"Адамның дене мүшелері" ашық сабақ 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Адамның дене мүшелері" ашық сабақ 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: жаратылыстану Мектеп: Сарысай негізгі орта мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам



Күні: 22.06.2018ж Мұғалімнің аты-жөні: Зейнелғабдинова Айшат Зейнелғабдинқызы

Сынып: 1 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Адамның дене мүшелері

Осы сабақта қол жеткізген оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың

қызметтерін атау;

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

Сабақ мақсаттары:


Барлық оқушылар: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау.

Көптеген оқушылар: Адам денесінің негізгі бөліктерін ажырату,көрсету, жаттығу жасау арқылы адам денесінің негізгі бөліктерін бақылау.

Кейбір оқушылар: Адам өміріндегі дене бөліктерінің маңыздылығын түсіну.


Бағалау критерийлері:

  • Адам денесінің негізгі бөліктерін атайды.

  • Адам денесінің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттайды.


Тілдік мақсаттар:


Пәнге тән лексика мен терминология:

Адамның дене бөліктері:

Бас (көз, мұрын, құлақ, ауыз) – голова (глаза, нос, уши, рот) - head

Мойын – шея - neck

Иық – плечо – shoulder

Дене – тело – body

Қол – рука – hand

Саусақтар – пальчики – fingers

Аяқ – ноги - legs

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Адамның дене бөліктерін ата?

  • Адамның дене бөліктері бізге не үшін қажет?

  • Дене бөліктері қандай қызмет атқарады?


Құндылықтарды дарыту:

Ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, құрмет, адамгершілік құндылықтарын дарыту.


Пәнаралық байланыс:

Дене шынықтыру - сергіту сәтінде орындалатын жаттығу,

Ағылшын – үш тілде амандасу, дене мүшелерінің атауларын атау.


АКТ қолдану дағдылары:

Бейнеролик: QazUstaz TV


Бастапқы білім:

Адамның дене мүшелерін атайды, біледі.



Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

5 мин.


Ширату жаттығулары

«Мозайка» әдісі

Оқушыларға түрлі қима қағаздардан ұсынылған сурет бөліктерінен адамның дене мүшелерін құрастырады.

Қол, аяқ, кеуде, бас бөліктерін құрастырады.

(МК)  Оқушыларға мынадай қимылдарды орындатамын:

 1. Оң қолды сол аяққа тигізеді.
 2. Сол қолды оң аяққа тигізеді.
 3. Қолдың саусақтарын айқастырады.
 4. Аяқтарын  айқастырады.
 5. Көзбен шеңбер сызады.
 Оқушылар орындарына отырады.
  -Жарайсыңдар! Өте жақсы көрсеттіңдер.
 Жаттығу жасаған кезде біз:
 - көзімізбен көрдік
 - құлағымызбен естідік
 - қолдарымызды, аяқтарымызды қимылдаттық.
 - Бүгін біз сабақта адамның дене мүшелерімен және олардың қызметімен танысамыз.

Адам сұлбасын және дене мүшелеріне байланысты видеоролик көрсетемін. Оқушылар адамның дене мүшелерін атап шығады.



«ПолЭдиссон» әдісі

АКТ

Бейнеролик: QazUstaz TV.




Сабақтың ортасы

30 мин.












Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма.(Ұ) БК1.«Допты қағып ал» тәсілі.

  - Неше қолың бар? (Екі қолым бар.)
  - Неше аяғың бар? (Екі аяғым бар.)
  - Мұрын не үшін керек?(Мұрын тыныс алу үшін керек)
  - Саусақтарың нешеу?
(Он саусағым бар.)
  - Башпайларың нешеу? (Он башпайым бар.)
  - Қол не үшін керек? (Қол заттарды ұстау үшін, жұмыс жасау үшін керек.)
  - Аяқ не үшін керек? (Аяқ жүру үшін керек.)

Дескриптор:

  • Дене мүшелерінің қанша екенін анықтай алады.

  • Дене мүшелері не үшін қажет екенін біледі.

ҚБ: Қол шапалақтау



2 - тапсырма.БК1.БК2. Дәптермен жұмыс

Дене бөліктерін сәйкестендір.

Дискриптор:

- Адамның дене бөліктерінің атауларын біледі және ажырата алады;

- Дене бөліктерінің атауларын сәйкестендіріп сызады.

ҚБ: Өте жақсы! Жарайсыңдар! (кері байланыс)

Дәптермен жұмыс

3- тапсырма. БК2.«Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілі.

Адамның қанша дене мүшесі бар?

Суретке қарап, қанша дене мүшесін көріп тұрғанын анықтаңдар. Жауаптарыңды санмен жазыңдар.

Жауабы: 10 саусақ, 2 тізе, 1 бас, 1 мойын, 2 көз, 1 мұрын.



Дескриптор:

  • Дене мүшелері атауларын біледі.

  • Әр дене мүшесінің санын анықтай алады.

ҚБ: Бағдаршам әдісі

Сергіту сәті


(МК)«Сен білесің бе?» әдісі

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Паралимпиада ойындары өткізіледі. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтерді. Александр Колядин Сочида өткен Паралимпиадада оң аяғына жасанды сүйек қойылғанына қарамастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті!

Адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтынын, сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіріп өтемін.

4- тапсырма. (Д) БК2. «Менің ойымша...»

Суретке мұқият қараңыз. Сурет бойынша қолмен орындалып тұрған әрекеттерді айтып беріңіз.

Аяқтың атқаратын қызметі қандай? Мысал келтіріңіз.

Дескриптор

- суретке сүйеніп, қолмен орындалған әрекеттерді әңгімелейді;

- аяқтың атқаратын қызметіне мысалдар келтіреді.

- Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін

сипаттайды.

ҚБ: Жарайсың! Керемет!    

САРАЛАУ ТАПСЫРМАСЫ.

(Д) «Серпілген сауал» әдісі

А. «Қолдауды көп қажет ететін оқушылар»

Кестемен жұмыс

Адам қолмен және аяқпен істей алатын әрекетті + белгісімен көрсетіңіз.

 

Қол

Аяқ

секіру

 

 

жүгіру

 

 

шапалақтау

 

 

жүру



жазу



 

В. «Қолдауды орташа қажет ететін оқушылар»

Қол бөліктерін атаңыз.

С. «Қолдауды аз қажет ететін оқушылар»

Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсыз? Неліктен?

Дескриптор:

  • Адам қолмен және аяқпен істей алатын әрекеттерді дұрыс таңдай алады.

  • Қол бөліктерін анықтайды және атайды.

  • Денемізді маңызды мүшесін біледі.

ҚБ: «Қолпаштау, мадақтау» әдісі

Өте тамаша! Бәрекелді!




Оқулық 32-бет
















Жұмыс дәптері,

 20 - бет
















Жұмыс дәптері

20-бет






Видеоролик (Адам қаңқасының биі)



























ҚБ тапсырмасы.31-бет

Тақтада ілінген сурет




















Кесте









Сабақтың соңы

5 мин.




«Қимылдар» әдісі

Егер оқушы бәрін түсінсе:

Қолдарын ашып жұмады.

Егер оқушы  әлі де түсінбесе:

Көздерін жұмады.

Егер оқушы түсіндім, бірақ әлі ізденуім керек десе:

Орнында тұрып секіреді.

Оқушылар сабаққа кері байланысты қимыл арқылы көрсетеді. Кері байланыста оқушылар өз жұмыстарымен бірге басқа оқушылардың жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді.



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Саралау тапсырмасы.

А. «Қолдауды көп қажет ететін»

Кестемен жұмыс

Адам қолмен және аяқпен істей алатын әрекетті + белгісімен көрсетіңіз.

В. «Қолдауды орташа қажет ететін»

Қол бөліктерін атаңыз.

С. «Қолдауды аз қажет ететін»

3. Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсыз? Неліктен?

«Қолпаштау, мадақтау» әдісі арқылы оқушыларды қолдап отырамын.

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Партаға дұрыс отыру, дене мүшелеріне әсер ететіндігін ескертемін.















Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?


Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?


Жеткізбесе, неліктен?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық

кезеңдері сақталды ма?


Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Оқушылар сабаққа кері байланысты қимыл арқылы көрсетеді. Кері байланыста оқушылар өз жұмыстарымен бірге басқа оқушылардың жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған.




Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді.






Сабақта саралау дұрыс жеткізілді, сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.






Сабақ жоспарында ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

????????

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

Тақырыпқа қатысты әдіс-тәсілдер,ширату жаттығуларын көбірек қарастыру. АКТ – ны тиімді пайдалану.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабаққа барлық оқушы өз жетістіктерін көрсете білді.




 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.00.2018
489
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі