Материалдар / «Адамның ішкі әлемі» 3 сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Адамның ішкі әлемі» 3 сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларға жан дүниенің тазалығы мен оны кемелдендіру туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. 1. «Ішкі әлем» ұғымы туралы түсінік беру; 2. Жан дүниенің тазалығын сақтауға, ар-ұжданды тыңдай білу арқылы адал болуға баулу; 3. Шынайылық, жауапкершілік қасиеттеріне тәрбиелеу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2021
402
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: «№45 бейімделген орта мектеп» КММ Мерзiмі: 20.09.2020

Тақырып: «Адамның ішкі әлемі» 3 сабақ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: адалдық, жауапкершілік, шынайылық

Мұғалiм: Бапаева Динара Даулеттаровна

Сынып: 7 «Б» Оқушылар саны:20

Мақсаты:

Оқушыларға жан дүниенің тазалығы мен оны кемелдендіру туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.


  1. «Ішкі әлем» ұғымы туралы түсінік беру;

  2. Жан дүниенің тазалығын сақтауға, ар-ұжданды тыңдай білу арқылы адал болуға баулу;

  3. Шынайылық, жауапкершілік қасиеттеріне тәрбиелеу;


Ресурстар:

(слайд, музыка, оқулық, дәптер,

Мәлiметтер, Әдістемелік нұсқаулық, өсиет әңгімелер жинағы)

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

- Көңіл-күйлеріңіз қалай?

  • Сынып оқушыларын түгендеу.

  • «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталап (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық)


Жағымды көңіл күйге келу. (Нұрға бөлену)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


Сабақ барысын талдау:

Жағымды әуен қосу 2-3 мин

https://www.youtube.com/watch?v=LCiAfCCwc7A

  1. Үй тапсырмасын тексеру Оқулықта 3 сабақ, 16 бет.

Шәкәрім «Ұждан» әңгімесінің мазмұнын айту

Сұрақтар:

  1. Ел –жұрт неліктен тыныш ұйықтай алмады?

  2. Адамдардың ұжданмен кездескеннен кейін мазасыздануының себебі неде?

  3. Ұждан адамдарды қалай дұрыс жолға салды?

  4. Адамдар өз міндеттері мен парыздарын қалай атқару керек?

  5. Еледгі тыныш өмірдің орнауының себебі неде?

  6. Өздерің күнделікті өмірде ұжданды басшылыққа аласыңдар ма? Қалайша?


Сұрақпен жұмыс

  1. Дәйексөз.

«Ар ұялар іс қылмас»

Абай

Өз ойларыңды ортаға салып көріңдер.


- Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

  • Неліктен әр ісімізді ар ұялмайтындай жасау крек?



Дәйексөзді талдай келе, мынадай қорытынды шығаруымызға болады: Ұждан дегеніміз адамның ішінде отырған көзге көрәнбейтін керемет бір күш. Ұждан дауысын естіп оның дегенімен жүрген адам адамгершілігі мол рухани кемелденген адам бола алады.

Дәйексөзді дауыстап үш рет оқу, дәптерге жазу

Әңгімелеу:


Шіріген картоп

Өсиет әңгіме


Баяғы өткен заманда бір кісінің балалары әркез бір-біріне өкпелеп, ренжіп жүреді екен. Ол өкпе, реніштерінің кесірінен араларында алаауыздық, түсініспеушілік туып, отбасынан береке-бірлік кетеді.

Олардың бұл келеңсіз әрекетіне алаңдаған әке бір күні балаларын шақырып алып, мынандай тапсырма береді:

- Айналайын, балаларым, сендерге менің бір тілегім бар, соны орындаңдар. Дәл қазірден бастап, өздерің ренжіп, өкпелеп жүрген адамдарды естеріңе түсіріп, олардың аттарын жеке-жеке картоптарға жазып, ол картоптарды дорбаға салып, жатсаңдар да, тұрсаңдар да жандарыңнан тастамай алып жүріңдер.

Балалары әкесінің жұмбаққа ұқсас тілегін түсінбесе де, айтқанын орындайды. Балалардың бірінде бірнеше картоп болса, енді бірі қаптың біраз бөлігін толтырады.

Осылайша балалар картоп салынған дорбаны күн сайын жатса да, тұрса да арқалап жүреді.

Алайда күн артынан күн өткен сайын картоп салынған дорбаны арқалап жүру ыңғайсыз болғанымен қоймай, дорбадағы картоп шіріп, жағымсыз иіс шығара бастайды. Айналадағы адамдар да оларға бір түрлі көзқараспен қарайтын болды.

Енді балаларға ауыр, сасыған жүкті арқалап жүру азап болады. Өзара ақылдасып, әкесіне келеді.

- Әке, мына тапсырмаңызды енді одан әрі орындай алмаймыз. Картоптың ауырлығымен қоса, күн өткен сайын жағымсыз иіс шығарып, шіріп барады. Мұны енді көтеріп жүру мүмкін емес. Адамдар да бізге жиіркенішпен қарайтын болды. Әке, сіздің бұл сынағыңыздың мәнін түсінбедік, - дейді.

Әкесі:

- Айналайын, құлындарым, мен сендерге бұл тапсырманы берген себебім, сендердің бір-біріңе, айнала қоршаған ортаға өкпе-реніштерің осы картоп сияқты екенін түсіндіргім келіп еді. Өкпе-реніш те осы жүк сияқты жан дүниемізге салмақ салады. Тек қана салмақ салып қоймай, оны бүлдіреді. Ал, бүлінген, ластанған жан дүние айналасына жарық сәуле шашпайды, әр кез осы сасыған картоп сияқты болады, - дейді.

Сол күннен бастап қарияның балалары айнала қоршаған ортаға, бір-біріне деген өкпе-реніштің зиянын ұғынып, әркез кешірімді болып, кешірімділіктің күшін түсініп, тату-тәтті ғұмыр кешіпті деседі.


  • Сұрақтар:

  1. Балаларының келеңсіз әрекетіне алаңдаған әке оларға қандай тапсырма берді?

  2. Балалар әкесінің берген тапсырмасынан қандай сабақ алды?

  3. Кешіре білу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

  4. «Кешіру – өзгені түсінуге тырысу» деген нақыл сөзді мағынасы нені білдіреді?

  5. Сен айнала қоршаған ортаға ренішіңді қалай жеңер едің?



https://infourok.ru/ashi-saba-arimatinas-mdenieti-690673.html

5.Шығармашылық жұмыс,топпен жұмыс.


  • Оқушылар түрлі суреттер арқылы кездейсоқ топқа бірігеді.

Тапсырмалар:

  1. Топ оқулықтағы 3-тапсырмадағы Мәтінді оқыңдар, «Адал адам қандай болуы тиіс?» тақырыбында ереже құрастырыңдар.

  2. Топ Суреттерге мұқият қараңдар. Осы суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырыңдар. (Жауапкершілікке арналған сурет)

  3. Топ оқулықтағы 19 бет 3 тапсырманы орындау

Мәтінді оқу Кейіпкердің мінезі мен іс-әрекетіндегі ерекшеліктерге назар аудару.

- «Әркім өзінде барымен бөліседі» -дегенді қалай түсінесіңдер? - Өсиет әңгімеге қандай тақырып берер едіңдер?


(8 мин)

Музыка баяу ойнап тұрады.

6.Топпен ән айту:

«Мейірімді көздер-ай!»

Өлеңін жазған Шона Смаханұлы

Әнін жазған Садық Кәрімбаев

Жері жоқ шолмаған,

Ғарышқа самғаған,

Қыранның көзіндей,

Қырағы көздер–ай!


Сыр сәуле төгілген,

Даналық көрінген,

Елім деп егілген

Ақылды көздер-ай!


Түбіне сыр тұнған,

Жүрекке бұлқынған,

Сарқылмас нұр құйған

Тұңғиық көздер-ай!


Тұп-тұнық бұлақтай,

Жайнаған шырақтый,

Жаныңның жыршысы-

Мейірімді көздер –ай!

Ән айту


7.Үй тапсырмасы:

19 бет, 4 тапсырма

20 бет Шәкәрім «Мәнді сөздер» әңгімесін оқу



  1. Сабақтың қорытынды сәті:

Баяу әуен қойылады. Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет.


Жағымды әуен қосу 2-3 мин

https://www.youtube.com/watch?v=LCiAfCCwc7A





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!