Материалдар / Адамды түсіну
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамды түсіну

Материал туралы қысқаша түсінік
• Өзімізге қатысты байсалды көзқарас таныту үшін не істей аламыз? • Басқаларға қатысты дұрыс әрекет ету үшін не істегеніміз жөн? • Болмысымызды жақсарту үшін не істеуге болады? КӨП медицина қызметкері жұқпалы ауруға шалдыққан адамдардың арасында жұмыс істейді. Науқастарына көмектескісі келгендіктен оларға күтім жасайды. Алайда олар ауруды емдеймін деп жүріп, өздеріне жұқтырып алмас үшін қорғанулары қажет. Құдайдың қызметшілері ретінде біз де осыған ұқсас жағдайдамыз. Көбіміз Құдайдікінен мүлдем өзгеше көзқарасты және қасиеттерді жұқтырған адамдармен бірге тұрамыз не жұмыс істейміз. Бұл біз үшін қиын болуы мүмкін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2019
1202
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Адамды түсіну

  • Өзімізге қатысты байсалды көзқарас таныту үшін не істей аламыз?

  • Басқаларға қатысты дұрыс әрекет ету үшін не істегеніміз жөн?

  • Болмысымызды жақсарту үшін не істеуге болады?

КӨП медицина қызметкері жұқпалы ауруға шалдыққан адамдардың арасында жұмыс істейді. Науқастарына көмектескісі келгендіктен оларға күтім жасайды. Алайда олар ауруды емдеймін деп жүріп, өздеріне жұқтырып алмас үшін қорғанулары қажет. Құдайдың қызметшілері ретінде біз де осыған ұқсас жағдайдамыз. Көбіміз Құдайдікінен мүлдем өзгеше көзқарасты және қасиеттерді жұқтырған адамдармен бірге тұрамыз не жұмыс істейміз. Бұл біз үшін қиын болуы мүмкін.

2 Осы соңғы күндері Құдайды сүймейтін адамдар оның жақсы мен жаманға қатысты нормаларын еш елемейді. Елші Пауыл Тімөтеге жазған хатында мұндай адамдардың бойындағы жағымсыз қасиеттерді атап өткен. Пауыл соңғы күндердің ақыры таяған сайын, жағымсыз мінез-құлықтың жайлаған үстіне жайлай түсетінін де жазған. Осындай жаман қылықтарды естіп-көргенде төбе шашымыз тік тұратын шығар, десе де айналамыздағы адамдардың ой қалпын, сөздері мен әрекеттерін жұқтырып алуымыз ғажап емес. Осы мақалада бұл жаман қасиеттер мен Құдайдың қызметшілері танытатын қасиеттердің айырмашылығын көреміз. Сондай-ақ адамдарға Ехоба жайлы білуге көмектесе жүріп жаман қасиеттерді жұқтырып алмас үшін, қалай қорғануға болатынын білеміз.

3 Пауыл соңғы күндері “ерекше қиын уақыт болатынын” айтқан. Артынан біздің күндерімізде белең алатын 19 жағымсыз қасиеттің тізімін келтірген. Бұл қасиеттер атап өткен қасиеттерге ұқсайды. Бірақ Тімөтеге жазған хаттағы тізімде қолданылған кейбір сөздер Мәсіхшілердің грек жазбаларының басқа еш жерінде кездеспейді. Пауыл тізімді “адамдар” деген сөзбен бастап, олардың жағымсыз қасиеттерді танытатынын айтқан. Алайда Пауыл жазған жағымсыз қасиеттерді адамдардың барлығы бірдей танытпайды. Мәсіхшілердің танытатын қасиеттері мүлдем өзгеше

ӨЗІМІЗГЕ ҚАТЫСТЫ ҚАНДАЙ КӨЗҚАРАСТАМЫЗ?

4. Өркөкірек адамды қалай сипаттар едіңіз?

4 Пауыл көп адамның тек қара басын ойлайтынын және ақшақұмар болатынын айтқаннан кейін, адамдардың мақтаншақ, тәкаппар әрі өркөкірек болатынын да айтты. Осындай мінез-құлық танытатындар сырт келбетіне, қабілетіне, дүние-мүлкіне және қоғамдағы беделіне бола өздерін басқалардан жоғары санайды. Олар бәрінен бұрын басқалардың өзіне таңдай қағып, тамсана қарағанын қалайды. Бір зерттеуші көкірек адам жүрегінде Құдайға емес, өзіне табынатынын жазған. Кейбір адамдардың айтуынша, көкіректіктің жеркеніштілігі сонша, тіпті тәкаппар адамның өзі осы қасиетті басқалардың бойында көргенде, мұны жақтырмайды.

5. Ехобаның кейбір адал қызметшілерінің өзі қалай тәкаппарланып кетті?

5 Ехоба көкіректікті не Киелі кітапта жазылғандай “менмен көзді”, жек көреді (Шын мәнісінде, көкіректік адамды Құдайдан алшақтатады . Ол — Ібіліске тән қасиет (Өкінішке қарай, Ехобаның кейбір адал қызметшілерінің өзі менмендікті жұқтырып алған. Мысалға, Яһуданың патшасы Ұзияхты алайық. Ол жылдар бойы адалдық сақтап келген. Бірақ Киелі кітапта: “Әбден күшейіп алған соң, Ұзиях өз сорына тәкаппарланып кетті. Ол Құдайы Ехобаға қарсы опасыздық жасады”,— делінген. Ұзиях ғибадатханаға кіріп, хош иісті затты түтетіп, құқығы жоқ нәрсені істеді. Кейінірек адал Езекия патшаның да тәкаппарланып кеткен кезі болған

6. Дәуіт не себепті көкіректеніп кетуі мүмкін еді? Бірақ неге ол кішіпейіл болып қалған?

6 Кейбір адамдар сымбатты, танымал, музыкаға қабілеті бар, қара күшке не өзгелердің сый-құрметіне ие болғандықтан көкіректеніп кеткен. Мұның бәрі Дәуітте болған, десе де ол бар ғұмырында кішіпейіл болып қалған. Мысалы, Ғолиятты өлтіргеннен кейін, Саул патша оған қызын әйелдікке бермекші болады. Бірақ Дәуіт бұған: “Патшаның күйеубаласы болатындай мен кіммін, Исраилде туыстарым мен әкемнің үй іші кім?!”— деп жауап берді (. Дәуітке кішіпейіл болып қалуға не көмектесті? Ол өзінде бар қасиет, қабілет пен артықшылықтың бәріне Құдай кішіпейілділік танытып, оған назар аударғандықтан ие болғанын білген. Ол өзіндегі бар жақсының Ехобадан келгенін түсінді.

Құдайдың қызметшілерінің кішіпейілділігі арқылы адамдар оған жақындауы мүмкін

7. Кішіпейіл болуымызға не көмектеседі?

7 Дәуітке ұқсап, бүгінде Құдайдың қызметшілері кішіпейіл болуға тырысады. Құдай Тағала болып табылатын Ехобаның өзі кішіпейіл екенін білгеніміз жанымызды тебірентеді. Біз мына сөздерді өмірде қолданғымыз келеді: “Жанашырлық, мейірімділік, кішіпейілділік, жұмсақтық, шыдамдылық сияқты қасиеттерге бөленіңдер” . Сондай-ақ сүйіспеншілік “мақтанбайтынын, менменсінбейтінін” де білеміз (Айналамыздағы адамдар кішіпейіл екенімізді көргенде, олар да Ехобаны танып-білгісі келуі мүмкін. Сенбейтін күйеуі мәсіхші әйелінің жақсы жүріс-тұрысы арқылы Құдайға жақындауы мүмкін екеніндей, адамдар да Құдайдың қызметшілерінің кішіпейілділігі арқылы оған жақындауы мүмкін

БАСҚАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ҚАЛАЙ ӘРЕКЕТ ЕТЕМІЗ?

8. а) Бүгінде кейбір адамдар балалардың ата-анасына мойынсұнбауына қалай қарайды? ә) Киелі кітапта балалардың не істеу керектігі айтылған?

8 Пауыл соңғы күндері адамдардың бір-біріне қалай қарайтынын айтып өткен. Ол балалардың “ата-анасына мойынсұнбайтынын” жазған. Бүгінде көп кітаптар, фильмдер мен бағдарламаларда мұндай қылықты кәдімгі нәрсе және еш оғаштығы жоқ етіп көрсетеді. Бірақ шындығына келгенде, балалардың ата-анасына мойынсұнбауы отбасы шаңырағын шайқалтады, ал отбасы — қоғамның негізі болып табылады. Адамдар бұл шындықты бұрыннан біледі. Мысалы, ежелгі Грекияда ата-анасына қол көтерген адам азаматтық құқықтарынан айырылатын. Ал Рим заңы бойынша, әкесіне қол көтерген бала кісі өлтіруші ретінде жазалануы мүмкін болған. Еврей жазбаларында да, Грек жазбаларында да балаларға ата-анасына құрмет көрсету бұйырылған

9. Балаларға ата-анасына мойынсұнуға не көмектеседі?

9 Айналасындағылар тілазарлық танытса да, балаларға ата-анасының тілін алуға не көмектеседі? Балалар ата-анасының өздері үшін жасаған бар жақсылығы жайлы ойласа, оларға деген ризашылықтары артып, мойынсұнуға ықыласты болады. Бұған қоса, жастар мынаны түсіну керек: барлығымыздың Әкеміз Құдай олардан ата-анасына мойынсұнады деп күтеді. Олар ата-анасының жақсы жақтары туралы айтып жүретін болса, достарын да өз ата-аналарын сыйлай түсуге талпындырады. Әрине, ата-анасы “бауырмалдықтан жұрдай” болса, оларға мойынсұну балалар үшін әлдеқайда қиын болуы мүмкін. Ал егер ата-анасы балаларын қатты жақсы көретінін көрсетсе, балалары қиын болса да олардың тілін алуға тырысатын болады. Остин есімді бір жас бауырлас былай дейді: “Теріс қылық жасауға бейім болсам да, ата-анам ақылға қонымды ережелер орнататын әрі оларды не себепті орнатқанын түсіндіріп отыратын. Олар ашық сөйлесуге әрдайым дайын еді. Бұл оларға мойынсұнуыма көмектесті. Ата-анам қамымды ойлайтынын түсінгендіктен, олардың көңілінен шыққым келетін болды”.

10, 11. а) Қандай жаман қасиеттер адамдардың бір-бірін жақсы көрмейтінін көрсетеді? ә) Шынайы мәсіхшілер өзге адамдарды қаншалықты жақсы көреді?

10 Пауыл адамдардың бір-бірін жақсы көрмейтінін көрсететін басқа да қасиеттерді атап өткен. Ол адамдардың “ата-анасына мойынсұнбайтынын” атап өткен соң, олардың алғысты білмейтінін айтты. Бұлардың бірінен кейін бірі аталғаны қисынды, себебі алғысты білмейтіндер өзгелердің жасаған жақсылығын бағаламайды. Бұған қоса, Пауыл жұрттың опасыз болатынын да айтты. Олар ымыраға келмейтін, яғни өзгелермен татуласқысы келмейтін болады. Адамдар балағатшыл әрі сатқын болып, өзге адамдарға, тіпті Құдайға тіл тигізіп, қорлық сөздер айтатын болады. Сондай-ақ олар жалақор болады*. Мұндайлар өзгелердің беделін түсіру үшін зиянды өтірікті таратады.

11 Ехобаның қызметшілері осы дүниедегі адамдардың басым бөлігінен ерекшеленеді, өйткені олар басқаларға шынайы сүйіспеншілік танытады. Бұл үнемі солай болған. Иса айтып кеткендей, Мұса Заңында өзге адамды сүю заңынан маңыздырақ болған Құдайды сүй деген заң ғана еді . Бұған қоса, Иса шынайы мәсіхшілердің өзара сүйіспеншіліктерімен танымал болатынын айтқан. Шынайы мәсіхшілер тіпті жауларын да жақсы көреді.

12. Иса өзгелерге деген сүйіспеншілігін қалай көрсетті?

12 Иса адамдарды шын жақсы көретінін көрсетті. Ол қаладан-қалаға сапар шегіп, адамдарға Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды айтты. Соқырларды, ақсақтарды, алапестер мен саңырауларды айықтырды. Өлгендерді де қайта тірілтті .Оны жек көрген адамдар көп болса да, ол адамзатты құтқару үшін тіпті жанын құрбан етті. Иса Әкесінің сүйіспеншілігіне кемелді түрде еліктеді. Дүниежүзі бойынша Ехоба куәгерлері Исаны үлгі тұтып, өзгелерге сүйіспеншілік танытады.

13. Өзгелерге сүйіспеншілік танытқанымыз қалай оларды Ехобаны танып-білуге талпындыруы мүмкін?

13 Адамдар біздің оларды сүйетінімізді көргенде, көктегі Әкеміз жайлы білгісі келуі мүмкін. Мысалы, Таиландта тұратын бір ер кісі аймақтық конгреске барғанда, бауырластардың өзара сүйіспеншілігін көріп, қатты таңғалады. Үйіне барған соң, Ехоба куәгерлерінен өзімен аптасына екі рет Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізуді сұрайды. Сосын ол бүкіл туған-туыстарына уағыздайды. Небәрі жарты жыл өткенде, бұл кісі Патшалық сарайында алғаш рет Киелі кітапты оқу тапсырмасымен шығады. Біз ше, өзгелерге сүйіспеншілік танытамыз ба? Мына сұрақтар жайлы ойланайық: “Отбасы мүшелеріне, қауымдағыларға, қызметтегі адамдарға қол ұшын беру үшін барымды саламын ба? Өзгелерге Ехоба сияқ



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!