Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар
бөлімі:
2А
бөлім.Тірі табиғат:
(«Мен және менің отбасым» ортақ тақырыбы
аясында)
Күні:
Сынып: 1ә
|
Мектеп: «Қорам орта мектебі» КММ
Мұғалімнің аты-жөні:
Тлепбергенов Қ.М.
Қатысқандар саны:24
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы:
|
2.3 Адам
«Адамның дене мүшелері»
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және
олардың қызметтерін атау;
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына
бақылау жүргізу;
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
адам денесінің негізгі бөліктерін біледі,
қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді.
Көпшілік оқушылар:
адам денесінің негізгі бөліктерінің қызметтерін
атайды, қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жасай отырып, оны
талқылайды.
Кейбір оқушылар:
Дене мүшелерінің сыртқы белгілеріне қарап,
бір-бірінің және басқалардың арасындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды салыстырады, құбылыстарға зерттеу
жасайды.
|
Бағалау критерийлері
|
-
Адамның дене мүшелерімен
танысу
-
Әр мүшенің қызметі туралы
білу
|
Тілдік мақсаттар
|
Қол, аяқ, адамның дене
мүшелері.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Қарым – қатынас жасауға, салауатты өмір салтын
ұстануға баулу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Көркем еңбек, дене шынықтыру.
|
Бастапқы білім
|
«Денсаулық – зор байлық» мақалына талдау
жасату.
Ой қозғау.
Адамның дене мүшелеріне нелер
жатады?
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған
іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5мин
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Жемістер суреті арқылы оқушыларды төрт топқа
бөлемін. Оқушылардың ішкі уәжін өсіру
мақсатында ерекше үлгідегі суретті алған үш оқушы топ
басшысы болады. Яғни кез келген оқушы топ басшысы бола
алады.
Кіріспе тапсырма:
Секіру, жүгіру, бір жақтан екінші жаққа иілу,
басты алға-артқа айнал дыру, үстел үстінен кез келген затты алу.
Қай дене бөліктері оны істей алады?
Сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатымен
таныстыру.
|
Жемістердің суреті
|
Сабақтың ортасы
3мин
3мин
3мин
10мин
1мин
2мин
2
мин
3мин
5мин
|
(ҰЖ) 1-тапсырма:
Сұлбалар
Негеш қайда? Эврика қайда? - оларды қандай
белгілері арқылы таптың?
Олар не істеп жатыр?
Қай дене мүшесін қозғап жатыр?
Әр топқа смайликтер арқылы
бағалату
(ЖЖ) 2-тапсырма: 1 –
қушы қолдың қандай бөліктерден тұратынын
көрсету арқылы атап айтады.
2 – оқушы аяқтың қандай бөліктерден тұратынын
көрсету арқылы айтады? Кері байланыс арқылы бір-бірін
толықтырады.
(Ж) Дәптермен жұмыс:
-
Адамның дене мүшелерін олардың
атауларымен біріктір.
(Т) 3-тапсырма:
Зерттейік
Әр топқа сурет салдырып, әр топқа жекелей
тапсырмалар беру.
1-топ: Адамның қанша дене мүшесі бар?
2-топ: Денеміздің қай мүшесі маңызды деп
ойлайсың?
3-топ: Дене мүшелері не үшін қажет?
4-топ: Біздің дене мүшелеріміз қандай қызмет
атқарады?
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр
отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.
(Ж) Дәптермен жұмыс
-
Суретке қарап, қанша дене
мүшесін көріп тұрғаныңды санмен жаз.
Әр жұпты «отшашу» арқылы
мадақтау
Кестемен жұмыс:
Адам қолмен және аяқпен істей алатын әрекеттерді
белгілеп көрсетеді.
|
Қол
|
Аяқ
|
Секіру
|
|
|
Жүгіру
|
|
|
Шапалақтау
|
|
|
Жүру
|
|
|
Жазу
|
|
|
Сен білесің бе? Мүмкіндігі шектеулі адамдаржайлы айтқанда,
Паралимпиадаға қатысушылар жайлы, оның ішінде қазақстандық Қабира
Асқарова және Александр Колядин туралы айтып өту. Бұл адамдар
мақсатқа жетуде батылдық пен табандылықтың үлгісі болып табылатынын
айтып өту.
Қалаптастырушы бағалау
|
Суреттер
|
Сабақтың соңы
7мин
1мин
|
Кері байланыс:
« Еркін микрофон» әдісі бойынша әр топ өз тапсырмасына
кері байланысты ауызша айтады. Кері байланыста оқушылар өз
топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды
және ұсыныстарын бердеді.
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ
салынған суреттер арқылы бағалау.
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау
көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға
қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау –
оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы
|
Кімнің сұлбасы. Суретке қарап кімнің сұлбасын
көріп тұрғанын түсті қарындашпен қоршап сызу арқылы
көрсетеді.
|
Смиликтер арқылы бағалау.
«Бас бармақ» тәсілі арқылы
бағалау
«Қалыптастырушы бағалау» парақшасы білім
деңгейлерін анықтау.
|
Сабақ барысында техникалық қауіпсіздік ережесін
ескерту.
Дене мүшелерін қозғалтқан кезде абай болу. Оқу
құралдарын пайдаланғанда сақтық шараларын есерту.
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру
үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген
сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту
туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту
туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген
оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі
сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|