Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Адам ұжымда"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мектеп: Шамалған ст. Қом. Бекітемін:__________________
Пәні: Өзін-өзі тану. Сабақ: №20 Мұғалім: Рахметова Жазира
Тақырыбы: Адам ұжымда.
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер:сыйластық, түсіністік, басқалар туралы жамандық ойламауға.
Сынып: 5 «А», «Б»; «Д», «Г», «В»; «З», «Ә», «И», «Ж», «Е»
Мерзiм: ___________________________________________________
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұжымдағы қарым-қатынастың маңызын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері:
|
Ресурстар: (оқулық,үнтаспа, үлестірмелі материалдар) |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 Т ережесін еске түсіру Тыныштық сәті. Су асты патшалығына ойша саяхат. Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. .1.Қандай сезімде болдыңдар? |
Сабақ барысын талқылау: Баяу әуен қосылады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Кластың тоқтамы» -Рахима апай Бауыржанға не үшін риза болды? -Бауыржанның өз сыныптастарын «жөнге саламыз » дегенінен нені түсінесіңдер? -Сыныпта татулық болу үшін қандай іс-әрекеттер жасау керек деп ойлайсыңдар? -Бауыржанның іс-әрекетінен қандай үлгі алуға болады? -Өзің сыныптағы татулық үшін не істей алар едің?Айтып бер. |
Әлдихан Қалдыбаев (1939 жыл 3қазан Жамбыл облысы Шу ауданы – балалар жазушысы.жеке және топпен әңгімелесу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін. |
Үй тапсырмасын тексеру. 1-тапсырма. 1.Ұжымдық қарым-қатынаста қандай қасиеттер қажет? 2.Ұжым дегеніміз не? |
Түрлі түсті бояулар, жеке оқушымен жұмыс. Оқушылар ұжымдағы қарым-қатынас мәдениеті мен сыйластықты түсінеді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3.Дәйексөз. «Сыпайылық,сабырлылық-асыл адам белгісі». Дәйексөзді үш оқушы оқиды және жалпы сыныпқа хормен үш рет дауыстап оқиды.
|
Халық нақылы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4.Оқиға айту. Ырыс алды - ынтымақ Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп тұрады. Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді. Үлкен кішісін аямайды, кішісі үлкеніне ақшия қарайды. Бірлігі жоқ баланы әркімдер-ақ ұрып кете береді, содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға шомады. Айласы таусылған шал таудан бір құшақ тобылғы әкеліп, балаларын түгел шақырып алады. Содан соң:
Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай, әбден шаршайды. Қария тобылғының бауын шешіп: Енді бір бірден сындырып көріңдер, - дейді. Балалары тобылғыны сол заматта-ақ шарт-шарт бөліп: Міне, сындырдық, - деп мақтанысады. Шал балаларын отырғызып қойып, нұсқалы сөзін бастайды. Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарың көп болса, ынтымақ жоқ болса, дұшпан сендерді жаңағы жалғыз тал тобылғыдай бырт-бырт сындырады. Ал буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар, сендерді ешкім сындырмақ түгіл, майыстыра да алмайды. Менің айтарым сол, - дейді. Көп ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етіп, кем-кетікке көмектесіп, ынтымақты өмір сүреді. «Ырыс алды – ынтымақ » деген сөз осыдан қалған екен.
Advertisements |
..Мөлдір бұлақтан. Аңыз әңгіме |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5.Шығармашылық іс-әрекет. 3-тапсырма «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында эссе жазу тапсырылады. 4-тапсырма «Сыныптағы ауыз біршілік» тақырыбында сахналық көрініс ұйымдастыру ұсынылады. |
Дәптермен,жеке жұмыс Топпен, Сахналық көрініс |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін. |
Шығармашылық жұмыс. 1-тапсырма.
1.Адам өз ісіне қандай болу керек? 2.Адам жұмыста қандай көңіл күйде болады? 3.Ұжымдағы қарым-қатынас қасиеті? 4. Ұжымдағы сүйіспеншілік құндылығына жататын қасиет? |
Жеке жұмыс Оқушылар ұжымдағы қарым-қатынас мәдениеті мен сыйластықты түсінеді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
6.Топпен ән айту. Ақ,қарамыз,сарымыз, Тату доспыз бәріміз. Достық жайлы ән салып, Шырқатайық,қане біз.
Жүзімізге қараңыз, Бал-бұл жанған баламыз. Бізге қымбат күн шуақ, Бізге қымбат Анамыз.
Ән саламыз күнде біз, Шаттық толы іргеміз. Біз мәңгіге достармыз, Біз мәңгіге біргеміз |
Достық әні
Өлеңін жазған: Фариза Оңғарсынова Әнін жазған: Айжігіт Асанов |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7.Үй тапсырмасы. «Сәлем» |
Әдібай Табылды Әңгіме 89 бет,оқу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін.
|
Үйге тапсырма. 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап жаз. 1.Сәлемдесу адамның бойында қандай қасиеттерден көрініс береді? 2. «Сәлем - сөздің анасы» дегенді қалай түсінесіңдер? |
Сәлемдесу әдебін, қасиеттерін түсінеді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8.Қорытынды.Тыныштық сәті. |
Сабақтан не үйрендік? Сабақтан не түсіндік? |