Материалдар / Адам ұрпағымен мың жасайды.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адам ұрпағымен мың жасайды.

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Тыл ардагер жолын оқушыларға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді үйрету. 2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту. Халық даналығы арқылы отбасындағы туыстар сыйластығы, ата-бабамыздан келе жатқан қасиеттерді одан әрі дамыта түсу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
1059
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Адам ұрпағымен мың жасайды.

Мақсаты:

1. Тыл ардагер жолын оқушыларға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді үйрету.

2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту.

Халық даналығы арқылы отбасындағы туыстар сыйластығы,

ата-бабамыздан келе жатқан қасиеттерді одан әрі дамыта түсу.


Көрнекіліктер: Слайд

Нақыл сөздер: «Кәріге құрмет-балаға міндет»,

«Қарт кісіні қадірле, өзің де қарт боларсың»

Мұғалім: Армысыздар құрметті оқушылар және біздің құрметті қонағымыз ауылымыздың биылғы жылы қазан айында 90 жасқа толып отырған Қалам-Қарасу ауылымыздың тыл ардагері Ақышев Балғабай ата. Қош келдіңіз! Көңіл-күйлеріңіз қалай, жақсыма? Бүгінгі қонағымызбен таныс болсақ «Адам ұрпағымен мың жасайды» атты тақырыбында сыр сұхбат өткіземіз. Балалар білесіздер ме тыл ардагері сөзін кім қалай түсінеді?

Ардагер-құрметті, ардақты, қадірлі адам деген мәнді білдіретін этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген абыройлы адамды халық ардагері деп жоғары бағалайды. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ «Адамның бақыты - балада» деген екен. Адамға нағыз бақыты –тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы.

Ендеше бүгінгі өткізіп отырған іс шарамызға сіздермен сыр сұхбаттың қонағын ортаға шақырамыз.

Қош келдіңіз! Балғабай ата! Сіздің көңіл күйіңіз жақсыма? Балалармен кездесуге дайынсызба? Біріншіден оқушылар атамызды 90 жасымен құттықтайық!

Құттықтаймыз,құттықтаймыз, құттықтаймыз!

Балғабай ата өзіңіз жайлы айта отырсаңыз:

Мен Ақышев Балғабай 1927 жылы 22 қыркүйекте Торғай облысы Жангелдин ауданы Шұбалаң ауылында дүниеге келгем.Балалық шағым осы Шұбалаң ауылында өтті. 1941 жылы соғыс басталғанда 14 жаста болғанмын. Өзімнің жас шамама қарамастан ауыл қарттары, ақ жаулықты аналармен бірге аянбай, ауыл тірлігіне көмектестім. Күзді күні шөп шауып, арбаға тиеп ауыл малдарына азық дайындадық. Соқамен жер жыртып, егін шаруашылығына да атсалыстым. Колхоздың кез-келген жұмысына бозбала таңнан қара кешке дейін өрімдей жас балалар ойынының орнына жұмысқа араластым. Сұм соғыстың кесірінен өрімдей жас баламын балалық шақпен ерте қоштастым. 1945 жылы мамыр айында соғыс аяқталғанда 19 жаста едім.

Мұғалім: Құрметті оқушылар міне біздің атамыз қандай қиыншылықты басынан кешкен екен.

Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен әкенің өнегесімен, аталар ақылы мен беріліп, өзіндік ұлттық қасиетімізді қалыптастырады. Міне сіздер осыған лайықты жансыз құрметті Балғабай ата. Сізге арнап 3-сынып оқушылары жыр шумақтарын арнайды қабыл алыңыз.

  1. Хош келіпсіз Балғабай ата

Ақыл кенін арқалаған дана

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз болған шақты бала


  1. Егеменді ел болып қалыптасты

Өркениетке қадамды анық бастық

Туған жердің тұғыры биік бол деп

Шын жүректен осы кешті сыйға тарттық


3)Әлпештеген баланы,

Әке, ата-бабаны

Әрқашанда сүйеміз

Ардақтап бас иеміз


4)Ардақты батыр ағалар

Сүйікті біздің әкелер

Біз де өсіп толамыз

Өздеріңдей боламыз

Ата жолын қуамыз

Айтқан сертте тұрамыз


5.Қиясына өмірдің өрлеп көрді

Ел-жұрт үшін ерінбей еңбектенді

Ортамызда ақылшы атамыз бар

Тоқсан жасқа атамыз келді

Еркелетіп немере, шөбересін

Кәрілікті апамыз елемесін

Үрім-бұтақ, ұрпағы құттықтаймыз

Тіршіліктің қызығын көре берсін.




Құрметті : Балғабай ата сізге балалардың сұрақтары бар екен. Ал ендеше бастайық! Сұрақ балалардан, алғашқы оқушының сұрағы қойылады.

Оқушылар кеш қонағына мынадай сұрақ қойды.

1-оқушы Сіз оқу оқып мамандық алдыңызба?

Балғабай ата: Соғыстан кейінгі жылдарда оқу оқып, есепшілік мамандығын алдым. Нақтылап айтсам 1996 жылы Қостанай қаласында 6 айлық есепшілік курсынан өткем. Ол 1 май Малбордақылау савхозында есепші қызметін атқардым. Зейнеткерлікке шыққанша осы мамандық бойынша қызмет атқардым.

2-оқушы: Саламатсызба ата! Сізді 90 жас туған күніңізбен құттықтаймын менің қоятын сұрағым «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген бүгінгі сыр сұхбатымыздың тақырыбына байланысты сұрақ қойғым келіп тұр

Неше бала тәрбиелеп өсірдіңіз?

1954 жылы 27 жасымда Мәрзия әжелеріңмен танысып, отбасын құрып, 52 жыл жұбымыз жазылмай бақытты ғұмыр кешудеміз. 10 бала өсірдік.

Қазіргі таңда 35 немере, 26 шөберенің қызығын көрудемін.

3-оқушы: 55,60,65,70 жылдардағы төсбелгілермен марапаттарыңыз туралы айтып берсеңіз.

4-оқушы:Туған жер сізге несімен ыстық?

5-оқушы Қазақстанның қандай қалаларында болдыңыз?

6-оқушы Алғашқы ұстазыңыз есіңіздеме?

7-оқушы Әкеңіз жайында айтып беріңізші

8- оқушы Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз барма?

Бағанадан бері әртүрлі сұрақтар қойылды. Сол сұрақтар қойылды. Сол сұрақтардың ішінен өзіңізге ұнаған сұрақ болса, сұрақ иесіне мына бір рамкадағы қолтаңбаңызды жазып, беруіңізді сұраймыз.

Құрметті тыл ардагері Балғабай ата, сізге берілген сыр сұхбат аяқталып қалды.

Ел тыныш, жүріп жатсыз ортамызда

Құрметпен қол жаямыз батаңызға

«Шүкір» дейді ақ шашты ардагер

Айналар өмірі үлгі, аты аңызға

«Батаменен ел көгерер» Ардагер атадан бата сұрау.


Осы кездесуімізді Ғ.Мұстафиннің «балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды, ол өл-өлгенше суынбайтын махаббат» деген сөзімен аяқтағым келеді. Менің ойымша, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана елдің болашағы зор болмақ. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы.

Міне балалар, бүгінгі сіздермен 90 жасар атамызбен өткен сыр сұхбат аяқталып қалды. Бүгінгі кездесуден үлкен әсер алдыңдар деп ойлаймын. Кездесуге қонақ болып келген Балғабай атамызбен естелік суретке түсуге шақырамыз. Ал ата сізге мықты денсаулық тілейміз!Алтын уақытыңызды аялап келгеніңіз үшін мың алғыс айтамыз.



Picture 1 Picture 2



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!