Адам жақсы ісімен көрікті 2-сынып

Тақырып бойынша 24 материал табылды

Адам жақсы ісімен көрікті 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сүйіспеншілік құндылығы арқылы балалардың ізетті қарым-қатынас жасау іскерлік қасиеттерін кеңейту барысында өзін-өз тану пәнінен "Адам жақсы ісімен көрікті" 2-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Бөлім: 2

Ынтымақты отбасы

Педагогтің

аты-жөні

Сарсебаева Ж.А.

Күні:

29.11.2021

Сынып: 2 Е

Қатысушылардың саны: 12

Қатысушылардың саны: -

12 сабақтың тақырыбы

Адам жақсы ісімен көрікті

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

Сүйіспеншілік құндылығы арқылы балалардың ізетті қарым-қатынас жасау іскерлік қасиеттерін кеңейту.

Құндылығы:

Сүйіспеншілік

Қасиеттер:

Ізеттілік, бауырмалдылық, қамқорлық

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға отбасындағы қарым- қатынас мәдениеті туралы түсінік бере отырып, Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:


  • отбасындағы ізгі қарым-қатынас жасауды сүйіспеншілік;

  • ізетті қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • оқушыларды бауырмалдылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(1 мин)

1.Жағымды көңіл-күй

(1-3 мин)


Оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.


Мұғалім сыныптағы «5Т» ережесін естеріне түсіріеді. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық арқылы барлық ойымыз, сөзіміз, ісімізді осы ережеге бағындыруға шақыра отырып, «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін өткізеді.

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.


«5Т» ережесін естеріне түсіріп, тыныс алу арқылы, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,

Ф. Шопеннің "Мечта" аудиожазбасы

https://zvooq.eu/

2. Алдыңғы үй тапсырмасын тексеру (әңгіме)

(3-5 мин)


Оқулықтағы №12 сабақ, 40-бет.

Ыбырай Алтынсариннің «Аурудан аяған күштірек» әңгімесі.

Сұрақтар:

1.Сейіт неліктен ауруды сезінбеді?

2.Әңгіме неліктен «Аурудан аяған күштірек» деп аталды?

3.Сейіттің бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер бар?

4.Өздерің жақындарыңды қиналтып, уайымдатпау үшін не істей аласыңдар? Не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, қамқорлық, ізгілік қасиеттері туралы түсініктерін кеңейтеді.

Оқулық


3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме

(3-4 мин)


Жақсылық – жан азығы.

Мақал

Сұрақтар:

- Балалар дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Мұғалім дәйексөзді оқушылармен бірге талқылап, өзі қорытынды жасайды және дәптерге жазуды ұсынады.

Оқушылар мақалдың мағынасын талқылай отырып, оны бірнеше рет қайталап, дәптерге жазады. Жақсылық пен игілікті іс жасау-үлкен адамгершілік-тің белгісі екенін түсінеді.

Презентация, слайд


Жұмыс дәптерлері

4. Оқиға айту (әңгіме)

(4-8 мин)


Мұғалім Ы. Алтынсариннің

«Бақша ағаштары» әңгімесін айтып береді.


Жаздың бір әдемі күнінде, таңертең бір адам өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштар мен жеміс, гүл жапырақтарын көріп жүрді.

Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреу неге қисық біткен? – деп сұрады баласы.

Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалпыменен өскен, – дейді атасы.

Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой! – дейді баласы.

Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым. Мұнан сен өзің ғибрат алсаң болады. Сен жас ағашсың, саған да күтім керек, мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, жақсы түзік кісі болып өсерсің. Бағусыз бетіңмен кетсең, сен мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, – дейді.

Сұрақтар:

  • Атасы баласымен бақшада нені көрді?

  • Қамқорлық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ағаштардың қисық өсуіне не себеп болды?

  • Атасының «Сен жас ағашсың, саған да күтім керек, мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, жақсы түзік кісі болып өсерсің» деген ақылын қалай түсінесіңдер?

Оқушылар

Ы. Алтынсариннің

«Бақша ағаштары»

әңгімесін тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, жақсылық жасау адам өмірінің шынайы терең екенін ойланады.

Ы.Алтынсариннің «Бақша ағаштары»

https://www.zharar.com/kz/story/8657-altynsarin_baksha_agash.html

5. Шығармашылық жұмыс

(12-15 мин)


Мұғалім оқушыларды 2 топқа бөліп және топта жұмыс ұйымдасырады:

1Овал 2 Прямая соединительная линия 3 топ:

Прямая соединительная линия 7 Прямая соединительная линия 8

Прямая соединительная линия 5 Прямая соединительная линия 6 Прямая соединительная линия 9

1 І топ: Суретке қарап әңгіме құрау

Екі топтың оқушылары берілген тапсырмаларды орындап, өз жұмыстарын сыныпқа таныстырады.

Флипчарттар, баяу әуен қойылады.


7.Үй тапсырмасы

(1-2 мин)

Алдын ала берілген үй тапсырмасы: оқулықтан №13 сабақ, 41-бет. «Ғажайып адам» ертегісін оқып, сұрақтарға жауап беру ұсынылады.

Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.

Оқулық

күнделік

8. Топпен ән айту

(2-3 мин)

Мұғалім оқушылармен бірге сөзін жазған Қ.Мүсірепов, әнін жазған И.Нүсіпбаевтың «Бақытты балалар» әнін орындайды.

Біз көңілді ұланбыз,

Ән шырқаймыз,сайрандап.

Бақытты елде туғанбыз,

Жаз гүліндей жайрандап.


Бөбектерді қуантып,

Құрметтейміз қарттарды.

Өнерге біз құмартып ,

Өсіреміз бақтарды.


Шынығамыз,ойнаймыз,

Жас ұрпақпыз талапты.

Жаз қызығын тойлаймыз,

Жақсы оқимыз сабақты.

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экранда өлеңнің мәтіні көрсетіледі

9. Сабақтың қортынды сәті

(1 мин)

Мұғалім оқушыларға көздерін жұмып, сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады.Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік деп тілек білдіріп бүгінгі сабақ үшін рақмет айтады.

Оқушылар рефлексия жасайды

Баяу композиция қойылады


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.11.2021
794
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі