Материалдар / Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенция және адам құқықтарын жалпыға бірдей қорғау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенция және адам құқықтарын жалпыға бірдей қорғау

Материал туралы қысқаша түсінік
АННОТАЦИЯ Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенция және адам құқықтарын жалпыға бірдей қорғау – тақырыбында жазылған ғылыми зерттеу жұмысында: демократиялық қоғамдағы адам құқықтарын қорғау, адам құқығын мемлекеттен тыс жерде де қорғау, мемлекеттің заң үстемдігін орнатып, саяси партиялар құруы, адам құқықтары мен оның бостандығы, Европалық конвенциядағы адам құқықтарына байланысты шарттар, кемсітушілікке тыйым салу, адамның дискриминацияға ұшырауы сынды өзекті мәселелер қозғалды. Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі бөлімінде мемлекеттің егемендік идеясы мен ашық қоғам ұғымы, Адам құқығы оның қадір-қасиеті , демократиялық қоғамдағы пікір айту еркіндігі, дискриминацияға тыйым салу тақырыптары аясында ақпараттар берілді. Және Европалық конвенцияның құрылу тарихымен оның мақсаттары жайлы кеңінен айтылды. Ғылыми зерттеу жұмысында танымдық мақсатта Европалық конвенция, ашық қоғам идеясы, адам құқығының қорғалуы жайлы қосымша ақпарттармен ұлы саясаткер-заңгер, философ-ғалымдардың тұжырымдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2024
351
1 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті

Филология факультеті

Журналистика және қазақ тілі кафедрасы





ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ





Тақырыбы: Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенция және адам құқықтарын жалпыға бірдей қорғау

Орындаған: Сейтжан Қасиет Байдуллаұлы

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Филология факультеті Журналистика мамандығының 2-курс студенті, Шымкент қаласы



















Шымкент 2024ж

АННОТАЦИЯ

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенция және адам құқықтарын жалпыға бірдей қорғау – тақырыбында жазылған ғылыми зерттеу жұмысында: демократиялық қоғамдағы адам құқықтарын қорғау, адам құқығын мемлекеттен тыс жерде де қорғау, мемлекеттің заң үстемдігін орнатып, саяси партиялар құруы, адам құқықтары мен оның бостандығы, Европалық конвенциядағы адам құқықтарына байланысты шарттар, кемсітушілікке тыйым салу, адамның дискриминацияға ұшырауы сынды өзекті мәселелер қозғалды. Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі бөлімінде мемлекеттің егемендік идеясы мен ашық қоғам ұғымы, Адам құқығы оның қадір-қасиеті , демократиялық қоғамдағы пікір айту еркіндігі, дискриминацияға тыйым салу тақырыптары аясында ақпараттар берілді. Және Европалық конвенцияның құрылу тарихымен оның мақсаттары жайлы кеңінен айтылды. Ғылыми зерттеу жұмысында танымдық мақсатта Европалық конвенция, ашық қоғам идеясы, адам құқығының қорғалуы жайлы қосымша ақпарттармен ұлы саясаткер-заңгер, философ-ғалымдардың тұжырымдары мен көзқарастары жазылды.





АННОТАЦИЯ

Европейская конвенция по правам человека и всеобщая защита прав человека-в научно-исследовательской работе, написанной на тему: Защита прав человека в демократическом обществе, защита прав человека за пределами государства, установление верховенства закона государством и создание политических партий, права человека и его свободы, условия, связанные с правами человека в Европейской конвенции, запрет дискриминации, запрет на дискриминацию были затронуты такие актуальные вопросы, как проблемы. В основной части научно-исследовательской работы была представлена информация по темам: идея суверенитета государства и понятие открытого общества, права человека , его достоинство, свобода выражения мнений в демократическом обществе, запрет на дискриминацию. И историей создания Европейской конвенции широко рассказывалось о ее целях. В научно-исследовательской работе в познавательных целях были изложены выводы и взгляды великих ученых-политиков-юристов, философов с дополнительной информацией о Европейской конвенции, идее открытого общества, защите прав человека.





ANNOTATION

The European Convention on Human Rights and Universal Protection of Human Rights - in a research paper written on the topic: Protection of human rights in a democratic society, protection of human rights outside the State, establishment of the rule of law by the State and the creation of political parties, human rights and freedoms, conditions related to human rights in the European Convention, prohibition of discrimination, prohibition of discrimination such topical issues as problems were raised. In the main part of the research work, information was provided on the following topics: the idea of state sovereignty and the concept of an open society, human rights, dignity, freedom of expression in a democratic society, prohibition of discrimination. And the history of the creation of the European Convention has been widely told about its goals. In the research work, for educational purposes, the conclusions and views of great scientists, politicians, lawyers, philosophers were presented with additional information about the European Convention, the idea of an open society, and the protection of human rights.



































МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Демократиялық қоғамдағы адам құқықтарын қорғау

1.1. Демократияға өту кезеңіндегі адам құқықтары

1.2. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенция және адам құқықтарын жалпыға бірдей қорғау

1.3. Кемсітушілікке тыйым салу

2. Ашық қоғам және Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенция

2.1. Ашық қоғам идеясы

2.2. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенцияның негіздері

2.3. Демократиялық қоғамдағы пікір айту еркіндігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

































КІРІСПЕ

Ғылыми зерттеу жұмысының сипаттамасы: Ғылыми зерттеу жұмысы негізгі стандартқа сәйкес кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерге бөлінді, бөлімдерге байланысты аннотация, тақырып-тақырыпшаларға бөлініп қорытынды жасалынып пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілді.

Тақырыптың өзектілігі: Кез- келген мемлекет үшін ең негізгі құнды ресрурс ол адам. Сондықтанда адамның бас бостандығы, сөйлеу еркіндігі, оның құқығының қорғалуы мен жеке өмірі маңызды. Зайырлы елдерде, демократиялық қоғамдағы адам құқығы үлкен маңызға ие. Адам құқықтары мен негізгі бостандықтары туралы Еуропалық конвенциядағы құқықтар - демократиялық қоғамдағы азаматтардың дауысы айқын естілуіне кепілдік береді. Еуропалық конвенция Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей ұстаным идеясын жалғастырады.

Ғылыми зерттеу жұмысының мақсат- міндеттері: «Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенция және адам құқықтарын жалпыға бірдей қорғау»- тұжырымдамасын негізге ала отырып , адамның ең құнды ресурс екенін айшықтап, оның құқығы, жеке бас бостандығы, еркіндігі, зайырлы болуы, қоғамда өзінің пікірін еркін жеткізіп, тәуелсіз өмір сүруге құқылы екенін дәлелдеу. Заң алдында барлық адамның ұлтына, жынысына, материалдық жағдайына, діни көзқарасына, жас ерекшелігіне, лауазымына қарамастан тең екенін түсіндіру. Адамның дін ұстанымы мен тұратын жерін таңдау бостандығы ешқандай дискриминацияға ұшырамау керек. Европалық Конвенциядағы адам құқықтары мен ашық қоғам ұғымы жайлы ақпарат беру.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: «Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенция және адам құқықтарын жалпыға бірдей қорғау»- тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысы негізгі ғылыми таным әдістерінің теориялық және эксперименттік-теориялық деңгейінде зерттелді.

Ғылыми зерттеу жұмысында қорғауға ұсынылатын ой-тұжырымдар: Демократиялық қоғамдағы адам құқықтары тең дәрежеде қорғалуы тиіс. Адамдар өмірге азат және қадір-қасиеті қалпында құқығы тең болып келеді. Кез-келген адам түсі мен ұлтына қарамай жеке өмірін құрмет етуді талап ете алады. Өмір сүру құқығы жасқа да, кәріге де тең. Мемлекетке адам құқығын қорғау жауапкершілігі жүктелген. Қоғамға өзгерістерді бейбіт жолмен әкеле алатын жалғыз жүйе – демократия. Дискримнацияға теріс пікір - әділетсіздіктің немесе қарабайыр надандықтың кесірінен болуы ғажап емес. Дискримнацияның кез келген түрі адамға ерекше әсер етіп, қиындық тудырады.Сондықтан дискриминацияға тыйым салу адам құқығының маңызды кепілдігі саналады.

Зерттеу әдістері: Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу барысында қоғамдық құбылыстарды зерттеуде кең тараған жалпығылыми сипаттау әдісі мен синтездеу,анализдеу,жалпылау,жүйелеу әдістері қолданылды. Және салыстырмалы зерттеу әдісін қолдана отырып, нақты фактілер жұмыста кқрсетілді. Бөлімшелердегі ақпарат көздеріне анализ жасалынды. Маңызды ақпараттарды іріктеу мақсатында сүзгілеу процесі іске асты.

Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы: Титул парағы, аннотация, мазмұны, кіріспе, тақырып, тақырыпшалар, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер.











































1. ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

1.1. Демократияға өту кезеңіндегі адам құқықтары

Адам құқығы үшін демократиялық қоғамның маңызы зор, ал демократия үшін де адам құқығының мәні бөлек. Бұл мәселе, әсіресе өтпелі кезеңде, яғни соғыстан - бейбітшілікке, диктатурадан - демократияға өткенде алдымыздан шығады.Мұндайда қоғам қайсына басымдық берерін білмейді .Мемлекет өзінің заң үстемдігін орнатып, жаңа саяси партиялар құрып, қауіпсіздікті нығайтып,экономиканы қалпына келтіру арқылы демократияға алғашқы қадамын жасайды.Әсіресе тәртіпсіздікке, авторитарлық билік пен зорлық-зомбылыққа жол бермеуге басым назар аударады.Осындай қиын шақта мемлекеттің адам құқықтарына қатысты халықаралық шарттарды ратификациялайтын тарихи кезеңі болады. Ратификациялауға негізгі үш себеп бар. Олар: «зәкір», «қолшатыр» және «микрофон» кезеңдері. Адам құқықтары туралы шартқа қосылудың «зәкір» себебі – адам құқықтарына халықаралық деңгейде кепілдік береді. Шартта көрсетілген міндеттемені орындап, Еуропалық сот секілді саяси институттар қадағаласа авторитарлық билікке қайта оралу қиын.Адам құқықтарының негізгі кепілдігін қорғап, оны сақтап отырған сот пен азаматтық қоғам ұйымдары - мұндай мәселені жоқ дегенде, бастапқы белгісі туралы хабарлап отырады. «Қолшатыр» себебі дегеніміз: адам құқықтары туралы шарттардың азаматтарды мемлекеттің озбырлығынан қорғауға көмектеседі. Заң үстемдігінің әділ және тәуелсіз сот жүйесінің басты құндылықтары - Еуропалық конвенциядағы адам құқықтарына қатысты шарттарда көрініс тапқан.Мысалы, әр адамның әділ сотты талап етуіне құқығы бар екені жазылған. Сондай-ақ азаматтың бұзылған құқығы қалпына келтіруге тиімді жолы бар екені айтылған. Адам құқықтары туралы шарттардың «микрофон» қызметі - Адам құқықтары мен негізгі бостандықтары туралы Еуропалық конвенциядағы құқықтар - демократиялық қоғамдағы азаматтардың дауысы айқын естілуіне кепілдік береді.

Бір жағынан, өзіміз ұйымдасып, саяси партия құра аламыз ба? Саяси проблемаларға қатысты ой-пікірімізді анық айта аламыз ба?Сайлауға дауысымызды бере аламыз ба немесе сайланбалы лауазымға сайлауға қатысамыз ба? Адам құқықтары туралы шарттардың «микрофон» қызметі осы құқықтарды ұсынады.

Еуропалық сот қараған сайлау туралы екі іске назар аударайық.

Біріншісі - Татьяны Зданоканың ісі. 1990 жылдардың соңында ол Латвияның парламент сайлауына қатысқысы келген саясаткер еді. 1991 жылы Латвия тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы айларында бұрынғы коммунистік партия қызметіне белсене араласқан азаматтардың құқығын шектеу туралы заң қабылдап, оның сайлауға түсуіне тыйым салған. Қысқасы, оны Кеңес Одағынан бөлініп шыққан тәуелсіз демократиялық жаңа Латвияда төңкеріс жасауға ұмтылды деп санаған. Еуропалық сот Татьяна Зданокидің сайлауға түсу құқығы бұзылғаны туралы шағымын қанағаттандырусыз қалдырған. Сот бұл заң жаңа демократияның бұзылуының алдын алу үшін арнайы мақсатпен қабылданған айрықша және айқын мақсаттағы шара екені түсінікті деген тұжырым жасаған. Осы орайда сот Латвияда демократия орнағанына он жыл өтсе де, сол кезеңде авторитарлық режімге қайта оралудың алдын алуға тырысты дер еді. Дегенмен, сот уақыт өте келе Латвия демократиялық елге айналғанда мұндай тыйымды қолдануға болмайтынын нақты меңзеген.

Екінші іс - XX ғасырдың соңында сұрапыл азаматтық соғыстан зардап шеккен Босния мен Герцеговинаға қатысты. Өзара жауласқан үш ірі топ 1995 жылы бейбіт келісімге келуге мәжбүр болғанда, бұл ел этностар шекараларымен бөлінген еді. Адам құқығының бұзылуы да жиі кездесетін. Бейбіт келісімде бұл екі элемент өзара дау туғызды. Бұл дау Босниядағы аз ұлттар тобынан шыққан саясаткерлер еврей Дерево Седждиа мен пен цыган Якоб Финчи саяси лауазымдық сайлауға түскенде ерекше байқалды. Босния мен Герцеговинаның конституциясы - осы бейбіт келісімнің бір бөлігі еді. Елдегі үш басым ұлт өкілдері еместерге лауазымды орындардың кейбіріне сайлауға түсуге тыйым салды. Еуропалық сотқа екі саясаткер де шағымданды. Бұл тыйым - демократияның негізгі қағидаларының бірі – кемсітушілікке жол бермеуге түбегейлі қайшы. Бір қызығы, сот осы істе Латвиядағы өткен істен басқаша шешім қабылдаған. Бір жағынан, ол уақытқа тікелей байланысты болды. Сот Сейджиде мен Финчидің шағымын қанағаттандырып, Боснияның демократиясы мен қауіпсіздігі айтарлықтай нығайған, сондықтан бейбіт келісімдегі мұндай оғаш нормаға жол бермеуге болады деп көрсеткен. Осы іс Еуропалық сотта ұзақ талқыланды. Тіпті судьялардың бірі жауласушы топтардың динамиттен диалогқа бет бұрғаны осы бейбіт келісімнің нормаларының арқасы дейді. Нормаға дәл осылай түсіндірме беру жаңа қантөгіске әкелуі мүмкін қауіпті әрекет еді. Қысқасы, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот өтпелі кезеңдегі әлдебір елдерде адамның кейбір құқығы қалыптасқан демократиядағыдай толық қорғалмайтынын мойындады..Соғыстан - бейбітшілікке, диктатурадан - демократияға енді өткенде демократияның өзін қорғау үшін арнайы шаралар қолданылады. Дегенмен, уақыт өте келе қандай ел болса да демократия да, адам құқығы да беки түседі. Сондай өтпелі кезеңдегі мемлекетке тән мұндай айрықша нормаларды сот ескермейтін болады. Демек, өтпелі шақ адам құқығы тұрғысынан айрықша кезең саналады.



1.2. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенция және адам құқықтарын жалпыға бірдей қорғау

Конвенция- (лат. Conventio - келісім) — белгілі бір тәртіппен әрекет ету туралы елдер арасындағы келісім. БҰҰ Бас ассамблеясы белгілі бір конвенцияны қабылдаған кезде, келісімді ратификациялаған мемлекеттер конвенцияны қабылдауға мәжбүр. Егер мемлекеттер конвенцияға қарсы шықса, онда БҰҰ-ның нақты шаралар қабылдауға құқығы бар.

Адамдар өмірге азат және қадір-қасиеті қалпында құқығы тең болып келеді. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының кіріспе сөзі осылай басталады. Одан кейін әр азаматтың осы декларациядағы барлық құқықтар мен бостандықтарға бірдей тең құқыққа ие болуы тиістігі айтылған. Біріккен Ұлттар Ұйымы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1948 жылы осы декларациядағы бұл сөзді құдды төңкеріс іспетті қабылдаған. Әрине, кейбір философтар адамның бәрі тең екенін сан ғасыр бұрын айтқаны мәлім. Бірақ ешбір елде адам теңдігі сақталмайтын еді. Екінші дүниежүзілік соғыс үстемдік пен бағынышты халық идеясын айқын көрсетті. Отаршылдық та, апартеид те, касталық жүйеде дискриминация көрсеткен. Тіпті, теңдік идеологиясын ресми ұстанатын елдердің өзі іс жүзінде Дордж Оруэллдің әйгілі «Скотный двор» кітабында айтқандай, бір адамдарды басқалардан жоғарырақ қоятын. Осындай кезде адам құқығы қозғалысы маңызды қадам болды.Ол символ ретінде ғана емес, заң тұрғысынан алып қарағанда.Енді жарияланған адам құқықтары азаматтың шыққан тегі мен тұрғылықты жеріне қарамастан бәріне қолданыла бастады.Бұл жалпыға бірдей болды. Теңдікті ұстанатын елде тумаса да қолданылады.Еуропалық конвенция Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей ұстаным идеясын жалғап әкетті. Конвенцияда аталған құқықтар - осы маңызды құжатқа қол қойған мемлекеттердің юрисдикциясындағы барлық адамға қолданады.Өмір сүру құқығы жасқа да, кәріге де тең екені аян. Ал наразылық білдіру құқығы радикалға да, сабырлыға да тең болмақ.Адамның түсі мен ұлтына қарамай жеке өмірді құрмет етуді талап ете алады. Конвенция мәтінінен құқықтардың дені адамның барлығына тең екенін көреміз.Ешкімді азаптауға болмайды. Адамның бәрінде бостандық құқығы бар. Демек, Еуропалық конвенцияның мәтінінен ашық қоғам идеясымен тағы бір байланыс табамыз.Адам құқықтары адамды шеттету үшін емес, біріктіру үшін керек.Тіпті қоғамда абыройсыз адамның өзінің құқығы бар.Террористік акті үшін айыпталған болып, заңға бағынатын болса да құқығын қолдана алады.Адам құқықтары элита мен таңдаулыларға ғана тән емес.Бұл құқықтарды Еуропалық конвенцияға қол қоймаған мемлекеттің азаматы болмаса да қолданатыны маңызды.Мысалы, Ирландия әйелдері Сербияға барса пікір білдіру құқығына ие болады.Швецияда жүрген Ирак азаматын осы елде тұруға ықтиярхаты болмаса да азаптауға болмайды.Еуропалық конвенция елдердің шекарасын ашуға мәжбүрлемейді.Бірақ осы конвенцияға қол қойған мемлекетке бара қалса, адам құқығын толық қорғауды талап етеді.Дегенмен, адам құқықтары туралы аймақтық шарттардың шегі бар.Еуропалық конвенция бүкіл әлемде қолданыла ма деген сұрақты жиі қойылады.Айта кетсем , бұл конвенция - қол қойған еуропалық елдің аумағында қолданылады.1950 жылдар басында мемлекеттерге бұл конвенцияны отарлаған елдерге қолданбауға рұқсат берген болатын. Конвенцияның бірінші бабында мемлекет осы құжаттағы адам құқықтарын өз юрисдикциясындағы әр азаматқа қолдануы міндетті екені айтылған.Осыдан-ақ конвенцияның белгілі бір адамдарға ғана емес, бәріне тең қолданылатын ауқымды және ашық жүйе екенін көреміз.Екінші жағынан, бұл конвенция адам құқығын қорғаудың шегін белгілеген. Яғни «өз юрисдикциясындағы» деген сөз сол шекті көрсетеді.Бұл сөз іс жүзінде нені білдіреді?Яғни, елдің адам құқығын қорғау міндеті өз аумағымен шектелетінін білдіріп тұр.Бұл норманы бұзатын кез сирек.Адам құқығын экстерриториалдық қолданатын кезде ғана бұзуға болады.Енді осы үшеуіне қысқаша тоқталамын.Біріншісі, адам құқығы ел аумағы кеңейген жағдайда қорғалады.Мысалы, Португалия өз ұшағына мінген адамның құқығын, тіпті Тынық мұхитында ұшып бара жатса да қорғауға міндетті.Еуропа елінің туын көтеріп жүзген кемеде де дәл солай қорғалады.Екіншісі, мемлекет өзі билік жүргізетін аумақ пен халыққа жауап береді.Бір мемлекет халықаралық құқық тұрғысынан заңды немесе заңсыз түрде екінші бір мемлекетті жаулап алса, дәл сол аумақтағы адам құқығын Еуропалық конвенцияға сай қорғауға міндетті.Адамды өз шекарасынан тыс жерде ұстап алса да, сол ұстаған сәттен бастап адам құқығын қорғауға міндетті.Қысқасы, биліктің жауапкершілігі бар.Үшіншіден, мемлекеттің адам құқығын қорғаудағы жауапкершілігінің аса маңызды бір элементі бар. Адамды құқығының бұзылуына нақты қауіп болса, басқа мемлекетке ұстап беріп, әрі қарай көз жұмып отыруға болмайды.Егер ұстап берген мемлекетте ол адам азапталып,өміріне қауіп төнсе, Еуропа елдері сол жағдайға қарамастан адамды бере салса, онда адам құқығын бұзған болып саналады.Мемлекет жауапкершілігінің дәл осы элементі басқа елден пана іздеп келгендер үшін де аса маңызды екенін байқадық..Адам құқығының осы бір маңызды принципі «ұстап бермеу» деп аталады. Ол француздің «non-refoulemen»» сөзінен шыққан.Осының бәрі адам құқығы идеясы кімге болса да өте маңызды екенін көрсетеді.Бұл маңыздылық адамдардың ғасырлар бойы бір-біріне таңып келген құқығы мен міндетінен басқа.Ашық қоғамда кім екені, қайда туғаны маңызды емес, азаматты да, азаматтығы жоқты да қорғалады.Бұл тұрғыдан алғанда, адам құқығы жалпыға бірдей болғаннан кейін ашық қоғамның басты элементі саналып отыр. Қысқасы, Еуропалық конвенциядан осы негізгі принцип көрініс тапты.



1.3. Кемсітушілікке тыйым салу

Бассейнге емін-еркін кіре аласыз ба? Әлде сіздің жақта оған кіру үшін адамның түсіне қарай ма?Кафеге жұмысқа ала ма? Әлде кафенің қожайыны асқан сұлу модельді ғана алам дей ме?Балаңыз білім ала ма?Әлде иммигрант деп мектепке алмай ма?

Адамның күн сайын дискримнацияға ұшырауы жиі кездеседі.Дискримнацияға теріс пікір - әділетсіздіктің немесе қарабайыр надандықтың кесірінен болуы ғажап емес. Дискримнацияның кез келген түрі адамға ерекше әсер етіп, қиындық тудырады.Сондықтан дискриминацияға тыйым салу адам құқығының маңызды кепілдігі саналады.Содан да оны адамның барлық құқығын жүзеге асыруға себеп болатын негізгі құқық дейді.Адамның дін ұстанымы мен тұратын жерін таңдау бостандығы ешқандай дискриминацияға ұшырамау керек. Білім алу мен сайлау құқығына да дискриминация болмауы қажет.Дискриминацияға адам құқықтары туралы шарттардың бәрінде тыйым салынған.Адам құқықтары туралы Еуропалық конвенцияда бұл тыйымды екі жерден байқаймыз.Яғни, конвенцияның 14-бабы және 12-хаттамасының 1-ші бабынан көреміз.

Хаттама дегеніміз – халықаралық шартқа толықтыру мен оған мемлекеттің қосылу өз еркіндігі.

Дегенмен, конвенцияның 14-бабы дискриминацияға тыйым салудың ең маңызды кепілдігі болғаннан кейін осы нормаға тоқталайын.Еуропалық конвенцияның 14-бабындағы дискриминацияға тыйым салудың үш элементінің орны бөлек.Біріншісі, 14-бап конвенцияда аталған адам құқықты дискриминациялауға ғана тыйым салады.Мысалы, конвенцияда кепілдік берілген жиналу еркіндігі дискриминацияға ұшыраса онда шағымдануға болады.Ал су құқығына шағым бере алмайды, себебі ол құқық шартта көрсетілмеген.Сондықтан 14-бапты қосалқы норма деп айтады. Дискримнация - конвенциядағы құқықтардың біріне қатысты болуы керек.Бұл орынсыз шектеу сияқты көрінгенімен, біраз уақыт өткен сайын Еуропа мемлекеттері дискриминацияға тыйым салу керек екенін қатты сезіне бастаған.Сот та конвенциядағы құқықтардың көбінің түсіндіру аясын кеңейтті. Мысалы, медициналық қызметтің қолжетімді болуы адамның жеке өмірімен байланысты саналады. Сондықтан ол құқықты конвенцияның 8-бабы қорғайды. Сондай-ақ 14-баптың дискриминацияға тыйым салуы қосалқы сипатына қарамастан қолданылады.Себебі, солай еткенде ғана халықты дискриминациядан қорғау күшейе түседі. Екінші маңызды элемент – конвенцияда дискриминацияға тыйым салатын негіздер анық көрсетілген.

Мәселен, жынысы, нәсілі, түсі, тілі, діні, саяси және басқа да сенімі, ұлты немесе әлеуметтік шығу тегі.Ұлттық азшылық топқа жата ма деген секілді тағы басқалар...Соңғы тағы басқалар деген сөздің маңызы ерек, себебі, бұл тізім осымен шектелмейді.Адамның дискриминацияға ұшырауы мүмкін басқа да себептерін қамтиды.Оған мысал ретінде Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың соңғы жылдардағы жыныстық бағдар мен мүгедектікті 14-бап қамтиды деп мойындағанын айтамыз.1950 жылдары конвенцияны құрастырғандар бұл жайында ойламаған болса керек. Бірақ қоғам құндылығы өзгеріп отыратыны анық. Сот конвенцияны тірі құрал ретінде түсіндірген кезде дискриминацияға тыйым салатын жаңа негіз қоса алатынын білдіреді.Үшіншісі, адамдар мен көзқарастың әртүрлі болуына тыйым салмайды.Егер оның негізі көңілге қонымды және көзқарас айырмашылығы болса, ол көзқарас дискриминация саналмайды. Мысалы, балалардың сайлауға қатысуына тыйым салуға болады,. Себебі, баланың шешім қабылдау қабілеті әлі толық қалыптасқан жоқ.Дегенмен, сот кейбір жағдайда адамдарға әртүрлі қарауға болмайды деп отыр. Бұл негіз күмәнді жағдайға қатысты айтылған. Адамдарға тең қарамау - күмәнді негіз ретінде жеке қасиетіне немесе тарихи стигматизацяланған топтарды атауға болады.Қазір қоғамда адамның нәсіліне, этносына қарап, теңсіздік танытуға жол берілмейді. Бұл күмәнді саналады.Осыған мысал ретінде Тимашев мырзаға этносына байланысты Ресейдің белгілі бір аудандарына баруға тыйым салғанын айтсақ дейміз. Еуропалық сот оны тыйым салынған дискриминация деп таныды.Себебі, адамға көзқарастың оның этносына байланысты болуына ештеңе негіз болмайды.Сонымен, дискриминацияға тыйым салу ашық қоғаммен қаншалықты байланысты?Негізі, дискриминация ашық қоғамға өте қайшы.Философ Анри Бергсон айтқандай- «Адам өз тайпасына адал болса да, бөтенге күмәнмен қараған жерде ашық қоғам болмайды».Бірақ тағы бір нәрсе бар.Ашық қоғам дегеніміз – инклюзивті қоғам, яғни экономикалық-әлеуметтік өмірді ешбір топты шетке теппей бірге пайдалану.Әлемде трансшекара миграциясы болған жерде кез келген қоғам өзгеріске алаңдайды, демек әлеуметтік- саяси күрес қашан да жалғаса береді.Дискриминацияға тыйым салу - құқықтың кепілдігі және нәсілшілдік пен теріс түсінік бар жерде де адамдардың бірігуіне жол ашатын құрал.Сондай-ақ ашық қоғамды басқарудың дұрыс жолы саналған демократиямен тікелей байланысты.Демократияның ең негізгі сипаттарының кейбір түрі саяси процеске қатысы болса оған тыйым салуды талап етеді.Тұтастай саяси топтарды саяси шешім қабылдау процесінен құрылымдық жолмен шеттетуге болмайды. Қысқасы, адам өз өміріне әсер ететін заң мен саясатқа тең қарап пікір білдіре алуы керек.Бұл тұрғыдан, адамды дискриминациялау, пікір білдіру мен сайлау сияқты демократиялық құқығын жүзеге асыруға тыйым салудың салдары ауыр болатынын түсіну керек. Мемлекет дискриминацияға жол бермей және жеке компаниялар мен ұйымдардың дискриминация жасамауын қамтамасыз етуі қажет.

2. АШЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯ

2.1. Ашық қоғам идеясы

Ашық қоғам ұғымын алғаш француз философы Анри Бергсон енгізген. Ол мұнымен жабық қоғамға қарама-қарсы қоғамды сипаттаған. Жабық қоғамда адам тек өз тайпасына немесе өз тобына ғана сенеді. Бөтенге жау деп қарайтын қорқынышы болады. Бергсон ашық қоғам бүкіл адамзатты қамтитын қоғам деп айтқан. Енді бір әйгілі философ Карл Поппер ашық қоғам идеясын одан әрі тереңдете түсті.Поппер «Ашық қоғамда адам қалыптасқан дәстүр мен біржақты шындыққа тәуелді болмайды, көзқарас пен білімнің өзгеруіне ашық болады»- деген анықтама берген. Поппердің пікірінше, ашық қоғамда демократиялық басқару формасы болуы керек.Философтың ойынша, қоғамға өзгерістерді бейбіт жолмен әкеле алатын жалғыз жүйе - демократия. Егер екінші дүниежүзілік соғыс кезінде халыққа біржақты шындықты таңатын нацизм мен коммунизм секілді аса қауіпті тоталитарлық идеология ежелгі тайпалық жабық қоғамға ұқсады.Ашық қоғамда азаматтар еркін және сыни көзқараспен қарап, қалыптасқан шындықты қайта електен өткізеді.Мұның бәрі адам құқығымен байланысты екенін түсінген боларсыз.Мысалы, ақпаратты еркін алу, ой-пікір қалыптастыру және оны білдіру құқығы секілді.Ашық қоғам туралы философиялық идеялардың шеңберінен шыға алсақ, тарих пен жаратылыстану ғылымдары бұл идея іс жүзінде не беретінін және оның адам құқығымен қаншалықты байланысы бар екенін нақты көрсетті.Өткенге ой жіберсек, екі нәрсені көреміз.Бір жағынан, билеушілердің дені өз әмірін жүргізген аумақтарға билігін сақтап қалуға ұмтылды.Осы мақсатты күш қолданып, дін мен қаржыны өз қолына алып, сондай-ақ елге кіріп-шыққандарды бақылауға тырысқан.Екінші жағынан, ешбір қоғам кейбір сирек жағдайда болмаса, басқа кезде толық ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!