
тақырыбына арналған нақыл сөздер, букеттер, альбомдар,
кітаптар.
Жаңа
сабақ
Жалпы,
табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп
өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген
сәні.
Халық
ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен сөздерімен
қатар тұрады. Олай болса, бүгінгі дөңгелек столымыз да табиғат
туралы болмақ.
Қазақстан
табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның
бүтіндігін сақтау да республикамыздағы ең күрделі мәселелердің
бірі. Көшпелі тұрмыс кешкен қазақтар өзінің барлық ақыл ойын
табиғатпен байланыстырған. Ал қазір сол көшпелі қазақтардың ақыл
ойын біз сақтап отырмыз ба? Міне бүгінгі талқыланатын мәселеміз
осы.
Ну орман,
жасыл орман, мынау
орман,
Далаға
қорған болып тұра
қалған.
Барлығы
баласындай бір-ақ
үйдің,
Барлығы
жаралғандай бір
адамнан.
Экология
қазіргі дәуірде адамзатты толғандырып отырған маңызды проблемаға
айналды. Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды,
тіршілікті жойып жіберуге болатынын көптеген елдер түсіне бастады.
Біздің өмір сүріп отырған дәуірімізде техникалық құралдармен
қаруланған кейбір елдер мен адамзат баласының жер планетасын аз
уақыттың ішінде құртып жіберуі онша қиындыққа түспейді. Сондықтан
бүкіл әлем халқының ортақ үйі жер планетасын – адамзат баласы
біріге отырып экологиялық апатқа қарсы тұрып, жер анамызды сақтап
қалу бүгінгі таңдағы ең маңызды
мәселе.
Табиғат
алдында өздерін жауапты санаған, барлық жан-жануарларды киелі
санап, өзен, көл жағалауларын таза ұстап, бұлақ көрсе көзін ашып,
жастайынан өз әулеттеріне, балаларының санасына сіңіріп, бойларын
үйреткен.
Табиғат
арқылы адам бойына сұлулық пен әсемдік дамыту идеясы қазақ
ағартушылары мен жазушыларының, ақындарының еңбектері мен
өлеңдерінде толық көрсетілген. Мысалы Абай мен Шоқанның, Жамбыл мен
Ыбырайдың, Мағжан мен Сәкеннің, Ілияс пен Қасымның, Кәкімбектің
өлең-жырларынан көркем жазылған табиғат суреттерімен танысып жан
рухына бөленуге
болады.
Қазақ
халқының табиғатты, қоршаған ортаны, жан-жануарлар мен құстарды
аялағаны соншалықты, тіпті сонау ашаршылық жылдарының өзінде үйдің
іргесіндегі аққан судың балығына да, ұшқан құсына да, жүгірген
аңына да ешбір зиянын келтірмеген. Көшпенді халық жиі-жиі, жаз бойы
қоныстарын ауыстырып, сол қоныстанған жердің топырағы тозбасын,
өсімдігі өлмесін, шабындығы жапырылмасын деген оймен әрбір билер
халықты жаңа қоныстарға алдын ала бағыт беріп
отырған.
Қазақстан
топырағы киелі, жер бетінің шөбін тартсаң, шырыны шығатын көк
майса, жасыл кілем еді. Кеңбайтақ еліміздің барлық территориясында
небары 30% ғана шөлді-шөлейт аймақ болған, ал қазір ХХІ ғасырдың
басында шөлді аймақ 66%-ға жетіп отыр. Ол дегеніміз халқымыздың
көпшілігі табиғатты күтуге, оның табиғи байлықтарын тиімді
пайдалануға әлі де болса үйренбей жатқандығы. Кен орындары, жер
асты байлықтарды алғаннан кейін қалпына келтіріліп,
көгалдандырылмады, қопарылған жердің топырағы жел болса сол
маңайдың барлығын шаңға айналдырып басып жатады. әрбір өскен ағаш
бүгінгі таңда алтыннан да ардақты, оны қалада да, далада да кесіп
жатырмыз, ағаш шабылған жер тазаланбайды. Табиғат аясына –
Қарқаралы, Баянауыл, Бурабай тәрізді немесе өзен, көл маңына
демалуға шыққан топ барлық қоқыс заттарды шашқан бойы қалдырып,
тіпті жаққан отты
сөндірмейді.
5-оқушы:
Біздегі кемшіліктерді жібермеу, барлығымыздың да қолымыздан келеді,
бірақ көп нәрсені түсіне бермейміз. Адамзаттың жауапсыз кезеңі
бітіп, жауапкершілігі артатын кезеңі
жетті.
Енді қазіргі
бар табиғат қоры шеңберінде өмір сүруді үйрену және өндіріс көлемін
ұлғайтуды шикізат ресурстары шығынының көлемін өсіру жолымен емес,
аз қалдық беретін және қалдықсыз технологияға тезірек көшу, кен
орны жынысы құрамындағы барлық компоненттерді комплексті алу мен
пайдалану, өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану мен тұтыну, табиғи
ортаны ластаудың алдын алатын қалдықсыз өндірістер мен технологияны
енгізу, энергия мен шикізаттың дәстүрлі түрлерін қазіргі заманғы
және таусылмайтын көздермен ауыстыру негізінде жүргізу қажет.
Экономика ғылымы «Қоғам - өндіріс – табиғи орта» жүйесінің даму
проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарына басшылық ете отырып,
мемлекеттің табиғи қорының үнеммен жұмсалуы және сақталынуы
мәселелерімен айналысуы қажет. Экономика және экология бір-бірімен
тығыз байланысты, егер экономика принциптері экология
принциптерімен қайшы келетін болса, қоғамда және адамдар санасында
қарама-қайшылықтар бар деген сөз, одан арылуымыз керек. Біздің
республикамыздың экологиялық жағдайы, айтарлықтай
емес.
Табиғат - әр
беті терең мағынаға толы бірден-бір кітап. Табиғат жарылысын,
қоршаған орта тынысын, барлық тіршілік болмысын жан дүниесімен
түсінетін адамдар тазалыққа, имандылыққа бас иген
адамдар.
Соңғы кезде
әлемде төмендегідей сұрақ туып отыр: «Экология мен имандылықтың
арасында қандай байланыс бар, оларды не байланыстырады, экологиялық
имандылық дегеніміз не?» Осы сұраққа жауап
берейік
34 – сабақ
Күні:
Сыныбы: 5
Тақырыбы: Қорытынды сабақ
Табиғатты
аялай да, бағалайық та білейік» атты шығармалар, суреттер
сайысы
Сабақтың
мақсаты:
Оңушыларды
жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүю және
қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу. Оқушылардың табиғат жөніндегі
ой - өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын, логикалық ойлау
қабілетін арттырып, табиғатын сүюге, оны қорғауға, ұйымшылдыққа,
өзара сыйластыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларды жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған
табиғатты сүю және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу. Оқушылардың
табиғат жөніндегі ой - өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын,
логикалық ойлау қабілетін арттырып, табиғатын сүюге, оны қорғауға,
ұйымшылдыққа. өзара сыйластыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ
Сабақтың
әдісі: сұрақ - жауап, баяндау,
жарыс
Сабақтың
көрнекілігі: табиғат туралы даналық сөздер, суреттер,
буклеттер
Сабақтың
пәнаралық байланысы: дүниетану. география.
биология
Сабақ
барысы:
1.
Шығармаларды
қорғау
2. Салған
суреттерге түсінік
беру
3. Табиғат
туралы мақал - мәтелдер, өлеңдер, нақыл сөздер тыйым сөздер
айту
4.
Қорытынды
Мұғалім:
Елбасымыз Н. Назарбаевтың 2030 жылғы дейінгі стратегиялық даму
бағдарламасында «Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты
жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлгендіктен оңушыларға
экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу, бүгінгі
күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің
бірі».
Табиғат
айналамыздағы қоршаған орта. Табиғат адамзаттың қайнар
көзі.
Табиғат
өмірімізге қажетті рухани байлық. Табиғат - айналамызды қоршап
тұрған ізгілікті әлем. Табиғат - адам
тәрбиешісі.
«Экология»
терминін 1866 жылы ірі неміс зоологы Э. Геккель ғылымға алғаш рет
енгізді.( гр «ойкос»- үй, тұрақ, мекен, баспана дегенді
білдірсе,»логос» ғылым, ілім, зерттеу деген
сөз)
Экология
организм мен қоршаған орта арасындағы байланысты, қарым - қатынасты
зерттейтін ғылым. Біздің Отанымыз - Қазақстан дүние жүзіндегі
табиғат байлығы мен мол елдердің бірі. Қазақстанның байлығын ысырап
етпей, ластамай, оларды ұқыпты, тиімді пайдалану керек. Табиғатты
қорғау әрбір азаматтың
борышы.
Экологиялық
шығармаларды қорғау 5 - сыныптар өздерінің экология| туралы жазған
рефераттарын
қорғайды.
Мен және
экология бағытындағы суреттерге түсінік беру. 5 сыныптар өздерінің
жазған суреттеріне түсінік
береді.
Табиғат
туралы өлеңдер, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, тыйым сөздер| айту.
Оқушылар табиғат туралы мақал - мәтелдер, нақыл сөздер
айтады.
Судың да
сұрауы бар.
Бақ
өсіргеннің бағы
жанар.
Жұпар ауа -
дертке дауа.
1
Көкті жұлма
- көктей
соларсың.
Туған жердің топырағы да
ыстық.