Сабақтың
тақырыбы: Адами мінез-құлық.
Сыныптағы қарым
–қатынас.
Мақсаты:
-
Оқушылардың
мінез - құлық туралы түсініктерін
кеңейту.
-
Балаларды бір -біріне
құрметпен қарауға үйрету. Сыныптастарға қол көтеру салдарын
түсіндіру.
-
Өзімшілдік, менмендік,
қатыгездік, тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге
үйрету.
Көрнекілігі:Әдептілік туралы жазылған қанатты
сөздер.
I.Сабақ
барысы:
Сыныпты шаттық шеңберге
шақыру.
Жүректен жүрекке (балалар бір
– біріне тілектерін айтады)
Жүрекшені оқушылар жылы сөздер
айтып, бір-біріне береді.
Нақыл сөздермен жұмыс.
Талқылау. Сұрақтар:
Яғни, балалар, бүгінгі тақырып
қандай деп ойлайсыздар?
Сұрақ-жауап.
-
Адамның жақсы мінезіне нелер
жатады?
-
Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола
ма?
-
Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп
ойлайсыз?
-
Қалай ойлайсыздар, біздің
сыныпта жаман мінезді оқушылар бар
ма?
Біздің кейбір оқушылар сыныпта
жаман мінезің көрсетеді. Осы мәселені мен сіздермен шешкім келеді.
Біреулер басқа оқушыларға қол көтеруге дәті барады. Сіздердің
осындай іс-әрекеттеріңіз үлкен зардапқа алып келуі мүмкін. Қылмыс
жасалған кезде 14 жасқа толған адам дене жарақатын салғаны, ұрлық,
тонау, бопсалау, ауыр бұзақылық және басқа да қылмыс түрлері үшін
қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сіз басқаларға қол көтеруге
ешкімнің құқығы жоқ екенін түсінуіңіз керек. Сондықтан, осындай
іс-әрекеттеріңізді
доғарыңыздар!
Пікірталас.
Зере мен Жанерке сыныпта
ұрысып қалды. Жанерке үзіліс кезінде кітаппен Зеренің басынан ұрды.
Осыдан кейін олар төбелес бастады. Сіздің ойыңызша, бұндай мінез
-құлық мектепте қолайлы ма? Жанеркенің іс-әрекеті дұрыс па?
Жәнеркенің орнына сіз не істеуші едіңіз? Бұл жағдай қайталанбас
үшін қандай шаралар қолдану
қажет?
Балалар өз ойларын айтады
және бір ортақ шешімге
келеді.
Ал енді, біз сіздермен топпен
жұмыс жасайық. (Топқа
бөліңді)
II.Шығармашылық
тапсырма: (балалар тапсырманы постер ретінде
орындайды)
1
топ – Адамның бойындағы
жақсы қасиеттерді жазу,
2
топ – Сыныптағы жақсы
қарым-қатынас болу үшін не істеу
керек?
3
топ - Жаман мінезді адамды
сипаттау.
4
топ – Қол көтеру
мәселесі.
Топтар постерді
қорғайды.
III.Қорытындылау
(рефлексия)
Бүгінгі сабақ сізге пайдалы
болды ма? Сіз бүгін нені
үйрендіңіз?
Сіздердің алдыларына мен
стикер тараттым. Соған сіз бүгінгі сабақтан алған әсеріңізді
жазыныздар. Және тұрып «Табыс ағашына»
жабыстырыңыз.
Сабақ жалпы ұнады ма? Сіздерге
сабаққа қатысқан үшін рахмет! Келесі
кездескенше. Сау
болыңыздар!