Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Адамдықтың белгісі
Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыны адамгершілікке баулу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
01 Ақпан 2018
440
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, оқушылар бойында әдеп әліппесін дамыту, таным белсенділігін арттыру.
Әдісі: сұрақ-жауап, көрініс көрсету, баяндау, ойтолғау.Көрнекілігі: мақал жазылған тірек-сызба, көрініске арналған көрнекіліктер, жүрек сұлбасы, доп
Барысы.Ұйымдастыру (Психологиялық дайындық)Үлкенге де сізКішіге де сізБаршаңызды құрметтеп,Бас иеміз біз.
Негізгі бөлім
1-жүргізуші:Біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынасқа ежелден-ақ көңіл бөліп келгендігі баршаңызға белгілі. ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдерімен нақыл сөздерінен молдап ұштастырамыз. "Әдептілік иесі-иіліп сәлем бергені. Ұлық болсаң кішік бол. Кішіпейілділік-кішілік емес, кісілік " деп ой тарқатып халқымыз ұстанған тәлім-тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейді.
2-жүргізуші:Қазақ халқына тән дархан қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу, ағайын-туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып, уәдеге тұра білуге, жас ұрпақты әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазіргі кезде де ұнасымды жалғасып, бүгінгі өмірімізбен үйлесім тауып отыр.
1-жүргізуші:Олай болса бүгінгі сынып сағатымыз "Адамдықтың белгісі" деп аталады...
Көрініс "Жүрек, қайрат, ақыл және ғалым"Жүрек: Мен адам баласын алаламаймын. Жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын-мен.Өділет,нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен таралады.Қайрат: Дүниеде еш нәрсе менсіз болмайды.Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай бойды таза ұстайтұғын мен емес пе?Ақыл: Пайдалыны, залалды білетұғын-мен. Менсіз ғылымды ұғып үйрене алмайды.Ғылым: Ей, қайрат! Сен жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман. Ей, ақыл! амал да, айла да -бәрі сенен шығады. Жақсының да, жаманның да сүйенгені-сен, екеуіңнің де іздегенін тауып берік жүресің, соның жаман. Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет. Үш-ақ нәрсе -адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз.
2-жүргізуші: Ендігі кезекте ұлдар мен қыздар болып сайысып көрейік.Сайыс 6 кезеңнен тұрады. 1. Сұраққа-жауап1. Мектепке шығысымен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? ( Үлкен кісімен амандасып, жол беремін)2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек?(Үлкендердің әңгімесін бұзып сөзге араласпайды)3. Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің?( Асықпай түсіндіріп айту керек)4. Автобуста егде адамдарды көргенде не істейсің?( Үлкендерге әрдайым орын беру керек)5.Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?(Үлкен кісімен "Сіз" деп сөйлесу керек)6. Күнде таңертең мектепке келгенде не істейсің?( Мұғалімдермен, балалармен амандасамын)7. Тамақ ішіп болғаннан кейін не істей керек?(Аспазға, анама рахмет айтамын)8.Әдептілік қайдан басталады?(Отбасынан, кішкентай кезден басталады)9. Әдепсіз адам бола ма? Болса дұрыстауға болама?(Болады. Бірақ көп уақыт кетеді. Өзін-өзі жеңе білу қажет)10. Көркіне, киіміне, ақшасына қарап әдепті деп айтуға бола ма? Әдепті ақшаға сатып алуға бола ма?(Жоқ)11. Сонда әдептілік деген не?(Екі топқа да қойылады)Әдеп -ол адамдардың жріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережелері. Бұған елгезектік, тілалғыштық, сыпайылық, көрегендік жатады. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласың.Әдеп-адамдармен қатынас барысында, әңгімелесу кезінде шамадан аспау, сөзіміз бен ісіміз сөйлесіп тұрған адамның көңіліне тимеуін ойлау, сыпайылық шегінен шықпау.Әдеп-барлық жағдайда сыпайылық шегінен шықпау.Әдеп барлық жағдайда қатынас жасап тұрған адамның жеке ерекшелігін ескеруді талап етеді.
2. Қане ойланайық.1. Айнұр көрші апайға "Күнде көріп жүрмін ғой, бүгін амандаспайыншы" деп ойлап қасынан өте шықты.Сонда көрші апай...Жалғастыр ...2. Көшеде келе жатқан атаға бір бала әдейі соқтығысты....Жалғастыр...3. Сергіту сәті-Балалар әдемі билей білу де әдептілікке жатады екен. Олай болса "Қаражорға биін" билеп көрейік.
4.Кім көп біледі?Әдептілік, тәрбие туралы мақал-мәтел айтып жарысу.5. "Жалғастыр"ойыны-Не істеуге болмайды?Үлкендердің алдынан...Құстарды ... болмайды.Кішкене баланы ....Қыз бланы ...Оқулықты ....Сыныпта ....Тамақты ....Айқайлап ....Бетіңді басып ....... айтуға болмайды.6. Шаттық шеңбері: Сәлемдесу1Ассалаумағалейкүм.-Уағалейкүмассалам.2 Сәлем бердік.-Амансың ба?3. Сәлем-Сәлем4. Кеш жарық.-Жап-жарық5. Қайырлы таң. Күнің жарық болсын-Өзіңе де соны тілеймін.6. Армысыз, әже-Амансың ба құлыным.7.Армысыз, ата-Есенсің бе жарқыным.8. Сәлеметсіз бе?-Сәлеметсіңбе, Рысхан.Әдептілікке жататын "қызыл жүректер" белгілерін қалдырып, "қаражүректерді" алып тастау. Орнына қою
Шыншыл, инабатты, тәртіпті, әділ, тәрбиелі, өнегелі, кішіпейіл, ұқыпты, әдепті, өтірікші, ұрлық жасау, өсекші, ешкімді тыңдамау, амандаспау, өркөкірек, мақтаншақ, қызғаншақ.Бұл сөздерді өздері тауып айту қажет.Ұлдарға сұрақ:1. Қыз балаға қандай мінез-құлықтар тән?2. Қыз бала туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?Қыздарға сұрақ:1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды.2. Ұлдар туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?3. Ұлдардың мінезі қандай болу қажет дер ойлайсыңдар? Қорытынды:-Балалар, сонымен әдептілік деген ар-ұяттың, әдеміліктің белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі екенін түсінген боларсыңдар. Әр адам өзінің ішкі дүниесінің таза, ақ болуын қадағаласа, істеген ісі соған сай әдепті, инабатты, жүрегі мейірімге толы болмақ. Егер сендер бала күніңнен әдепті, тәртіпті болып өссең, есейе келе ата-анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласыңдар. Адам болу үшін Абай атамыз айтқандай:"Сүймек, сезбек, кейімек,Харекет қылмақ, жүгірмекАқылмен ойлап сөйлемек...Ақыл керек, ес керек, мінез керек"."Адамдықтың белгісі" атты сынып сағатымыз аяқталды.

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)