Материалдар / Адамның адамгершілік құндылықтары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамның адамгершілік құндылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқытушыларға жаңа сабақ жоспарын құру мақсатында керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2020
324
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

«Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ жоспары
Мектеп: «Құрық ауылының № 6 орта мектебі»
Сабақтың тақырыбы: Ойдың, сөздің және істің бірлігіндегі өмір
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: шынайылық, адалдық, әдептілік
Мұғалім:Макирова Айна
Сынып: 5 «а.ә.б»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ойдың, сөздің, істің бірлігінде өмір сүрудіңмаңыздылығын
шынайылық қасиеті туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушыларды өздерінің ойларын, сөздері мен істерін қадағалауға үйрету
арқылы адалдық қасиетіне баулу.
Тәрбиелік: оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу
Ресурстар:
оқулық, дәптер, мақал-мәтел,
дәйексөз,

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
Тыныштық сәтi.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.
Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.
Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-
қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе
түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле
шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға
тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы
жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер
ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем
әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты
ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-
жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да
бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға
таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен
нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны
осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.


Дәйексөз
«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар
қайталап оқиды. Содан соң қыз
балалар қайталап айтады.
Әңгімелеу
«Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фараби»
Талдау сұрақтары:
 Мұхаммедтің суға ағып бара жатқан күшікті құтқарып алуына не себеп болды?
 Мұхаммедтің бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадың?
 Қоршаған табиғатқа, жан-жануарларға, өзге адамдарға неліктен зияндық жасауға
болмайды?
 Өзің Мұхаммедтің қасындағы жолдастарына қандай кеңес берер едің?
Оқушылар әңгімелеп, жаңа
тақырыптың мазмұнын талдайды.
Шығармашылық жұмыс:
1-тапсырма: Көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» еңбегінен алынған
үзіндіні оқып, өз түсініктеріңді жазыңдар.
2-тапсырма: «Ар демек – адамшылық» тақырыбына эссе жазыңдар
Оқушылар берілген тапсырмаларды
орындай отырып, өздерінің сабақта
түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.
Топпен ән айту
«Мейірім»
Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің


Page 2

көмегімен орындайды
Үй тапсырмасы: «Адалдық» Күнделіктеріне жазады.
Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
-Балалар,бүгінгі өзін-өзі тану сабағында кімдермен таныстық? (балалар өздері
қорытындылайды) балалардың жауаптарын тыңдаймын.
-Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді
жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе
түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе
салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Е
лестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер
жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет
айтамын!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!