Материалдар / "Адам құқықтары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Адам құқықтары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам құқықтары мен бостандықтары туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2020
455
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы Алатау ауданы

182 ЖББМ тарих пәнінің

мұғалімі Шүлембаева Д. М.

Адам құқықтары –сыныптан тыс уақытта

10-11 сыныптар арасында өткізілетін дөңгелек стол.

Мақсаты:

Білімділігі: жоғары сынып оқушыларына адамдардың өз даму кезеңдерінде адам құқығы туралы түсінулеріне көмектесу, адам құқықтарының мүддесі үшін не істеу керектігін қажеттігін түсіндіру.

Дамытушылық; Өзгені тыңдау, рухани адамгершілік құндылықтарға талдау жасау, бірлескен шаралар жасауға өткізу, өзгелермен қарым-қатынас жасауға үйрету, мәселелерді шешу және өз мәртебесін анықтауға үйрету.

Тәрбиелік:Жауапкершілікке, теңдікке, қауіпсіздікке,әділдікке, шыдамдылық-қа, даралық пен бостандыққа, ынтымақтастық пен теңдікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар! Бүгінгі іс-шарамызға қош келіпсіздер! Адам құқықтары мен абыройы барлық адамдарға ортақ әрі қажет екендігіне адамдарға тән адам құқықтары жөніндегі декларация нағыз дүние жүзіндегі барлық адамдарға ажырамастай ортақ бола алады. Біз осы адам құқықтары туралы декларацияны талқылау үшін, 10 және 11сынып оқушыларын дөңгелек үстелге шақырып отырмыз. Бүгінгі күн тақырыбындағы басты мәселе рухани-адамгершілікке қоғам қалыптастыру үшін жалпы заңдылықты сақтау болып табылады.


Бұл заңның негізгі түйіні адам баласы отбасының мүшелеріне тән қадір-қасиетін, тең және ажырамас құқықтарын тану бостандықтың, әділеттілік пен жалпыға бірдей бейбітшіліктің негізі болып табылатындығын назарға ала отырып, адам құқығын заң билігімен қорғау қажеттілігін, сол сияқты ұлттар арасындағы достық қатынастардың бірлесе дамуы қажеттілігін назарға ала отырып, Бас Ассамблея адамның негізгі құқықтарына, жеке адам басының қадір-қасиеті мен құндылығына және ерлер мен әйелдердің теңдігіне сенімін, кең еркіндіктегі әлеуметтік прогресс пен тұрмыс жағдайын жақсартуға ықпал етуге қалтқысыз шешімін айғақтаған БҰҰ халқы бұл құқықтардың құрметтеліп, жалпыға бірдей сақталуына және жүзеге асырылуына ықпал жасауға міндеттенгендерін мәлімдеді.

Оқушылар 10 оқушыдан топтарға бөлінеді. Оқушылар алдын –ала даярланып қойылған ақ жәшіктегі сұрақтарға жауап береді. Оқушыларға сұрақтар таратылып беріледі. Сұрақтар әр топқа қойылады.

Викториналық сұрақтар:

1.Адамның қандай да болсын құқығы?

2.Адам құқығы қай елде бұзылады?

3.Адам құқықтарын жариялайтын құжат?

4.Бұрын қудаланған адамдар тобы?

5.Нәсіліне қарай адамдарды құқығынан айырған ел?

6.Діни нанымына қарай адамдардың құқығынан айырған ел?

7.Түрлі адамдар тобының құқықтық қайшылықтары туындаған ел?

8.Адам құқықтары үшін күресетін қандай ел бар?

9.Адам құқықтары жайлы кітап немесе фильм?

10.Адамдарды азапқа салып отырған ел?

11.Адам құқығы саласында жағдайы жақсарған ел?

12.Адамдарды басқа елге көшу құқығынан айырған ел?

13.Мектепте сіздің айырылған құқығыныз?

14.Адам құқығы үшін күрес жүргізуші?

15.Кейде әйелдерге берілмейтін құқықтар?

16.Барлық балаларға берілетін құқықтар?

17.Өзінің ұллттық автономиясын құру құқығынан айырылған халық?

18.Еліміздегі кейбір адамдардың айырылған құқықтары?

19.Ата-аналарыңызда бар, ал өзіңізде жоқ құқықтар?

20.Сіздің ешқашан бұзылмаған құқығыныз?

21.Сізге тікелей қатысты адамның құқығының бұзылуы?

Тапсырмалар бойынша алдын-ала дайындалған адам құқықтары тақырыбына байланысты слайд-шоуды көрсету немесе газет-журналдардан қиып алынған материалдарды пайдалануға болады. Мысалы екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі еврей халқының тарихы немесе геноцид жылдарындағы қазақ халқының тарихы туралы мәтіндерді көрсетуге болады.Тіпті жекелеген адамдардың тарихы туралы сөз қозғауға да болады.

I-топ.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының түйіні.

1 оқушы: Әрбір адам тумысынан азат және біздің бәрімізге бірдей көзқарас болуға тиіс.

2 оқушы: Барлық адамдар айырмашылықтарына, мысалы, түр-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан тең.

3 оқушы: Әрбір адамның өмір сүруіне, бостандықта болуына және жеке басына қол сұғылмауына құқығы бар.

4 оқушы: Ешкімнің де сіге құл тәрізді қарауға құқы жоқ, сондай-ақ сіз де ешкімді өзіңіздің құлыңыз ете алмайсыз.

5 оқушы: Ешкімнің де сізді азаптауға немесе жазалауға құқы жоқ.

6 оқушы: Заң алдында тең болуға әрбір адамның құқы бар.

7 оқушы: Әр адамның өзінің құқығы бұзылған жағдайда заңмен қорғалуға құқығы бар.

8 оқушы: Ешкімнің сізді әділетсіздікпен түрмеге жабуға немесе өз еліңізден қууға құқығы жоқ.

9 оқушы: Әр адамның ашық және әділ сотқа құқығы бар.

10 оқушы: Әр адам кінәсі толық анықталмайынша кінәсіз саналады.

II-топ.

11 оқушы:Әр адам егер әлдекім өзіне зиян келтіруге тырысса, көмек сұрауға құқылы, бірақ ешкімнің де дәлелді себептерсіз сіздің үйге кіруге, сіздің хатыңызды ашуға, сіздің істеріңізді немесе сіздің отбасыңыздың істеріне араласуға құқысы жоқ.

12 оқушы: Әр адамның өз қалауынша тұратын мекен-жайын таңдауына құқығы бар.

13 оқушы: Әр адамның егер ол қуғынға ұшыраған немесе қуғын қаупі төнген жағдайында басқа елге көшуіне және қорғаныш іздеуіне құқығы бар.

14 оқушы: Әр адамның өз елінің азаматы болуға құқы бар. Егер қаласаңыз, сіздің басқа елдің азаматтығын алуыңызға кедергі келтіруге ешкімнің де қақысы жоқ.

15 оқушы: Әр адамның некеге тұруға және отбасын құруға құқығы бар.

16 оқушы: Әр адамның дүние-мүлікті және жеке заттарын иемденуге құқығы бар.

17 оқушы: Әр адамның өзінің дінін уағыздауға және діни салт-жоралғыларын орындауға сондай-ақ қаласа өз дінін өзгертуге де құқылы.

18 оқушы: Әр адамның өзінің ой- пікірін айтуға, ақпарат алуға және беруге құқы бар.

19 оқушы: Әр адамның бейбіт жиналыстарға және ассоциацияларға қатысуға құқы бар.

III-топ.

20 оқушы: Әр адамның сайлауға және өз елін басқаруға қатысуға құқы бар.

21 оқушы: Әр адамның әлеуметтік жағынан қорғалуға, сондай-ақ өз қабілеттерін дамытуға құқы бар.

22 оқушы: Әр адамның қолайлы жағдайларда еңбек етуге, әділеттілікпен көтермеленуге, сондай-ақ кәсіптік одақтарға енуге құқы бар.

23 оқушы: Әр адамның дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы бар.

24 оқушы: Әр адамның қалыпты өмір деңгейіне және сырқаттанған жағдайда медициналық күтімге қақы бар.

25 оқушы: Әркімнің мектепке баруға құқы бар.

26 оқушы: Әр адам қоғамның мәдени өміріне қатысуға құқы бар.

27 оқушы: Әр адам осы барлық құқықтарды жүзеге асыруға қажет «әлеуметтік» тәртіпті құрметтеуге міндетті.

28 оқушы: Әр адам өзгелердің құқығын құрметтеуге, қоғам мен қоғамдық мүлікті сыйлауға міндетті.

29 оқушы: Осы Декларацияда белгіленген құқықтардың бірде-бірін алып тастауға ешкімнің де құқы жоқ.

Жүргізуші: Біз тақырыпты одан әрі аша түсу үшін аталған тапсырмаларға кезек берейік. Бұл екінші кезең шарықтау деп аталады.

Барлық оқушылар өз ойларын ортаға салғаннан кейін топ бойынша үш шеңберді талқылау. Алдын-ала сызылған үш шеңберді постермен қорғау.

1 топ. Бірінші постерде азаматтану, бейбіт даму, мәдениеттану.

2 топ. Екінші постерде бейбіт даму, мәдениеттану, азаматтану.

3 топ. Үшінші постерде мәдениеттану, азаматтану, бейбіт даму салалары әр постерде әр түрлі деңгейде орналастырылған.

Оқушыларға осы аталған пәндердің неге әртүрлі деңгейлерде орналастырылғанын түсіндіреді.

Дөңгелек столдың келесі кезеңі постермен жұмыс болғандықтан осы аталған пәндердің өзара айырмашылықтарын да салыстыра кету қажет.

Адам құқықтары жеке тәжірибеде, нақты өмірде жақсы аңғарылады. Осындай дөңгелек столды мектеп оқушыларының арасында жиі өткізу арқылы бостандық, төзімділік, әділеттілік және шындық сияқты жалпы танымдық ұғымдары арқылы нығайта алады. Болашақта адамзат тарихына қатысты қабылданған ірі құжаттарды атап кетсек; Еркіндіктің ұлы хартиясы ( Англия 1215 ж), Тәуелсіздік декларациясы ( АҚШ, 1776), Адам құқықтарының декларациясы (Франция 1789 ж). Адам құқтарының барынша сақталуын терендетіп оқыта отырып тарихтағы ірі зұлматтар мен соғыстарды болдырмау адам баласының өз қолында демекпіз. Тәуелсіз еліміздің болашақтарын тәрбиелеуде құқықтық тәрбие өте қажет. Саналы ұрпақ тарбиесіне байланысты құқықтық тарбие мен құқықтық сана қалыптасқан қоғамдық қатынастардағы ата-бабаларымыздың салт-санамызға сіңіріп кеткен заңдарының өзі де адамзат құқығының бір бөлшегі болып табылмақ.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!