4. Әңгімелеу Мұғалім
сыйы
Қызыл алма
(Ертегі)
Қалың орманға күз де келіп
жетті. Айналадағы ағаштардың жапырақтары алтын сары түске енді.
Ұйқысынан ерте оянған қоян осы көріністерге қызыға қарап келе
жатып, ағаш басынан бір қызыл алманы байқады. Жүрегі жарылардай
қуанған ол:
– Алақай, алақай! Бұл – менің
алмам! Оны мен таптым! – деп айқай
салды.
Қоянның айқайын естіген
сауысқан сол сәт ұшып
келіп:
– Ау, қоян! Таң атпай не болды?
Дауысың қатты шықты ғой? –
деді.
– Әне, анау менің алмам, кӛрдің
бе, мен таптым!-деді қоян
шыдамсызданып.
– Сауысқан-ау!- деді сосын. –
Көршіміз ғой, сол алмамды маған
үзіп
берші! Сауысқан тұмсығымен
сабағын қиып жіберіп еді, алма төмен қарай құлдай жөнелді. Сол
кезде қайдан тап болғаны белгісіз, кірпі жетіп келіп алманы қағып
алып, қаша жөнелді. Оны босқа беріп қоятын қоян ба, артынан тұра
қуды. Сауысқан алдарынан шықты. Үшеуі таласа кетті. Сол сәт жерден
шыққандай күркіреп аю
келді.
– Ау, бұл не шу, орманның
тынышын кетіріп? Кәне, айтыңдар?-
деді
ақырып. Алысып жатқан үшеуі
жым болды. Қоян тілден айырылып, сөйлей алмай қалды. Сауысқан «пыр»
етіп ұшып, ағаштың басына қонды. Тек кірпі ғана шашалып
барып:
– А-а-аю аға! Біз алмаға таласып
қалдық,- деді екі сөздің басын әрең
құрап.
– Алманы кім тапты әуелі?- деді
аю.
– Мен таптым,– деді қоян тақ
етіп.
– Ол бұтақта ілініп тұр
екен.
– Ал алманы кім
үзді?
– Мен үздім, – деді сауысқан
саңқ етіп.
– Кім оны жерге түсірмей қағып
алды?
– Мен қағып алдым, мына
инелеріммен,– деді кірпі арқасындағы инелерін
көрсетіп.
– Алма біреу, ал сендер
үшеусіңдер…– деді аю
ойланып.
– Кірпі,– деді сәлден соң. – Сен
алманы үшке бөл!
Кірпі аюдың айтқанын орындап,
бірақ алманы төртке бөледі де,
бәрін
түгел аюға береді. Алманы
қолына алған аю:
– Алманы тапқан сенсің, қояным!
Ала ғой, мынау сенің үлесің,–
деді
қоянға бір бөлігін
ұсынып.
– Ал, сауысқан, мынау сенікі –
бұтадан үзіп бергенің үшін,–
деді
сауысқанға бір бӛлігін
ұсынып.
– Ал, кірпі, мынау сенің үлесің,
алманы жерге түсірмей қағып
алғаның
үшін,- деді бір үлесті кірпіге
беріп.
Соңында қолында қалған
төртінші үлеске
қарап:
– Бұл кімге? - деді
таңырқап.
– Ол – сенің үлесің! – деді
кірпі айқайлап.
– Маған? Маған несіне беріп
жүрсіңдер, еш қатысым жоқ
қой?
– Жоқ, аю аға, сіз бізді
ұрыстырмай, керісінше, достастырдыңыз. Жалғыз алманы бәрімізге
теңдей қылып бөліп бердіңіз. Бұл – соның өтеуі,– деді
кірпі.
– А-а, солай ма? - деді аю
қуанғаннан арсалаңдап. – Онда елеп, ескергендеріңе рақмет! Әр кез
бойымызды ашуға жеңдірмей, осылай ақылмен, сабырмен шешейік. «Ашу –
дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос», демей ме бұрынғылар.
Рақмет!
Сыйластық, татулық дегенді
қалай түсінесіңдер?
Өзара түсіністік не үшін қажет
деп ойлайсыңдар?
Түйін: Үлкенге құрмет, кішіге
ізет көрсете білу –
асқан
адамгершіліктің белгісі.
Өзіңді сыйлай білсең, өзгені де
сыйлай
аласың. Өзін-өзі сыйлаған
адамның ойы, сөзі, ісі бірлікте
болады.
Өзара түсіністік, сыйластық
татулыққа жеткізеді.
|