Материалдар / Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор

Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектептің жас ұстаздарына қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2021
491
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

9.3D Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Педагогтің аты-жөні:

Рахымжанова Акмарал

Күні:

09.03.2021

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.4.8 - адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Кодомирлеуді түсінеді.

Көпшілік оқушылар үшін:

Резус факторды сипаттай алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Білу




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Адамда қанша қан тобы бар?

2. Неге әмбебап донор және әмбебап рецепиент деп аталады?

3.Агглютинация, резус-фактор, резус-конфликт, гемолитикалық сары ауру дегеніміз не?

4.Кодрмирлеу деген не?

5.Резус-конфликт қалай дамуы мүмкін?

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Түсіну






Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады

Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көру.

Қолдану

Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.Резус-конфликт қалай дамуы мүмкін сипаттайды.

4. Қан тобы І адам неге әмбебеап донор болып табылу себебін айтады. Неге олардың қаны басқа топтарда агглютинация жасаммайды, ал І қан тобында қалған барлық топ агглютинация жасайды?

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Талдау

Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.Әртүрлі қан топтарының тұқымқуалауының 6 үдерісінің біреуін сызба түрінде бейнелейді.

1) Р-І×ІІІ гетерозиготалы;

2) Р-ІV×II гомозиготалы;

3)P-IV×III гомозиготалы;

4)P-I×II гетерозиготалы;

5)P-IV×III гетерозиготалы;

6)P-I III гомозиготалы;


9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Синтез

«Бірге ойлаймыз »әдісі арқылы топтық жұмыс

1-топ:Резус-факторы әртүрлі кез-келген ерлі –зайыптыларда резус-конфликт проблемасы пайда болуы мүмкін екенін дәлелдеңдер

2-топ:Шынайы жағдайды бағалаңдар: «Ағайынды екі жігіттің қан тобы ІҮ.Олар қан тобы ІІІ және І болатын қыздарға үйленген.Әрбір отбасында шамамен бір уақытты екі тетелес ұл баладан туды.Ұлдар ержетіп әскери комитетте медициналық комиссиядан өткен кезде бірінші жұптыңт бір баласында ІҮ,ал екіншісінде ІІІ қан тобы екені анықталды.Екінші ерлі-зайыптылардың ұлдарының біреуінде қан тобы ІІ,ал екіншісінде ІІІ екені анықталды.Будандастыру сызбасын пайдаланып,бұл жағдайда генетикалық заңдылық толық сақталатынын дәлелдеңдер.

Екі топ тапсырманы дәлелдеп шығады

Оқулық

Бағалау























Кері байланыс

«Еркін микрафон»әдісі арқылы жеке жұмыс

Бороро тайпасында тек бірінші қан тобының болуы қандай факторларға тәуелді екенін бағалаңдар.Неліктен Австралияның жергілікті тұрғындары арасында ІІІ және ІҮ қан топтарының өкілдері жоқ?Осындай жағдай Жапонияда қалыптасуы мүмкін бе?

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

«Бір сөйлем»әдісі арқылы кері байланыс алу

Оқушылар өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтыра-мын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Миға шабуыл», «Еркін микрафон» әдістері кезінде


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

«Жапондық бағалау»

Денсаулық сақтау технология-лары.

Сабақта сергіту жаттығула- ры мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданыла-тын

қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ