Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Адамгершілік жан қазынасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«АДАМГЕРШІЛІК - ЖАН ҚАЗЫНАСЫ»
Мақсаты:
1. Оқушылардың бойына асыл адамгершілік қасиеттерді ұялату және адами қасиеттерін жетілдіру.
2. Рухани-адамгершілік қасиеттерді жетілдіру негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
3.Оқушыларды адами қасиеттерге баулу негізінде бір-біріне жағымды қасиеттер қалыптастыру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: топтық шығармашылық жұмыс.
Әдісі: ой қозғау, талдау, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Нақыл сөздер:
Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да, қайрымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады.
К.Г.Паустовский.
Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күш болып, екеуі біріккенде- бұлар адамшылық қасиеттер.
Әл-Фараби.
Барысы:
-
Кіріспе.
Балалар! Біздің бүгінгі сабағымыз - өмірлік сабақ! «Адамгершілік- жан қазынасы» деп аталады. Алдымен, адамгершілік сөзінің төркінін анықтап алалық. Адамгершілік ұғымы әлемдегі бар халықта бар. Ол – адам атаулының адам атына сай өмір сүруі үшін ең керек адами қасиеттер жиынтығы. Кісілік құндылықтар ережесі! Тіпті, осы сөздің өз құрамы да соны айғақтап тұрғандай... Сенбесеңдер, бәріміз жабылып әрбір әрпін талдап көрелік! Қане, әрбір әріп тұсына адамгершілік ұғымына кіретін сөздерді тез ойластырайық.
А- абырой...
Д – достық,
А- адалдық
М- мейірімділік
Г- гуманизм
Е- елгезектік, еңбекқорлық...
Р- риясыздық, рақымшылдық,
Ш- шыншылдық
І- ізеттілік
Л- лайықты
І- ілтипаттылық
К- кішіпейілдік
Иә, өте жақсы! Іздей берсең, әрине, талай сөз табуға болады. Ең бастысы, бәріміз көз жеткізгендей, «адамгершілік» - қоғамда адамдардың бір- бірімен тіл табысып, өзара тату-тәтті, берекелі өмір сүруі үшін ең қажет адами құндылықтар ережесі!
Адамгершілік ұғымы аясы тек бұл сөздермен шектелмейді.Оны ары қарай ашу үшін келесі тапсырмаларды орындайық.
2. Шығармашылық әрекет. Топтық тапсырма.
Күнделікті өмірде кездесетін әдепті сөздерді жазып, кестені толтыру.
Сыпайы сөздер |
Құрметтеу сөздер |
Аялы сөздер |
Жағымды сөздер |
кешіріңіз, |
аса құрметті, |
жаным, |
сұлуланып кетіпсіз, |
3. Жағдаят талдау.
... Ертеде бір егде тартқан қарт қатты сырқаттанып қалыпты. Үш ұлы бар екен. Бірі әкесін аяп, мүсіркегеннен аса алмапты. Екіншісінің әке жағдайымен шаруасы болмай, өлмей жатып, оның дүние-мүлкін бөлісіп әлек болыпты. Тек, кіші ұлы ғана әкесін емдету үшін алыстағы бір атақты тәуіпті іздеп жолға шығыпты. Айшылық жолда мінген аты қалжырап жолда қалыпты. Жігіт әкесін арқасына салып алып, әрі қарай жүре береді. Ұзақ жүріпті. Кеш батқан кезде қалжыраған қария алдарынан әрбір қарайған бір нәрсе көрінген сайын, емшінің үйіне жеттік пе деп, «анау не, мынау қарайған не?» деп сұрай беріпті. Бірді – екілі жауап берген ұлы, шаршаған қарт тағы бір сұрағанда, «Өзім шаршап келе жатқанда, неменеге сұрай бересің! Ол түйе, түйе! Ұқпайсың ба?!,- деп зекіген екен.
Әкесі: - «Балам мен сені кішкене күнің де жұмыстан шаршап келсем де дәл осылай арқалап жүруші едім. Ол кезде сен «анау не, мынау не?» деп тоқтаусыз сұрай беруші едің... Мен сөйлеуге шамам жетпесе де, беті қайтпасын, жігері жасымасын деп, сенің әрбір сұрағыңа жауап беруші едім... Осы жолы алыс жолға шыққанда да, ажалдан қашайын деп емес, сенің бетіңді қайтармайын деп, елдің «әкесін емдетпеді» деген қаңқу сөзіне қалмасын деп, кәрі сүйегімді сүйреткізіп едім. Қой, айналайын, балам! Мені осы жерге түсір! Сені де, өзімді де қинамай, осы жерде өлейін!, - деген екен...
Балалар жағдаят бойынша өз ойларын ортаға салады. Қарттың үш ұлына мінездеме береді. Мақсат – талдау арқылы, адамгершілік ұғымы аясына енбейтін жаман қасиеттерді анықтау.
Біріншісі – мүсіркегіш, аяғыш, бірақ, нақ қамқорлығы жоқ, талапсыз...т.б.
Екіншісі- дүниеқоңыз, қайырымсыз, қатал, ...т.б.
Үшіншісі- мейірімді бірақ шыдамсыз, ұстамсыз, дөрекі... т.б.
(Мұғалімнің жағдаятты қорытуына қажет сөздер: Мүсіркеу – жақсы қасиет емес... Қарт адамның көңілі баладай... т.б )
Қазақ көсем де шешен ұлт! Осы бір жағдаятты балалар, халықтың мына бір нақыл сөздермен қорытуға болады:
Өзін ғана ойлаған жамандықтың белгісі,
Өзгені де ойлаған – адамдықтың белгісі.
Үлкен алдында иіліп сөйле, кіші алдында сызылып сөйле.
Иілгеннен белің бүгіліп қалмайды, сызылғаннан сөзің үзілмейді...
-
«Зерделі сөзге зер салайық»
(Екі оқушы жатқа оқиды, екі оқушы мағынасын ашады. )
-
«Адамның адамшылығы істі бастағаннан білінеді».
-
«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады».
-
«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады». Абай Құнанбаев.
-
«Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды». Жүсіп Баласағұн.
-
«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Абай Құнанбаев.
-
Әр топқа тапсырма беру.
І топ: Өлең шумағының ұйқасын табу.
«Көңіл аудар даналардың сөзіне,
Адал жанды өнеге тұт өзіңе...
ІІ, ІІІ топ: Адамгершілік сөзіне ассоциация құру.
ізгілік
Рақымшыл қамқорлық
Адамгершілік
Ш ыншыл қанағатшыл
Әділ
ІV топ: «Адамгершілік-асыл қасиет» шағын эссе жазу.
-
Көрініс. «Ғылым таппай мақтанба»
Әдемі киінген қыз бала кеуде тұсына жүрек бейнесін ілген.
Жүрек:
- Мен адам баласын алаламаймын: жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын- мен. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен таралады.
Қайрат:
- Ей, ақыл! Амал да, айла да - бәрі сенен шығады, жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені – сен, екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің – соның жаман.
Ақыл:
- Ей, Қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің – сенің соның жаман.
Білім:
-
Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.
-
Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жолын білмек.
-
Поэтикалық минут.
Енді сәл тыныстап, сөз патшасы өлең тыңдалық. Адамгершілік тақырыбына өлең жазған ақындар көп. Бірі және бірегейі – ұлы Абай. Жақсылық пен жамандық туралы өлеңдері жеткілікті. Бірін бүгін сыныптастарыңның оқуында тыңдап көрелік!
Музыка ойнап тұрады... Оқушы мәнерлеп өлең оқиды...
Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба!»
-
«Нағыз адам болғым келеді».
Тақтада «Адамгершілік шыңы» суреті, етегіне жалаушалар ілінген тапсырма орындалған соң жалаушалар ілеміз.
Жақсы адам өзгені ғана қадірлеп қоймайды, балалар! Өзін де қадірлейді. Өз бойындағы жақсы қадір- қасиеттерді біліп, соны сақтап, дамыта түседі. Мен ұстаз ретінде әрбіріңнің бойыңда қандай жақсы қасиеттер бар екенін жете білемін. Мен мақтана айтамын. Менің сыныбымда адамгершілігі зор балалар оқиды. Ал сендер әрбірің өз бойларыңда қандай тамаша қасиет барын білесіңдер ме?! Ал, қане, бәріңе бірер минут ойлануға рұқсат. Жақсылап ойланып, өздеріңнің бойыңда бар ең жақсы бір ғана адамгершілік аясына жататын қасиеттерді жазып, іліңдер!
-
Жақсы оқушы боламын.
-
Бастаған ісімді соңына дейін аяқтаймын.
-
Мақсатқа жету жолында шыдамдымын.
-
Әрқашанда сыйлымын.
-
Үнемі көп жақсылық жасаймын.
-
Ерінбей еңбек етемін.
-
Өзімді, өзгелерді, айналамды сыйлаймын.
-
Әр іске жауапкершілікпен қараймын.
-
Досымды құрметтеймін.
-
Барлық адамды жақсы көремін.
-
Қорытынды.
Тамаша! Иә, дұрыс айтасыңдар! Сендер расында да осындай баласыңдар! Енді бойларыңда бар осы адамгершілік қасиеттеріңнен айрылмаңдар! Біріңде бар жақсы қасиетті – бірің бойыңа сіңіріңдер! Жаман қасиеттерден арылыңдар! Жақсыдан үйрен! Жаманнан жирен! деген... Білімді, адал, шыншыл болуға ұмтылыңдар! Білім мен адамгершілік шыңына қанаттарың талмай шыға беріңдер!
Бүгінгі сабақ- өмірлік сабақ болсын!
-
Үйге тапсырма:
«Адамгершілік-асыл қасиет» тақырыбына шығарма жазу