Материалдар / Адамгершілік тәрбиесін ұйымдастыру және халықтық тәлім-тәрбие
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамгершілік тәрбиесін ұйымдастыру және халықтық тәлім-тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамгершілік тәрбиенің маңызы,оны ұйымдастыра білу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Маусым 2024
189
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Адамгершілік тәрбиесін ұйымдастыру және халықтық тәлім-тәрбие

Ұрпақты тәрбиелеуді толық жүзеге асыру үшін баланы адамгершілік мұратқа ерте баулу оның отбасынан басталып, мектеп қабырғасында жалғасады. Мектепке дейінгі жаста балалар бастапқы адамгершілік сезімдер мен ұғымдарды, адам мінез-құлқының қарапайым дағдыларын қалыптастырады. Мектеп жағдайында бұл жұмысты мұғалімдер он бір жыл бойы жүйелі түрде жүргізеді. Адамгершілік қасиеттер жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырумен тікелей байланысты. Оның талаптары негізінен оқушыларға арналған ережелерде көрсетілген. Олар күнделікті өмірде кездеседі. Олардың адамгершілік қызметі қоғамның талаптарымен, қоғам және баланың өмір сүруі тіршілігімен байланысты болып келеді. Мұндай жағдайда баланың дербес белсенді әрекетінің маңыздылығын да естен шығармау керек. Белгілі бір адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу оқушылардың санасы мен мінез-құлқына әсер ету қажеттілігімен байланысты. Оны жүзеге асыруда адамгершілік тәрбиенің әртүрлі ұйымдастырушылық формалары мен тәсілдері қолданылады. Оларға этикалық әңгіме, баяндау дәрісі, пікірталас және адамгершілік тақырыптағы оқу конференциясы кіреді. Ұйымдастырушылық формалар бойынша біз баланың оқу іс-әрекетін және оқудан тыс тәрбие жұмысын айтамыз. Оқу қызметі-оқу процесінде жүзеге асырылады. Сабақтағы оқу пәндері мазмұнының адамгершілік бағыттылығын қамтамасыз ету болып табылады. Кітап-бұл табиғат, қоғам, адам туралы білетін, адамдар мен олардың шығармалары арасындағы қарым-қатынас идеясын нығайтатын, әлеуметтік мінез-құлық нормаларымен таныстыратын, адамгершілік қасиеттер туралы білімдерін кеңейтетін әлемнің есігі. Адамгершілік ұғымдарын түсініп, адамгершілік тәжірбиесін бойларына сіңіреді.

Бүгінгі таңда біздің қоғамымыздың маңызды міндеттерінің бірі-өскелең ұрпақтың бойында ғасырлар тереңінде қалыптасқан ұлттық келбеттің ең жақсы адамгершілік дәстүрлерін қалыптастыру болып табылады. Ұлы орыс педагогі К. Д. Ушинский:" Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді." - деген идеясын дамыта отырып, H. А. Добролюбов: "Нағыз шын адамгершілік қасиеттер мен саналар қалың халықтың ішінде, халықпен біте қайнап дамыған адамгершілік сол халықтың ерекшелігін, тілектері мен талаптарын, үміттері мен болашақтарын білдіреді. Сондықтан адамгершілігі жоғары жастарды қалыптастыру үшін мектеп халықпен, оның өмірімен өте тығыз байланысты болуға, күш-қуат және халықтан әсер алуға тиіс". – деді. Адамгершілік тәрбиеге деген көзқарасында ол ұлттық тәрбие оның негізі екенін дәлелдейді. Адам бойындағы асыл қасиеттер мен жағымсыз қасиеттер жөніндегі күні кешегі данакөз, ақылман ата-бабаларымыздың өсиет- өнегесін көлденең тартсақ, бүгінгі мен ертеңгі ұрпақ содан тағлым, тәрбие алсын дегеніміз дағы - деген тағы бір ой адамгершілік тәрбиесіндегі халықтық тәрбиенің маңыздылығын анықтайды. Адамгершілік-тұлғаның рухани негізі, оны қалыптастыруда қазақ халқы негізінен эпикалық поэмалар мен фольклорлық шығармаларда, соның ішінде ауыз әдебиетінде ерекше орын алды. Біздің ұлттық дәстүрлеріміз бен халық шығармашылығымыз оның берік өзегі, ажырамас бөлігі болды. Сондықтан біздің бүкіл дамуымыздың барысына, болашағымыздың жарықтығына тікелей байланысты ұлттық білім беру мәселесі біздің бүгінгі өміріміздің өзегі болып қала береді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ұлттар мен ұлыстар өз тілдерін, мәдениеті мен дәстүрлерін қалпына келтіру үшін игі істер жасайды және оларды жас ұрпақты тәрбиелеу үшін пайдаланады, бұл олардың маңыздылығын арттыру қажеттілігіне күмән тудырмайды.

Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрім-тәрбиесі, ұлт қаһармандарының өмірі мен ерлік істерінің тарихы, даналық сөздері – адамгершілік тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Батыр бабаларымыз қазақ елін басын қосып, ұлттық жауынгерлік- ерлік мектебінің негізін салған. Сондықтан бабалардың ерлігі- адамгершілікке толы,асқақ рухты күні бүгіде дейін ел аузында, халық тәрбие ісіне үлгі етеді.

«Өнегелі сөз – асыл қазына» — деп М.Әлімбаев айтқандай, халық қазынасының бірі – мақал мәтелдер. Мақал дегеніміз- сөзді тұжырымдылап, нақты айтылатын ойды ажарлап береді. Сондықтан халық «Мақал сөз сәнін келтіреді» деген. Мақал арап сөзі «орынды сөз» деген мағынаны білдіреді. Ал, мәтел дегеніміз- тұжырымы тиянақталмаған, қортындысы болмайтын ықшамдалғын, кестелі сөз. Ол ғасырлар шежіресі. Мақал-мәтел – ойдың дәлелдігімен, тереңділігімен, ықшамдылығымен ерекшелінеді. Ұлттық ерекшілігімізге байланысты мақал-мәтелдерге, шешендік сөздерге баймыз. Қазақ халқы сөзді қадыр тұтқан, қастерлеген, өнеге ретінде өлеңмен өрнектеп, тәрбиелік мәні бар сөздерді тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Мақал-мәтелдер адамды адамгершілікке тәрбиелейді. «Жақсы туса- елдің ырысы, жаңбыр жауса – жердің ырысы» деген мақал жақсы адамның көпшіл, халқының қамын ойлайтын адал азамат егенін дәлелдейді.

Адамгершілік- адамның рухани арқауы. Морльдық жағынан кіршіксізтаза болу дегіміз адамгершіліктің асқар шыңы. Адам қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиееттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Адамның іс әрекет барысында бір-бірімен байланыс жасайтын қарым қатынас түрлері:

Материалдық қарым-қатынасы – іс-әрекет нәтижесі барысында заттармен алмасу.

Мотивациялық (септілік) қарым – қатынасы біліммен алмасу.

Кондициондық қарым-қтынасы адамның психологиялық физиологтялық жағдайы.

Әрекеттік қарым-қатынасы –көзқарасты білдіру, хабарлма беру.

Сухомлинский айтқандай, «Адам баласының сан қилы, мың саналы жолмен дүниенің құпиясын анықтап, оны ішкі жан дүниесімен түсініп, сыйлап, негізгі ойымен ұштастыра білу». Олай болса, адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениетті рухани қоғамдастықтың нәтижесі. Толып жатқан түсінбеушіліктің, түрлі қайшылықтардың болуы, дұрыс қарым-қатынас жасай алмауынан. Ғұлама, философ Әл-Фараби өз еңбегінде адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселелерін қарастырған. Адамдардың ойлы, парасатты болуының қажеттілігі «адам» деген ардақты атақты алып жүрудің өзі бақыттылық екенін айтқан. Қазақ халқының ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов т.б.өз еңбектерінде адам арасындағы қарым-қатынас мәселесін философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыда қарастырған. А.Құнанбаев адамдар арасындағы қарым-қатынастың бірі- адамгершілік мәселесіне тоқталған.

Адамгершілік дегеніміз – қоғамның, өмірдің объективиік заңдылықтарына сәйкесадамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге негіз болып табылатын, талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді біріктіретін жалпы адамзаттық қоғам. Адамгершілік қоғамдық сананың басты белгілері болғандықтан, адамның мінез құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы, арқылы сипатталады (әдептілік, мейрімділік, қайырымдылық т.б.). Адамгершілік — әлеуметтіліктің биік шыңы, адам ұрпағының негізін қалаушы, халық мәдениеті, басқалардан айырмашылығы. Әлеуметтік ортаға әсер ететін белгілерің бірі адамдардың бір-біріне қоршаған ортаға қарым-қатынасы.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!