Материалдар / Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы педагогтерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2021
713
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогикалық кеңес хаттамасы №1

29 тамыз, 2016ж

«Гаухар» жеке шағын

орталығының директоры:

А. Табишев ______________





Орал қалалық білім беру бөлімінің

«Гаухар» жеке шағын орталығының

2016-2017 оқу жылына арналған оқу- тәрбие

жұмысының жылдық жұмыс жоспары












Орал қаласы, 2016 жыл


Жылдық жоспар бөлімінің мазмұны

І Ақпараттық парақ

    1. Білім беру ұйымы туралы мәлімет

    2. Мектепке дейінгі ұйым төлқұжаты

1.3. Өткен оқу жылының қорытындысы

1.4. Топтар жиынтығы

1.5. Педагог кадрлармен қамтылуы

1.6. Негізгі деректі құжаттар

1.7. Оқу жылының міндеттері

II Кәсіби іскерліктің теориялық, әдістемелік дәрежесін көтеру жұмыстары

2. 1. Жұмыс циклограммасы

2. 2. Педагог кадрлармен жүргізілетін жұмыс

2. 2. 1. Семинар

2. 2. 2. Кеңестер

2. 2. 3. Өз білімін көтеру бағыты

2. 2. 4. Мектеп жасына дейінгі балалардың, педагогтардың, отбасының құқықтық білімі

2. 2. 5. Аттестация бойынша ұсыныстарының орындалуы

2. 2. 6. Педагогикалық іс-тәжірибені оқып-үйрену, тарату

2. 2. 7. Жас мамандармен жүргізілетін жұмыстар

2. 2. 8. Әдістемелік бөлме жұмысының мазмұны және ұйымдастырылуы

III Педагогикалық кеңестер

3.1 Өндірістік кеңестер

IV Балалардың денсаулығын нығайту және өмірін қорғау жұмыстары

4.1. Сауықтыру-шынықтыру іс-шаралары

4.2. Жол-көлік жарақатының алдын алу

4.3. Төтенше жағдайлар шаралары

V Оқу-тәрбие жұмысын бақылау және басқару

ҮI Қоғамдық және отбасы тәрбиесі

6.1. Ата-анамен жұмыстар

6.2. Балалармен жүргізілетін көпшілік шаралар

VII Материалдық-техникалық базаны нығайту


І Тарау. Ақпараттық парақ

1.1. Білім беру ұйымы туралы мәлімет

Орал қалалық білім беру бөлімінің «Гаухар» жеке шағын орталығы Орал қаласы Рамаев көшесі №43 мекен-жайында орналасқан. Телефон: 27 -14 -24

Мектепке дейінгі ұйым ғимараты кірпіштен салынған, жалпы үлгідегі екі қабатты,сыйымдылығы 50 орын. Жас ерекшеліктеріне қарай 3 топ жұмыс жасайды. Жалпы көлемі 370м2.

Ғимарат мемлекеттің меншігінде. Оқу-тәрбие жұмысы санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтау туралы деректі құжатқа сай жүргізіледі. «Гаухар» жеке шағын орталығы кәсіпорын ретінде Орал қалалық әкімдігінің 09.07.2015жылғы №KZ 54RVK00003589 негізінде қызмет жасайды. «Гаухар» жеке шағын орталығы өз қызметін жүргізуде ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы» заңын, ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын және шағын орталық Жарғысын, т.б. деректі құжаттарды басшылыққа алады. Жылдық және тақырыптық жоспарлар ҚР МЖБС талаптарына сай құрылған. Жылдық жоспар мен вариативтік компонент жоспары Орал қалалық білім беру бөлімімен бекітілген. Оқу жоспарының вариативтік бөлігі МЖБС және «Гаухар» жеке шағын орталығының жағдайына сай қолданылады. Күн тәртібі және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының базалық оқу жоспары санитарлық-гигиеналық талаптарына, оқыту жағдайы мен мазмұнына сай келеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кестесі жыл сайын әрбір жас тобына жасалады.Өзгеріс енгізілген жағдайда оқу жоспарына сай түзету жүргізіледі. «Гаухар» жеке шағын орталығының негізгі айналысатын әрекет түрі – тәрбиелеу, білім беру және сауықтыру әрекеттері. Штаттық кесте, тарификация Орал к. Білім беру бөлімімен бекітілген. Педагогтардың педагогикалық жүктемесі штаттық кестеге, квалификация және тарификацияға сай бөлінген.

Топ бөлмелерінде балалар үшін барлық жағдай жасалған, бөлмелердің ауасы үнемі тазартылып тұрады, еденге кілем төсеніштер төселген, ойын орталықтары жасақталған. Әр топта жатын бөлмелері бар. Әрбір тәрбиеленушіге өзінің бойы және көру, есту жағдайына сай жұмыс үстелі, кереует, төсек орындарымен қамтамасыз етілген. Жиһаз түстері ақ және табиғи ағаш түстес. Топ жарына ақшыл түсті түсқағаздар жапсырылған. Едендерге линолеумдер төселген. Топ бөлмелеріне сол жақ жанынан табиғи жарық түседі. Жылыту түрі орталық жылу жүйесіне қосылған, ыстық сумен қамту жүйелерімен және су құбырларымен жабдықталған, ыстық су мен салқын су қолдану үшін шыққан жылу энергиясын есептеу құралы бар. Бөбекжай айналасы қақпамен қоршалған, ойын алаңдары бір- бірінен бөлек орналасқан. Әр топқа жас ерекшелігіне байланысты шатырлармен жабылған ойын алаңы, құм жәшігі, басқыштар, сырғанақ, спорт алаңдары бекітілген. Мектепке дейінгі ұйым ауласы көгалдандырылған.



1.2. Мектепке дейінгі ұйым төлқұжаты


Мектепке дейінгі ұйымның толық атауы:

Орал қалалық білім беру бөлімінің

«Гаухар» жеке шағын орталығы

Ашылған уақыты: 2015 жыл, 09 шілде

Индексі: 090003

Мекен – жайы: БҚО, Орал қаласы, Рамаев көш.№43

Телефоны: 8 /7112/ 27-14-24

Жоба қуаттылығы (орын) – 50

Жалпы көлемі: 370 ш.м

Оқытылу тілі: мемлекеттік тілде

Топтың саны: 3



1.3. Өткен оқу жылының қорытындысы

Мектепке дейінгі ұйым жыл бойы жоспар бойынша жүйелі жұмыстанды. 2015-2016 оқу жылында «Гаухар» жеке шағын орталығы баланың жеке басының қалыптасуын және дамуын басты мақсат ете отырып, төмендегідей жылдық міндеттемелерді жүзеге асырды:

1. Мектепке дейінгі ұйымдағы балаларға танымдық іс-әрекеттің дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды мәселелерді шешуде қолдануға қабілетті тұлға қалыптастыру.

2. Көркем әдебиетті байланыстыра отырып, әлеуметтік ортадағы жағымды мінез-құлық пен қатынасқа қабілетті әлеуметтік бейімделген шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.

3.Балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың белсенділіктерін арттырып, тәрбиелік іскерліктерін байытып, олардың өздерінің педагогикалық мүмкіндіктеріне сенімділіктерін арттыру.


Жұмыс бағыттары


Нәтижелерді қорытындылау


Жуық кезеңге  міндеттер

Білім беру салалары бойынша оқу іс-әрекеттері

«Денсаулық» б/б саласы

- дене шынықтыру

Балабақшаға 2015-2016 оқу жылының басында «Балапан» ерте жас тобында 22 бала, «Құлыншақ» І кіші топта 17 бала, «Айналайын» ІІ кіші топта 22 баламен топ жасақталды. «Денсаулық» білім беру саласы бойынша қойылған міндеттерді орындау барысында мәдени-гигиеналық дағдыларының қалыптасуына, физиологиялық-эмоционалдық тұрғыдан дамуларына барлық жағдайлар жасалды.

Ерте жас тобы тәрбиеленушілері сапқа тұру, саппен бірінің артынан бірі жүру сияқты қарапайым қимылдарды меңгерсе, І кіші топ тәрбиеленушілері негізгі қимылдарды жүгіру, өрмелеу және секіру дағдыларын меңгерді, кейбір қимылдарды тәрбиешілер көмегімен орындап отырды. Ортаңғы топ тәрбиеленушілері күрделірек қимылдарды өздігінен орындауға, тәрбиешінің айтқаны бойынша бағытталуға үйренді. Сонымен қатар ұйымда баланың дене бітімі мен психикасының дамуына қолайлы жағдай туғызылып, моторика, қозғалыс іс-әрекетінің түрлі қимылдарын дамыту қарастырылып отырды. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда топтарда ойын-сауық, қимылды ойындар, денсаулық күндері, шынықтыру шараларының денсаулыққа пайдалы және маңызды екенін түсіндіру бағытында жұмыстар жүргізілді. Ол таңертеңгілік жаттығудан бастап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, ұйқыдан тұрған уақытта релаксация, массаж, шынықтыру - сауықтыру шаралары арқылы жүзеге асырылды. Көлемді түрде өткізілген іс-шаралар түрлерін атап өтетін болсақ әр ай сайын ата-аналарға «Күн тәртібінің балалар денсаулығына әсері бар ма?», «Тұмау ауруының алдын алу», «Дене тәрбиесіне арналған аяқ киім», Қысқы ауада демалуда балалар денсаулығына пайдасы зор және жақсы болуы шарт» тақырыбында кеңестер, жеке әңгімелесулер, топтық жиналыстар өтіп отырды. Балалармен Қыркүйек- қазан айларында «Денсаулық күні» аясында спорттық шаралар мен ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, қаңтар- ақпан айларында «Спорттық мерекелер» аясында ойын-сауықтар мен жарыстар, наурыз-сәуір айларында «Көктемгі дәрумендердің пайдасы» тақырыбында танымдық оқу іс-әрекеттер мен жоспарлы серуендер өтіп отырды.

Балалардың «Денсаулық» білім беру саласы бойынша бағдарламаны меңгеру нәтижесі:

«Балапан» ерте жас тобы

Жыл басы

Жыл соңы

І деңгей

ІІ деңгей

ІІІ деңгей

І деңгей

ІІ деңгей

ІІІдеңгей

83%

11%

6%

14%

27%

59%

«Құлыншақ» І кіші топ

Жыл басы

Жыл соңы

І деңгей

ІІ деңгей

ІІІ деңгей

І деңгей

ІІ деңгей

ІІІдеңгей

66%

28%

6%

9%

33%

58%

«Айналайын» І-ІІ кіші топ

Жыл басы

Жыл соңы

І деңгей

ІІ деңгей

ІІІ деңгей

І деңгей

ІІ деңгей

ІІІдеңгей

46%

38%

16%

5%

9%

85%


Сонымен бірге балалардың иммунитеттерін арттыру мақсатында күнделікті мұрындарына оксалин майы жағылып, оскарбин дәрумені қабылдады. Күзгі-көктемгі мезгілдерде аурулардың алдын алу жұмыстарын жүргізуде ата -аналарға «Тұмаудың алдын-алу жолдары», «Таза жүрейік» тақырыбында кеңестер берілді. Тұмаудың кең таралып кетпеуі үшін топтарда желдету, кварцтау жұмыстары жүргізілді.

Қорытынды:. Баланың жеке басының гигиенасы,балабақшадағы күн тәртібін үйде сақтауға және жыл мезгіліне сәйкес киіну, таза ауада көбірек жүріп, қимыл-қозғалыста болуға кеңестер берілді. Соның ішінде «Таза ауадағы шынықтыру түрлері», «Өзіңді тұмаудан қалай қорғау керек», т.б.

Өзінің денсаулығына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға деген көзқарасты тәрбиелеу. Денсаулығын нығайтуға және шынықтыруға арналған денсаулық сақтау және дәстүрлі технологияларды қолдану. Сайыстар, эстафеталық жарыстар, қимылды ойындарды, таза ауада серуенді мазмұнды ұйымдастыру.

«Қатынас» б/б саласы

- тіл дамыту;

- көркем әдебиет;

- қоршаған ортамен таныстыру;

- мемлекеттік және орыс, ағылшын тілдері.

«Қатынас» білім беру саласы бойынша баланың жас ерекшелігін ескере отыра бағдарламада берілген мақсат пен міндеттерді орындау барысында көптеген жұмыстар жүргізілді. Тілдің грамматикалық құрылымын дамыту мақсатында әр баланың жас ерекшеліктеріне сай тақпақтар, санамақтар,мақалдар, жұмбақтар, өлеңдер жаттатылып, ертегілердің мазмұнын айтуға , сахналық қойылымдар арқылы диалогты сөйлеуге үйретілді. Нәтижесінде балалар ойларын сөзбен жеткізуге тырысып, сұрақтарға толық жауап беруге үйренді.

Осыған орай мәнерлеп оқу, ертегілерді сахналау, мазмұнды-бейнелі ойындар жүргізілді. Мемлекетіміздің саясаты бойынша үш тілде тәрбиелеу бағытында балалар ана тілімен қатар ағылшын және орыс тілдерін меңгеруде. Ағылшын және орыс тілдерінде балалар тақпақтар айтып, педагогтар тарапынан олардың тілді дұрыс меңгеруіне байланысты жеке жұмыстар жүргізіліп отырды .

Ата-аналарға баланың тілін дамыту мақсатында «Баламен қалай тіл табысуға болады?», « Балаларды қарым-қатынас жасауға үйрету», «Менің Қазақстаным», т.б. тіл ұстарту шаралары мен кеңестер өтілді. Балалармен «Балабақшадағы кітаптар» апталығы аясында «Қуыршақ қаласы» ойын-сауығы, «Көркем шығармалар көрмесі» ұйымдастырылды.

Балалардың «Қатынас» білім беру саласы бойынша бағдарламаны меңгеру нәтижесі:

«Балапан» ерте жас тобы

Жыл басы

Жыл соңы

І деңгей

ІІдеңгей

ІІІ деңгей

І деңгей

ІІ деңгей

ІІІ деңгей

52%

42%

6%

21%

24%

45%

«Құлыншақ» І кіші топ

Жыл басы

Жыл соңы

І деңгей

ІІ деңгей

ІІІ деңгей

І деңгей

ІІ деңгей

ІІІдеңгей

60%

33%

7%

12%

33%

55%

«Айналайын» І-ІІ кіші топ

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!