Материалдар / АДАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АДАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
АДАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2021
531
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Қоғамдағы өмір

Мектеп: №17 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектеп

Күні: ж


Мұғалім: Берикова Р.Б.

Сынып:

9 «А»

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны 0

Сабақ тақырыбы

АДАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Жаратылыстағының барлығын өзіңдей жақсы көріп сүйіспеншілігімізді арнағанда үйлесімді қарым-қатынас болатынын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Міндеттері:

Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет ету керектігін үйрету;

Дамытшылық: - айналамен қарым-қатынаста шынайылықта болуға шақыру; 

Тәрбиелік: - жанашырлыққа тәрбиелеу

Бағалау критерийлері

- -отбасы тәрбиесінің мән-мағынасын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.


Сабақтың кезеңі/уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Басы

Ұйымдастыру (Амандасу, тугендеу

Тыныштық сәті:

5Т ережесі

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Татулық

Тазалық


Дәйексөз

«Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата,

жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.»

Абай

Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар


Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ

Дидактикалық материалдар №1






















ортасы

4. Әңгімелеу

Менің досым Бейбіт Қойшыбаев

1.Әженің әңгімелері адамды қандай әрекеттерге жетелейді деп ойлайсыздар? Олардан жалпыадамзаттық қандай құндылықтарды байқауға болады?

2. «Ол Русланды аяйтын көрінеді. Естимісіз, аяйды! Ал, ендеше! Руслан мұны шыбын құрлы көрмейді, ал ол... Күлемісіз, күлмеймісіз?!» деген жолдардан Көбей мен Русланның қандай қасиеттерін көресіздер?

3. Әңгіме кейіпкерінің «... робот адамгершілік сабағына мұқтаж емес... Қажет нәрсенің бәрі бағдарламаланған...» деген ойын тарқатып түсіндіріп беріңіздер.

4. Әженің аңыздарын қайта оқып шығуға Көбейде қандай қажеттілік болды деп санайсыздар?

5. Адам бойындағы қандай қасиеттер оның жеке басын сыйлы етеді? Неліктен?

6. Адамның өзін және өзгелерді сыйлауының мәні неде деп ойлайсыз?

7. Өзіңіз көпшілік алдында қандай қасиеттеріңізбен сыйлы болып жүрсіз? Қандай қасиеттеріңізден арылғыңыз келеді?




Сабақтың соңы

5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төменде берілген қанатты сөздерді мұқият оқып шығып, ой-пікірлеріңізді ортаға салыңыздар. Өзіңіз үшін қандай қасиеттерді иемденгіңіз келеді? Неліктен?

• Конфуций: «Адамгершіл кісіде мына бес қасиет болуы керек: кісіге шын құрмет, кеңпейілділік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық. Біріншісі – жарамсақтануға жол бермейді; Екіншісі – барлығын бағындырады; Үшіншісі – адамдардың көңіліне сенім ұялатады; Төртіншісі – жеңіске жетуге мүмкіндік береді; Бесіншісі – адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады».

• Ахмет Ясауи: «Адамға ащы татпай тәтті қайда? Тер төгіп тапқан абзал адал пайда. Әркімді жаратпаған тәңір жайға Өлшемі адамшылық, туралықта!»

• М. Пришвин: «Асқан ұлы бақыт – өзін ерекше санамай, барлық адамдар сияқты болу».

• Т. Фонтане: «Қарапайымдылық – ең тәуір нәрсе ғана емес, сонымен бірге ең ізгі нәрсе де».


2-тапсырма: Кестеде берілген ұғымдар мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбір ұғымның өзіне сәйкес келетін анықтамасын табыңыздар.


3-тапсырма: «Қарапайымдылық дегеніміз – өзінің адамдық қадірқасиетін түсіну» (П. Буаст) деген қанатты сөзді «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдісімен талқылап, мәнін түсіндіріңіздер.


4-тапсырма: Берілген жағдаятпен танысып шығып, сұрақтарға жауап беріңіздер. Өзіңіздің ой-тұжырымдарыңызды «Менің құрдастарым» жобасының күнделігіне толтырып жазыңыз.





Сабақтың соңы

38-40


Үй жұмысы:

4-тапсырма: Берілген жағдаятпен танысып шығып, сұрақтарға жауап беріңіздер. Өзіңіздің ой-тұжырымдарыңызды «Менің құрдастарым» жобасының күнделігіне толтырып жазыңыз.



















































Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Қоғамдағы өмір

Мектеп: №17 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектеп

Күні: 24.02.21ж


Мұғалім: Берикова Р.Б.

Сынып:

10 «Б»

Қатысқандар саны:

14

Қатыспағандар саны

0

Сабақ тақырыбы

Қызмет ету қуанышы.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

https://youtu.be/m7QF5c2wIiY

Сабақ мақсаттары

Білімділік: -«қызмет ету» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;


Дамытушылық еңбек ете білуге, адал қызмет етуге баулу;


Тәрбиелік: - сыйластыққа, еңбексүйгіштікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. мейірімділікке тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері

- -отбасы тәрбиесінің мән-мағынасын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.


Сабақтың кезеңі/уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Басы

Ұйымдастыру (Амандасу, тугендеу

Тыныштық сәті:

5Т ережесі

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Татулық

Тазалық


Дәйексөз:

Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткен!

Әлихан Бөкейханов

(1866-1937)


Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп жауап беріңіздер, оқып, жаттап алу.

Ер балалар 2 рет қайталайды,

Қыз балалар 2 рет қайталайды,

Хормен 1 рет қайталайды.

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?




Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ

Дидактикалық материалдар №1






















ортасы


Сұрақтарға жауап беру.


Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын.

1.Отбасы дегеніміз не?

2.Зейнеткер кісі тоғайға қандай қамқорлық жасады?

3. Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлайсыз?

4. Табиғатқа неліктен қамқор болу керек деп ойлайсыңдар?

5. Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасап жүрсіңдер?

Сергіту сәті: Балалар қолдарымызды тіземізге немесе парта үстіне қоямыз. Көзімізді жұмып табиғат немесе құстар туралы ойлаймыз. Құстарқалай ұшады,көректенеді, жасайды, қалай көбейеді. Көзімізді ашамыз.

Әңгімелесу:

Әңгімелеу.

Бәрімізге үлгі болды.

З.Камалиденов

(1936ж-2017ж)

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ірі тұлға. Ірі тұлғалар туралы жазу да оңай жұмыс емес. Бұндай кісілерге жеке адам емес, тарихтың өзі баға береді. Димекең халықтың үлкен сүйіспеншілігіне ие болған адам.Қазақстанның қай түкпіріне барсаңыз ол кісінің есімін үлкен құрметпен атайды. Сондықтан да халқы оны «Димекең», «Димаш аға», «Димаш Ахметович» деп атаудың өзі осы сүйіспеншілікке байланысты деп түсінемін. Димекеңнің көп қасиеттерінің бірі – кездескен адамды, кәрісі болсын, жасы болсын, ер адам болсын, әйел адам болсын, қай халықтың өкілі болмасын өзіне тарта білетін, жатсынбайтын. Ол кісі қабылдаған адамдардың ішінде бірде-бір ренжіп кеткен адамды көрген жоқпын. Жеке адамдарды қабылдаған уақытында ол кісі көп уақыт алмай, негізгі мәселені тыңдап, шешуге, көмектесуге тырысатын.

Көптеген хаттарды өзі оқуға да уақыт табатын. Димекеңнің өзі-өзіне қатты талап қойып, жұмыс уақытын жақсы ұйымдастыра білетініне бәріміз таңқалатынбыз. Республиканы басқару үшін, оны ең алдымен өте жақсы білу керек. Ол кісі елді көп аралайтын, барлық облыстарда, аудандарда болған кезде халықпен көп кездесуге, пікір алмасуға тырысатын.

Димекең – жастарды еңбекке, оқуға, білімге, өнерге тәрбиелеу мәселесін күн тәртібінен түсірмейтін және оның орындалуын үнемі қадағалап отыратын.

Димекең өзі де, өндірісте шыңдалған еңбек адамы, инженер, ғалым. Ол кісі – Қазақстан қалаларының құрылысына айрықша мән беретін. Әр қаланың бүгінгі өмірге сай болуын талап ететін. Алматының көркеюіне жасаған еңбегі көл-көсір. Біздің көз алдымызда ғажайып ғимараттар бой көтерді, саялы бақтар мен гүлзарлар жасалды. Достық, әл-Фараби даңғылдары, Республика алаңы, әлемге әйгілі Медеу спорт комплексі, Даңқ мемориалы, Республика сарайы, аэро және темір жол вокзалдары, «Арасан» кешені, Достық үйі, «Қазақстан» қонақ үйі, Алатау, Алматы санаторийлері, оқушылар сарайы, санай берсең сан жете қоймас. Осындай сәулетті де сәнді ғимараттар ел игілігіне айналды. Республиканың орталық мұражайын салуға өзі тікелей басшылық жасады. Ішін тарихи экспонаттармен толтыруды, қазіргі талапқа сай безендіруді Орталық Комитеттің насихат және мәдениет бөлімдеріне тапсырды. Мұражайды іске қосатын күн жақындаған сайын ондағы жұмыстың жай-жапсарынан хабардар боп, тікелей өзі қадағалағаны бар. Мұражай қызметкерлері, суретшілер, дизайнерлер, партия қызметкерлері күн-түн демей еңбек етті. Сөйтіп, Димекең талап еткен уақытында мұражай халыққа есігін айқара ашты. Осы мұражайды алғаш көрушілердің қатарында келген дүние жүзіне әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов: «Мұндай мәдениет ошағын Еуропаның ежелгі астаналарынан да көре алмадым» дегенді айтып еді.Оны өз құлағымызбен естідік.

Тамаша концерт залына кірген уақытта жоғары жаққа көз салсаңыз, халқымыздың белгілі өнер қайраткерлерінің, сазгерлермен, әншілерінің бейнелерін көресіз. Бұндай суреттерді тек қана Мәскеудің консерваториясының үлкен концерт залынан ғана көре аласыз. Димекең Мәскеуде оқыған кісі. Мәдениетті, әдебиетті, тарихты жақсы білетін және жақсы көретін жан. Өзі көрген жақсы нәрселерді, әр саланың озық үлгілерін туған астанамызға әкелуге тырысты. Соның бірі –осы Орталық концерт залының жалпы құрылысы мен ішінің тамаша тарихи есімдер бейнелерімен безендірілуі. Ол кісінің театрларға баруы да республика басшыларына, астана халқы мен қонақтары үшін де есте қалатын салт жоралғысына айналды. Театрда қойылып жатқан жаңа спектакльдерге, басқа жерден келген үлкен мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен өтетін концерттерге баруымызды талап ететін. Ол кісі барған уақытта театрға келген жұртшылық жылы қарсы алып, бір жасап қалатын. Димекең театрларға, киноларға әрдайым Зуhра Шәріпқызы екеуі бірге баратын. Бұл да бізге өнеге еді. Өнер мен әдебиет қайраткерлері басшыларға ғана емес, бастықтар оларға тәуелді болған да ғана іс ілгері басады дейтін.

Димаш ағаның тағы бір қасиеті – ата-анасына, жарына, туған-туысқандарына деген қамқорлығы, сүйіспеншілігі. Ол кісінің әкесіне сәлем бере барғанымызда мына бір жайдың куәсі болдық. Ахмет ақсақал көп сөйлемейтін, өте салмақты адам еді. Димекең келіп жатқан кісілердің әрқайсымен таныстырып жатты. Ақсақал асықпай тыңдап отырды. Сыпайылап ризашылығын жеткізді. Осы арада байқап қарасам, Димекеңнің ол кезде алпыстан асқан, ал Ахмет ақсақалдың 85-тегі кезі екен. Димекең әкесінің алдында үлкен кішіпейілділікпен, бала тұрғысынан сөйлеп, ізеттілік сақтап, ілтипат көрсетіп отырғанына таңқалдық. Димекеңнің жұбайы Зухра Шәріпқызы да өте мәдениетті адам еді.

Димекең өзінің айналасына тәжірибелі қызметкерлермен бірге жас кадрларды да жинай білді. Олардың қалыптасуына, әр түрлі саладан өсулеріне қамқорлық жасады. Димаш ағаның өзі сол жастарға, бүкіл халыққа үлгі болып, кең байтақ Қазақстанды табыстан табысқа жеткізіп, бүкіл жер жүзіне көрсете білді.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қазақ халқы, Қазақстанда тұратын барлық халықтар үшін жасаған еңбегі зор.

1. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың іс-әрекетін риясыз қызмет етудің үлгісі ретінде қарастыруға бола ма? Неліктен?

2. Неге Дінмұхаммед Қонаев бүкіл халыққа үлгі болды?

3. Қалай ойлайсыздар, қазіргі заманауи қоғамда адамдарға риясыз қызмет ету қаншалықты қажет?

4. Дінмұхаммед Қонаевтың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыздар?

5. Бұл қасиеттер қай құндылықтың көрінісі болады?

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!